Инженерлі технологиялық факультеті



бет17/21
Дата26.01.2020
өлшемі4,92 Mb.
#56523
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз


Жұмыс бойынша қорытынды.
Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың өңделетін қабаты деп нені түсінеді?

2. Топырақтың өңделетін қабаты қандай көрсеткіштермен сипатталады?

3. Топырақтың көлемдік салмағы нені сипаттайды?

4. Жалпы қуыстылық дегеніміз не және ол қалай жіктеледі?

5. Қатты, су және газ тәріздес фазаларының оптималды қатынасы

6. Ылғал жеткілікті және қуаңшылықты егіншіліктерде топырақтың жыртылатын қабатының қандай құрылысын тиімді дейді?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №4

Тақырыбы: А.В.Николаев әдісі бойынша топырақтың максималды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау

Жұмыстың мақсаты: топырақтағы ылғалдың өлі (мертвый) қорын анықтау.

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар

1. Жабдықтар: эксикатор, елегіш, бюкстер, таразы, кептіргіш шкаф.

2. Үлгілер: топырақтың әртүрлі типтері

3. Реактив: К2SO4 тұзының ерітіндісі



Жұмысты орындау әдістемесі

Топырақ су буымен қанығу үшін ашық бюкске салып эксикаторға қояды. Эксикатордың қақпағын жауып, температурасы тұрақты қараңғы жерде ұстайды.

Эксикатордың түбіне алдын ала күкірт қышқыл калийдің (К24) қаныққан ерітіндісін құяды, ол ауаның салыстырмалы ылғалдылығын шамамен 96% жеткізеді.

Қақпақпен жабылған бюксті оқтын-оқтын (3-4 күнде бір рет) өлшеп отыру арқылы оның барынша қаныққанын анықтайды.

Топырақ бу тәрізді ылғалмен барынша қаныққан соң оны тұрақты салмаққа жеткенше 1050C температурада кептіргіш шкафында кептіреді. Өлшеу алдында бюксті CaCl2 ерітіндісі бар эксикаторда салқындатады.

Топырақтың максималдық гигроскопиялығын анықтау формуласы:



W мг = В2 - В3 / В3 - В1 х 100

мұндағы: В1 – Бос бюкстің салмағы, г

В2 – Қаныққан топырақтың бюкспен салмағы, г

В3 – Кептірілген топырақ пен қоса бюкстің салмағы, г


Алынған мәліметтер төмендегі кестеге жазылады:

Қай-талау

Топырақ-тың аты

Топырақ

қалың-дығы, см



Бюкстің нөмірі

Бюкстің салмағы,

г (В1)



Қаныққан топырақ пен бюкстің салмағы, г (В2)

Кептірілген топырақ пен бюкстің салмағы,

г (В3)



МГ,

%










I





0 – 10






















10 – 20






















0 - 20





















II





0 – 10






















10 – 20






















0 - 20





















III





0 – 10






















10 – 20






















0 - 20






















орташа






















Жұмыс бойынша қорытынды:

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың максималдық гигроскопиялығы дегеніміз не?

2. Максималды гигроскопиялық ылғалдылық мөлшері топырақтың қандай жағдайында туады?

3. Максималды гигроскопиялық ылғал мөлшері

4. Максималды гигроскопиялық ылғалдылық мөлшері топырақтың қандай қасиеттеріне байланысты?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №5

Тақырыбы: Н.Н.Никольский тәсілі бойынша топырақ агрегаттарының судың шаю күшіне төзімділігін анықтау

Жұмыстың мақсаты – топырақ агрегаттарының судың шаю күшіне төзімділігін зерттеу.

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар

1. Жабдықтар: бак, елегіштер, сүзгіш қағаз, фарфорлы ыдыс, жуғыш, бюкстер, таразы, кептіргіш шкаф

2. Үлгілер: топырақтың әртүрлі типтері мен құрылымдары

Жұмысты орындау әдістемесі

Құрылым агрегаттарының суға төзімділігін "суда елеу" арқылы анықтайды. Агрегаттардың суға төзімділігін анықтау үшін, "құрғақ елеу"-ден алынған топырақтың 0,25 мм-ден 10 мм-ге дейінгі агрегаттар өлшемін алдын-ала ылғалдандырылады. Анықтауға алынған топырақ агрегаттарының капиллярлық қуыстылықтарындағы ауаны ығыстыру үшін өлшемді су құйылған ваннаның бетіне қойылған әйнекке сорғыш қағаз төсеп, топырақтың толық ылғалдануын (10-15 мин.) күтеді.

Судың шаю күшіне төзімділікті анықтау үшін ылғалданған топырақ жиынтығын су толтырылған бакта «елейді». Ол үшін диаметрі 50 см биіктігі 100 см су толтырылған ыдысқа тесіктерінің диаметрі 10, 7, 5, 3, 2, 1, 0,5, 0,25 мм електерде алдын-ала ылғалдалынған макро агрегаттар үлгісі бірінші електің деңгейі судан жоғарғы сәл ғана шығып тұрған қалпында ептеп көшіреді де суда «елейді».

Суда «елеу» кезінде елеуішті судың бетінен жоғары шығармай 5-6 см тереңдікте суда ұстау қажет. Елеуіштерді суда төмен қарай тез түсіріп, жоғары жәй көтеру керек. Осындай қимылды 10 рет қайталап, жоғарғы екі (10-7) електерді шешіп алады, да қалған елеуіштерді тағы 5 рет «елейді» де, келесі екі (5-3) елеуішті алады. Қалған үш елеуіштерді 5 рет елеп судан шығарады.



Суда «елеп» болғаннан кейін әр електердегі қалған агрегаттар жеке-жеке фарфор ыдысқа су шайғышпен жиналып алынады. Топырақ тұнғаннан кейін, оның әрқайсысын алдын-ала өлшенген бюкстерге көшіреді де, тағы да тұндырып, суын төгеді. Суға төзімді агрегаттар мөлшерін анықтау үшін бюкстегі топырақты 6 сағаттқа 1050С тағы кептіргіш шкафына қойып, суға төзімді агрегаттарды анықтап төмендегі кестеге жазады.

Агрегат тар мөлшері, мм

Анықтауға алынған агрегаттар

Суға төзімді түйіршіктерді анықтау мәліметтері

бюкс номері

бос бюкстің салмағы, г

бюкістің кепкен топырақпен салмағы, г

суға төзімді таза түйіршіктер салмағы, г

1

2

3

4

5

6

>10
















10-7
















7 – 5
















5 – 3
















3 – 2
















2 – 1
















1 – 0,5
















0,5- 0,25
















Барлығы:




Жұмыс бойынша қорытынды

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың аграгаттық құрамы

2. Топырақтың судың шаю күшіне төзімділігі неге байланысты?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №6

Тақырыбы: Н.А.Качинский әдісі арқылы топырақ қабатына судың сіңімділігін анықтау

Жұмыстың мақсаты – зертханалық жағдайда әртүрлі типтегі топырақтың суды өткізу қабілетін және жылдамдығын анықтау.

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар:

1. Жабдықтар: топырақ бұрғысы, шыны құбырлар, воронка, шелек, құм сағаты, миллиметрлік қағаз

2. Үлгілер: топырақтың әртүрлі типтері немесе монолиттер

Топырақ қабатына судың сіңімділігін лабораториялық жағдайда көбіне Н.А.Качинский әдісі арқылы анықтайды.

Топырақ қабатына сіңген су көлемі мен жылдамдығын анықтау үшін диаметрі 3 см, биіктігі 33 см шыны түтікті пайдаланады.

Дайындалған 0,25 шаршы метр алқапта бір мезгілде 9 шыны түтіктерді орнықтырады. Арнайы бұрғы мен диаметрі осы шыны түтіктердің диаметріне тең топырақ қабатына 6 см тереңдікке үлгі (трафарет) түсіріп соған шыны түтікті орналастырады. Шыны түтіктің топыраққа енгізген бөлігін топырақтан саңлау қалдырмай нығайтады.

Шыны түтіктің ішіне су белгілі мөлшерге дейін құйылады.

Әрбір 5 немесе 10 минут сайын судың топырақ қабатына сіңу жылдамдығын анықтайды. Есепке алу уақыты тоқталады. Егер соңғы үш реттік бақылауда судың түтіктегі деңгейі төмендемей бір шамада тұрса бақылауды тоқтатады. Осы тұрақты шама топырақ қабатына судың сіңімділігін көрсетеді.

Бақылау кезінде алынған мәліметтер кестеге толтырылады.

Есеп алу реті

Уақыт

Шыны түтіктің ішіндегі судың биіктігі

Судың төмендеу деңгейі

сағат

минут

уақыт, минут

тереңдікке, см

1

10

-




10




2

10

10




10




3

10

20




10




4

10

30




10




5

10

40




10




6

10

50




10




7

11

00




1




Алынған мәліметтер негізінде топырақтың су сіңімділігінің графигі құрылады. Ол үшін абцисс осінде минутпен бақыланған уақыт, ал ординат осі бойынша топыраққа сіңген су мөлшері белгіленеді, мұнда нөлдік белгі жоғарыдан басталады. Графикте топыраққа сіңген су мөлшерін ұлғаймалы нәтижемен көрсетіледі. Белгіленген нүктелерді бір бірімен қоса отырып, су сіңімділіктің кескінін (қисығын) аламыз.

Су сіңімділіктің ауыспалы егістің әртүрлі танаптарында немесе әртүрлі өңделген учаскелерде, сонымен бірге механикалық құрамдарымен айырықшаланатын топырақтарда анықтаған жөн.



Жұмыс бойынша қорытынды:

Бақылау сұрақтары

1. Топырақ қабатына судың сіңімділігі неге байланысты

2. Судың сіңімділігін басқа да қай жерлерде анықтаған жөн

3. Топырақтың су сіңімділігі қалай бағаланады



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР №7-8
Тақырыбы: Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау

Жұмыстың мақсаты – әртүрлі типті топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау.

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар

1. Жабдықтар: штативтер, шыны құбырлар, сағат, миллиметрлік қағаз, дәке.

2. Үлгілер: топырақтың әртүрлі құрылымдары

Жұмысты орындау әдістемесі

Зертханада топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау үшін диаметірі 2-3 см, биіктігі 40-50 см шыны түтіктер алынады. Түтіктің бір ұшын дәкемен байлап, оған миллиметрлі қағазды жапсырады. Електен өткізген ауалы құрғақ құрылымды және құрылымсыз топырақпен түтікті ақырын ғана столға ұрып отырып толтырады. Одан кейін түтікті штативке бекітіп, су деңгейі 0,5- 1,0 см ыдысқа түсіреді. Уақытты белгілеп, түтіктегі судың көтерілу жылдамдығын ылғалданған топырақтың қарайуына қарай бақылайды.

Алғашында әр минут сайын 5 рет есеп алынады, содан соң 5 және 10 минутта 2 рет, ал ең соңында 1 рет (20 минут) бақылайды.

Жазу үлгісін келесі кестеге түсіреді:



Түтіктегі топырақ

бөлшектері, мм



Судың түтікпен көтерілу биіктігі минутына

1

2

3

4

5

10

15

25

35

55

Барлығы

3-5мм


































3-2мм


































2-1мм


































<0,25мм

































Су көтергіштік график түрінде беріледі, абцисс өсіне уақыт, ординат өсіне көтерілу жылдамдығы салынады.


Жұмыс бойынша қорытынды

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың су көтергіштігі, оның су режиміндегі орны

2. Топырақтың су көтеру биіктігі

3. Топырақтың су көтеру жылдамдығы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №9

Тақырыбы: Әртүрлі агрофоннан кейін топырақтың арамшөп тұқымдарымен ластануын анықтау

Жұмыстың мақсаты – топырақтағы арамшөптер тұқымдарының қорын анықтау.

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар:

1. Жабдықтар: штативтер, воронкалар, жуғыштар, ауыр ерітінді (К2СО3), шыны таяқшалар, сорғыш қағаз, тұқымдар коллекциялары.

2. Үлгілер: топырақтың әртүрлі құрылымдары

Жұмысты орындау әдістемесі

Топырақтағы арамшөптер тұқымының қорын анықтау жұмысы үш бөлімнен тұрады: топырақ үлгісін алу; диаметрі 0,25 мм елеуіште, судың көмегімен топырақ үлгісінен лай фракциясын бөліп шығару және қалған минералдық фракциялардан арамшөп тұқымдарын бөліп алу.



Топырақтың үлгісін алу. Сараптау үшін топырақ үлгілерін алғы егісті жинап алысымен іріктеуге кіріседі. Ол үшін қыйғаш бағытта тең аралықтарда Каленьтев бұрғысының көмегімен топырақ үлгісін өңделетін қабаттың толық тереңдігіне алады. Одан кейін зерттеу мақсатына қарай үлгіні бірнеше тереңдікке бөлуге болады. Зерттеуге алынатын топырақтың орташа үлгісі үш рет қайталануы керек.

200 граммнан 3-4 рет қайталап топырақ үлгілерін алады. Үлгіні фарфор тостағаншасына салып, үстіне су құяды, жақсылап араластырады, одан кейін суы бар бакқа диаметрі 0,25 мм елеуішке аударады. Щеткамен немесе саусақтардың көмегімен елеуіштегі топырақты барлық лайы кеткенше жуып тазартады. Елеуіште қалған тұқымдар, өсімдік қалдықтары, ірі құм және басқа қоспалар кранның астында тазаланғанша тағы да сумен жуылады, содан кейін онда қалған заттардың бәрі қағазға салынып, кептіріледі. Осыдан кейін қалған құрғақ затты диаметрі 3, 2, 1 мм елеуіштерде екшейді, одан кейін әр фракцияны жеке-жеке талдау тақтайшасына салады. Үлкейткіш шыны және “ешкі аяқ” құралдарының көмегімен арамшөптердің тұқымын қалған қоспалардан бөліп алып, тұқымдар коллекциясының көмегімен олардың түр құрамын және санын анықтайды.

Тығырықта жиналған фракцияның ішіндегі арамшөп тұқымдарын басқа қоспалардан бөліп алады. Ол үшін ас тұзының (NaCl) немесе поташтың (K2CO3) тығыздығы 1,5 г/см3 кем болмайтын ауыр (қанықтырылған) ертіндісі пайдаланылады.

Топырақтың ішіндегі майда тұқымдарды бөліп алуға арналған аспап, резинадан ұштығы және қысқышы бар екі воронкадан тұрады, олар штативте бірінің үстіне бірі орналасуға тиісті. Төменгі воронканың астына стакан қояды. Жоғарғы воронканың жартысына келтіріп ауыр ертіндіні құяды да, оған тығырықтағы фракцияны шыны таяқшамен үздіксіз араластыра отырып аударады. Бұл кезде фракциядағы арамшөптер тұқымдары қалқып ерітіндінің бетіне шығады да, құм воронканың түбіне шөгеді. Жоғарғы воронкадан құм аралас сұйықты қысқашты ашып, абайлап төменгі воронкаға жібереді, одан кейін бұрыңғы істеген қимылдарымызды қайталап, қосымша тұқымдарды бөлу жұмысы жалғасады. Төменгі воронканың ішіндегі сұйық қоспаларымен бірге стаканға құйылады. Екі воронканің қабырғасында жабысып қалған тұқымдарды сумен шайып бір ыдысқа жинайды да, оны воронка және сүзгіш қағазының көмегімен сүзіп аламыз. Сүзбені кептіріп, тұқымдарды талдау тақтайшасына салып, бұдан бұрыңғы істегендей сұрыптау жұмысын жүргізеді.

Бөліп алынған арамшөптердің тұқымдары тұқым-үлгілері көмегімен түр-түрге бөлініп, саны анықталады. Зерттеуге алынған топырақтағы арамшөптердің тұқымының түр құрамын және санын анықтағаннан кейін олардың 1 гектар жердегі жалпы санын анықтайды.

Тұқымның белгілі тереңдікте бір гектардағы санын есептеп шығару үшін, алдымен топырақтың осы көлемдегі салмағын анықтау қажет. Ол үшін гектар ауданын (10000 м2) тереңдігіне көбейтіп (мысалы, 10 см немесе 0,1м) көлемін табады (10000мх0,1м2). Оны топырақтың көлемдік массасына (г/см3) көбейткенде топырақтың салмағы шығады (мысалы, 1,2 г/см3 х 10000 = 1.200 тонна.

Алынған деректерді төмендегі кестеге жазады:

Топырақтағы арамшөптер тұқымының құрамын анықтау кестесі



Рет саны

Арамшөптердің аттары

Тұқым саны, дана

1







2







3







т.б.








Одан әрі кез келген арамшөп тұқымының 0,2 кг топырақтағы санын білуге байланысты пропорция құрып (мысалы, 0,2 кг-да 5 тұқым (дән), ал 1.200.000 кг-да х?), бір гектардағы тұқым санын есептеп шығарамыз .
Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың арамшөп тұқымдарымен ластануын анықтау әдістемесі мен техникасы

  2. Топырақтың массасын есептеп шығаратын формула

  3. Арамшөп тұқымдарының топырақтағы мөлшерін анықтау үшін қолданылатын формула.

  4. Топырақтағы арамшөп тұқымының қорын азайту жолдары.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №10

Тақырыбы: Жоспарланған өнім алуға қажет тыңайтқыш мөлшерін есептеу

Сабақтың мақсаты – Тыңайтқыш мөлшерін есептеу

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: тыңайтқыш үлгілері және түрлері, плакаттар, калькулятор.

Әрбір гектардан 40, 50, 60 центнер күздік бидай алуға қажет тыңайтқыш мөлшерін табыңыз.



Көрсеткіштер



Ауыспалы егіс дақылы және түсім ц/га

N

Р205

К20

1. 1 тонналық негізгі өнімнің қажетті топырақ-тан алынатын қоректі заттар мөлшері (кг), қосалқы өнімдерді санағанда










2. Алдын ала жоспарланған түсім үшін қажетті заттар, кг/га











3. Жылжымалы қоректі заттар құрамы топырақ картограммасы бойынша, мг/кг, топырақ










4. Жыртылған топырақ қабатындағы қозғалмалы қоректі заттар қоры, кг/га










5. Өсімдіктердің топырақтар арқылы қоректі заттарды алу коэффициенті, %










6. Өсімдіктер топырақ арқылы алатын қоректі заттар мөлшері, кг/га










7. Алғашқы жылы т/га органикалық

тыңайтқыш шашылады












8. Алғашқы жылы органикалық тыңайтқыш арқылы қоректі заттарды тарту коэффициенті, %










9. Өсімдіктің органикалық тыңайтқыш арқылы алған қоректік заттар мөлшері, кг/га










10. Минералды тыңайтқыштармен бірге сіңіру, кг/га










11. Алғашкы жылы минералды тыңайтқыш арқылы қоректік заттарды алу коэффициенті, %










12. Минералды тыңайтқыштармен бірге

пайдалану коэффицентін ескере отырып, мына мөлшерде қоректік элементтер сіңіріледі, кг/га












13. Қолданылған тыңайтқыштар атауы, элементтердің пайызбен көрсетілген саны










14. Барлық шашылатын тыңайтқыштың физикалық көлемі, ц/га










Бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы жылы қанша тонна органикалық тыңайтқыш шашылады.

2. Қолданылған тыңайтқыштар атауын айтыңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР №11-12

Тақырыбы: Топырақтың жел эрозиясына төзімділігін анықтау

Сабақтың мақсаты: Топырақтың эрозия процесстерінің сипаттайтын көрсеткіштерімен танысып, оның эрозияға тұрақтылығын қамтамасыз ететін параметрлерін анықтау.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: топырақ үлгісі, елек, таразы.

Жел эрозиясы деп желдің әсерінен топырақтың жыртылу қабатының жартылай немесе толық бұзылуын (ұшырылуын) айтады. Ол жел режиміне, топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, ылғалдылығына, топырақ бетінің бедеріне және адамның топыраққа әсер етуіне байланысты. Көп жағдайда топырақтағы эрозияға қауіпті 1 мм ден кіші бөлшектердің болуына байланысты.

Топырақтың беткі қабатын желмен ұшуын толық жою үшін оның беткі 5 см қабатында эрозияға кауіпті фракция 25%-дан аспау керек және 1 мм ден үлкен фракция 50% кем болмауы керек.



Жұмысты орындау барысы

Топырақтың үстіңгі 5 см қабатынан массасы 0,2-0,5 кг-дай топырақ алып, оны кептіреді. Алынған өлшемді 0,01 г дәлдікке дейін өлшеп, тесігі 1 мм елек арқылы елейді. Електегі қалған топырақты өлшеп, жалпы алынған өлшеммен електе қалған топырақтың айырмашылығы арқылы эрозияға қауіпті бөлшектердің массасын анықтайды.

Топырақтың желге төзімділігін (0) 1 мм ден үлкен фракция (В1) массасының жалпы өлшем массасының (В) қатынасы арқылы анықтайды.

0 = В1/В х 100

Жұмыстың қорытындысын төмендегі кестеге жазады

Топырақтың аты немесе варианты

Массасы, гр.

Желге төзімділігі

ауа құрғақтығындағы топырақ В

1 мм-ден үлкен фракция,В1

1 мм-ден кіші фракция

В2=В-В1



Желге төзімділігі

О=В1/Вх100


































Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ эрозиясы деген не және оның қандай түрлерін білесің

2. Жел эрозиясы деп нені түсінесіз және оның пайда болу себептерін айтыңыз

3. Топырақтың қандай фракциялары эрозияға қарсы тұра алмайды



4. Эрозияға қауіпті фракциялардың мөлшеріне байланысты топырақтар қалай топтасады

5. Топырақтың желге тұрақтылығы деп нені түсінеміз және оны қалай анықтаймыз

6. Топырақтың жел эрозиясына қауіпті фракцияның мөлшерін анықтау тәсілі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №13

Тақырыбы: Орман-далалық аймағындағы ауыспалы егіске топырақ өңдеу жүйесін жасау

Сабақтың мақсаты - Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесін үйрету.

Сабаққа арналған керекті құрал-жабдықтар: Ауылшаруашылық құралдарының макеттері, түрлі түсті плакаттар және слайдтар

Рет саны



Ауыспалы егістегі дақылдардың алмасу реті



Технологиялық процестер



Топырақ өңдеу жүйесі

мақсаты

мезгілі

тереңдігі (см)

машиналары мен құралдары

1

2

3

4

5

6

7

1

Ықтырмалы пар

Ерте көктемде топырақты тырмалау

Ылғал жабу, арамшөптер өскіндерін және топырақ қабыршығын жою

Топырақтың физикалық «пісіп жетілуінде»

3-4

БИГ-ЗА

БМШ-15


Парды жазықтабан сыдыра тілгішпен бірінші рет культивациялау

Арамшөптерді жою, топырақты қопсыту

Арамшөп өскіндері пайда болғанда

8-10




Парды екінші рет культивациялау және бір мезгілде фосфор тыңайтқышын сіңіру

Арамшөптерді жою, топырақтың құнарлылығын арттыру

Арамшөп пайда болғанда

10-12

РВК-4,2

РВК-3,7


Парды үшінші рет культивация-лау және бір мезгілде топырақты нығыздау

Арамшөптерді жою, топырақ бетін тегістеу және тығыздау

Арамшөп пайда болғанда

8-10

КПШ-5

КПЭ-3,8Б ЗККШ-6А



Ықтырма себу (қыша, жүгері, күнбағыс)

Қыста қар тоқтату, топырақ-ты эрозиядан қорғау

Шілденің бірінші

онкүндігінде



2-3

СКН-3

КПШ-5


СЗС-6

Парды негізгі өңдеу (терең қопсыту немесе жырту)

Ылдғалдың жақсы сіңуін қамтамасыз ету, арамшөптерді жою

Тамыз айының үшінші онкүндігінде

25-27

ПНС-4-35

КПГ-250

Егін себу

Тұқымды топыраққа сіңіру




4-5

СЗТ-4,7

Уақытша қарық жасау

Егістікті суару үшін

Егін көктеп шық-қаннан кейін

30-40

КЗУ-3,0

2



Жаздық бидай

Ерте көктемде топырақты тырмалау

Ылғал жабу, арамшөп өскіндерін және топырақ қабыршығын жою

Топырақтың физикалық «пісіп жетілуінде»

3-4

БИГ-ЗА

БМШ-15


Топырақты тығыздау

Топырақты тегістеу

Ылғал жапқаннан

кейін





ЗККШ-6А

Егін себер алдында топырақты

культивациялау



Арамшөптерді жою, топырақты қопсыту және тегістеу

Дәл егін себер алдында немесе бір мезгілде

6-8

ОП-8 КТС-10-

1 КПЭ-3,8Б

ЛДГ-10


Егін сепкеннен кейін топырақты тырмалау

Топырак қабыршағын жою

Егін сепкеннен 3-4 күннен соң

3-4

СП-11А

БЗСС-1,0


Егін жинау: дестеге түсіру

Астықтың тез пісуін және дәннің құрғауын қамтамасыз ету

Дәннің ылғалдылы-ғы 25-35% болғанда (балаусызданып пісу)

Аңыздың биіктігі 12-15 см болу керек

Енисей-1200

СК-5, Д-101А

ЖВН-6А


ЖНУ-8,6

- дестені бастыру

Өнім жинау

Дәннің ылғалдылы-ғы 14-16% (толық пісу)




СК-5, Енисей-1200

Дон-1800


3

Жаздық бидай

Топырақты негізгі өңдеу

Топырақты қопсыту, арамшөптерді жою

Егін жиналсымен

іле-шала


12-14

КПШ-5

КТС-10-1

КПЭ-3,8Б


Ерте көктемде топыракты тырмалау

Ылғал жабу, арамшөптер және топырак қабыршағын жою

Топырақтың

физикалық

«пісіп-жетілуі»


3-4

БИГ-ЗА

БМШ-15


Топырақты нығыздау

Танап бетін тегістеу

Ылғал жапқаннан

кейін





ЗККШ-6А

Егін себу

Тұқымды топырақка сіңіру, өнім алу

18-25.05

6-7

СЗС-2ДЛ

СЗС-6


Гербицид қолдану

Арамшөптерді жою

Бидайдың толық түптену фазасында

1,2-1,5 кг/га

ә.е.заты


бойынша

ОП-2000-2-01

Егін жинау: дестеге түсіру

Астықтың тез пісуін және дәннің құрғауын қамтамасыз ету

Дәннің ылғалдылы-ғы 30-35%

(балауызданып пісу фазасы)

Аңыздың

биіктігі


12-15 см

болуы


керек

СК-5

Енисей-1200

ЖВН-6А


- дестені бастыру

Өнімді жинау

Дәннің ылғалдылығы 14-16% (толық пісу)





СК-5 Енисей-1200

4

Арпа

Топырақты негізгі өңдеу

Топырақты қопсыту, Арамшөптерді жою

Тамыз- Қыркүйек айларында

12-14

КТС-10-1 КПЭ-3,8Б

КПШ-9


Ерте көктемде топырақты тырмалау

Ылғал жабу, топырақты қопсыту, арамшөп өскіндері мен топырак қабыршағын жою

Топырақтың

физикалық

«пісіп-жетілуі»


3-4

БИГ-ЗА

БМШ-15


Топырақты культивациялау

Арамшөптерді жою

Егін себер алдында

6-8

ЛДГ-10

БЗСС-1,0


Егін себу

Тұқымды топырақка сіңіру, өнім алу

Мамырдың соңғы бес күндігі

6-8

СЗС-2,1А

СЗС-6


Гербицид қолдану

Арамшөптерді жою

Арпаның толық түптену фазасында

1,2-1,5 кг/га

ә.е.заты


бойынша

ОП-2000-2-01

Егін жинау: -дестеге түсіру

Астықтың тез пісуін және дәннің құрғауын қамтамасыз ету

Дәннің ылғалдылы-ғы 30-35% (балауызданып пісу фазасы)

Аңыздың

биіктігі


12-15 см

болуы


керек

СК-5

Енисей-1200

ЖВН-6А


-дестені бастыру

Өнімді жинау

Дәннің ылғалдылы-ғы 14-15% (толық пісу)

-

СК-5

Енисей-1200



Бақылау сұрақтары:

1. Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесінің ерекшеліктері.

2. Дақылдарға байланысты топырақ өңдеу ерекшеліктері.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР №14-15

Тақырыбы: Суармалы егіншілік аймағындағы ауыспалы егістерге топырақ өңдеу жүйесін жасау

Сабақтың мақсаты: Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесін үйрету

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Ауылшаруашылық құралдарының макеттері, плакаттар және слайдтар

Рет

саны




Ауыспалы егістегі

дақылдардың

алмасу реті



Технологиялық үрдістер



Топырақ өңдеу

мақсаты

мезгілі

тереңдігі

машиналары мен құралдары

1

Арпа+жоңышқа

Сүдігер жырту және бір мезгілде тырмалау

Топырақты қопсыту, арамшөптерді жою, танап бетін тегістеу

қыркүйек-қазан айлары

22-25

ПЛН-4-35

ЗБСС-1,0


Ерте көктемде топырақты тырмалау

Ылғал жабу, арамшөп өскіндерін және топырақ қабыршағын жою

Топырақтың физикалық "пісіп-жетілуі"

3-4

СП-11

ЗБСС-1,0


Егін себер алдында топырақты культивациялау

Арам шөптерді жою, топырақты қопсыту және танап бетін тегістеу

Дәл егін себер алдында

6-8

РВК-4,2

РВК-3,7


Егін себу

Тұқымды топыраққа сіңіру




4-5

СЗТ-47

Уақытша қарық жасау

Егістікті суару үшін

Егін көктел шық-қаннан кейін

30-40

КЗУ-3,0

Егістікті суару

Топырақтың ылғал қорын молайту

Арпаның сабақта-ну-сүттеніп пісу фазасында

500-600

МЗ


Қарық

арқылы


Арпаны ору

Өнімді жинау

Арпаның толық пісу фазасында

Аңыздың

биіктігі


12-15 см


СК-5 Енисей-1200






Жоңышқаны суару

Өсімдікті ылғал мен қамтамасыз ету

Пішенді жинап алысымен ілеша-ла

500-600 м3/га

Қарық арқылы

Жоңышқаны ору

Пішен алу

Гүлдену фазасында







Жоңышқаны суару

Өсімдік жақсы өсу үшін ылғалмен қамтамасыз ету

Пішенді жинап алысымен ілеша-ла

500-600 м3/га

Қарық

арқылы


2

Жоңышқа

Ерте көктемде жоңышқаны тырмалау

Ылғал жабу, топырақ қабыршағы мен арамшөп өскіндерін жою

Топырақ дегдіген кезде

3-4

ЗБСС-1,0

Жоңышқаны суару

Өсімдікті ылғалмен қамтамасыз ету

Мамыр айы

600-800 м/га

Қарық

арқылы


Жоңышқа қалдығын суару

Өсімдік әрі қарай жақсы өсіп-дамуы үшін ылғалмен қамтамасыз ету

Пішенді жинап алысымен іле-шала

600-800 м3/га

Қарық

арқылы


3

Жоңышқа

Ерте көктемде жоңышқаны тырма-лау

Ылғал жабу, топырақ қабыршағын және арамшөптерді жою

Топырақ дегдіген кезде

3-4

ЗБСС-1,0

Жоңышқаны суару

Өсімдікті ылғалмен қамтамасыз ету

Мамыр айы

500-600 м3/га

Қарық

арқылы


Жоңышқаны бірінші рет шабу.

Пішен алу, өсімдік жақсы өсіп даму үшін ылғалмен қамтамасыз ету

Өсімдіктің гүлде-ну фазасында







Жоңышқа қалдығын суару




Пішенді жинап алысымен іле-шала

600-800 м3/га

Қарық

арқылы


Жоңышқаны екінші рет шабу (ору)

Пішен алу

Өсімдіктің гүлде-ну фазасында













Жоңышқа қалдығын суару

Өсімдік жақсы өсіп-дамуы үшін ылғалмен қамтамасыз ету

Пішенді жинап алысымен ілеша-ла

600-800 м3/га

Қарық

арқылы


Жоңышқа қыртысын екі рет кесекөлденең бағытта сыдыра жыртқыш-пен өңдеу

Жоңышқа тамырының тіршілік қабілетін жою

Соңғы орудан кейін пішенді жинап алған соң

6-8

БДТ-7

Жоңышқа қыртысын түренді соқа мен жырту

Өсімдік қалдықтарын топыраққа сіңіру, топырақ-ты қопсыту

Сыдыра жырт-қышпен екінші рет өңдегеннен бір аптадан кейін

27-30

ЛЛН-4-35 Пн-4-35

4

Күздік бидай

Егін себер алдында топырақты культивациялау

Арамшөптерді қопсыту және танап бетін тегістеу

Дәл егін себер алдында

6-8

РВ-3,7,

РВК-4,2


Себу

Тұқымды топыраққа сіңіру, өнім алу

Тұрақты аяз түскенге дейін 55-60 күн қалғанда

6-8

СЗП-24,

СЗС-2ДА


Егістікті суару

Өсімдікті ылғалмен қамтамасыз ету

Ерте көктемде







5

Қант қызылшасы

Аңызды сыдыра жыртқышпен өңдеу

Ылғалды сақтау, арамшөп-терді жою

Күздік бидайды жинап алысымен іле -шала

6-8

ЛДГ-5

ЛДГ-10


Жырту алдында суару

Топырақты ылғалдандыру

Жер жыртудан бір апта бұрын

-

Қарықпен ДДА-10ОМА

Сүдігер жырту

Топыракты қопсыту, арамшөптерді жою

Топырақ дегдіген-нен кейін

28-30

ПН-4-35

ПЯ-3-35


Ерте көктемде топырақты екі ізде тырмалау

Ылғал сақтау, арамшөп өскіндерін жою

Топырақ-физика-лық "пісіп-жетілгенде"

3-4

БЗТС-1,0 БЗСС-1,0

ЗБП-0,6


Егін себер алдында культивациялау

Арамшөптерді жою

Егін себер алдында

6-8

РВК-3,6

РВК-4,2


БЗСС-1,0

Егін себу

Тұқымд ы топыраққа сіңіру

Топырақ 10-120С қызғанда

2-8

ССТ-8В







Топырақты егін көктеп шыққанға дейін тырмалау

Топырақ қабыршағын және арамшөп өскіндерін жою

Егін сепкеннен 4-5 күннен соң

2-8

ЗБП-0,6

ЗОР-0,7


Шоқтау

Өсімдікті сирету



Өсімдікті букет жасау

Өсімідктің 1-2 жапырағы пайда болғанда

-

УСМК-5,4 В КРН-4,2

Егістікті тырмалау

Арамшөптерді жою

Өсімдіктің 1-2 жұп жапырағы пайда болғанда

3-4

ЗБП-0,6

ЗОР-0,7


Өсімдік желісін реттеу




Өсімдіктің 3-4 жапырағы пайда болғанда

-

ПСА-2,7 УМСК-5,4В

Вегетация кезінде өсімдікті 3-4 рет суару

Өсімдікті ылғалмен қамтамасыз ету

Әрбір 3-4 аптада

-

Қарықпен ДДА-100МА

Өсімдіктердің қатараралығын культивациялау

Топырақ қабыршағын және арамшөп өскіндерін жою

Әр суарғаннан соң топырақ дегдіген кезде

1. 5-6,

2. 10-12,



3. 12-14,

4. 16-18


КРН-4,2

УМСК-5.4В



Өсімдіктің пәлегін жинау

Танапты өсімдік қалдық-тарынан тазалау

Егін піскен кезде




БМ-4А

Егін жинау

Өнім алу

15 қыркүйектен бастап

-

РКМ-4


Бақылау сұрақтары:

1. Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесінің маңызы.

2. Дақылға байланысты жүргізілген топырақ өңдеу жұмыстарын атаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №1
Тақырыбы: Топырақтың ылғалдылық қорын есептеу

Сабақтың мақсаты: топырақтағы ылғал қорын есептеу.

Сабаққа арналған материалдар: 1.Үлгілер: топырақ монолиттері

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Түрлі түсті слайдтар мен плакаттар.

Өсімдік тіршілігінің ең басты және маңызды факторы су.

Оның өсімдік өміріндегі маңызы әр қилы. Біріншіден, су еріткіш рөлін атқарады, себебі өсімдіктер топырақтан қоректік элементтерді ерітінді түрінде ғана пайдалана алады.

Екіншіден, су өсімдіктерге құрғақ зат құру үшін қажет. Өсімдік 1 центнер құрғақ зат құру үшін 400 центнерден 1200 центнерге дейін су жұмсайды. Оның 99,8 пайызы буланып ұшып кетеді. Ал қалған 0,2 пайызы ғана өсімдіктерге жұмсалады.

Үшіншіден, ылғал өсімдік клеткасының құрамында кіреді (клетканың құрамының 98 пайызы су болады).

Төртіншіден, ылғал өсімдік организмінің температурасын реттеуге қатынасады.

Бесіншіден, өсімдік организміндегі және топырақтағы барлық реакциялар тек судың қатысуымен жүреді. Мысалы, фотосинтез процесінде судың алты молекуласы қатысады.

Алтыншыдан, ылғал топырақтағы микроорганизмдердің тіршілігі үшін кажет.

Жетіншіден, ылғал топыраққа себілген ауылшаруашылық тұқымдары-ның бөртіп, жер бетіне көктеп шығуы үшін қажет.

Қорыта келіп айтқанда сусыз ешқандай өсімдік тіршілік ете алмайды.

Топырақтағы ылғал қоры көптеген жағдайларға, соның ішінде топырақ типтеріне тікелей байланысты.

Кестеде келтірілген мәліметтерге сүйене отырып әртүрлі топырақ типтеріндегі ылғал қорларын есептеп шығару керек.


Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ ылғалының өсімдіктердің өніп-өсуне әсері

2. Топырақ ылғалдылығын анықтау әдістері.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №2

Тақырыбы: Топырақтың қайта тұздануы және оны болдырмау

Сабақтың мақсаты: топырақтың тұздануының себептері және табиғатқа келтіретін зияндарымен таныстыру. Бірінші және екінші тұздану себептері. Сортаң топырақ түрлері, олардың ерекшеліктері және олармен агротехникалық жолмен күрес.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: слайдтар, суреттер, плакаттар.

Топырақтың тұздануы дегеніміз – өсімдіктің өсіп-жетілуіне кері әсер ететін топырақтың тамыры жататын қабатына еріген немесе сіңген тұздың жиналуы.



Алғашқы тұздану табиғи гидрогеологиялық жағдайларға байланысты анықталады. Құрғақшылык аудандардың ыза суының құрамында едәуір мөлшерде тұз болады. Осы сулар капиллярлармен топырақтың төменгі қабатына көтеріліп буға айналады. Ал тұз топырақта және оның бетінде қалып қояды. Бұл жағдайды топырақтың екінші тұздануы деп айтамыз.

Суармалы жерлер де тұзданады. Ол негізінен суды дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын кұбылыс. Ыза суы деңгейінің артуына орай сортаңдану күшейе түседі. Сондықтан да, жеңіл топырақты аудандарда ыза суын жер бетінен 2,5-3 м, ал ауыр топырақты аудандарда 4-5 м, қашықтықтарда ұстау қажет. Егер ыза суы тереңде болса топырақ тұзданбайды. Суармалы жердің тұздануының негізгі себептері: ыза суының көтерілуі, өте буланғыштығы, оның капиллярлы түтікшелермен топырақтың жоғарғы қабатына тұздың жетуін күшейтуі, топырақ капиллярының су өткізгіші, ыза суының немесе топырақтың құрамында тұздың көп болуы. Суармалы жердің сортаң тартуын болдырмаудың негізгі шаралары осы құбылыстардың дұрыс реттелуіне байланысты.

Суармалы жерлерде ыза суының деңгейі мына себептерге байланысты көтеріледі:


  • каналдардан судың сүзілуі, сондықтан да канал суының шығынын болдырмау керек;

  • тым көп суарғанда топырақ суға шылқып кетеді де, артығы ыза суын толтырады;

  • егістік жердің тегіс болмауы, мұндайда биік тұстарына су бара бермейді де, бәрі ойыс тұстарына жиналады. Сөйтіп ол да, ыза суын толықтыруға кетеді. Сондықтан да жерді тегістеу бұл тұрғыда, ең қажетті шара болып табылады.

Топырақ бетінің булануын егістік жиі егу және аңыздық дақылдар егу жолымен, сондай ақ ауыспалы егіс шекараларының жел ұстайтын, жер бетіндегі ауа қабатының ылғалдылығын көтеретін орман жолақтарын отырғызу жолымен азайтуға болады.

Су мен тұздың топырақтың беткі қабатына капиллярлы көтерілуін топырақтың құрылымын қопсыту арқылы азайтуға болады.



  • Әрбір шаруашылық топырақ сортаңдануының алдын алулары керек.

  • Су пайдалану ережелерін бұлжытпай орындаулары қажет.

  • Каналдардан су шығынын азайту үшін, каналдардан су сүзілмейтін шаралар жасау керек.

  • Суармалы ауыспалы егіс маңайына суға бастырылатын күріш егуге болмайды, оларды кәрізделген танапқа шоғырландырылған жөн, кей жағдайларда ғана сортаң топырақты жерлерге оларды шаю және тұзын ыдырату мақсатымен күріш өсіруге болады.

  • Түнгі суару, топырақ шаю жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қатаң қадағалап отыру керек.

  • Су жинау, су қашырту және коллекторлы-дренажды жүйелерді ақаусыз ұстау керек.

  • Тұрақты каналдарын бойлай тез өсетін және тамыры тереңге кететін ағаш егу керек. Ол каналдардан танапқа сүзілетін суды тез сіңіріп алады.

Топырақтың сортаңдану дәрежесін жаз күндерінде өсімдіктің жағдайына қарап оңай айыруға болады. Топырақ қатты сортанданса, оның беті ақтаңданып жатады, өсімдік 50%, кейде одан да көп, ал орташа сортанданған жерде 30-50%, аз сортанданған жерде 10-30% сиреп кетеді.

Зиянды сортандануға NaСl, MgCl2, СаС12, хлорлы Na2SO4 , MgS04 күкірт қышқылды жиналған карбонаттар жатады. Топырақтың құрамында оның құрғақ массасының 3 процентіндей болса, ол жерді жақсарту шараларын жүргізбей ауылшаруашылығына пайдалануға болмайды.

Жердің сортандануын сор және сортаң деп бөледі.

Cop топырақтың беткі қабатының құрамында хлорлы, күкірт қышқылды натрий секілді тез еритін тұздар сирек болса да, көмірқышқылды, күкіртқышқылды, кейде калций мен магнийдің хлорлы тұздары бар топырақ жатады. Сор жерлерде топырақ ертіндісінің мол концентрациясы өсімдікке улы әсер етеді.

Сор іркілдек, ылғалды, қара және шалғынды болып келеді. Іркілдек сормен жүргенде адамнын аяғы топыраққа кіріп кетеді. Қара сор шірінді заттардың еруі салдарынан қара түске айналады. Бұл топырақтарды құрылымсыз деуге болады.

Сортаң топыраққа сіңген натрий бар топырақты жерлер жатады. Сортаң жер топырағының физикалық қасиеттері төмендейді. Өйткені, оның өткізу қасиеті нашарлап, бетінде тығыз қабық пайда болады.

Сортаң жерге топырағының құрамында органикалық заттар аз жерлер жатады. Ауыл шаруашылығында ондай жерлерді органикалык және минералды тыңайтқыштар немесе сөндірілген әк енгізілген соң ғана пайдаланады.
Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың тұздану себептері.

2. Екінші рет тұздануды қалай түсінесіз.

3. Топырақ сортаңдану түрлері және өсімдікке тигізетін зияны.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №3

Тақырыбы: Орман мелиорациясы

Сабақтың мақсаты: Орман мелиорациясының маңыздылығымен таныстыру.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: слайдтар, суреттер, плакаттар.

Орман мелиоративтік жүйесі деп, ауылшаруашылығында пайдаланатын жүйелі түрде егілетін екпе ағаштар мен бұта алқаптарын атайды.

Ауылшаруашылығына ауа райының кейбір қолайсыз жағдайларының тигізетін зиянына қарсы күресте орман мелиорациясының маңызы ерекше. Ол әсіресе, егістік жердің микроклиматын жақсартып, құрғақшылықтың зиянды әсерін азайтады, егістікке еріген қар суын сақтай отырып, топырақтың ылғалдылығын көтереді. Екпе ағаштардың тал мен бұталардың эрозиялык процесстерді тоқтатудағы маңызы өте зор екенін ұмытуға болмайды. Жоғарыда айтқандай құрғақшылық жылдары екпе ағаштардың тал, бұталардың егістік алқаптың өнімін төмендемеуіне әсерін ылғал сақтау, қар тоқтату арқылы тигізеді.

Суармалы жерлердің 4-5%-на міндетті түрде екпе ағаш отырғызылуы керек. Екпе ағаштар қабатының ені 10-12 метрден кем болмау керек. Желдің зиянды әсері егістікке тимеу үшін бір жерге отырғызылған екпе ағашпен екінші жерге отырғызылған екпе ағаштар жолағының ара қашықтықтары 200 метрден 500 метрге дейін болады, ал көлденең отырғызылған екпелердің ара қашықтығы 1000-1500 метр болады. Әр қатардың ара қашықтығы 1-2 метр. Егер каналдардың түбінде көп тұнба заттар жиналатын болып, оны механикалық түрде аршып тазалайтындай жағдай болса, екпе ағаштар каналдың бір жағында ғана отырғызылуы керек (көбінесе жел жағында). Екпе ағаштардың қажетті түрлерін таңдай білген дұрыс. Биік өсетін ағаштардан егілетіндер – терек, емен, үйеңкі, шаған, ал қысқа бойлы жайылып өсетін ағаштар қатарынан ақ-тал, көктал, және т.б.

Ауыл шаруашылығында пайдаланатын екпе ағашты 4 түрлі өрнек тәсілімен отырғызады.

Жел эрозиясына қарсы, ылғал сақтау үшін екпе ағаш отырғызу өрнек тәсілдері. (Н.Д. Никитин бойынша)

Ағаш отырғызу

өрнек тәсілдері



Саңылау саны

Ескерту

ағаштардың жоғарғы жағы

ағаштардың төменгі жағы

Торлы желдеткіш

15-35

60

Талдың жапырақтанып

тұрған кезіндегі өлшем. Жапырақ түскенде бұл өлшем 2-2,5 есе үлкейеді.



Желдеткіш

0-10

60

Торлы

15-30

15-30

Тығыз

0-10

1-10

Екпе ағаш отырғызылғаң танаптардағы жаз айларындағы топырақтың бетіндегі температурасын ағаш отырғызылымаған жерге қарағанда 5-60С-қа төмендетеді, ал салқын күндері 4-50С жоғарылатады. Сонымен қатар, ауа ылғалдылығы да 9-11%-ке көтеріліп немесе екінші жағдайда 3-7%-ке төмендейді. Мұндай жер бетіндегі ауа құрылысы өсімдіктердің өсіп-өнуіне жақсы әсерін тигізеді.

Суармалы жерлерде отырғызылған екпе ағаштар жер асты суының деңгейінің көтерілуіне жол бермейді. Осының арқасында топырақтың жоғарғы қабатындағы тұз төменгі қабатқа ауысып, оның құнарлылығы жоғарылайды. Ағаш екпелер топырақтағы азотты бактериялардың тіршілігін жылдамдату арқасында нитратты азотты 18-25%-ға дейін көбейтеді.

Орман мелиорациясының табиғатқа тигізетін әсері әлі терең және жан-жақты қамтылып қаралмаған. Дегенмен, кейбір жариаланған деректерге сүйене отырып, екпе ағаштардың қоршаған ортаға тигізетін мелиоративтік әсерін көрсетуге болады.

Әртурлі өрнек тәсілдерімен отырғызылған ағаш жолақтарының қоршаған ортаның экологиялык көрсеткіштеріне тигізетін мелиоративтік әсері.



Кіргендегі мәні

Шыққандағы мәні

Д

ЖЖ

АТ

Б

ТТ

АЫ

СБ

ТЫ

Д

ЖЖ

АТ

Б

ТТ

АЫ

СБ

ТЫ

Торлы желдеткіш екпе отырғызбалар

38

17

28

60

25

22

87

40

29

10

23

36

22

31

46

56

Желдеткіш екпе отырғғызбалар

38

17

28

60

25

22

87

40

31

9

21

34

20

33

44

59

Торлы екпе отырғызбалар

38

17

28

60

25

22

87

40

26

8

24

35

23

32

41

54

Тығыз екпе отырғызбалар

38

17

28

60

25

22

87

40

41

14

26

40

24

20

59

48

Д – топырақтың шайылуы (т/га); ЖЖ – жел жылдамдығы (м/с) ; AT – ауа температурасы (0С); Б – топырақтaн ылғалдың булануы (мм) ; ТТ – топырақтың температурасы (0С) ; АЫ – ауа ылғалдылығы (%); СБ – су бетінен булану, мм ; ТЫ – топырақтың ылғалдылығы (%).

Бұл кестеден қоршаған ортаның экологиялық жағдайына екпе ағаштарының тигізетін әсері оның конструкциясына, отырғызған өрнек тәсіліне көп байланысты екенін байқауға болады

Атап айтқанда торлы желдеткіш өрнек тәсілде топырақтың шайылуы әр гектардан 38 тоннадан 28 тоннаға азайса, желдеткіш өрнекте 31 т/га, торлыда 26 т/га азайып отыр. Ал соққан желдің жылдамдығы 17 м/с-ке тең болғанда атаған қатарда 10,9-8 ге дейін төмендеп отыр. Орман мелиорациясының агрономиялық маңызынан басқа да экологиялық маңызы бар.


Бақылау сұрақтары:

1. Орман мелиорациясы дегеніміз не

2. Орман мелиорациясының агрономиялық маңызы

3. Екпе ағаш отырғызбаларының әсері


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.




ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №4

Тақырыбы: Агрохимиялық мелиорация

Сабақтың мақсаты: Топырақты химиялық мелиорациялауды үйрету.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: слайдтар, суреттер, плакаттар.

Дақылдардың көбісі топырақ реакциясының бейтарап (нейтралды) болуын қалайды. Топырақ ерітіндісінің реакциясы қышқылды, немесе сілтілі болса онда өсімдік нашар өседі. Мұндай топырақтың реакциясын бейтарапты реакцияға келтіру үшін оған әк немесе ғаныш енгізеді, бұл шараларды топырақты химиялық мелиорациялау деп атайды.



Қышқыл топырақтарды әктендіру. Орманды алқаптардың күлгін, шымды-күлгін топырақтары қышқыл реакциялы болып келеді. Ондай топырақты бейтарапты реакцияға келтіру үшін оны әктендіру қажет. Әктендіру нәтижесінде топырақтың құнарлылығы жақсарады, онда егілген дәнді дақылдардың өнімі әр гектардан 4-5 ц, қант қызылшасының өнімі -50-60 ц, сүрлемге арналған жүгерінің өнімі 60-90 ц көтеріледі. Әктенген жерде дақылдардың өніп өсуіне тыңайтқыштардың тигізетін әсері де арта түседі.

Топырақтың қышқылдығын азайту үшін әктің, доломиттің ұнтақтары қолданылады.



Сор топырақтарды гипстендіру. Сор топырақтың көлемі ТМД бойынша 120 млн. га, яғни барлық жердің 5,4 пайызын алып жатыр. Сор топырақтар әртүрлі аймақтарда кездеседі. Әсіресе шөлейт далада, шөл аймақтарда жиі кездеседі. Мұндай жерлер Қазақстанда да жиі кездесетін болғандықтан, сор топырақтың құнарлылығын көтеру шараларына көбірек көңіл бөлеміз.

Сор топырақтың құрамында натрий көп болады да, топырақ ерітіндісінің реакциясы сілтілікті көрсетеді. Сондай тұзды топырақтар сортаң және сор топырақтар болып екіге бөлінеді.

Сор топырақтар. Егер топырақтың барлық қабатында (соның ішінде үстіңгі қабатында да) суда тез еритін тұздар көбірек (0,6-дан 3% және одан да көп) болса, сор топырақтар деп атайды. Тұздың концентрациясы жоғары болғандықтан, онда өсімдіктердің суды, қоректік заттарды сіңіруі қиындайды. Сондықтан мұндай топырақтарда өсімдіктер жөнді өспейді, өссе де тек галофиттер – тұзға төзімді өсімдіктер ғана кездеседі. Сор топырақтар әдетте ойпаттау жерлерде, суы ащы теңіздер мен көлдердің жағасында кездеседі. Cop топырақтар құрамында кездесетін тұздардың түріне қарай хлоридті-натрийлі, хлоридті-сульфатты, кальцийлі-натрийлі, сульфатты, кальцийлі-магнийлі және т.б. болып бөлінеді. Мұның ішіндегі ең зияндылары NаCl және NaHC03+Na2C03 тұздары. Cop топырақтың құнарлылығын көтеру үшін химиялық мелиорациялау – гипстендіру керек. Топыраққа ғанышты (CaSO4) енгізгенде оның құрамындағы кальций ионы топырақ сіңіру кешенінен натрий ионын ығыстырып шығады. Осының нәтижесінде топырақтың физикалық, биологиялық қасиеттері жақсарады.

Сортаң топырақтар. Мұның сор топырақтан айырмасы тұзы мол топырақ жердің төмендеу жатқан қабатында (В1 қабатында) кездеседі. Үстіңгі – А қабатында тұз аз болады. Тұзы көп В1 қабатының астында гипс, карбонаттары мол В2 қабаты орналасады, онан төменде аналық қабат С болады. Сонымен сор топырақтың әртүрлі қабаттарының құрамы да, қасиеттері де күрт өзгеріп тұрады.

Тұзды жерді химиялық мелиорациялауға көп гипс керек. Сондықтан көбінесе топырақтың өзін-өзі мелиорациялауына жағдай жасалады. Ол үшін гипсі бар В2 қабатын жоғары шығарып сортаң қабатпен араластырады. Бұған жерді терең жыртатын плантаждық соқалар қолданылады. Гипсі бар қабат пен тұзды қабат араласқан кезде топырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясы азаяды. Топырақтың құнарлылығы артады. Ал егер топырақты сумен шаю, органикалық, минералдық тыңайтқыштар қолдану шаралары қоса жүргізілсе, топырақтың құнарлылығы одан да жоғары артады, бұл жерге көптеген дақылдарды егіп, олардан мол өнім алуға мүмкіндік туады.



Бақылау сұрақтары:

1. Химиялық мелиорациялау дегеніміз не.

2. Қышқыл топырақты әктендіру жолдары.

3. Сор топырақтарды гипстендірудің маңызы.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №5

Тақырыбы: Ауылшаруашылық дақылдарының фитомелиоративтік рөлі

Сабақтың мақсаты: Фитомелорация арқылы топырақ құнарлылығын арттыру.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: Ауылшаруашылық дақылдарының үлгілері.

Суармалы жерлер сортаңдануымен күресу және топырақ бетінің тақырланып қалуын болдырмау шараларының бірі – фитомелиорация.

Фитомелиорация деген сөздің мағынасы: фито – өсімдік, мелиорация – жақсарту. Сондықтан фитомелиорация дегеніміз өсімдік арқылы топырақты жақсарту, сол жер құнарлылығын арттырып, артық тұздардан арылту болып табылады.

Тақырланған топырақ бетін өсімдік өзінің тамырларымен ұстап, топырақтың жоғарғы қабатын жел, ал суармалы жерлерді су эрозиясына ұшыратпайды.

Жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін таңдап алынған өсімдіктер мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:

- жыртылған топырақ қабатындағы тез еритін тұздарды өз бойына сіңіріп, топырақ құрамын жақсарту;

- тұзға төзімді болу;

- тамырлары топырақ құрамында кең және тереңге таралып, топырақ құнарлылығын арттыру.

Арал мен Балқаш аймақтарында өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары құрамын қайта қарастырып, ол аймақтарда су тапшылығын ескеріп, жердің тұздылығына байланысты тұзға тұрақты және суды аз пайдаланатын дақылдар өсіруді қолға алу – қазіргі кездегі күрделі мәселенің бірі.
Ауыл шаруашылық дақылдарын тұзға төзімділігі бойынша топтастыру

Топтар

Дақылдар

Тұзға төзімділігі нашар

Сұлы, күріш, асбұршақ, үрмебұршақ, картоп, қияр, редис, сәбіз, сарымсақ және басқалар.

Тұзға төзімділігі орташа

Жаздық бидай, арпа, күздік қара бидай, тары, қонақ жүгері, жүгері, қоза, еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жиматарғақ және басқалар

Тұзға төзімділігі жоғары

Арпа (кейбір сорттары), қант және мал азықтық қызылша, қарбыз, асқабақ, қоза (кейбір сорттары), жоңышқа, түйе жоңышқа.

Топырақ тұздылығына тұрақты өсімдіктерді сұрыптап алған кезде ол өсімдік өнімі кемігенмен, топырақ құрамындағы тұз ерітіндісі кемуіне себебін тигізуі өте пайдалы.

Топырақтың екінші рет сортаңдануына жол бермеу және сортаңданған жерлерді игеру үшін фитомелиоративті ауыспалы егісті ауыл шаруашылық өндірісіне енгізу қажет.

Фитомелиорация арқылы топырақ құнарлылығын арттыру және сортаңданған топырақ тұзын биологиялық әдіспен кеміту өте аз зерттелген. Фитомелиоранттар арқасында екінші рет сортаңданған жерлер құнарлылы-ғының қайтадан қалпына келтірілгендігі дәлелденген. Фитомелиорация әсерінен топырақтағы азот түрлерінің, қара шіріктің артуы және өсімдіктің құрғақ биологиясы артуы арқасында топырақтағы тұздың кемуі байқалады.

Фитомелиорация әсерінен топырақтағы азот түрлерінің өзгеру динамикасы (мг/кг)

Тәжірибе варианты

Жеңіл гидролизденген

Аммонийлі

Нитратты

1,5 ай

3 ай

1,5 ай

3 ай

1,5 ай

3 ай

Түйе жоңышқа

31,7

35,9

2,21

3,04

3,69

3,91

Арпабас

30,8

36,4

2,38

2,69

3,44

4,02

Қияқ

29,4

36,8

2,04

2,48

3,16

3,73

Сұлы

29,8

33,1

2,31

2,96

3,27

3,68

Тақыр жер

26,6

26,0

1,53

1,48

3,55

3,51

Тәжірибеге дейінгі топырақ құрамы, мг/кг; жеңіл гидролизденген азот-26,4; аммонийлі-1,5; нитратты-3,50.

Кестеде көрсетілгендей, әртүрлі формадағы азоттың артуы, әсіресе түйе жоңышқа егістігінде байқалады, мұнда азоттың барлық түрлері өсімдік өсуінің соңына дейін арта береді.

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ құнарлылығын арттырудағы фитомелиорацияның орны қандай

2. Қандай фитомелиоранттарды білесіз
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР №6-7



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет