6. Танаптарды суаруға әзірлеуді ұйымдастыру. Суарылатын жер-лердің беті жақсы тегістелген болуы керке. Бұл тек қана сушы еңбегі өнімділігін, суару сапасын ғана арттыра қоймайды, сонымен бірге басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарын сапалы жүргізуге әрі жерді мелиорация-лауды жақсартуға да қажет.
Суармалы егіншілік тәжірибесінде жерді тегістеудің екі түрі белгілі: құрылыстық (күрделі) тегістеу және пайдалану үшін (өтпелі) тегістеу.
Күрделі тегістеу жаппай немесе іріктеп жүргізілуі мүмкін. Оның міндеті – ауыл шаруашылығы дақылдарын дұрыс суару үшін, суды біркелкі тарату үшін жердің табиғи бедерін тегістеп, жақсарту. Күрделі тегістеу жұмысы суландыру жүйелерін салу немесе қайта жасау үстінде атқарылады.
Тегістеу кезінде топырақ құнарлылығын жоғалтпаудың тағы бір тәсілі – топырақтың үстіңгі қабатын сақтау болып табылады. Мұндайда топырақтың жыртылатын қыртысы (15 см дейін) алдын-ала қыршылып алынады да, учаске толық тегістеліп болған соң, ол қайтадан жабылып тасталады. Топы-рақтың жоғарғы қабатын сақтай отырып, тегістеу жеделдетілген тәсілмен жүргізіледі.
Пайдаланылатын жерді тегістегенде екі түрлі жұмыс атқарылады, топы-рақ жыртылып, суармалы алқап беті тегістеледі. Пайдалану үшін (өтпелі) тегістеуді жыл сайын жасау керек. Ол үшін кең алқапты тегістегіштер пайдаланылады немесе мала-тегістегіш пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |