Инженерлі технологиялық факультеті



бет1/21
Дата26.01.2020
өлшемі4,92 Mb.
#56523
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«АГРАРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ





БЕКІТЕМІН

Инженерлі-технологиялық

факультеттің деканы

__________ М.А.Жабағиев

№1 хаттама «__» 09. 2018ж.




ME 3212 «Mелиоративтік егіншілік»

пәнінің

оқу - әдістемелік кешені

Мамандығы: 5В081000 – Мелиорациялау, жерді баптау және қорғау

Күндізгі оқу формасы

Қызылорда, 2018 жыл

Пәннің оқу әдістемелік кешені Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2015 жылғы оқулығына сүйене отырып, 5В081000 – Мелиорациялау, жерді баптау және қорғау мамандықтарына, «Мелиоративтік егіншілік» пәнінен арнайы дайындалып, студенттерге қолданылуда.

Пәннің оқу - әдістемелік кешенін құрастырушылар:

а-ш ғ к, аға оқытушы Нұрымова Раушан Дүйсенқызы

а-ш ғ,м оқытушы Дүйсен Алмат Дүйсенұлы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Инженерлі-технологиялық факультеті «Аграрлық технологиялар» кафедрасының отырысында қаралды және ұсынылды.

№1 хаттама ''___ '' 09.2018ж.

Кафедра меңгерушісі: __________ т.ғ.к Е.Н.Ысқақ

(аты-жөні, дәрежесі)

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін Инженерлі-технологиялық факультеттің академиялық кеңесі ұсынды.

№1 хаттама ''___ '' 09.2018ж.

Төрағасы: ___ т.ғ.д., қауымдастырылған профессор И.А.Таутенов



(аты-жөні, дәрежесі)

МАЗМҰНЫ:

Оқу бағдарламасы....................................................................................................................

Жұмыс оқу бағдарламасы

Силлабус …………………………………………………...............................

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы….................................................................
Дәрістердің қысқаша мазмұны……………………………………………………......................
Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі.......................................................................

Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар…………......................................

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар…………......................................
Оқытушымен бірге білім алушының өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар

……………………………………………....................................................................................


Білім алушының өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар....................................
Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар………………………………….…..........................................................................
Курс саясаты ...............................................................................................................................
Дәрісханалар тізімі .....................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................................

«Бекітемін»

Аграрлық технологиялар

меңгерушісі а.ш.ғ.д.,

т.ғ.к., Ысқақ Е.Н.


__________________

«03» «09» 2018ж.


2018-2019 оқу жылы

«Мелиоративтік егіншілік»

пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы




Мамандық

Білім алушы саны

Оқулықтар мен оқу құралдары (соның ішінде электронды оқулықтықтар)

Саны

Практикумдар, дәріс конспектілері, зертханалық,практикалық сабақтарды және, БАОӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Кітап саны

Семестр

Кітапханана

-

Кітапханада

Кафедрада

сем

саны

5В081000 – Мелиорациялау,жерді баптау және қорғау мамандықтарына

2




1.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.


15

-

Оқу әдістемелік материалдар және сабаққа пайдаланылатын құрал-жаблықтармен жұмыс жүргізу.



20

2

2.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.


10

-

11

1

3.Зубаиров О.З., Тілеуқұлов А.Т. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010ж.


6

-

Оқу әдістемелік материалдар және сабаққа пайдаланылатын құрал-жаблықтармен жұмыс жүргізу.



21

1

4.Атақұлов Т.А. Су эрозиясы және оны болдырмаудың шаралары, Алматы, 1994


14

-

10

2

Оқытушылар: а.ш.ғ к., аға оқытушы Нұрымова Р.Д.



а.ш.ғ.м., Дүйсен А.Д.

АЛҒЫ СӨЗ
ПСОӘК 3.08.359-2006 ҚР МЖМБС мазмұндарына сәйкес 5В081000 – Мелиорациялау, жерді баптау және қорғау мамандықтарының квалификациялық сипаттамалары негізінде жасалған.

Республикамызда ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер ресурсын, егістікке жаңадан енгізілетін қолайсыз жерлерді тиімді пайдаланып, ол жерлердің өнімділігін арттыру қажет. Осы үлкен жұмыстарды атқаруда мелиоративтік егіншіліктің маңызы үлкен. Сонымен қатар, мелиорациялан-ған жерлердің тиімділігін арттыру үшін ол жерлердің су, ауа, жылу және қоректік заттар режимдерін, суару техникасын дұрыс реттеу жолдарын білу қажет.

Мелиоративтік егіншілік пәнінің оқу-әдістемелік кешенінде жоғарыда айтылған қағидаларды студенттер оқып-білім алуына мүмкіншілік туады. Бұл мәселелер жөнінде терең білім алу үшін студенттер қосымша әдебиеттер оқып, оқу-әдістемелік кешенде берілген мәліметтерді толықтыруы қажет.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені мелиоративтік егіншілік пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкестендіріліп жазылған, әрбір дәрістен соң бақылау сұрақтары және тәжірибелік, зертханалық сабақтар, оларды орындау әдістемелері берілген. Сонымен қатар, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарының (БАОӨЖ) және өзіндік жұмыстарының (БАӨЖ) тізімі берілген.


Оқу жоспарынан көшірме


Курс

Мамандық

Оқыту формасы

Кредит

Дәріс

Практикалық сабақ

Зертханалық

сабақ


БАОӨЖ

БАӨЖ

Барлығы




5В081000- Мелиорациялау, жерді, баптау және қорғау

күндізгі

3

15

15

15/30

15

75

135


Кіріспе

Қазақстан республикасы жер қоры бойынша әлемде 9 орынды алады. Жалпы жер көлемі 272,5 млн. гектар. Осы жердің 6 пайызы ғана мемлекет қарамағында, ал 94 пайызы фермерлер, шаруа қожалықтары және басқа ұжымдарда. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлер – 222,4 млн.га, оның ішінде егістік жерлер – 24 млн.га. (1 кесте). 1990 жылмен салыстырған-да егістік жерлердің көлемі 9 млн. гектарға азайды. Оның себебі тың жерлерді игереміз, гектарды көбейтеміз деп жерлерді жыртып тастадық. Ол жерлер эрозияға ұшырап құнарлылығын жоғалтты. Осындай жағдайларға байланысты көп жерлер егістік көлемінен шығып қалды Оның үстіне, егістік жерлердің ішінде 4,3 млн. гектар жер әртүрлі дәрежеде тұзданған, ол жерлер мелиоративтік жақсарту шараларын керек етеді.

Суару жүйелерінің істен шығуына, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайларының нашарлауына байланысты 2,3 млн. гектар суармалы жердің бар болғаны 1,3 млн. гектары ғана суарылады. 468 мың гектар жерге орнатылған әртүрлі кәріздер жұмыс істемейді, соның әсерінен суармалы жерлер тұзданып егін егуге жарамай жатыр.

І. ДӘРІС

Тақырыбы: Қазақстан республикасында мелиоративтік егіншілік жағдайы және келешегі
Дәрістің мақсаты: Қазақстан республикасының жер ресурстары, пайдалану проблемаларымен таныстыру.

Пәннің мақсаты мен міндеттері, оларды шешу жолдары. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері, оларға қысқаша сипаттама жасау.

Түйінді сөздер: мелиорация, суару жүйесі, эрозия, ғаныштау.

Дәріс жоспары:

1. ҚР жер ресурстары, пайдалану жағдайлары

2. Мелиоративтік егіншіліктің мақсаты мен міндеттері

3. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері


1. Қазақстан республикасы жер қоры бойынша әлемде 9 орынды алады. Жалпы жер көлемі 272,5 млн. гектар. Осы жердің 6 пайызы ғана мемлекет қарамағында, ал 94 пайызы фермерлер, шаруа қожалықтары және басқа ұжымдарда. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлер – 222,4 млн.га, оның ішінде егістік жерлер – 24 млн.га. (1 кесте). 1990 жылмен салыстырған-да егістік жерлердің көлемі 9 млн. гектарға азайды. Оның себебі тың жерлерді игереміз, гектарды көбейтеміз деп жерлерді жыртып тастадық. Ол жерлер эрозияға ұшырап құнарлылығын жоғалтты. Осындай жағдайларға байланысты көп жерлер егістік көлемінен шығып қалды Оның үстіне, егістік жерлердің ішінде 4,3 млн. гектар жер әртүрлі дәрежеде тұзданған, ол жерлер мелиоративтік жақсарту шараларын керек етеді.

Суару жүйелерінің істен шығуына, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайларының нашарлауына байланысты 2,3 млн. гектар суармалы жердің бар болғаны 1,3 млн. гектары ғана суарылады. 468 мың гектар жерге орнатылған әртүрлі кәріздер жұмыс істемейді, соның әсерінен суармалы жерлер тұзданып егін егуге жарамай жатыр.


1-кесте. Қазақстан республикасының пайдаланылатын жерлер құрылымы

Жер категориялары

Көлемі, га

%

Ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлер, соның ішінде:

222,4

81,7

Егістік жерлер

24,0

8,8

Көпжылдық екпе ағаштар

0,2

0,1

Тыңайтылған жерлер

7,2

2,6

Шабындықтар

6,0

2,2

Жайылымдықтар

185,0

68,0

Басқа пайдаланатын жерлер

50,1

18,3

Жалпы жер көлемі

272,5

100,0


2. Мелиоративтік егіншіліктің мақсаты мен міндеттері.

Мелиоративтік егіншілік – екі пәннің құрылымынан құралған – мелиорация және егіншілік. Мелиорация – латынның «жақсарту» деген мағына беретін сөзінен шыққан. Осыған байланысты – мелиоративтік егіншілік табиғаттың қолайсыз жағдайларын белгілі өндіріс қажетіне қарай жақсартуға бағытталған егіншілік жұмыстарын біріктіреді.



Мелиоративтік егіншіліктің негізгі мақсаты: қолайсыз жерлерді қайтадан өңдеуге дайындау, мелиорацияланған және суармалы жерлерді ауылшаруашылығына тиімді пайдалану жолдарын зерттеп, анықтау.

Осы мақсатқа байланысты мелиоративтік егіншілікте мынадай міндеттер қойылады:

1. Табиғи жағдайларына байланысты қолайсыз жаңа жерлерді игеріп, ол жерлерге аз шығын жұмсап жоғары өнім алу жолдарын қарастыру;

2. Мелиорацияланған жерлердің құнарлылығын ұдайы арттыру;

3. Мелиорацияланған, сурмалы жерлерде еңбек өнімділігін арттыру, жаңа кең ауқымды техникалар пайдалану;

4. Қолайлы ауыспалы егіс енгізу, егіс көлемінің құрылымын дұрыс анықтау;

5. Су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, топырақтың тұздануын, батпақтануын болдырмау, эрозияға ұшыратпау;

6. Мелиорацияланған жерлерге пайданы көп беретін дақылдар және өнімділігі жоғары сорттар мен гибридтер егу.


3. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері. Жерді мелиорациялаудың түрлері өте көп, қандай жерлерде жақсарту жұмыстары жүрсе соның барлығын мелиорациялаудың түрлеріне жатқыза беруге болады. Мелиоративтік егіншілікке байланысты жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері.


Жерді мелиорациялау

мелиорациялау пайдалану





ауылшаруашылық






техникалық






ғаныштау










әктеу



топырақтың су-ауа режимін реттеу





мәдени-техникалыққ




эрозиямен күрес






Құмды тоқтату

тоқтату




фитомелио- рация

рация

















суару

құрғату

суландыру

Келтірілген сүлбеге байланысты әрбір мелиорациялау түрлеріне сипаттама беру, жүргізілетін іс-шараларды анықтап, талқылау керек.


Бақылау сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлер көлемі?

2. Жер ресурстарын пайдалануда қандай қиындықтар бар?

3. Мелиоративтік егіншіліктің негізгі міндеттері?

4. Жерді мелиорациялаудың қажеттілігі, қандай түрлері бар?

5.Топырақтың су, ауа режимдерін реттеудің қажеттілігі, қандай жолдармен реттейміз?

6. Фитомелиорация жөнінде түсінік, ерекшеліктері?

Әдебиеттер:

1. ҚР Ауыл шаруашылығы жерлері жөнінде деректер. Егеменді Қазақстан, 13 желтоқсан 2011 ж.

2. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



Дәріс №2

Тақырыбы: Мелиоративтік егіншіліктің агроэкологиялық негіздері
Дәрістің мақсаты: Мелиоративтік егіншіліктің қоршаған ортаға әсері, зиянды жақтарымен күресу жолдарын талқылау. Жарамсыз қалған жерлерді баптап іске қосу, оның жолдарымен таныстыру. Орман мелиорациясының егіншілікке тигізетін әсерін анықтау.

Түйінді сөздер: экология, рекультивация, орман мелиорациясы.

Дәріс жоспары:

1. Мелиоративтік егіншіліктің қоршаған ортаға экологиялық әсері және ортаны қорғау

2. Жерлерді рекультивациялау, оның жолдары

3. Орман мелиорациясы және оның егіншілікке тигізетін әсері


1. Қазақстанның жер көлемі көп болғанымен жер жүзінде экологиялық жағдайы нашар өңірлердің біріне жатады. Ядерлық сынақтар және басқа себептерге қосымша мелиоративтік егіншілік жағдайында да экологияны нашарлататын себептер бар.

Оларға мыналар жатады:

1. Мелиорацияланған жерлердің құнарлылығы төмен болуына байланыс-ты көп мөлшерде минералдық және органикалық тыңайтқыштар беруге тура келеді. Минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін, уақтысын, әдісін дұрыс есеппен бермесек, қоршаған ортаға зиянды әсері күшейе түседі;

2. Арамшөптермен, зиянкестермен күресуде гербицид пен пестицидтер беріледі, олардың улы заттар екенін ескеріп дұрыс пайдалану қажет;

3. Суармалы жерлерде дақылдардың суару режимін дұрыс анықтап, пайдалану қажет. Топырақтың тұздануына, ирригациялық эрозияға ұшырау-ына жол бермеу керек;

4. Жел және су эрозиясын болдырмау шараларын жүргізу қажет;

5. Топырақ өңдеудегі механикаландырылған шараларды азайту, мини-малды, нөлдік технологияларға көшу.



2. Жерлерді рекультивациялау, оның жолдары. Табиғат немесе адам әсерінен көптеген жерлер шаруашылық іске жарамсыз болып, қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізеді. Мұндай жерлердің топырақ құрамы, гидрологиялық жүргісі бұзылуы мүмкін. Осындай жерлердің қатарына топырақ, қоқым, өндірістік қалдықтар төккен жерлер және канал бойындағы үйме топырақтар жатады. Жер рекультивациясының екі түрі болады: техникалық және биологиялық.

Техникалық рекультивация деп жарамсыз жерлердің беткі қабатын тегістеуді айтады. Қажет болған жағдайда ол жерлерде суару немесе құрғату мелиорациясы жүргізіледі.

Биологиялық рекультивация деп топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру үшін (топырақтың жоғарғы қабатын) жүргізілетін агроорман шараларын айтады. Осы жөнделген жерлерге әртүрлі өсімдіктер, ағаш отырғызбалары егіледі немесе демалыс орнына айналдырады.

Мұндай жерлерге рекультивация жасау үшін алдымен табиғат қорғау және жер пайдалану мекемелері өкілдері ол жерлерді кейін пайдалануға бола ма, болмай ма соны анықтауы керек. Жарайтын болса ғана жұмыс жүргізіледі.

Ірі карьерлерді тегістеп болған соң бетіне жабылғы ретінде құнарлы топырақ тасылып, ауылшаруашылық өсімдіктерін егеді. Алғашқы кезде біржылдық өсімдіктерді егу керек. Үш жылдан соң барып қалған өсімдіктерді егуге болады. Өте терең карьерлерді балық өсіруге пайдаланған жөн. Құнарлы құм және құмдақ жерлерге ағаш отырғызған тиімді.

3. Орман мелиорациясы және оның егіншілікке тигізетін әсері. Орман мелиоративтік жүйесі деп ауылшаруашылығында пайдаланатын жүйелі түрде егілетін екпе ағаштар, бұта алқаптарын атайды. Ауылшаруашылығына ауа райының кейбір қолайсыз жағдайларының тигізетін зиянына қарсы күресте орман мелиорациясының маңызы ерекше. Ол әсіресе егістік жердің микроклиматын жақсартып, құрғақшылықтың зиянды әсерін азайтады, егістіктегі еріген қар суын сақтай отырып топырақтың ылғалдылығын көтереді. Екпе ағаштардың, тал мен бұталардың эрозиялық процестерді тоқтатудағы маңызы өте зор екенін ұмытуға болмайды. Жоғарыда айтқандай құрғақшылық жылдары екпе ағаштардың, тал, бұталардың егістік алқаптың өнімінің төмендемеуіне әсерін ылғал сақтау, қар тоқтату арқылы тигізеді.

Мысалға, Қазақ орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының (Мұқанов Б.М.) мәліметі бойынша орман жолақтарының әсерінен дәнді дақылдардың өнімділігі 4,1 пайыздан 92 пайызға дейін, ал көкбалауса жүгерінің өнімділігі 14-74 пайызға жоғарылаған.

Осы ғылыми зерттеу институтының мәліметтері бойынша екпе ағаштар жолақтарының ара қашықтықтары 250 метрден 550 метрге дейін, ал көлденең отырғызылған екпелердің арақашықтықтары 1000-2000 метр болады.

Екпе ағаштар, біріншіден, маңайындағы микроклиматты жақсартады. Микроклимат деп шағын көлемдегі аймақтың климаттық көрсеткіштерін айтады: ауа ылғалдылығы, температурасы, қысымы және т.б. Жоғары өнім алуға микроклиматтың әсері зор.

Егістік жерлерді көмкере отырғызылған екпе ағаштар сол жерлердің микроклиматын жақсартуға әсерін тигізеді. Мұндай екпе отырғызбалар жел жылдамдығын азайтады. Топырақтан ылғалдың булануын реттеп төмендетеді, жел эрозиясын және танаптағы қарлардың басқа жаққа ұшып кетуіне жол бермейді.

Екпе ағаш отырғызылған танаптардың жаз айларындағы топырағының бетіндегі температурасын ағаш отырғызылмаған жерге қарағанда 5-60-қа төмендетеді, ал салқын күндері 4-50С жоғарылатады. Сонымен қатар ауа ылғалдылығы да 9-11 пайызға көтеріліп немесе екінші жағдайда 3-7 пайызға төмендейді. Мұндай жер бетіндегі ауа құрылысы өсімдіктердің өсіп-өнуіне жақсы әсерін тигізеді. Екпе ағаштардың топырақ ылғалдылығына әсерін егістік жерлерде қыста жауған қарды толық ұстап қалу, ылғалдылықтың буланып ұшуын азайту, жел әсерін төмендету арқылы білдіреді. Бұл әсер екпе ағаш отырғызу конструкциясына байланысты. Ең жақсы әсерді 3-4 қатар торлы желдеткіш түрінде отырғызылған ағаштар береді.

Суармалы жерлерде отырғызылған екпе ағаштар жерасты суы деңгейінің көтерілуіне жол бермейді. Осының арқасында топырақтың жоғарғы қабатындағы тұз төменгі қабатқа ауысып, оның құнарлылығы жоғарылайды. Ағаш екпелер топырақтағы азотты бактериялардың тіршілігін жылдамдату арқасында нитратты азотты 18-25 пайызға дейін көбейтеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Мелиоративтік егіншіліктің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері?

2. Экологияға зиянды әсерлерімен күресу жолдары?

3. Жерді рекультивациялау дегеніміз не? Қандай міндеттері бар?

4. Жерді рекультивациялаудың қандай түрлері бар, оларға сипаттама бер?

5. Орман мелиорациясы дегеніміз не, егіншілікке қандай әсерлері бар?

6. Орман жолақтарының ара қашықтықтары қандай болуы керек?

7. Орман мелиорациясының дақылдар өнімділігіне әсерін талқылап, себептерін дәлелде?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет