34
1 – кезең.
Бұйыммен танысу
Бұйыммен танысқанда оны ойша қарапайым денелерге
бөлшектеп, тетікбөлшек пен оның негізгі элементтерінің пішінін
анықтаймыз. Тетікбөлшектің қолданылатын орны,
материалы,
өңделуі, жекелеген беттер бұдырлығы шама шарқынша
анықталуы керек.
2 – кезең.
Басты көріністі және басқа қажетті кескіндерді таңдау.
Басты көрініс тетікбөлшек пішіні мен оның өлшемдерінен
толығырақ түсінік беретіндей етіп таңдап алынады.
Айналу беттерімен шектелетін тетікбөлшектер болады: вал,
втулка, дөңгелектер, т.с.с. Бұл
тетікбөлшектердің осі басты
көріністе
негізгі
жазуға
параллель
болатындай
етіп
орналастырылады. Кескіндердің көрнекілігін төмендететін,
көрінбейтін контур сызықтар санын шектеу керек, сондықтан
қималар мен тіліктерді қолдануға аса көңіл бөлген дұрыс.
Бұл мысалда тетікбөлшек пішінін елестету үшін үш көрінісін
салса жеткілікті:
басты көрініс, үстінен және сол жағынан
қараған көрінісі. Басты көрініске фронталь тілік орындау керек.
3 – кезең.
Орындалатын формат пен масштабты таңдау.
Формат өлшемі таңдап алынған кескіндер мен олардың
өлшемдерін, шартты белгіленулерін орналастыруға мүмкіндік
беретіндей болуы қажет.
4 – кезең.
Форматты эскиз салуға дайындау.
Алдымен таңдап алынған бетті сыртқы жиекпен шектейміз
және берілген сызу форматының ішкі жиегін жүргіземіз. Содан
соң
негізгі жазуға орын қалдырылып, қажет болған жағдайда
қосымша мәліметтер жазуға арналған бағандар енгізіледі.
5 – кезең.
Кескіндерді қағаз бетіне орналастыру.
Кескіндердің
көзмөлшер
масштабын
таңдап
алып,
«көзмөлшермен»
тетікбөлшектің
габариттік
өлшемдерінің
қатынасын анықтап аламыз. Мысалы, биіктігін А деп алсақ,
тетікбөлшектің ені шамамен биіктігіне тең, ал
ұзындығы
35
биіктігінен екі есе үлкен деп алуға болады ( 4.1 а және 4.2. а
сурет). Осыдан кейін эскизде габариттік тік төртбұрыштарды
жіңішке сызықтармен жүргізіп шығамыз (4.2. а сурет).
Тіктөртбұрыштардың
арасындағы
және
шеттеріндегі
арақашықтық өлшем сызықтарын және шартты белгілерді салуға,
сонымен бірге техникалық талаптарды орналастыруға жеткілікті
болуы керек.
6
– кезең.
Тетікбөлшек кескіндерін салу.
Тетікбөлшек
элементтерінің
кескінін
«габарит
тіктөртбұрыштар» ішіне жіңішке сызықтармен енгіземіз (4.2. б
сурет). Салу барысында оның өлшемдерінің пропорциясы мен
сәйкес осьтік және орталық сызықтарды жүргізе отырып,
кескіндер арасындағы проекциялық байланыс сақталуы шарт.
7 – кезең.
Кескіндерді салуды аяқтау.
Бұл кезеңде көріністерді
салуға толықтырулар енгізіледі,
қосымша
сызықтарды
кетіреді.
Қималар
мен
тіліктер
штрихталып, материалдың графикалық белгіленуін жазады және
кескіндерді сәйкес сызба сызықтарымен бастырып шығады.
8 – кезең.
Сызба сызықтары мен шартты белгілерді салу.
Өлшем сызықтары мен беттің сипатын анықтайтын шартты
белгілер (диаметр, радиус, шаршы, конустық, көлбеулік, бұранда
түрі және т.б.) 2.307-68 МЕСТ бойынша салынады (4.2. в сурет).
Сонымен
қатар,
жекелеген
тетікбөлшектердің
бет
бұдырлығын көрсетіп, шартты белгілерін салады.
9 – кезең.
Тетікбөлшектің өлшемдерін түсіру.
Сызба аспаптары мен құралдарының көмегімен өлшемдер
анықталып,
эскизге
(нақты
шамада)
түсіріледі.
Егер
тетікбөлшекте
бұранда
болса,
параметрлерін
анықтап,
бұранданың белгіленуін эскизде көрсетеміз (4.2. г сурет).
36
10 – кезең.
Тетікбөлшек эскизін салуды аяқтау.
Негізгі жазу бағандары толтырылады. Кескіндер мен
өлшемдердің дұрыстығы тексеріледі. Негізгі жазудың 1, 2, 3
бағандарының (4.3 сурет) мазмұны төмендегідей:
1 бағанға – студент өз еркінше
атаған тетікбөлшек атауы;
2 бағанға – құжат атауы («Эскиздеу» жұмысында бұл баған
«Әдістемелік нұсқаудың» 11 қосымшасында келтірілген мысал
үлгісімен толтырылады);
3 бағанға – келесі ретпен: атауы, материал маркасы және
материалға бекітілген МЕСТ жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: