Инженерлі технологиялық факультеті



бет20/21
Дата26.01.2020
өлшемі4,92 Mb.
#56523
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз


Қарыққа берілетін су өтімін дұрыс анықтап алу керек. Мысалы: ұзындығы 200 метр қарықты, 600 м3/га суару мөлшерімен суару керек. Қарық ара қашықтығы 0,7 м делік, қарыққа секундына қанша су берілу қажет?

1. Бір қарықпен суарылатын ayдaн – WK=200х0,7=140 м2.

2. Бір қарыққа берілетін жалпы су мөлшері:

W=mwK/1000=600-140/1000=8,4 м3 немесе 8400 литр

3. Осы су көлемі қанша уақытта қарыққа жіберіледі?

Бұл топырақтың су сорғыштығына байланысты. Оны тәжірибе арқылы анықтайды. Біздің мысалда бір метр қарық ұзындығына 0,06 (10,7) = 42 метр, су 2 сағат 20 минутта (8400 сек) сіңеді делік. Сонда 200 метр қарық ұзындығына Qқ=42 -200/8400=1л/с су өтімі беріледі екен. Яғни қарық 2 сағат 20 минутта суару мөлшерін қабылдайды.

Қарыққа су жіберілгеннен кейін, оны бақылап отырған жөн. 10-20 минуттан кейін қарық соңынан лайланып су аға бастайды. Сәл уақыттан соң лай басылып, су тазалана бастаса, онда қарыққа берілген су өтімі дұрыс есептелген. Егер де лай басылмаса, онда топырақтың шайылып жатқандығы. Оны болдырмау үшін қарық басындағы су өтімін азайту керек .

Суару жұмысы тәулік бойы тынымсыз үш кезеңде жүргізіледі Аға сушы сушылардың жұмысын ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол каналдағы суды әр сушыға бөле, сифон түтіктермен құбырларды жалғастырып, әр сушыға тиісті тапсырма береді.

Жабық суармалы жүйелерде суарар алдында суару шлангасын гидранттарға жалғап, резеңке сақинасымен бекітіп, жер бетіне төсейді. Шланганың әр 60 см бойында арнайы ойықтар болады. Сол ойық арқылы су қарыққа барады. Мұндай суармалы жабық жүйелерді қадағалап, жөндеп тұру үшін 3-4 адамнан құралған бригада болады. Суару жұмысы шланганы жуумен аяқталады. Жуу үшін есептен тыс су өтімі беріледі де, шланга соңына дейін жеткізіледі. Гидравликалық соққы болмас үшін су қысымы 1-1,5 м су сынабынан аспауы керек.

Топырақ кепкеннен соң, шланга оралып жиналуы тиіс. Сулы күйінде шланганы жинауға болмайды.

Жаңбырлатқыштарды пайдаланған кезде сумен бірге минералды тыңайтқыштарды да береді. Ол үшін жаңбырлатқыш агрегаттарда арнайы жасалған гидроқондырғы болады. Оған минералды тыңайтқышты қажетті кезінде салып отырады. Қажетті тыңайтқыш мөлшері мына теңдеумен табылады:



Р=У.Q/К.т, л/с;

Бұл жерде:



Р - сумен берілетін тыңайтқыш мөлшері, л/с;

У - тыңайтқыштың агротехника бойынша қажетті мөлшері, кг/га;

Q - жаңбырлатқыштың су өтімі, л/с;

К - ерітіндінің концентрациясы, г/л;

т - суару мөлшері, м3/га;

Суармалы жерлерде көбірек пайдаланылып жүрген жаңбырлатқыштар: "ДДА-100МА"; "ДДН-100"; "Фрегат", "Волжанка".

"ДДА-100МА" агрегатын пайдаланған кезде су сорғыш шлангасының темір торы бекітіліп қалмауы үшін уақытша арықты үнемі шөп-шаламнан тазалап тұру керек. Агрегат жүретін жол тегіс болуы қажет. Бұрылыс жерлерде форманы трактор өсіне бағыттап бұру керек.

"Фрегат" жаңбырлатқышы бір орында тұрып 16,2-72,6 гектар жерді суарады. Бір оператор 3-4 агрегаттың жұмысын қамтамасыз етеді. Бір орыннан екінші орынға оны трактормен сұйреп апарады. Бұл кезде барлық дөңгелектер құбыр өсіне параллель бұрылады да, бірінің ізінен бірі жүріп отырады. Өсімдіктін зақымдануы 1%-дан аспайды.

Жеке қожалық шаруашылығьшда суару машиналарын пайдаланған тиімді болады. Ондай машиналардың "ППА-165"; "ППА-300" т.б. түрлері бар. Бұл машиналар кәдімгі мелиоративтік тканмен жасалған шлангалардан және "Т-28-3" маркалы кішкене трактордан тұрады.

Суару жұмысына аға сушы жауап береді. Әр сушыға резеңке етік, күрек, кетпен, сифон, қалқан, қолғап беріледі.

Шаруашылықтағы суару жұмысын ұйымдастырып басқаратын агроном болады. Бөлімше бастығы және бригадирлермен бірге ол суарудың сапасына, суару мерзімінің сақталуына жауап береді. Суару жұмысының оперативтік графигін жасауға қатысады. Күн сайын аға сушыдан суарылған жерді қабылдайды.

Ал, шаруашылықтағы суару жүйесінің тынымсыз жұмыс істеуін гидротехник қамтамасыз етеді. Ол суды уақытылы әр бригадаға, әр звеноға жоспар бойынша бөліп, оның пайдалануын қадағалап отырады.

Шаруашьшықтағы суды пайдалану жағын аудандық су Басқармасы қадағалап отырады. Әр шаруашылықтарға, жеке қожалықтарға немесе фермерлерге берілетін су мөлшері өлшеніп отырылады. Суармалы жерлерді аралап, кемшіліктерді (ысырапсыз су пайдалануды) болдырмаудың көзін іздейді. Егер ондай кемішліктер шаруашылықтың әсерінен болып жатса, онда су беруді тоқтатып қойып, айып төлем салуға құқығы бар.

Түн уақытындағы суаратын жердің ауданы үлкен және қарықтар ұзын болғаны жөн. Сушылар күндіз, түнде суаратын жерді белгілеп, сифондарды, трубкаларды орнына қойып үлгеруі керек. Түнде қарықтың су өтімін күндізгіге қарағанда 1,5-2 есе азайтады. Түнде бір танапта екі сушыдан жүруі керек.

Суарылған жерді агроном қабылдап алады. Қабылдау барысында оның сапасын төмендегі әдістердің бірімен анықтауға болады:

1. Көзбен қарап бағалау;



2. Агроном тросымен;

3. Топырақтың ылғалдылығын анықтау арқылы.

Көзбен қарап бақылауды күндізгі сағат 1100-де жүргізеді. Жақсы суарылған жер қою қара, аз суарылған жер сәл қоңырланып тұрады.

Егер қоңырланып тұрған жер суарылған ауданның 20%-нан асса, ол жерді қайта суартады.

Агроном тросы пайдаланылған кезде суарылған танапқа өз салмағымен 40 см-ге дейін енуі керек. Одан аз болса – су аз берілгені.

Топырақ ылғалдылығы арқылы анықтау лабораториялық жолмен табылады. Топырақ деңгейінен (әр 20 см тереңдігінен) бюкспен оның үлгісін алады да салмағын өлшейді. Одан сон, бюксті ашық түрде термостат пешіне салып, 8-10 сағат кептіріп, салмағын қайта өлшейді.


Бақылау сұрақтары:

1.Су пайдаланушылардың қандай ұйымдарын білесіз, олардың атқаратын қызметтері қандай

2. Су пайдалану жоспарын қалай құрады, ол не үшін керек

3. Су пайдалану жоспарын құру үшін қандай мәліметтер керек

4. Су пайдалану жоспары қалай жүзеге асырылады

5. Су пайдалану жоспарына қандай өзгерістер енгізуге болады



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны

БАОӨЖ –жоспары.

апта

БАӨЖ-ның тапсырмалары


Бөлінген сағат көлемі

Ұсынылатын әдебиеттер мен өзге де ақпарат көздері

Жұмыстың орындалу мерзімі

БАӨЖ-дің орындалу

түрлері


1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан республикасының жер ресурстары, пайдалану мәселелері

Жерлерді рекультивациялау, оның жолдары

Топырақ құрамындағы су көзі


1

1. Мицуи С. Минеральное питание риса, удобрение и мелиорация орошаемых рисовых

почв.-М.: ИЛ.-І9БО.-130с.

2.Шермағамбетов к., Жайлыбай к.Н. және басқалары. Күріш алқаптарының сортаң топырағын қалпына келтірудің агробиологиялық тәсілі

3. Баймбетов К. Сагимбаев С., Куламбаев к., Жайлыбай к.Н., Таутенов И.А., Нурмаш Н.К Агромелиоративный мониторинг орошаемых земель и перспективы рисосеяния в условиях Приаралья.


4.Горышина Т.К. Экология растений. М., 1979.

Обзор распространения вредных и особо опасных вредных организмов сельскохозяйственных культур в 2010 году и прогноз их появления в 2011 году. Астана 2010г.

5.Пак К.И. Күріш егісінің арам шөбі. Алматы., Қайнар., І9б7 ж.


БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің

2 аптасы


Баяндама,

Реферат



2-3

4

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 3 аптасы

5-6

Топырақтың су-физикалық қасиеттері

Топырақтың су, ауа режимдерін реттеу жолдары

Жаңа суару тәсілдері, оларға сипаттама


1

Баяндама,

Реферат



7

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 4 аптасы




1

8

Жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдастыру

Топырақ эрозияларымен агротехникалық шаралар арқылы күресу жолдары

Мелиорацияланған жерлерді қарқынды пайдалану жолдары


1

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 5 аптасы

Баяндама,

Реферат



9

10

1

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 6 аптасы

11

Мелиорацияланған жерлерде инновациялық технолгиялар пайдалану

Ресурсүнемдейтін технологиялар, оларға сипаттама

Арамшөптермен агротехникалық шаралар арқылы күресу жолдары


1

Баяндама,

Реферат



12

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 7 аптасы

13

1

14

Топырақтың сортаңдануымен агротехникалық шаралар арқылы күресу жолдары

Мелиорацияланған жерлерде ауыспалы егіс құру ерекшеліктері

Суармалы жерлерде топырақ өңдеу ерекшеліктері


1

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 8 аптасы


Баяндама,

Реферат


15-16

Баяндама,

Реферат



17

Күздік бидайдың суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Жаздық бидайдың суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Күрішті суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері


1

18-

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 9 аптасы

Баяндама,

Реферат



19

1

20

Жүгеріні суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Май бұршақты суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Мақта дақылын суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері


1

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 10 аптасы


Баяндама,

Реферат



21-22

22

Қант қызылшаны суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Күнбағысты суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Картоп дақылын суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері


1


Баяндама,

Реферат



23-24

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 11-12 аптасы

25

Қызанақты суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Қиярды суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Қырыққабатты суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері


1

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің 13-14 аптасы


Баяндама,

Реферат



26-27

1

28

Мақсарыны суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Темекі дақылын суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері

Жоңышқаны суармалы жерлерде өндіріп-өсіру ерекшеліктері


1

Баяндама,

Реферат



29-30

БАОӨЖ дәптерінде жазбаша, ауызша жауап семестрдің15 аптасы


БАӨЖ-на қойылатын талаптардың орындауы бойынша кестелік нұсқаулар: Берiлген тапсырмаларды уақытында орындау; тапсырмалардың орындалу сапасына мән беру;

5.4.Білім алушының өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны



БАӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

дәріс дәптері

сабаққа қатысу

10

2

БАОӨЖ мазмұнына кірмей қалған қосымша сұрақтарды оқу

конспект

ауызша,жазбаша сұрау

15

3

Семинарлық сабақтарға дайындық

конспект

ауызша сұрау

15

4

Зертханалық жұмыстарға дайындалу (сабақ тақырыбы бойынша материалды меңгеру, есеп беру шаблонын дайындау)

бақылау жұмыс коллоквиум

жұмыс дәптері

20

5

Тексеру шараларына дайындық

оқу жетістік журналы

жұмыс дәптері

5

6

Үйге берген сұрақтарға дайындалу

жазбаша н/е ауызша жауап беру

сұрау

10


Білім алушыға қойылатын бақылау жұмыстарының сұрақтары

1-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары

1. ҚР жер ресурстары (қорлары)

2. ҚР жер ресурстарын пайдалану проблемалары (мәселелері)

3. Мелиоративті егіншілік курсының мақсаттары

4. ҚР мелиоративті егіншілік жағдайы

5. Жерлердің мелиорациялаудың даму болашағы

6. Суармалы егіншіліктің қоршаған ортаға әсері

7. Жерлерді рекультивациялау, оның жолдары

8. Орман мелиорациясы, егіншілікке әсері

9. Өсімдіктің өніп-өсу мен даму факторлары

10. Суарудың топырақ үрдістеріне әсері

11. Суарудың микробиологиялық үрдістерге әсері

12. Суарудың микроклиматқа әсері

13. Суарудың өнімділікке және оның сапасына әсері

14. Топырақтың су (ылғал) режимі

15. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері

16. Топырақтың ауа-су режимін реттеу жолдары

17. Құм тоқтату

18. Техникалық мелиорациялар

19. Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі

20. Суару режимін анықтау әдістері

21. Суару мерзімдерін анықтау әдістері

22. Суару мерзімін топырақ ылғалдығы арқылы анықтау

23. Суару нормасы

24. Топырақтың еркін су сиымдылығы

25. Топырақ ылғалдылығын анықтау жолдары

26. Суару тәсілдері және олардың сипаттамасы

27. Топырақтың жоғарғы қабаты арқылы суару тәсілдері және олардың сипаттамасы

28. Жаңбырлатып суару, оның түрлері

29. Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару

30. Тамшылатып суару

31. Жаңа суару тәсілдері

32. Суармалы жерлерді тегістеу

33. Тегістеудің түрлері

34. Түбегейлі тегістеу, түрлері

35. Егін себер алдында тегістеу технологиясы

36. Қысқа ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдастыру

37. ДДА-100МА жаңбырлатқыш агрегатының бір жерде жүру санын анықтау (формула)

38. Волжанка жаңбырлатқышымен суаруды ұйымдастыру

39. Волжанка, ДДН-100 жаңбырлатқыштарының бір жерде тұрып суаратын уақытын анықтау (формула)

40. Алыс ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суару жұмысын ұйымдасты-ру
2 - аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары.

1. Жергілікті су көздерін пайдалану, олардың түрлері

2. Көлтабандап суару, кемшіліктері мен артықшылықтары

3. Көлтабанның түрлері

4. Төгінді су жөнінде түсінік, оның түрлері

5. Төгінді суды тазалау жолдары

6. Төгінді судың құрамы (N,P,K)

7. Төгінді суды ауылшаруашылық дақылдарды суаруға пайдалану, шешілетін мәселелер

8. Су эрозиясы және оның келтіретін зияны

9. Су эрозиясы, түрлері

10. Ирригациялық эрозия және оның түрлері

11. Су эрозиясымен күрес шаралары

12. Су эрозиясымен агротехникалық күрес шаралары

13. Су эрозиясымен ұйымдастыру-шаруашылық күрес шаралары

14. Су эрозиясымен орман мелиоративтік күрес шаралары

15. Су эрозиясымен гидротехникалық шаралармен күресу

16. Ирригациялық эрозиямен күрес шаралары

17. Мелиорацияланған жерлерді қарқынды пайдалану жолдары

18. Мелиорацияланған жерлерде ауыспалы егіс құру ерекшеліктері

19. Ауыспалы егістегі егіндерді нығыздау

20. Аралық дақылдар, оның маңызы

21. Ерте көктемдік аралық дақылдар

22. Аңыздық аралық дақылдар

23. Аралас аралық дақылдар

24. Мелиорацияланған жерлерде инновациялық технологиялар

25. Ресурс үнемдейтін технологиялар, оларға сипаттама

26. Күздік бидайды тікелей себу технологиясы

27. Ауылшаруашылық дақылдарын жалға себу технологиясы

28. Ресурс үнемдейтін технологиялардың өнімділікке, топырақ құнарлылы-ғына әсері

29. Мелиорацияланған жерлерде топырақ өңдеу ерекшеліктері, негізгі өңдеу

30. Егін егер алдында және қатараралық өңдеу

31. Суармалы жерлерде қатараралық өңдеудің мақсаттары

32. Арамшөптер жөнінде түсінік, келтіретін зияндары

33. Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу

34. Суармалы жерлерде көп кездесетін арамшөптер

35. Арамшөптермен агротехникалық әдіс арқылы күресу

36. Арамшөптермен химиялық әдістер арқылы күресу

37. Суармалы жерлердің тұздану себептері

38. Бірінші тұздану

39. Екінші тұздану

40. Тұзданудың зияндылығы

41. Тұзданумен агротехникалық күрес шаралары

42. Суармалы жерлердегі кәріздер

43. Ашық кәріз

44. Жабық кәріз және оның түрлері

45. Тұзданған жерді шаю (сор шаю)

46. Шаю технологиясы

47. Шаю мөлшері (нормасы)

48. Фитомелиорация

49. Жақсы фитомелиоранттар, олардың тұзданумен күресудегі орны

50. Химиялық мелиорация арқылы тұзданумен күресу

Қорытынды бақылау сұрақтары

1. Мелиоративтік егіншілік жөнінде түсінік, оның ауылшаруашылығындағы маңызы

2. Жерлерді қарқынды (интенсивті) пайдалануда мелиоративтік егіншіліктің орны

3. ҚР жер ресурстары (қорлары)

4. ҚР жер ресурстарын пайдалану проблемалары (мәселелері)

5. Мелиоративті егіншілік курсының мақсаттары

6. ҚР мелиоративті егіншілік жағдайы

7. Жерлердің мелиорациялаудың даму болашағы

8. Суармалы егіншіліктің қоршаған ортаға әсері

9. Жерлерді рекультивациялау, оның жолдары

10. Орман мелиорациясы, егіншілікке әсері

11. Өсімдіктің өніп-өсу мен даму факторлары

12. Суарудың топырақ үрдістеріне әсері

13. Суарудың микробиологиялық үрдістерге әсері

14. Суарудың микроклиматқа әсері

15. Суарудың өнімділікке және оның сапасына әсері

16. Топырақтың су (ылғал) режимі

17. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері

18. Топырақтың ауа-су режимін реттеу жолдары

19. Құм тоқтату

20. Техникалық мелиорациялар

21. Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі

22. Суару режимін анықтау әдістері

23. Суару мерзімдерін анықтау әдістері

24. Суару мерзімін топырақ ылғалдығы арқылы анықтау

25. Суару нормасы

26. Топырақтың еркін су сиымдылығы

27. Топырақ ылғалдылығын анықтау жолдары

28. Суару тәсілдері және олардың сипаттамасы

29. Топырақтың жоғарғы қабаты арқылы суару тәсілдері және олардың сипаттамасы

30. Жаңбырлатып суару, оның түрлері

31. Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару

32. Тамшылатып суару

33. Жаңа суару тәсілдері

34. Суармалы жерлерді тегістеу

35. Тегістеудің түрлері

36. Түбегейлі тегістеу, түрлері

37. Егін себер алдында тегістеу технологиясы

38. Қысқа ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдастыру

39. ДДА-100МА жаңбырлатқыш агрегатының бір жерде жүру санын анықтау (формула)

40. Волжанка жаңбырлатқышымен суаруды ұйымдастыру

41. Волжанка, ДДН-100 жаңбырлатқыштарының бір жерде тұрып суаратын уақытын анықтау (формула)

42. Алыс ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суару жұмысын ұйымдас-тыру

43. Жергілікті су көздерін пайдалану, олардың түрлері

44. Көлтабандап суару, кемшіліктері мен артықшылықтары

45. Көлтабанның түрлері

46. Төгінді су жөнінде түсінік, оның түрлері

47. Төгінді суды тазалау жолдары

48. Төгінді судың құрамы (N,P,K)

49. Төгінді суды а/ш дақылдарды суаруға пайдалану, шешілетін мәселелер

50. Су эрозиясы және оның келтіретін зияны

51. Су эрозиясы, түрлері

52. Ирригациялық эрозия және оның түрлері

53. Су эрозиясымен күрес шаралары

54. Су эрозиясымен агротехникалық күрес шаралары

55. Су эрозиясымен ұйымдастыру-шаруашылық күрес шаралары

56. Су эрозиясымен орман мелиоративтік күрес шаралары

57. Су эрозиясымен гидротехникалық шаралармен күресу

58. Ирригациялық эрозиямен күрес шаралары

59. Мелиорацияланған жерлерді қарқынды пайдалану жолдары

60. Мелиорацияланған жерлерде ауыспалы егіс құру ерекшеліктері

61. Ауыспалы егістегі егіндерді нығыздау

62. Аралық дақылдар, оның маңызы

63. Ерте көктемдік аралық дақылдар

64. Аңыздық аралық дақылдар

65. Аралас аралық дақылдар

66. Мелиорацияланған жерлерде инновациялық технологиялар

67. Ресурс үнемдейтін технологиялар, оларға сипаттама

68. Күздік бидайды тікелей себу технологиясы

69. Ауылшаруашылық дақылдарын жалға себу технологиясы

70. Ресурс үнемдейтін технологиялардың өнімділікке, топырақ құнарлылы-ғына әсері

71. Мелиорацияланған жерлерде топырақ өңдеу ерекшеліктері, негізгі өңдеу

72. Егін егер алдында және қатараралық өңдеу

73. Суармалы жерлерде қатараралық өңдеудің мақсаттары

74. Арамшөптер жөнінде түсінік, келтіретін зияндары

75. Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу

76. Суармалы жерлерде көп кездесетін арамшөптер

77. Арамшөптермен агротехникалық әдіс арқылы күресу

78. Арамшөптермен химиялық әдістер арқылы күресу

79. Суармалы жерлердің тұздану себептері

80. Бірінші тұздану

81. Екінші тұздану

82. Тұзданудың зияндылығы

83. Тұзданумен агротехникалық күрес шаралары

84. Суармалы жерлердегі кәріздер

85. Ашық кәріз

86. Жабық кәріз және оның түрлері

87. Тұзданған жерді шаю (сор шаю)

88. Шаю технологиясы

89. Шаю мөлшері (нормасы)

90. Фитомелиорация

91. Жақсы фитомелиоранттар, олардың тұзданумен күресудегі орны

92. Химиялық мелиорация арқылы тұзданумен күресу

93. Суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі

94.Мелиоративтік егіншілік жұмыстарын ұйымдастырудың экономикалық ерекшеліктері

95. Суармалы егіншілік жүйелеріндегі қорлар

96. Негізгі және айналымды қорлар

97. Жүргізілген шараларды, алынған өнімді экономикалық тұрғыдан бағалау

98. Өнімнің өзіндік құнын есептеу

99. Таза пайданы есептеу

100. Тиімділік деңгейін есептеу.
Қорытынды рейтингті есептеу әдістемесі

Оқу жұмыс жоспары бойынша қорытынды бақылау емтихан болып саналады. Университеттің ғылыми кеңесінің шешімі бойынша қорытынды бақылау түрлері және өтпелі бақылаудың өлшем бірліктері берілген.


Кесте - Өтпелі бақылау мен қорытынды бақылау түрлерінің өлшем бірліктері.


Қортынды бақылау түрлері

Бақылау түрі

Өлшем бірлік

Емтихан

Емтихан

0,4

Үлгерімнің өтпелі бақылауы

0,6

Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бағалау жүйесі.

Білім беру ісіндегі басты приоритет студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық роль оқытушыға емес студентіне берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай ол өздігінен оқуы керек.

Оқытудың негізгі мақсаты, өз бетінше дами алатын жас адамды қалыптастыру болғандықтан оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу, дифферациялау.

Әрбір студент басқа студентпен салыстырылмайды, керісінше өзімен өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуіне үйренуі аса маңызды.

Студенттердің білімін бағалау жүйесі силлабус оқыту бағдарламасына міндетті элемент болып кіреді.

Қорытынды бақылау- емтихан студентттің академиялық уақыт ішіндегі кәсіптік білім бағдарламасын меңгеру дәрежесін анықтау үшін өткізіледі.

Емтихан компьютерлі, жазбаша тестермен немесе ауызша, жазбаша түрде өтеді.

Емтиханның өру формасын оқу-әдістемелік кеңес тағайындайды.

Студенттін білімін бағалау рейтингтік балл екі бөліктен тұрады: біріншісі – рейтинг балының 40 % құрайды, оны студент күнделікті бақылау(ОБСӨЖ), СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін жинақтайды. (А1: А2-жетінші және он төртінші апталарда өткізілетін аттестаттаубалдары), екіншісі-рейтинг балының 60%құрайды, ол қортынды бақылау- емтиханның нәтижесі осы балдардың қосындысы студенттің білімінің рейтингтік көрсеткіші:

R= (А1+А2)х0,4+Эх0,6



Рейтингтің жоғарғы мәні –100 балл

Студенттің оқу жылындағы академиялық үлгерімі GPA мәні былайша есептеледі:

-студенттің қорытынды балының сандық баламасы.

,…,-студенттің оқыған пәндер кредиті

1курс студенті келесі курсқа көшу үшін GPA мәні “+Д”-1.33(55-59%) балдан кем болмауы керек6 2курс студенті үшін –“+С”-2,33 (70-74 %), 3курс студенті ушін “В-”2,67(75-79%)кем болмауы керек.Әр деңгдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілерімен кіріспе ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің балл мен есептегенбе білім градациясының кестесін беріп отырмыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет