Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн


Сабақ кезеңдерінде қолданылатын саралап оқыту тәсілдері



бет6/8
Дата09.10.2022
өлшемі44,07 Kb.
#152299
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ресурс 3.3

Сабақ кезеңдерінде қолданылатын саралап оқыту тәсілдері.

  1. Сұрақ қою:

Жазбаша жауапты көздейтін сауал кезінде түрлі дәрежедегі карточкаларды, үш деңгейдегі тест сұрақтарын пайдалануға болады. Жазбаша сұрақ кезінде оқушылардың барлығына күрделілік деңгейі бірдей тапсырма ұсынуға болады, бірақ әр топ үшін оны қалай орындау керек екенін көрсететін ақпарат мөлшерін саралау қажет: 3-топ үшін – тек қана мақсат, 2-топ үшін – назар аударуды қажет ететін кейбір тармақтар, 1-топ үшін – тапсырманы орындау бойынша толық нұсқаулық.
Білімді ауызша тексеру: алдымен «С» және «В» топтарының оқушыларын шақыруға болады, «А» тобының оқушылары олардың жауаптарын толықтыруына болады, мысалы, қандай да бір мәселе бойынша қосымша мәліметтерді табу (зерттеушілік әрекетінің элементтері).

  1. Жаңа материалды түсіндіру:

Жаңа материалды түсіндіру кезінде «А» тобының оқушыларына проблемалық сұрақтар қоюға болады, ал «С» және «В» топтарының оқушыларына бұрын зерделенген материал сұрақтарына жауап беру бойынша тапсырмалар беруге болады, сондай-ақ жекелеген оқушыларға «А» тобының оқушыларынан соң олардың жауабын қайталауды сұрауға болады.
Жаңа материалды зерделеу кезінде проблемалық жағдай қарастырылады, оны шешуге әр оқушы өз деңгейіне қарай қатыса алады. Ол үшін гомогенді (біртекті) топтардың жұмысты ұйымдастыруға болады. Әр топ жалпы тақырып бойынша «жұмыс істейтін» тапсырма алады. Бұл тапсырмалар бір-бірін қайталамайды. Әр топ өз тапсырмасын орындап, бүкіл сыныпқа жаңа, қызықты нәрсе жариялауы керек. Бұл тәсіл әр оқушыға өзін маңызды сезінуге, ортақ іске өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін өте маңызды.
Сонымен, егер 1-топқа арналған тапсырма негізінен репродуктивті іс-әрекетті және аздап ішінара іздеуді қамтыса, ал 2-топта, керісінше, ішінара іздеу сипатындағы тапсырмалар басым болады; 3-топта жоғары ойдауды қажет ететін проблемалық тапсырмалар қамтылады. Тапсырмаларды осылай құру арқылы әрбір оқушы үшін оңтайлы күрделілік деңгейін қамтамасыз етумен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуге болады.
Баланың оқудағы еңбегі оқушылардың ғылыми фактілерді, ұғымдарды, белгілер мен ережелерді меңгеруіне ғана емес, сонымен қатар оқу жұмысының ең ұтымды әдіс-тәсілдерін игеруге бағытталған. Бұған мұқият тыңдау және бақылау, сұрақтарға жауап беру және оларды тұжырымдау, оқулықпен өзіндік жұмыс жасау дағдылары және т.б жатады. Ақыл-ой әрекетінің тәсілдері, білім-білікті игеру әдістері оқушының қабілетін дамыту деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет