Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты: - 1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- - сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- - білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- - оқыту процесінің сапасын арттыру;
- - пәнаралық байланысты тереңдету;- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
- 2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- - өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- - компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- - пәнаралық байланыс орнату;- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытуды білім берудің бір бөлігі ретінде қарауға болады. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану қарқынды дамуда. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |