Жұмыс бойынша қорытынды.
Бақылау сұрақтары:
1. Топырақ ылғалдылығын анықтау тәсілдері
2. Еркін су сиымдылығы дегеніміз не?
3. Топырақтың жалпы ылғалдылық қоры
4. Өсімдік пайдалана алатын ылғалдылық қоры
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.
2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.
3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №2
Тақырыбы: Топырақтың еркін су сиымдылығын су құйылған алаң тәсілмен анықтау
Жұмыстың мақсаты: студенттерге топырақтың далалық ылғал сиымдылығы және оның түрлері туралы түсініктер беру.
Жұмыстың міндеті: студенттерге топырақтың ылғал сиымдылығын арттыру тәсілдерін үйрету.
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар
1. Жабдықтар: Топырақ бұрғысы, бюкстер, таразы, кептіргіш шкаф
2. Үлгілер: топырақтың әртүрлі типтері
Жұмысты орындау әдістемесі
Топырақтың еркін су сиымдылығы дегеніміз – топырақты толық суарғаннан соң гравитациялық су еркін ағып кеткеннен кейінгі топырақта сақталынатын ылғал мөлшері.
Топырақтың еркін су сиымдылығы – топырақтың су сақтайтын қабілетін санмен сипаттайтын шама. Ылғалды сақтау жағдайларына қарай жалпы, дала, шекті дала, төменгі капиллярлық, максимум молекулалық, адсорбациялық максимум ылғал сиымдылықтарын ажыратады. Бұлардың ішіндегі негізгілері – төменгі капиллярлық және толық сиымдылық.
Жұмысты орындау барысы
Даладан аумағы 1 м2 немесе радусы 1-1,5 м дөңгелек алаңды таңдап алып, оның сыртқы жағынан биіктігі 35-40 см топырақ үйіндісімен қоршап және тығыздап, алаңға су құяды. Сумен бірге топырақтың құрылымы шайылып кетпеу үшін алаңның біраз бөлігін сабан не шөппен жауып қояды.
Алаңға құйылатын судың мөлшерін былай есептеп шығаруға болады. Егер топырақ бағанасының мөлшерін R = 1 м, Н = 1,5 м деп алсақ, онда V = R2 х Н = 4,71 м3 болады. Орта есеппен алғандағы қабаттың жалпы қуыстылығы барлық көлемнің 45% болғанда, ол 2,11 м3 болады. Егер топырақтың бастапқы орташа көлемдік ылғалдылығы 15% болса, онда қуыстардың 0,70 м3 жуығында су болады, яғни топыраққа 1,14 м3-ге жуық су құю керек.
Топырақтың дымқылдығын уақытша сақтау үшін және алаңнан ағып кететін судың есесін қайтару үшін құйылатын судың мөлшерін 1,5 еседей көбейту керек. Топырақ әбден суға қаныққанына көзіміз жеткен соң, су топырақтың беткі қабатынан буланып ұшып кетпеуі үшін, судың төмен қарай гравитациялық ағуы тоқталғаннан кейін алаңды клеенкамен немесе қара қағазбен, немесе қалыңдығын жарты метр қылып сабанмен жауып қояды. Құмдарда және құмдақ топырақтарда судың фильтрациясы 1 тәуліктен, саздықтарда 2-3 тәулік, ал саз балшықтарда 3-4 тәуліктен кейін тоқталады.
1-кесте Топырақтың ылғалдылығын анықтау
Топырақ-тың аты
|
Топырақ үлгісі, алынған жер
|
Топырақ үлгісінің алынған тереңдігі,
см
|
Бюкстің нөмірі
|
Қайта-лау
|
Бос бюкстің салмағы, г
|
Бюкспен ондағы ылғал топырақтың салмағы,г
(а)
|
Бюкспен ондағы топырақтың кептірілгеннен кейінгі салмағы, г
(в)
|
Буланып ұшып кеткен судың салмағы, г
(d)
|
Абсолюттік құрғақ топырақ салмағы, г,
(с)
|
Абсолюттік құрғақ топырақтың салмағына байланысты ылғалдылық, %
(Р)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Топырақтың абсолюттік ылғалдылығы мына формула бойынша есептеледі: Р =
Аталған мерзім өткеннен кейін дайындалған алаңның ортасынан 1,2 – 1,5 метр тереңдікке, яғни дақылдардың тамыр жүйелерінің жайылуы тереңдігіне дейін 0-10; 10-20 см; 20-30 см қабаттары бойынша бұрғымен үш қайтара топырақ үлгісін алады. Алынған мәліметтерді кестеге жазып, топырақ ылғалдылығын анықтайтын белгілі әдіспен есептер жүргізеді.
Алынған деректердің дұрыстығына көз жеткізу үшін көрсетілген мерзімдердің екі еселенген уақытынан кейін топырақтың ылғалдылығын анықтауды қайталау керек. Егер ылғалдылық барлық қабаттарда орташа 0,5-0,7% кемісе, онда осымен ылғалдылықты анықтауды тоқтату керек.
Егер алаңды су құйып дайындап болғаннан кейін қатты жаңбыр жауса және оның суы топыраққа түгел сіңіп кетсе, онда жауын басталған күнді алаңға су құюдың алғашқы күні деп есептептейді.
Әрі қарай топырақты кептіру арқылы оның ылғалдылығын анықтап, үлгіге жазады.
Жұмыс бойынша қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.
2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.
3.Атақұлов Т.А.,Кененбаев Т.С.Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы,2003 ж.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №3
Тақырыбы: Цилиндрде топырақты сумен қанықтыру тәсілі бойынша оның жыртылған қабатының құрылысын анықтау
Жұмыстың мақсаты – жердің жырту қабатының құрылысын зерттеу
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар
1. Жабдықтар: цилиндр, ағаш балға, күрек, күрекше, дәке, резеңке, миллиметрлік қағаз, ванночка, сүзгіш қағаз, таразы, кептіргіш шкаф
2. Үлгілер: топырақ типтерінің монолиті
Жұмысты орындау әдістемесі
Топырақтың жыртылатын қабатының құрылысын анықтау үшін танаптан цилиндрмен немесе патронмен 0-10, 10-20 см және т.с.с. қабаттардан құрылысы бұзылмаған топырақ үлгісін алады.
Далаға шығар алдыңда, цилиндрлерді нөмірлейді және қақпақпен қоса салмағын анықтайды. Одан соң тілетін бөлігінің диаметрін және цилиндрдің топыраққа дейінгі бататын тереңдігін өлшеп, мынадай формула бойынша топырақ үлгісінің көлемін (V) есептеп шығарады:
мұндағы: π-шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы = 3,14; R-цилиндрдің тілетін бөлігінің радиусы; Н-цилиндрдің топыраққа бататын тереңдігі, см.
Егер топырақ үлгісі бұрғы-цилиндрмен алынатын болса, далада цилиндрдің қақпағын алып, цилиндрді штангамен жалғастырады. Цилиндрді топырақ бетіне тігінен орналастырған соң қолмен басып енгізеді, ал топырақ өте тығыз болса, оны жерге цилиндрдің қабырғасында көрсетілген белгіге дейін ағаш балғамен ұрып кіргізеді.
Далада тегіс алаң таңдалып, өсімдік қалдықтарынан тазартылады. Жеке өлшенген қақпағын алғаннан соң цилиндрді даярлық алаңына төменгі жағымен қояды. Цилиндрді іші толғанша топыраққа енгізеді, бірақ топырақ нығыздалмауы тиіс, одан соң топырақтың бір қабырғасын таңдап, цилиндрдің төменгі жағын жалпақ пышақпен немесе күрекшемен қияды да, оны төңкеріп, артық топырақтан тазартады, сүзгіш қағаз, дәке салып, қақпағын жабады. Топырағы бар цилиндрді зертханада өлшеп, толық қанығуы үшін төменгі жағымен су ваннасына қояды. Бір тәулік өткен соң топырағы бар цилиндрді өлшейді. Одан соң қалақшамен цилиндрдің үш жерінен топырақ алып, алдын ала өлшенген алюминий стаканға салады. Цилиндрде қалған топырақты тастайды. Ылғал топырағы бар стақанды өлшеп, 1050С температурада кептіру үшін 6 сағатқа кептіргіш шкафына қояды. Кептірілгеннен кейін мүлде құрғақ топырақты өлшейді.
Осымен бүкіл өлшеу жұмысы аяқталады, құралдарды жуады, тазартады, құрғатады және есептеу жұмысына кіріседі. Алынған нәтижелер төменгі кестеге жазылады.
Ррет №
|
Көрсеткіштер, өлшемдер
|
Мәлі-меттер
|
Топырақтың аты:
|
Үлгі алынған күн мен жер
|
Н-цилиндрдің биіктігі
|
|
R-цилиндрдің радиусы….см
|
|
Цилиндрдің көлемі (2*Н)…см3
|
|
1.
|
Бос цилиндрдің салмағы …г
|
|
2.
|
Ылғал топырақ салынған цилиндрдің салмағы...г.
|
|
3.
|
Цилиндрдегі ылғал топырақтың салмағы (2п-1п)…г
|
|
4
|
Сумен қанықтырылған топырақ пен цилиндрдің салмағы…г
|
|
5.
|
Сумен қанықтырылған топырақтың салмағы (4п-1п)…г
|
|
Сумен қанықтырылғаннан кейінгі топырақтың ылғалдылығын анықтау
|
А.
|
Бос бюкстің номері мен салмағы …г
|
|
В.
|
Ылғал топырақ үлгісі бар стаканның салмағы …г
|
|
С.
|
Бюкстегі ылғал топырақтың салмағы (В-А)…г
|
|
Д.
|
Кептірілгеннен кейінгі топырақ пен бюкстің салмағы...г.
|
|
Е.
|
Бюкстегі мүлде құрғақ топырақтың салмағы (Д - А)...г.
|
|
6.
|
Цилиндрдегі мүлде құрғақ топырақтың салмағы
(5пхЕ:С) …г
|
|
7.
|
Қаныққанға дейінгі топырақтағы су мөлшері (3п-6п)...г.
|
|
8.
|
Қаныққаннан кейінгі топырақтың далалық ылғалдылығы (7. х 100:6п)….г
|
|
9.
|
Топырақтың таза көлемі (6п : топырақтың меншікті салмағы)…см3
|
|
10.
|
Жалпы қуыстылық (Цилиндрдің көлемі – 9п)… см3
|
|
11.
|
Капиллярлық қуыстылық (5п – 6п)…. см3
|
|
12.
|
Капиллярсыз қуыстылық (10п – 11п)…. см3
|
|
13.
|
Топырақтың тығыздығы (d0)….г/см2
|
|
14.
|
Қаныққаннан кейінгі топырақтың ылғалдылығы
(11п х 100:5п)…%
|
|
15.
|
Топырақтың аэрация дәрежесі (10п – 7п)…%
|
|
16.
|
Топырақтың сумен қанығу дәрежесі (7п х 100:10п)….%
|
|
17.
|
Топырақтың көлемдік салмағы (6п : V)...г/ см3
|
|
18.
|
Топырақтың меншікті салмағы 2,6 г/ см3
|
|
Алынған деректер мына кестеге толтырылады
Агрофон
|
Топырақтың фазалары
|
қатты
|
сұйық
|
газ
|
қайталау
|
қайталау
|
қайталау
|
I
|
II
|
III
|
орташа
|
I
|
II
|
III
|
орташа
|
I
|
II
|
III
|
орташа
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |