4. Консилиум қызметтері
4.1. Диагностикалық:
4.1.1. оқу мен тәртіптегі қиындықтарды анықтау;
4.1.2. дамудың әлеуметтік жағдайын, ұжымдағы жай-күйді зерттеу;
4.1.3. баланың әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтау.
4.2. Қолдаушылық:
4.2.1. қолайсыз оқу-тәрбиелік немесе отбасылық жағдайға түскен
баланың мүддесін қорғау;
4.2.2.
тиімді оқыту мен психологиялық-педагогикалық қолдау
формаларын таңдау;
4.2.3. білім беру ұйымында оқыту жағдайында, отбасылық тәрбиелеу
әдістерімен де баланың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту бойынша шараларды
анықтау және әзірлеу;
4.2.4. ата-ананың көзінде баланың мәртебесін арттыру мақсатында
жүргізілетін отбасылық оңалту;
4.2.5. балалардың танымдық әрекетін белсендіру, олардың ақыл-ой және
сөйлеу тілдік даму деңгейін арттыру, оқу әрекетін қалыптандыру, эмоциялық-
тұлғалық даму мен тәртіптің кемістіктерін түзетуді енгізетін оқу-тәрбиелік
процесті әдістемелік қолдау;
24
4.2.6. білім беру процесінің әр түрлі қатысушыларына практикалық
ұсынымдарды әзірлеу.
4.3. Тәрбиелік:
4.3.1. ерекше білім беруге қажеттілігі мен жеке мүмкіндіктері бар балаға
педагогикалық ықпалдың стратегиясын әзірлеу;
4.3.2. балаға педагогикалық ұжым мен ата-ананың тәрбиелік ықпалдарын
кіріктіру;
4.3.3. педагогикалық ықпалдардың сабақтастығын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |