Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 лицей мектебінің педагог-психологы Смагулова Айгуль Сагынтаевна



Дата09.08.2017
өлшемі55,67 Kb.
#23196
Абай атындағы дарынды балаларға

арналған № 10 лицей мектебінің педагог-психологы

Смагулова Айгуль Сагынтаевна.

5-сынып оқушысын пәндік оқуға бейімдеу.

Балада кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сыныпта оқушы тек бір ғана мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген. Ал ол орта сыныпқа келген кезінде балаға бірнеше мұғалімдер сабақ береді, сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптармен, жаңа мұғалімдермен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу

мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады, бастауышпен салыстырғанда сабақ оқуы нашарлайды, сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым – қатынаста қиындық сезеді. Яғни, баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, оларға жаңа сыныптастармен, мұғалімдермен қарым – қатынас жасауға көмектесу қажет.

Ол үшін төмендегі шарттарды ескеру қажет деп ойлаймын:

·         10 – 11 жастағы балалардың жеткіншек даму кезеңіне түскенін;

·         оқушылардың оқуға танымдық дамуға, қарым – қатынастың дамуындағы психологиялық даму деңгейінің жоғарылауын;

бейімделу кезеңінде кездескен сәтсіздікті қорытындылау және түзету жұмыстарын жүргізу.

Мектепке бейімделу кезеңі сәтті өту үшін ұйымдастыру жұмыстарында төмендегі кезеңдерді қарастыруға болады:

·         5 – сынып оқушыларының пәндік бейімделу бағдарламасын мектеп педагогтары мен психологы жете зерттеу;

·         әрбір сынып жетекшісінің 5 – сынып оқушыларының бейімделу кезеңіне жасаған бағдарламасы (бұл бағдарлама мектептің жылдық оқу жоспарын негізге ала отырып жасалынады);

·         оқушылардың пәндік бейімделу кезеңіне жағдай жасау, оқу бағдарламасының 5 – сынып оқушысы талабына сай болуы (әкімшілік, мектеп бұйрығы, сабақ кестесі т.б);

·         басқа мамандарды (мысалы, дене тәрбиесі мұғалімдерді, үйірме меңгерушіері т.б) 5 – сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен өтуге көмектесуге жұмылдыру.

·         Пәндік бейімделу кезеңіне дайындықты 4 – сыныптан бастау керек. Сонда оқушы орта мектеп жасына келгенде, пәндік бейімделу кезеңін сәтті өткізуге дайын болып келеді.

5 – сынып оқушыларының мектептегі пәндік бейімделу жұмысының негізгі бағыттары төмендегідей:

1.    Психоогиялық диагностика

2.    Ата – ана, педагогтармен кеңестік жұмыс

3.    Әдістемелік жұмыс

4.    Профилактикалық жұмыс

5.    Түзету – дамытушылық жұмыс

6.    Қорытынды жұмыс

   

І. Психологиялық диагностика

Орта мектеп жасына өтудегі психологиялық диагностика баланың жаңа әлеуметтік жағдайға бейімделуіне бағытталған. Бұл оқу жылының басында педагогикалық бақылаумен өткізіледі. 5-сынып оқушыларын зерттеу барысында ерекшеліктерге көңіл бөлу керек:

1.    Баланың танымдық іс- әрекетінде көрінетін психологиялық ерекшеліктері

2.    Жеке – мотивациялық өрісінің ерекшеліктері

3.    Оқушының әлемге көзқарасы қарым–қатынас жүйесінің ерекшеліктері, оқушының сыныптастарымен қарым–қатынасы.

4.    Оқушының мектепішілік қарым–қатынасындағы іс-әрекетінің ерекшеліктері

 

ІІ. Ата – ана, педагогтармен кеңестік жұмыс

Педагогтармен жұмыс көбіне семинар түрінде болады. Егер балалардың бірі төмен нәтиже берсе, мектепте қиындықтар сезінсе, онда ата – анасымен жеке түрде немесе ата – аналар жиналысында айтылады. Сынып жетекшілері мен мұғалімдер семинар кезінде алғашқы қиындықтар мен оның мақсаттары туралы айтулары тиіс.

 ІІІ. Әдістемелік жұмыс

Сыныптар санына қарай, әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне қарай мектеп психологы әкімшілікпен бірлесе отырып жұмыс жасайды.

 ІҮ. Профилактикалық жұмыс

Психолог қолдауды қажет ететін балаға профилактикалық жұмысты бағыттайды. Тренинг түрінде бұл жұмыс жақсы нәтиже береді.

 Ү. Түзету – дамытушылық жұмыс

5–сынып оқушыларының мектепке бейімделу сәтінде қиындық көрген оқушымен жеке немесе топтық түрде жүргізіледі.

 ҮІ. Қорытынды жұмыс

Қорытынды жұмыстар психологиялық жұмыстың маңызына бағытталады.

 5 – сынып оқушыларына арналған сауалнама сұрақтары

1.    Саған мектеп өмірі ұнай ма?

2.    Сен мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келе ме?

3.    Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келетін оқушылар келсін десе, сен сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?

4.    Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнай ма?

5.    Сен үй тапсырмасын бермегенді қалайсың ба?

6.    Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?

7.    Сен ата – анаңа мектеп жайлы көп айтасың ба?

8.    Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнай ма?

9.    Сенің сыныпта достарың көп пе?

10.                      Саған сыныптастарың ұнайма?

Оқу мотивациясын анықтау

Нұсқау:Бақбақ гүлінің суретін салып, әрбір күлтелеріне өтілетін сабақтарды жазыңдар.

Тапсырма:

1.    Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақты қызыл түспен боя.

2.    Саған оқуға қиын көк түсті көкпен боя.

3.    Қызықсыз өтетін сабақты сары түспен боя.

4.    Саған ұнамайтын сабақты қара түспен боя.

Зерттелетін5 – сынып оқушылары.

 Сен мұғалімді қалай қабылдайсың?



(сауалнама)

 

Зерттелуші– 5 – сынып оқушылары

 

1.Сыйлаймын –



2. Ақылын тыңдаймын –

3.Үлкен адамдарға құрмет көрсету керек –

4.Мұғалім маған білім береді –

Сонымен оқушы кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтудегі пәндік бейімделу кезеңінде жүргізілетін психологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысын төмендегідей нәтижемен көрсетуге болады:

1.    Мектептегі мазасыздық деңгей (60 пайыз – норма)

2.    Топтық бірлігі қандай?

3.    «Мен» бейнесі үйлесімді ме, өзін — өзі бағалауы қандай?

4.    Баланың эмоцмиональды дамуы жағымды ма, жағымсыз ба?



5.    «Мұғалім» бейнесіне, мектепке, сыныптастарына жағымды қарым – қатынасқа іс — әрекетке құрылған ба?

Яғни, жоғарыдағы жұмыстардан көрсетілетін жағымды нәтиже ұлттық психологияның ерекшеліктеріне байланысты. Не себептен ұлтымызда оқушылардың пәндік бейімделуі сәтті, қалыпты жағдайда өтеді? Өйткені, халқымыз өз ұрпағына қастерлі қасиеттерді – үлкенді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізет көрсету қайырымдылық жасау, үлкендердің сөзін тыңдауды бала кезінен бастап үйретіп отырған. сол себептен кіші мектеп жасынан келген, тек бір ғана мұғалімнің сабақ бергеніне үйренген оқушы, орта мектеп жасына келген кезде «Мұғалім» бейнесі оқушыда үлкен адамды сыйлау керек, тыңдау керек, құрметтеу керек деген жинақтау бейнесі арқылы қалыптасып, оқушы бұл кезеңнен сәтті өтеді.
Каталог: uploads -> doc -> 1158
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1158 -> Баяндама Тақырыбы: Оқушылардың өздігінен білім алуын қолдау, ынталандыру бағыттары Орындаған
1158 -> Сабақтың тақырыбы: 1868-1869жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер Жалпы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет