Бақылау сұрақтары:
1. Инновациялық технология дегеніміз не?
2. Инновациялық технологияларында қандай ресурстар үнемделеді?
3. Ресурсүнемдейтін технологиялардың қазіргі жағдайы, оның түрлері?
4. Тікелей – жалдап себу технологиясы, ерекшеліктері?
5. Қандай факторлардың әсерінен өнімділік жоғарылайды, топырақ құнарлылығы сақталады?
Әдебиеттер:
1. Карабаев М., Уолл П., Браун Х., Моргунов А. Основные направления деятельности СИММИТа в области ресурсосберегающих технологии в Казахстане // Ноу-Тил и плодосмен – основа аграрной политики поддержки ресурсосберегающего земледелия для идентификации устойчивого производ-ства: матер.межд.конф. – Астана-Шортанды, 2009
2. Кененбаев С.Б. Ресурсосберегающие технологии возделывания сельскохозяйственных культур на богарных и орошаемых землях юга и юго-востока Казахстана // Научные основы производства конкурентоспособной продукции сельского хозяйства: тез.докл.межд.науч.-прак.конф.-Усть-Каме-ногорск, 2005
3. Оспанбаев Ж.О., Карабаев М.К. Перспективы нулевой технологии возделывания культур на юге и юго-востоке Казахстана // Ноу-Тил и плодосмен – основа аграрной политики поддержки ресурсосберегающего земледелия для интенсификации устойчивого производства: матер.межд. конф. – Астана-Шортанды, 2009
4. Двуреченский В.И. Влаго-ресурсосберегающая технология производ-ства зерна на Севере Казахстана // Вестник с.-х. науки Казахстана. – Алматы: Бастау, 2003.-№5
Дәріс №11
Тақырыбы: Суарамлы жерлерде топырақ өңдеу жүйесі
Дәрістің мақсаты: Суармалы жерлерде ауыспалы егіс құру, топырақ өңдеу ерекшеліктерімен орындалатын шаралармен таныстыру, қатараралық өңдеуде орындалатын жұмыстар.
Түйінді сөздер: ауыспалы егіс, негізгі өңдеу, сүдігер, қыртыс, қыртысаударма.
Дәріс жоспары:
1. Суармалы жерлерде ауыспалы егіс құру ерекшеліктері
2. Топырақты негізгі өңдеу, орындалатын шаралар
3. Көктемде егін егер алдында және егін егілгеннен соң өңдеулер.
1. Ауыспалы егіс дегеніміз территория және уақыт бойынша ауыл-шаруашылық дақылдары мен таза пардың ғылыми негізде алмасуын айтамыз.
Ауыспалы егіс – топырақ құнарлылығын әрдайым арттырып отыруға және екі-үш өнім алуға бағытталу керек.
Ауыспалы егіс құру, дақылдар құрылымы, суарылатын судың мөлшеріне, көбею мезгіліне байланысты болады. Суармалы жерлердегі шаруашылықтар әртүрлі бағытта мамандандырылады.
Астықты және мал шаруашылылықты, астықты дақылдар 60-70%, малазықтық -25-30%,
Көкөністі шаруашылығы 60-70%
Көкөністі – сүт шаруашылығы 25-30% көкөністер, 50-60% малазықтық (үлкен қалалар, курорттарға жақын орналасады)
Егер сумен жақсы қамтамасыз етілген блса – онда көкөөніс, мақта, күріш, жүгері, қант қызылша, жоңышқа сияқты суды көп керек ететін дақылдарды егуге болады. Сумен төмен қамтамасыз етілетін жылдарда суды көп керек ететін дақылдарды 50-60% суарылатын жерлерге егіп, ал қалған жерлерге күздік қанықтыра суару ылғалымен, ерте көктемдегі жаңбыр суларымен қанағат тұтатын дақылдарды егеміз (күздік және ерте пісетін бұршақты дақылдар).
Барлық суармалы жерлердегі ауыспалы егісте аралық дақылдар енгізу қажет. Аралық дақылдар дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
2. Суармалы жерлерде топырақ өңдеу жүйесі ауыспалы егістің құрылымына байланысты болады.
Суармалы жерлерде топырақ өңдеу мынадай шаралардан тұрады:
- жерді тегістеу, сыдыра өңдеу, сүдігер жырту, егін егер алдындағы өңдеулер, егін егілген соң қатараралық өңдеу және аралық дақылдарды егуге топырақты дайындау.
Негізгі өңдеу – топырақ құрғап кеткен жағдайда аз нормамен суару;
- арамшөптермен күресу үшін – 6-8 см тереңдікке сыдыра өңдеу;
- сүдігер жырту, тырмалау – қара топырақтарда – 30-35 см, қара қоңыр – 30, сары-сұр топырақтарда – 25 см.
Көпжылдық шөптерден кейін – бірінші жылы - қыртысы – 18-20 см, екінші жылы – қыртыс аударымы – 24-26 см, үшінші жылы – 30-32 см.
3. Егін еккенге дейін – тырмалау, культивация, егер топырақ тығыз болса – чизелдеу;
Егін еккеннен кейін – топырақты нығыздау, тырмалау, қатараралық өңдеу.
Қатараралық өңдеу мақсаттары:
- тыңайтқыш беру;
- топырақты қопсыту;
- арамшөптерді жою;
- қарық тарту.
Бақылау сұрақтары:
1. Мелиорацияланған жерлерде топырақ өңдеу ерекшеліктері
2. Негізгі өңдеу, жүргізілетін жұмыстар
3. Егін егер алдында өңдеу
4. Қатараралық өңдеу, мақсаттары
Әдебиеттер:
1. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.
2. Жаңабаев Қ.Ш., Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технология-сы, Алматы, 1994 ж.
3. Сүлейменова Н.Ш., Әуезов Ә.Ә., Егіншілік практикумы, Алматы, 2005
Дәріс №12
Тақырыбы: Арамшөптер және олармен күресу жолдары
Дәрістің мақсаты: Арамшөптердің келтіретін зияндары, жүктелуі және күресу жолдарымен таныстыру.
Түйінді сөздер: ластаушылар, мамандандырылған, өсімталдық, паразитті.
Дәріс жоспары:
1. Арамшөптер жөнінде түсінік, олардың келтіретін зияндары
2. Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу, суармалы жерлерде көп кездесетін түрлері
3. Арамшөптермен күресу жолдары
1. Арамшөп дегеніміз – өз бетімен, ауыл шаруашылығында пайдаланы-латын жерлерде өніп-өсіп, дақылдардың мөлшері мен сапасын төмендететін жабайы өсімдіктер.
Ластауыштар (арамшөптер қоспасы) – осы танапта өсірілмейтін, бірақ ондағы негізгі дақылдың егісінде кездесетін басқа мәдени өсімдіктер. Мысалы: күздік бидай өсірілген танапта сұлы, арпа, жаздық бидай т.б. кездеседі – осылар ластауыштар болып есептелінеді.
Мамандандырылған арамшөптер – белгілі бір дақылдардың егісінде өсетін арамшөптер. Олардың биологиялық (өнуі, өсуі, пісу мерзімі) ерекшеліктері ұқсас болады. Мысалы – тауық тары – көбінесе күріш дақылының танабында өседі.
Арамшөптер табиғаттың, климаттың қолайсыз жағдайларына өте төзімді болып келеді.
Арамшөптердің зияндылығы:
- мәдени дақылдараға көлеңке түсіріп, фотосинтезді нашарлатады;
- ылғал мен қоректік заттарды көп пайдаланады;
- әртүрлі аурулар мен зиянкестер орталығы, қыстайтын орны болады;
- жерді өңдеуде, өнім жинауда қиындықтар туғызады.
Осындай зияндықтардың арқасында арамшөптер жаздық бидайдың өнімділігін - 32%, картоптың - 44%, тарының - 84%, жүгерінің өнімділіктерін - 90% дейін төмендетеді.
Биологиялық ерекшеліктері:
- тұқымдық өсімталдығы – бір өсімдік 10-100 мың тұқым береді;
- өніп-өсу қабілетін көп жылдарға сақтайды – 5-10 жылда соң да өніп-өсуі мүмкін.
2. Қазақстанның егіншілік аймақтарында 300-ден астам арамшөп түрлері кездеседі.
Биологиялық белгілері бойынша арамшөптер үш топқа бөлінеді:
1. Қоректену тәсіліне байланысты: паразитті, жартылай паразитті және паразитті емес;
2. Өсіп-даму мерзімінің ұзақтығына байланысты: азжылдық және көпжылдық арамшөптер;
3. Көбею ерекшеліктеріне байланысты және тамыр жүйелеріне қарай: кіндік тамырлы, шашақ тамырлы, түйнекті, жатаған өрмелеуші, көген тамыр сабақтылар, атпа тамырлылар.
Паразитті арамшөптер – арнайы сорғыштары арқылы басқа өсімдікке жабысып, оның дайын заттарымен қоректенеді. Олардың фотосинтез үрдісі жүретін аппараты болмайды (сары шырмауық, сұңғыла). Жартылай паразитті арамшөптерде фотосинтез де жүреді, қосымша өсімдіктен су және қоректік заттар ала алады (қандауыршын, үлкен сылдырмақ).
Паразитті емес арамшөптер екі топқа бөлінеді: азжылдықтар – тек тұқымымен көбейетін, тіршілік кезеңі екі жылдан аспайтын, тұқым бергеннен кейін қурап қалатын арамшөптер.
Көпжылдықтар – тіршілік кезеңі екі жылдан артық, бірнеше рет тұқым беруге қабілеті бар, тұқыммен және вегетативтік мүшелерімен көбейе алатын арамшөптер. Көпжылдық арамшөптердің жер бетіндегі сабақтары жылда қурап қалады да, тамырлары өсімталдығын сақтайды, келесі жылы сол тамырлардан жаңа сабақтар өсіп шығады.
Көпжылдық арамшөптердің түрлері: тамырсабақты, атпатамырлы, кіндіктамырлы, түйнек және т.б.
Бұл арамшөптердің түрлерімен сіздер практикалық (тәжірибелік) сабақта танысасыздар.
3. Арамшөптермен күресу жолдары
Арамшөптермен күресу жолдарын екі топқа бөлуге болады: агротехникалық және химиялық. Жоғары дәрежеде, ғылыми негізделген агротехникалық шаралар, арамшөптермен күресу мен қатар басқа да агротехникалық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді. Мысалы: дақылды қатараралық өңдеу. Осы агротехникалық шараның арқасына 4-5 шара бірдей орындалады.
Агротехникалық шараларды үш топқа бөлуге болады:
- алдын ала арамшөптердің пайда болуын ескерту: арамшөптердің тұқымының, жер асты сабақтарының танапқа түспеуі (келмеуі). Желмен, сумен, егетін тұқыммен, шірімеген көңмен т.б.
- топырақ құрамында қалып қойған арамшөптердің тұқымдарын, тамыр сабақтарын жою;
- өсіп тұрған арамшөптерді жою.
Топырақ құрамындағы арамшөптер тұқымдарын жою жолдары:
- пар өңдеу;
- тамыр сабақтарын жинап құрғату, өртеу;
- механикалық өңдеу арқылы жер бетіндегі өскіндерді қырқып, тұқымның, тамыр сабақтың өскінділігін жою;
- тұншықтыру, ерте күз айларында топырақты дискілеп топырақтың жоғарғы қабатын қопсытып арамшөптердің тұқымының, тамыр сабағының өнуіне жағдай жасаймыз. Жер бетіне өскін пайда болғанда (10-12 күннен соң) топырақты терең жыртып тұқымды, тамыр сабақты терең топырақ қабатына түсіреміз. Осындай жағдайда ол арамшөп тұқымынан, тамыр сабағынан қайтадан өскін шықпайды.
Арамшөптермен күресу үшін, арамшөптермен танаптардың ластану картасын жасау керек. Содан соң, арамшөптер түрлеріне қарап күресу шараларын ұйымдастыру қажет. Арамшөптермен биологиялық жол арқылы күресуге болады (ауыспалы егіс, себу және жинау мерзімдері).
Арамшөптермен химиялық әдістермен күресу. Гербицидтер – түсінік, гербицидтерді жіктеу: жаппай, талғамды және жанаспалы, жүйелі гербицидтер
Бақылау сұрақтары:
1. Арамшөптер жөнінде түсінік, келтіретін зияндары
2. Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу
3. Суармалы жерлерде көп кездесетін арамшөптер
4. Арамшөптермен агротехникалық әдіс арқылы күресу
5. Арамшөптермен химиялық әдістер арқылы күресу
Әдебиеттер:
1. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.
2. Жаңабаев Қ.Ш., Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технология-сы, Алматы, 1994 ж.
3. Сүлейменова Н.Ш., Әуезов Ә.Ә., Егіншілік практикумы, Алматы, 2005
Дәріс №13
Тақырыбы: Суармалы жерлердің сортаңдануымен күрес
Дәрістің мақсаты: топырақ сортаңдануының себептері және табиғатқа келтіретін зияндарымен таныстыру. Бірінші және екінші сортаңдану, себептері. Сортаң топырақ түрлері, олардың ерекшеліктері. Сортаңданумен агротехникалық шаралар қолдану арқылы күрес, дренаж және оның түрлері, сор шаю, оның технологиясы. Фитомелиорация арқылы топырақ құнарлылығын арттыру.
Түйінді сөздер: сортаңдану, дренаж (кәріз), соршаю, ғаныштау, фитомелиорация.
Дәріс жоспары:
1. Топырақ сортаңдануының себептері, келтіретін зияндылығы
2. Суармалы жерлерді дренаждау
3. Сортаңданған топырақты шаю
4. Топырақ сортаңдануымен химиялық жолмен күресу
5. Фитомелиорация
1. Топырақ сортаңдануы деп, топырақтың ең белсенді тамырлар орналасатын қабатына суда еритін және өсімдіктерге зиянды тұздар жиналуын айтады.
Сортаңданған жерлерде егін түсімі 1,5-3 есеге дейін төмендейді, ал сортаңдану шамадан тыс болса, көптеген дақылдар мүлдем өспейді. Оларды жақсарту үшін ең алдымен сортаңдану себептерін және олардың түрлерін біліп алу керек.
Қазіргі уақытта жер жүзінде 950 млн.гектар жер сортаңданған, ал Қазақстан суармалы жерлерінің 48,1%-сортаңданбаған, 28,7% - аздап, 16,4% - орта, 6,8% - күшті сортаңданған деп бөледі.
1-кесте. Қазақстанда, облыстарда сортаңданған жерлердің аумағы
Облыстар
|
Сортаңданған топырақтар, мың.га
|
барлығы
|
нашар
|
орташа
|
күшті
|
өте күшті
|
Ақмола
|
2302,2
|
548,3
|
1288,5
|
393,3
|
72,1
|
Актөбе
|
5203,7
|
569,4
|
110,0
|
4470,0
|
54,3
|
Алматы
|
2700,2
|
829,7
|
542,0
|
987,9
|
340,9
|
Атырау
|
4282,5
|
699,4
|
492,1
|
2786,5
|
304,5
|
Шығыс Қазақстан
|
1801,3
|
337,4
|
194,9
|
1118,5
|
150,2
|
Жамбыл
|
1434,0
|
713,7
|
359,9
|
262,9
|
67,8
|
Батыс Қазақстан
|
5271,3
|
761,0
|
205,5
|
4191,5
|
113,3
|
Қарағанды
|
4459,7
|
896,3
|
1191,6
|
2165,8
|
206,0
|
Қызылорда
|
4905,0
|
1332,2
|
732,3
|
2517,8
|
323,0
|
Қостанай
|
9348,5
|
1316,3
|
2568,3
|
3946,4
|
90,7
|
Маңғыстау
|
7783,3
|
3647,9
|
2299,3
|
1755,3
|
81,2
|
Павлодар
|
5066,4
|
2553,3
|
233,9
|
1898,4
|
380,8
|
Солтүс. Қазақстан
|
1857,3
|
235,5
|
571,3
|
937,0
|
113,5
|
Оңтүстік Қазақстан
|
2169,5
|
588,9
|
773,9
|
448,3
|
358,4
|
Барлығы:
|
58584,9
|
15029,3
|
11563,5
|
27879,6
|
2656,7
|
Сортаңдану себептері. Топырақтың сортаңдануы екі түрлі жолмен жүреді. Біріншісі – табиғи жолмен, яғни құрамында әртүрлі тұздары мол тау жыныстарының ыдырауы нәтижесінде немесе желмен басқа жақтан ауып келу нәтижесінде болады. Мұны табиғи сортаңдану деп атайды. Екіншісі – тұздылығы өте жоғары (>3 г/л) топырақ асты (ыза) суларының жер бетіне жақын (<3 м) орналасып, топырақтың белсенді қабатын қанықтыруы нәтижесінде жүреді. Мұны екінші (қайта) сортаңдану деп атайды. Осы үрдісті, топырақ асты (ыза) сулары жақын орналасқан танаптарды көлдетіп, белгіленген нормадан артық сумен суару жеделдетеді. Суару барысында тамыр орналасқан қабат арқылы келіп қосылған, судың әрбір мм-не ыза суы деңгейі 3-4 мм-ге көтерілуі сәйкес келеді.
Топырақ сортаңдануы тұздылығы жоғары ыза суы деңгейінің белгілі бір шамаға келтірілген кезінде басталады. Мұндай деңгейді ыза суының қауіпті немесе сортаңдану туғызатын деңгейі деп атайды. Ол топырақтың механикалық және агрегаттық құрамына, ауа-райына, агротехникаға және суару тәсілі мен режиміне байланысты болады.
Орташа механикалық құрамда топырақ сортаңдануы ыза суы деңгейі 3 метрге жеткенде-ақ байқала бастайды.
Топырақ сортаңдануының зияны. Суармалы танап топырағында болатын судың тұздылығы сол судың бір литріне шаққанда 5 грамнан артпағаны жөн. Тұздың концентрациясы (мөлшері) осы шамадан асқан сайын, өсімдіктердің өсуі күрт нашарлай бастайды. Оның шамасы 10-12 г/л-ге жеткенде өсімдік өте қатты күйзеліске ұшырайды, ал 20-25 г/л болғанда, көптеген өсімдіктер солып (өліп) қалады. Тұз мөлшері құрғақ топырақ массасының 0,3-0,5%-іне жетісімен, өсімдікке зиянды болып, олардың түсімін кемітеді, ал 1%-тен асса, ол топырақ сортаңданған болып есептелінеді.
Кейбір тұздар құрамындағы Na, Cl және Mg элементтерінің топырақтағы мөлшері аз болған жағдайы өзінде, өсімдік клеткасына сумен бірге еніп, ондағы физиологиялық үрдістерді, яғни өсу және түсім пайда болуын күрт нашарлатады. Кейбір тұздар, мысалы, натрий топырақ құрылымын нашарлатып, оның өсімдікке зиянды деңгейге дейін тығыздалуына себеп болады.
Сонымен қатар топырақ құрамындағы қарашіріктің ыдырауына әкеліп соғады. Мұндай топырақтардың ауа және су өткізгіштіктері төмендеп, өсімдік тамырлары су сору мүмкіндігін нашарлатады, яғни сортаң топырақтардан өсімдік су тартып ала алмайды.
Сортаң топырақтарда кездесетін тұздар өсімдіктерге келтіретін зияндылығы бойынша төмендегідей ретпен орналастырылады: Na2 CO3, NaHCO3, МgСО3, Mg(HCO3)2, NaCl, Ng Cl2 Na2SO4
2. Жоғарыда суармалы жерлердің сортаңдануы негізінен тұздылығы жоғары ыза суы деңгейінің жер бетіне дейін немесе оған өте жақын (1-1,5 м) көтерілуі нәтижесінде болатынын айттық. Егер тұздылығы жоғары ыза суы табиғи жолмен, агротехникалық шаралармен төмендемесе, қосымша қаражат жұмсап кәріздеу (дренаждау), сор шаю, химиялық әдістер арқылы күресуге тура келеді.
Кәріз (дренаж) деп, жоғары көтерілген ыза суын төмендетіп, танап сыртына ағызып шығаруға арналған жүйені айтады. Оның құрамына дрен, коллектор және басқа қажетті гидроқұрылыстар мен қондырғылар кіреді. Кәріздің негізгі қызметі ыза суы деңгейін түсіру, ал көптеген кәріздерден шыққан суды жинақтап, белгілі орынға құятын терең арықты коллектор деп атайды. Кәріздер көлденең (танапта әрбір 150-500 м аралықта тартылады) және тік (терең құдық тәріздес) болатындықтан кәріз жүйелері көлденең және тік болып екіге бөлінеді.
Көлденең кәріз. Бұл кәріздің ашық және жабық деп аталатын екі түрі болады.
Ашық кәріз еңістігі аз, топырағының су сіңіргіштігі төмен болып келетін танаптарда қолданылады.
Ашық кәріз тереңдігі 1,5-2,5 м шамасында. Оларды еңістігі 0,001-0,003 шамасында болатын бағытта, араларына 200-500 м салып тартады (2-кесте).
2-кесте. Көршілес кәріздердің ара қашықтықтары
Топырақ
|
Ара қашықтықтары, м
|
Жеңіл
|
400-500
|
Орташа
|
250-350
|
Ауыр
|
150-250
|
Тік кәріз. Кәріздің бұл түрі топырақ астында су өткізгіштігі жоғары болып келетін құмдауыт және тастардан тұратын қалың қабаты бар жерлерде қолданылады.
Тік кәріз тік құдықтан, коллектордан және басқа қажетті құралдар мен гидроқұрылыстардан тұрады.
Тік кәріз – терең құдық тәріздес болады. Мұндай құдықтар диаметрі 30-70 см, ал тереңдігі 20-150 м. Құдық қабырғасы су өткізетін тесіктері бар құбырлармен қапталады. Топырақтан сорғыған су сол тесіктер арқылы скважина түбіне жиналады. Жиналған суды насос көмегімен сыртқа шығарып, коллекторлар арқылы арнайы су қоймасына жібереді. Осылайша ыза суы деңгейі төмендейді.
Ыза суы деңгейін төмендету мақсатында скважиналар негізгі еңістік бағытында әрбір 1,5-3 км сайын бұрғыланады, ал негізгі еңістікке көлденең бағыттағы арасы 0,5-1,5 км болуы шарт.
Бір скважина қамтитын танап ауданы 100-400 га шамасында. Әрбір скважинадағы аспалы насостың су шығыны 20-дан 40 л/с-ке дейін жетеді.
Тік дренаждар негізінен Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанда (Мақтарал өңірі) қолданылады.
3. Қатты сортаңданған суармалы жерлерде топырақтың тамыр бойлаған қабатынан артық тұзды кетіру үшін сумен шаяды. Шайған кезде су топырақ қабатынан өтіп, тұздарды ерітеді де, оларды ыза суына өткізіп жібереді.
Бір метрлік қабатында 0,02-0,03% хлоры бар топырақтар шайылады. Ауыл шаруашылығы дақылдары себілетін топырақтың хлор иондары массасы 0,01 проценттен аспауы тиіс.
Топырақ ыза суы тереңде жатқанда, суармалы аумақтан табиғи ағып кетуі өте жақсы болған кезде дренажсыз шайылады. Ал табиғи түрде ағып кете алмайтын, жер бетінен 2-3 метрден бері жатқан минералды ыза суын шаю үшін дренаж қажет.
Топырақ әдетте, ыза суы тереңдеген кезде, яғни күз айларында шайылады. Оны шаяр алданда егістік тегістеліп, жыртылып, тырмалануы тиіс. Сонда жіберілген су біркелкі жақсы сіңеді. Сор шаю үшін егістік көлемі 0,25 гектарлық атыздарға бөлінеді. Топырақ әдетте екі кезеңмен шайылады.ß
Алғашқы кезеңде тамыр жататын қабат бір рет аз мөлшермен суарылып, топырақтағы тұздар ерітіндіге айналдырылады. Осы алғашқы кезеңнен 4-5 күннен соң егістік екінші рет шайылады. Сөйтіп топырақтағы тұздар одан әрі ериді де, шайылған топырақтан ыза суына өтеді. Содан соң ыза суына араласып, дренажды жүйеге түседі де, суармалы аумақтан тыс жерлерге жеткізіледі. Топырақты жазғұтұрым шаюдың қажеті жоқ. Өйткені ыза суы көтеріліп кетуі мүмкін. Ал күн жылып кетсе, булану күшейіп, тұз еруі нашарлайды. Шайып болған соң топырақ кепкен бойда дереу тырмалау керек. Сонда егістік аз буланады.
Жеңіл топырақты бір рет шаю нормасы 1500-1800 м3/га, орташа топырақтікі – 1900-2000, ал ауыр топырақтікі 2000-2500 м3/га. Жалпы шаю нормасын А.Н.Костяковтың мына формуласымен анықтауға болады:
Мшаю = 100·α·Н·[(βесс – β0) + ], м3/га
мұнда: Н- шайылатын топырақ қабаты тереңдігі; - топырақ көлемдік массы, г/см3; ßесс – топырақтың еркін су сыйымдылығы, массасы бойынша, %; ß0 - топырақтың шаяр алдындағы ылғалдылығы, массасы бойынша, %; S1 – шайғанга дейінгі тұз құрамы, массасы бойынша, %; S2 – шайғаннан соң қолайлы тұз құрамы, массасы бойынша, %; К – судан тұздың ығысу не шайылу коэффициенті. Ол топырақтың физикалық қасиетіне, ыза суы тереңдігіне тұз мөлшері мен сипатына тікелей байланысты келеді.
4. Топырақтың коллоидты бөлігіне натрий сіңген сортаң топырақты жерлер химиялық мелиорацияны қажет етеді. Сонда натрийді ығыстырып, оны кальциймен алмастырады. Ол үшін топыраққа ғаныш (гипс) енгізу керек. Сортаң топырақты жерлерді ғаныштау топырақта натрий мөлшері жалпы сіңірілген көлемінің 10 процентінен асса ғана жүргізіледі. Топырақты ғаныштағанда суда жақсы еритін және топырақты келесі шайғанда тез еріп кететін қышқылды натрий (Na2SO4) құралады. Натрийді кальциймен ығыстырып шығару реакциясын топырақты суға әбден шылқытып қойып жүргізген дұрыс.
Топырақ топырақ]Са++ + Na2SO4
Ғаныш енгізу үлесі, яғни мөлшері сіңген натрий құрамы бойынша анықталады. Олар іс жүзінде гектарына 3 тоннадан 14-20 тоннаға дейін өзгереді. Ғаныштың көп нормасын, яғни гектарына 15-20 тонна енгізгенде оны 000бөліп-бөліп, 2-3 жыл бойы енгізу керек.
Сортаң топырақты химияландыру мен шаю жұмыстарынан соң топырақтың физикалық қасиетін жақсарту және мәденилендіру мақсатымен терең етіп жыртады, органикалық тыңайтқыш енгізіліп, тамыр жүйесі қуатты дақылдар егіледі.
Сортаңданумен күрес көп жылға созылады. Сондықтан да оны жыл сайын жүргізіп отырған жөн. Егер ыза суы жай көтерілсе, топырақ сортаң тартады, ал тез көтерілсе, жер сортаң тартудан гөрі жылдамырақ батпақтанады.
Суландыру жүйесімен суландырылатын суармалы алқаптарда және кейбір шаруашылықтарда ыза суы жатқан тереңдікті үнемі бақылап отыру қажет. Сол бақылау негізінде ыза суының өзгеру динамикасы анықталады.
Ыза суының жатқан тереңдігін вегетациялық кезеңде 5 тәуліктен, ал вегетациялық емес кезеңде 10 тәуліктен кейін бақылап тұру керек.
3>
Достарыңызбен бөлісу: |