Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет10/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)
Әдістемелік құрал 2019 (1)
6. Консилиум құрамы 
6.1. Нәтижелі және құзыретті жұмыс істеу үшін Консилиум құрамы 
жылжымалы болу керек. Оның құрамында тұрақты және уақытша 
қатысушылар кіредуі.
6.1.1. Тұрақты қатысушылар: Консилиум төрағасы/төрайымы (білім беру 
ұйымының жетекшісі немесе жетекшінің оқу-тәрбиелеу жұмысы жөніндегі 
орынбасары), психолог, сынып жетекшілер, логопед, педагог-дефектолог, 
әлеуметтік педагог.
6.1.2. Уақытша қатысушыларға пән мұғалімдері, эксперт ретіндегі әр 
түрлі маман-кеңесшілер, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
инспектор, тәрбиеші.

  
7. Консилиум бойынша құжаттар және олардың үлгілері
7.1. Білім беу ұйымындағы психологиялық-педагогикалық консилиум 
туралы ереже.
7.2. Білім беру ұйымында Консилиумды құру туралы бұйрық (1 
Қосымша).
7.3. Ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары (2 Қосымша). 
7.4. Балаларды Консилиумға тіркеу журналы (3 Қосымша). 
7.5. Консилиумның отырыстарын, қорытындылары мен ұсыныстарын 
тіркеу журналы (3 Қосымша). 
7.6. Педагогикалық мінездеме, мамандардың тұжырымдамасы және 
Консилиум қорытындысы (4 Қосымша).
7.7 Консилиум бойынша құжаттар мен олардың үлгілері білім беру 
ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып толықтырыла алады.
[5]
Үлгі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп- лицейде психологиялық- педагогикалық консилиум құру туралы


Бұйырамын:
1.Ерекше білім алуды қажет ететін оқушылар үшін инклюзивті қолдау қызметінің мамандарының өзара әрекеттесу түріндегі психологиялық- педагогикалық консилиум төмендегіше құрамда құрылсын:
1.Консилиум төрағасы - «Т.Есетов атындағы №264 мектеп- лицейі» КММ директоры Ұ.Ы.Маханова
Тұрақты қатысушылары :
Оқу- тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары О.Маденова
Педагог-психолог С.Имашева
Әлеуметтік педагог Г.Нұрмағанбетова
Логопед мұғалім Ш.Төртбаева
Дефектолог мұғалім Р.Оржанова
Уакытша қатысушылары: Сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, ата- аналар, медициналық қызметкерлер
Хатшы – Педагог- ұйымдастырушы С.Кумекбаева
2.Психологиялық- педагогикалық консилиум төрағасына консилиумның жұмысын ПМП консилиумының қызметі туралы Ережелерге сәйкес ұйымдастыру міндеттелсін.
3.Консилиумның жылдық жұмыс кестесі ПМП консилиумының қызметі туралы Ережеге сәйкес құрылсын.
4.Консилиум мәжілісін өткізу орны анықталып, бекітілсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

«Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» КММ директоры: Ұ.Ы.Маханова

Хаттама №1
Ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға инклюзивті қолдау жасау мақсатында құрылған мектепішілік психологиялық- педагогикалық консилиум қатысушыларының
№1 мәжілісі 31 тамыз 2018 жылы болып өтті
Қатысушылар: Консилиумның тұрақты қатысушылары және уақытша қатысушылары

Күн тәртібінде:


1.Консилиумның төрағасы және тұрақты қатысушылары мен уақытша қатысушыларынан тұратын бұйрықпен таныстыру
2.Консилиумдардың жүргізілу кестесі, әдістемелік ұсынымдар мен жылдық жоспардың жобасын талқылау
3.Инклюзивті қолдау арқылы кіріктірілген сыныптарда білім алатын оқушылардың тізімін нақтылау
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша №264 мектеп – лицейдің директоры, консилиум төрағасы Ұ.Ы.Маханова ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға қолдау, оларға кедергісіз білім алуды сапалы түрде ұйымдастыру үшін мектепішілік консилиумның атқаратын жұмысының зор екендігін атап өтті.Ата- ана, пән мұғалімдері, арнайы мамандар, мектеп- лицей басшылығымен бірге атқарылатын ауқымды жұмыстың алдағы 2018-2019 оқу жылына арналған бұйрығы мен жұмыс жоспарының жобасымен таныстырып өтті. Аталған оқушыларға қолайлы орта құра отырып, олардың қоғамда өзін еркін сезінуіне тәрбиелеу үшін төмендегіше заңдылықтардың басшылыққа алынатындығын да атап өтті:
1.ҚР Білім туралы заңы (2013.04.07 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2.ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы
3.ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
4.ҚР Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. 2015 жыл
5.2018-2019 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат. Астана, 2018 ж
6.Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу- әдістемелік сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау./ Әдістемелік ұсынымдар/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2015 ж
7.Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу үлгілерін дайындау./ Әдістемелік ұсынымдар/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2015 ж
8.Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау. ./ Әдістемелік ұсынымдар/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2015 ж
9.Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.
/ Әдістемелік ұсынымдар/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2015 ж т.б
10.ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2016 жыл
11.Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар және үйде оқытылатын балалардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар /Әдістемелік құрал/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2017ж
12.ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы 11 шілде №343, 2002 ж

Осы аталған заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, 2018-2019 оқу жылында консилиум өз жұмыс жоспарын төмендегіше негізде құрды:



р/с

Тақырыбы

Жұмыс түрі

Уақыты

Жауапты

1

Инклюзивті білім берудің заңнамалық негіздері (өзгерістер мен толықтырулар)

Заңдар мен бұйрықтар, арнайы ПМПК мекемесінің қорытындылары, жаңа қаулылармен педагог кадрларды таныстыру

Тамыз, Қыркүйек

Педагог- ұйымдастырушы
С.Кумекбаева

2

Жаңа білім беру мазмұны жағдайындағы инклюзивті оқытудың мазмұндық сипаты

Педагогикалық кеңес



Тамыз

Педагог- ұйымдастырушы
С.Кумекбаева



3

Мектепте білім алатын және мектепке жаңадан қабылданған оқушылардың психофизикалық дамуына талдау жасай отырып, инклюзивті білім және қолдау алатын балаларды анықтау, мамандар сараптамасына талдау жасау, ата- аналармен пікірлесу

Консилиум мүшелерінің отырысы

Тамыз

Консилиум мүшелері

4

Ерекше білім алушылардың денсаулығын сактау, ерекше білім алуын қамтамасыз ету, қосымша білім беру қызметтерін ұйымдастыру, оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру

Іс- тәжірибе алмасу

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог
Г.Нұрмағанбетова
Қосымша білім беру орталығының меңгерушісі
М.Рахметова
Арнайы мамандар
Пән мұғалімдері



5

Оқушыларды психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу арқылы білім берудің бастауыш мектеп, негізгі мектеп, орта мектеп деңгейіндегі басым міндеттерін жүйелі жүзеге асыру жолдары

Мектепішілік семинар

Қазан

Арнайы мамандар, пән мұғалімдері

6

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында оқушының психикалық- физиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып,зияткерлігін дамыту

Дөңгелек үстел

Қараша

Арнайы мамандар, ата- аналар, пән мұғалімдері

7

Қысқа , орта, ұзақ мерзімді қолдау ерекшеліктеріне байланысты даму тұлғасын қалыптастыру

Мамандар кеңесі

Желтоқсан

Психолог
С.Имашева

8

Денсаулығында түрлі деңгейде ауытқуы бар балалардың түрлі деңгейдегі мәдени шараларға қатысуын қамтамасыз ету, кәсіби бағдар беру

Әдістемелік тәжірибеде

Қаңтар, ақпан

Дефектолог
Р.Оржанова
Пән мұғалімдері

9

Медицина мамандарының диагностикалық, кеңес беру қызметі

Дөңгелек үстел

Наурыз

Медицина мамандары, арнайы мамандар

10

Ерекше білім алатын оқушылардың тұлғалық дамуы мен білімін бағалау сапасына мониторинг жасау



Талдау, талқылау

Сәуір

Арнайы мамандар
Пән мұғалімдері

11

Ерекше білім алуды қажет ететін оқушылармен жүргізілген жұмыстардың жетістігі мен кемшін тұстарына жылдық баға беру, кездескен қиындықтарға талдау,алдағы оқу жылына жоспар жасау

Консилиум отырысы

Мамыр

Консилиум мүшелері

Арнайы құрылған консилиум мәжілістері мен қатар қажет болған жағдайда кезектен тыс консилиум мүшелерінің мәжілісін шақыруға да болатындығы ескертіліп өтті.


Күн тәртібіндегі келесі мәселеде көрсетілгендей 2018-2019 оқу жылында инклюзивті кіріктірілген сыныптарға отырғызылып, кедергісіз түрде білім алатын оқушылар тізімінің жобасы анықталды. Жобасын анықтау үшін түзете- дамыту жұмыстарын жүргізетін мектепішілік инклюзивті білім беру саласының арнайы мамандары ( логопед, дефектолог, психолог, дәрігер) өз ұсынымдарын жазбаша түрде ортаға салды. Әр оқушының тұлғалық ерекшелігі де аталып өтті. Пән мұғалімдерінің пікірлері сұралып, оқушылардың өткен оқу жылында пайдаланған жазу дәптерлері, мамандардың оқушылармен бірлесіп жүргізген жұмыс дәптерлері есепке алынды. Консилиум мүшелері ортақ шешімге келе отырып, 2018-2019 оқу жылында мектеп- лицейдің инклюзивті сыныптарында білім алуы үшін өтініш берген ата- аналардың өтініші тыңдалып, Қалалық №2 ПМПК мекемесі мамандарының тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, жаңадан қабылданатын 1- сыныпқа - 6 оқушы, 2 сыныпқа -2 оқушы, 3 сыныпқа -4 оқушы, 4- сыныпқа-1 оқушылардың денсаулық деңгейі зерделеніп, инклюзивті сыныптарға отырғызылса, өткен оқу жылынан 14 оқушының 2018-2019 оқу жылында да инклюзивті қолдау арқылы оқытылуын қажет ететіндігі айтылып, 27 оқушы кіріктірілген сыныптарға отырғызылды.
Кестеге сәйкес арнайы мамандардың да тұрақты түрде түзете- дамыту шараларын ұйымдастыруы да ескертілді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет