Тақырыбы: Қазақстанда жиі кездесетін арамшөп өкілдерімен танысу
Сабақтың мақсаты – гербарий және тұқым үлгілері арқылы топтың арамшөптерімен танысу
1. Үлгілер: арамшөптердің гербарийлары, тұқымдары
2. Түрлі түсті плакаттар слайдтар мен арамшөптер суреттері
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1. Түрлі түсті слайдтар
2. Түрлі түсті арамшөптердің суреттері
3. Арамшөптердің сипаттамалары туралы мәліметтер
Ерте пісетін арамшөптер
Егістік қыша - Горчица полевая - Sіnapіs arvensіs
Бір жылдық арамшөп. Сабағы тармақтанған, түкті, биіктігі 100 см-ге дейін жетеді. Тұқымы бұршағында өсіп жетіледі, сонан кейін жерге шашылып төгіледі. Бір өсімдік 4000-ға дейін тұқым береді. Тұқымы топырақты және дақылдардың дәндерін ластайды. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін он жылға дейін сақтай алады. Ең қолайлы көктеп шығатын тереңдігі 5 см-ге дейін. Көктемде егістік қышаның тұқымы алғашқы кезде баяу өседі, ал кейін оның өніп шығу қабілеті күшейеді. Бұл арамшөп бейтарап, тіпті сілтілі топырақтарда жақсы өседі. Егір егістік қыша жемшөпке араласып кетсе, онда сүттің сапасын төмендетеді. Ал, енді арпаға осы арамшөптің тұқымы араласса, онда шошқаларды уландырады.
Арам кенеп шөп – Конопля сорная (дикая) - Cannabіs ruderalіs
Бір жылдық жаздық арамшөп. Сыртқы түрі мәдени кенеп шөпке ұқсайды сондықтан ол осы дақылға бейімделген арамшөп болып саналады. Кенеп, қарақұмық, тары егістіктерінде көп кездеседі. Өсімдікті қорғау және медицина саласында қолданылады.
Сабағы тіп-тік тұратын, бұтақталған, жапырағы көп, биіктігі 1,5 м-ге дейін болады. Тұқымы сарғыш немесе жасылдау – сұр, ұзындығы 4 м-ге, ені 3 мм-ге дейін. 1000 тұқымның салмағы 12-25 г. Тұқымы оңай түсіп топырақты ластайды, бірақ топыраққа түскен жылы өңбейді, қыстап шыққаннан соң қаулап шығады. Тіршілік қабілеті 2 ден 40 жылға созылады. Тұқымы 2-5 см тереңдіктен жақсы шығады.
Алабота - Марь белая – Chenepodіum album
Алаботаның жапырақтары мен сабағы ұн тәріздес жұқа ақ қабықпен жабылған. Гүлдері өңсіз. Тұқымының сыртында қатты қауашағы бар, сондықтан оларды алдын ала буламаса, жануарлардың асқазанында қорытылмай, олардың қиымен бірге түседі, танаптарды ластайды.
Барлық ауылшаруашылық дақылдарына, әсіресе отамалы дақылдарға өте зиянды. Сабағы тік, қатты бұтақталған, биіктігі құнарлы топырақта 1,5 м кейде оданда биік болып өседі. Бір өсімдік 200 мың, кейбір өсімдік 700 мың тұқымға дейін береді.
Жануарлардың ас қорыту органдарынан өткеннің өзінде де өнгіштік қабілетін жоймайды. Олар полиморфты. Бір өсімдіктің өзінде үш түрлі тұқымдары кездеседі: ірі, жалпақ және қоңыр. Тұқымдар, піскен жылы өседі; майдалау, тұқымының қабығы қалың, қара түстілері екінші жылы өседі, ал өте майда, дөңгелек, қара тұқымы тек үшінші жылы ғана өседі.
Тұқымының өнгіштігі 8-жылға, өмір сүру ұзақтығы 38-жылға дейін сақталады. Үсікке төзімді. Тұқымы 8-10 см тереңдіктен шығады. Ерте көктемнен күзге дейін созылып, өсе береді.
Алабота жаздың екінші жартысында пісіп жетіледі. Негізінен дәнді (күріштен басқа), бұршақ тұқымдас дақылдарды, жүгері, мақта, қант қызылшасы, картоп егістерін ластайды.
Тісті ошаған - Дурнишник зубовидный – Хanthium strumarium
Басқа ошағандар ішіндегі ең көп тараған түрі. Егістерде, бау-бақшаларда, елсіз жерлерде құмды топырақта өседі. Сабағы тік, биіктігі 100-120 см өсімдікті түгелдей жұмсақ түк жауып тұрады. Дәндерінің пішіні жұмыртқа тәрізді. Ұзындығы 8-14 см, қалыңдығы 4-7 мм салмағы 1000 г, бір өсімдікте 25 мың тұқымға дейін болады. Жас өркендері 18 см тереңдіктен өсіп шыға алады. Өсу температурасы 14-160С, оптималдылығы 20-240С.
Қара сұлы – Овсюг обыкновенный (пустой) - Avena fatua
Сыртқы түрі мәдени сұлыға өте ұқсас. Ол бейімделген арамшөп ретінде астық дақылдары үшін өте зиянды және қауіпті. Мысалы, 1м2 жерде қара сұлының 50 өсімдігі өссе, одан өнім 20%-ға, 300 – 4 есе, 450 – 5 есе және одан да көп төмендейді.
Тамыры шашақты, топырақта 130-160 см тереңдікке тарайды. Сабағы түзу, биіктігі 60-120 см, жапырағы сызықты, ірі, жан-жағы кедір-бұдырлау.
Жаздық бидай толық шыққаннан кейін, оның қатараралығынан қара сұлыны анық байқауға болады. Оның өсімдігі шашақ тастағанда жаздық дақылдар егісінде қылтанағынан ажыратуға болады. Қылтықтары қаралау, ұзын, тізе тәріздес иілген, төменгі жағы бұралған. Жақсы дамыған қара сұлы өсімдігі 440-600 дәнге дейін береді, мәдени дақылдардан ертерек пісіп, дәні топыраққа шашылады. Қара сұлыны дәнді дақылдардан, әсіресе сұлыдан айыру өте қиын. Жаңа түскен дәні нашар өнеді, бірақ қыс бойы тыныштық кезеңін өткеннен кейін, топырақтың температурасы 3-50С болғанда да өніп шыға алады. Оптималды температурасы 16-200С. Қара сұлының дәні 20-30 см тереңдіктен де өніп шыға алады, тіршілікке қабілеті 5 жылға дейін сақталады.
Жусан жапырақты ойраншөп – Амброзия полынолистная – Ambrosіa artemіsііfolіa
Карантинді, қосжарнақты, арамшөп. Биіктігі 20-25 см, кіндік тамыры топырақта 4 м тереңдікке дейін бойлайды.
Тұқымы сарғыштан қара-қоңыр түске дейін боялған, ұзындығы 2,5-3 мм, көлденеңі 1,5 мм, 1000 дәннің массасы 2-2,5 грамм, көктеген кезде жусан исі, ащы дәмі болады. Маусым айының аяғынан күзге дейін гүлдейді. Тұқымы жиналғаннан кейін пісіп жетілуді қажет етеді. Алматы облысында кең тараған.
Ісінген бөрітарақ – Гибискус вздутый – Hіbіscus trіonum
Сабағының биіктігі 15-50 см аралығында. Тұқымдары ұсақ, ұзындығы 2,5 мм-ге жуық, түсі қарақоңыр. Бір түп өсімдігі 30-дан астам тұқым береді. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанда негізінен жаздық дақылдар егістерін ластайды. Бұл арамшөп көбінесе суармалы жерлерде кездеседі.
Тауық тары – Просо куриное – Echіnochloa crusgallі
Өсімдік барлық жерлерде таралған, әсіресе Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарында көбірек кездеседі.
Барлық дақылдарды, әсіресе суармалы егіншіліктің отамалы дақылдарын ластайды. Ол әсіресе күріш егістігін қатты ластайды. Тамыры – шашақты. Сабағы тік, биіктігі 20-100 см-ге жетеді. Жапырағы жалпақтау және ұзынша, ұзындығы 20-50, ені 2-5 мм дейін барады.
Тұқымы – жұмыртқа тәріздес, біржағына қарай көтеріңкі, жоғарғы жағы үшкірленген, жылтыраған жасыл дән. 1000 дәннің салмағы – 1,5-2 г. Топырақ әбден қызғанда өсіп шығады. Оптималды өніп шығу температурасы 26-280С. Тұқым өнімділігі 60 мыңға дейін барады, 12-14 см тереңдіктен өніп шығады, топырақта өнімділігін 13 жылға дейін сақтайды.
Мысық құйрық (Итқонақ) – Щетинник сизый – Setarіa glauca
Мысық құйрық барлық жерлерде тараған. Ол егістіктерде, бақта, бақшада, ауыл шаруашылығына пайдаланбайтын жерлерде де өседі. Топырақтың құнарлылығын талап етпейді, құрғақшылыққа төзімді. Кеш пісетін дақылдарды ластайды, көбінесе отамалы дақылдарға зиянды. Тамыры шашақты, топырақта 75-170 см тереңдікке енеді. Сабағы тік, биіктігі 20-100 см.
Жалпақ таспа жапырақты. Гүл шоғыры қалың цилиндр тәрізді. Тұқымы – сопақ жұмыртқа тәріздес, біржақты дөңес қоңыр-сары қабақтанған дәнек. 1000 дәннің салмағы –1-1,5 г.
Топырақтың температурасы 30-35 0С болғанда жаппай өніп шығады. Бір өсімдігі 2300-дәнек береді тіршілікке қабілеті 4 жылдан астам. 12-айға дейін созылатын тұқымның тыныштық сақтау күйінен кейін кем дегенде 12-14 см тереңдіктен өсіп-өніп шығады.
Кәдімгі гүлтәжі (Қызылқұйрық) – Ширица обыкновенная – Amaranhtus Amaranthus retroflexus
Сабағы тік бойлап өсіп, биіктігі 15-120 см-ге дейін жетеді. Бұл өте өсімтал арамшөп. Негізінен тұқыммен көбейеді. Бір түп өсімдік жарты миллионға дейін тұқым береді. Тұқымы өте ұсақ, оның диаметрі 0,9-1,5 мм шамасында, түсі қара, сырты жылтыр. Өте майда болғандықтан, топырақтың 1-2 см тереңдігінен жақсы өніп шығады.
Өнгіштік қабілетін топырақта 5 жылға дейін сақтай алады. Өніп шығу үшін 15-200С температура қажет.
Қызылқұйрық гүлтәжі отамалы дақылдарды, оның ішінде қант қызылшасы мен көкөніс дақылдарын күшті ластайды. Дәнді дақылдар егісінде аңыздық арамшөп болып есептеледі. Бұл арамшөп Қазақстанның суармалы және тәлімі жерлерінде көп кездеседі.
Кәдімгі сасық меңдуана – Дурман обыкновенный – Datum stromonium
Кез-келген жерлерде кездесе береді. Бау-бақшаларды ластайды. Соңғы кезде мал азықтық танаптарда да көп кездеседі.
Сасық меңдуана – ылғал және жылу сүйгіш өсімдік. Қара шірігі мол құнарлы жерлерде көп өседі. Улы өсімдік.
Тамыр жүйесі жуан сабақты, кіндікті болады. Сабақ ұзындығы 50-120 см, жапырақтары кезектесіп өседі. Гүлдері ірі, бас айландыратын сасық иіс болады, түсі ақ. Бір өсімдік 25-45,5 мыңға дейін тұқым береді. Олар 10-12 см тереңдіктен өне алады. Максималды температурасы – 24-280С.
Бақылау сұрақтары:
1. Жаздық арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
2. Жаздық арамшөптер тобының өкілдері
3. Жаздық арамшөптердің ерекшеліктері
4. Жаздық арамшөптер ластайтын дақылдар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.
2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.
3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР №8-9
Тақырыбы: Тыңайтқыштармен танысу
Сабақтың мақсаты – Минералдық тыңайтқыш түрлерімен таныстыру.
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: тыңайтқыш үлгілері және түрлері
Топырақтағы өсімдікке қажетті қоректік заттардың қоры жыл сайын егілетін дақылдың өсіп-жетілуіне, оның өніміне жұмсалудың арқасында белгілі мөлшерде кеміп отырады. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін тыңайтқыш қолдану маңызы агротехникалық шара болып саналады. Тыңайтқыштарды жеке ауыл шаруашылығы дақылына қолдануда олардың басты физикалық, химиялық қасиеттері мен құрамын білу керек. Ал тыңайтқыштардың құрамын оларды талдау арқылы анықтайды.
Негізгі минералдық тыңайтқыштар, олардың құрамы мен негізгі қасиеттері
№
|
Тыңайтқыш
|
Химиялық құрамы
|
Қоректік элемент мөлшері
|
Сыртқы түрі
|
Суға
ергіштігі
|
|
|
Азотты тыңайтқыштар
|
|
1
|
Аммоний селитрасы
|
NН4Оз
|
32-35
|
ақ түсті кристалл немесе түйіршік
|
толық ериді
|
2
|
Мочевина
|
СО(NН)
|
46
|
ақ түсті түйіршік
|
толық ериді
|
3
|
Аммоний сульфаты
|
(NН4)2504
|
20-21
|
ақ сұр көкшіл түсті кристалл
|
толық ериді
|
|
Хлорлы аммоний
|
NН4СL
|
24-25
|
ақ түсті кристалл
|
толық ериді
|
5
|
Натрий селитрасы
|
NaN0
|
15-16
|
ақшыл түсті кристалл
|
толық ериді
|
6
|
Сұйық аммиак
|
NН3
|
82,3
|
түссіз сұйық
|
толық ериді
|
7
|
Аммиак суы
|
NНз+Н20
|
16-20
|
түссіз сұйық
|
толық ериді
|
Фосфор тыңайтқыштары
|
8
|
Жай суперфосфат
|
Са(Н2Р04)2 Н20+Н3Р04 Са304
|
14-21
|
ашық түсті түйіршік
|
жақсы
|
9
|
Қос суперфосфат
|
Са(Н2Р04)2 Н20+Н3Р04
|
40-50
|
ашық сұр түсті түйіршік
|
жақсы
|
10
|
Преципитат
|
СаНР04 2Н20
|
27-46
|
ақ түсті ұнтақ
|
нашар
|
11
|
Фосфорит ұны
|
Са3(Р04)2 СаҒ2
|
16-35
|
қоңыр сұр түсті ұнтақ
|
ерімейді
|
Калий тыңайтқыштары
|
12
|
Хлорлы калий
|
KCL
|
55-60
|
ақ немесе
қызғылт түсті
кристалл
|
жаксы
|
13
|
Калий сульфаты
|
К2504
|
45-52
|
ақшыл-сұр ұнтақ
|
жақсы
|
14
|
Аралас калий тұзы
|
2КСL
NaCl
|
40
|
ақшыл- қызғылт кристалл
|
жақсы
|
Құрама тыңайтқыштар
|
15
|
Аммофос
|
NН4Н2Р04+ (NН4)2НР04
|
N-11-14 1 Р205-45-55
|
ашық сұр түсті түйіршік
|
тұнба
|
16
|
Диаммофос
|
(NН4)2НР04+ КН4Н2Р04
|
N-16-18
Р205-46-48
|
ашық сұр
түсті түйіршік
|
тұнба түзе ериді
|
17
|
Калий селитрасы
|
КN03
|
N-13 К20-46
|
ақ түсті кристалл
|
жақсы
|
18
|
Нитроаммофос
|
NH4N03+ NН4Н2Р04
|
N-21-25 Р2О5-20-25
|
ақшыл сұр
түсті түйіршік
|
жақсы
|
19
|
Нитроаммофоска
|
NH4N03+ NН4Н2Р04+ КN03+NН4Cl+ KCl+Ca(NO3)2
|
N-17
Р2О5-17
К20-17
|
қызғылт сұр түсті түйіршік
|
жақсы
|
Микротыңайтқыштар
|
20
|
Бор қышқылы
|
H3BO3
|
B-17
|
ақ ұнтақ
|
жақсы
|
21
|
Молибден суперфосфат
|
Ca(H2PO4)2H2O+
CaSO4+H3PO4+
молибден қосылысы
|
Р2О5-20
Мо-0.1
|
ақшыл сұр
түсті түйіршік
|
жақсы
|
22
|
Маргенец сульфаты
|
MnSO4
|
23
|
ақ немесе ақшыл сұр түсті түйіршік
|
жақсы
|
23
|
Мырыш сульфаты
|
ZnSO4
|
22
|
майда кристалды ақшыл ұнтақ
|
жақсы
|
24
|
Мыс сульфаты
|
CuSO4
|
25
|
майда кристалды ақшыл ұнтақ
|
жақсы
|
Бақылау сұрақтары:
1. Тыңайтқыштар дегеніміз не.
2. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды атаңыз.
3. Азотты тыңайтқыштарды көрсетіңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.
2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.
3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР №10-11
Достарыңызбен бөлісу: |