Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет11/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

р/с

Маманның аты- жөні

Оқушының сыныбы

1

2

3

4

5

1

Психолог С.Имашева

1

11.30-12.30




11.30-12.30

11.30-12.30










2




12.30-13.30







12.30-13.30







3







12.50-13.30













4

12.50-13.30







12.50-13.30




2

Мұғалім-логопед

1

11.30- 12.30




11.30-12.30

11.30-12.30







Ш.Төртбаева

2




12.30-13.30







12.30-13.30







3

12.50-13.30



















4







12.50-13.30

12.50-13.30




3

Мұғалім-дефектолог Р.Оржанова

1

11.30-12.30




11.30-12.30

11.30-12.30










2




12.30-13.30







12.30-13.30







3

12.50-13.30



















4







12.50-13.30

12.50-13.30




4

Дәрігер-педиатр Н.Жұмабекова

1



11.30-12.30




11.30-12.30

11.30-12.30










2




12.30-13.30







12.30-13.30







3

12.50-13.30

















4







12.50-13.30

12.50-13.30




5

Медбике Ж.Бисембаева

1

11.30-12.30




11.30-12.30

11.30-12.30










2




12.30-13.30







12.30-13.30







3

12.50-13.30



















4







12.50-13.30

12.50-13.30



2018-2019 оқу жылында инклюзивті кіріктірілген сыныптарға жаңадан оқушылар қабылдау мен жоғарыда көрсетілген оқушылардың кіріктірілген сыныптарда өз оқу процесін әрі қарай жалғастыруы қалалық № ПМПК мекемесінің мамандары беретін тұжырымдамасына сәйкес жүргізілетіндігі айтылып өтті. Консилиумның хаттамасының қаулысының көшірмесі қалалық №2 ПМПК мекемесі мамандарына да ұсынылады.


Қаулы етеді:
1.Мектепішілік психологиялық- педагогикалық консилиумның 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
2.Арнайы мамандар мен пән мұғалімдердің ата- аналармен байланысы нығайтылып, түзете- дамыту жұмыстары жандандырылсын.

Консилиум төрағасы:


«Т.Есетов атындағы №264 мектеп- лицейі»
КММдиректоры Ұ.Ы.Маханова
Хатшы: Педагог- ұйымдастырушы
С.Е.Кумекбаева


Ү бөлім. Инклюзивті ортада білім алатын балалардың психофизикалық ерекшеліктеріне қарай арнайы мамандар(логпед, дефектолог, психолог) жүргізетін түзете- дамыту шараларының бағдарламалық үлгісі

Оқушылардың денсаулық деңгейін ескере отырып, жергілікті жердің ПМПК мамандарының ұсынған бағдарламасы бойынша ерекше білім алуды қажет ететін оқушылармен арнайы(логопед, психолог, дефектолог) мамандардың жүргізетін түзете- дамыту шараларының бағдарламалық үлгісі



1.Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы : 2018-2019 оқу жылында инклюзивті кіріктірілген сыныптарда кедергісіз білім алатын ерекше оқушыларға арналған арнайы бағдарлама
Бағдарламаға негіз: Сөйлеу тілінде түрлі деңгейде кемістіктері кездесетін, есту қабілеті нашар дамыған, психикалық дамуы тежелген, орталық нерв жүйелері бұзылған,орта деңгейдегі балалардың церебральды салдануы, оқу әрекетінің төмендігі кездесетін оқушыларды кедергісіз ортаға қосу (инклюзивті кіріктірілген сыныптар) үшін балалардың денсаулық деңгейлерін және жас ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті ПМПК мекемесі мамандарының тұжырымдамасына сәйкес арнайы , жеке, жеңілдетілген жоспар жасалады.
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме :
1.ҚР Білім туралы заңы (2013.04.07 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2.ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы
3.ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
4.ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыз №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
5.ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты
6.ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспары
7 «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы

8.ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері


9.2018-2019 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат. Астана, 2018 ж
10.ҚР Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. 2015 жыл
11.Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу- әдістемелік сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау./ Әдістемелік ұсынымдар/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2015 ж
12.Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу үлгілерін дайындау./ Әдістемелік ұсынымдар/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2015 ж
13..Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау. ./ Әдістемелік ұсынымдар/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2015 ж
14.Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.
/ Әдістемелік ұсынымдар/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2015 ж т.б
14.ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2016 жыл
15.Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар және үйде оқытылатын балалардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар /Әдістемелік құрал/ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2017ж
16.ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы 11 шілде №343, 2002 ж

2. Кіріспе
Қазіргі заманда білім берудің даму жүйесінің кезеңіндегі ең басты мәселе, ол баланың психикалық және физикалық даму ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен біліктеріне сай тұлғасының қалыптасуына жағдай туғылу. Денсаулық деңгеінде түрлі кемшіліктер кездесетін балалар менпсихикалық дамуы қалыпты балаларды интеграциялау (кіріктіру) арқылы білім беру мәселесі – бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Инклюзивті білім беру – ол, әлемнің кез келген мемлекетіндегі қоғаммен мемлекеттің мүгедектерге көзқарасын өзгерумен, олардың басқалармен қатар, өмірдің түрлі салаларында, оның ішіндебілім алу құқықтарын мойындаумен байланыстыарнайы білім беру жүйесі дамуының заңдылық кезеңі.
Қазақстан Республикасында сөйлеу тілінде түрлі деңгейдегі кемістіктері бар, есту қабілеті нашар, психикалық даму деңгейлері тежелген балаларды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, кедергісіз орта қалыптастыра отырып білім беруді ұйымдастыру, әлеуметтік қолдаудың тиімді жолдарын қарастыру мәселелері шешімін тауып келеді.
Бағдарламада мұғалім есту қабілеті нашар оқушыларға кедергісіз білім беруі үшін төмендегіше стратегияны ұстанады:

  1. Есту қабілеті бұзылған баланың сөйлеп тұрған адамның (мұғалімнің) айтқанын түсінуі қиын болғандықтан, тапсырмаға байланысты қойылатын негізгі сұрақтар мен жетек сұрақтар анық, қысқа етіп қойылуы тиіс.

  2. Оқушының жауап беруін асықтырмай, ойлануға мүмкіндік берілуі тиіс.

  3. Тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын білім алушының психикалық және тілдік дамуына қарай өзгертуі қажет.

  4. Мұғалім немесе сөйлеуші оқушыға қарама- қарсы тұрып, орнынан көп қозғалмай, оқушыға еріннен оқуға, ұғынуға мүмкіндік беруі керек.

  5. Берілетін тапсырманы сыныпта жұптасып жасауға ынталандыру керек (кітап беттерін, тапсырмалардың, нұсқаулықтардың және т.б көрсетуде көршісінен көмек қажет болады)

  6. Сабақ барысындағы көрнекіліктерді пайдалануда 3 әдісті ұмытпаған жөн: есту- көру, есту арқылы, көру арқылы.

  7. Сөйлеу әрекетінің 4 дағдысын басшылыққа алу- тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым.

Бағдарламада мұғалім психикалық дамуы тежелген оқушыларға кедергісіз білім беруі үшін төмендегіше стратегияны ұстанады:

  1. Психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін жалпы білім беру ұйымында қалыптасқан мінез- құлық нормаларын сақтау қиын болғандықтан оқушының көбірек ұнататын әрекет( талдау, жинақтау, топтау, жіктеу, жүйелендіру) түрлерін іріктеу қажет.

  2. Тапсырманы ұсына отырып, тапсырма орындау барысында оқушылардың әлеуетті мүмкіндіктерінің әртүрлі болу мүмкіндігін ескеру қажет.

( тапсырма көлемін азайту, оқушы мүмкіндігіне орай жеңілдету)

  1. Берілетін тапсырманы түсінуі, мазмұнына жетіп ойлануы үшін сұрақтарды дәл, қысқа қою қажет, бұл ретте оларды жауап беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек.

  2. ПДТ балаларға тән тез шаршауды болдырмау мақсатында балаларды бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстырып отыру, сабақ түрлерін түрлендіру қажет.

  3. ПДТ әр бала үшін оған қажетті көрнекі тіректерді пайдалану, танымдылық пен бастамашылықтың кез келген көрінісін қолдау, оны өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімін дамыту, жағымды эмоционалдық көңіл- күйін қолдау және көтермелеу керек.

  4. ПДТ бар балалардың қызығушылықтары санаулы бағытта, тұрақсыз болғандықтан білім берудегі әдіс- тәсілдерді аз уақытта өзгертіп отыру қажет.

Бағдарламада мұғалім сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларға кедергісіз білім беруі үшін төмендегіше стратегияны ұстанады:

  1. Оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру үшін баламен көбірек сөйлесу қажет.

  2. Қоршаған ортадағы барлық әрекеттерді айта отырып, жекелеген сөздерді қайталату үшін сабыр мен мейірімділік әрекеттерді пайдалану қажет.

  3. Әртүрлі көрнекіліктерді тиімділікпен пайдаланған жөн.

  4. Тілінің мүкісі бар балаларда көп жағдайда тірек- қимылы бұзылуы байқалатындықтан, шаршау, қабілетінің төмендігі жиі көрініс береді.Сондықтан бұл оқушыларға берілетін тапсырмаларда жазбашаға қарағанда ауызша, суретті бейнелер арқылы білім беру маңызды.

  5. Сөйлеу тілінің кемістігі кездесетін оқушыларға білім мен тәрбие беру барысында логопед маманмен үздіксіз кеңесіп отыру ұсынылады.

  6. Тапсырманы баланың даму мен қабылдау мүмкіндігіне байланысты жеңілдетіп, сабақ барысында әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында бір баланың белсенді және әлеуетті мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтарды есепке алу қажет.

  7. Тапсырма мәнін түсіну үшін сұрақтарды анық, қысқа етіп қойып, жауабын беруге асықтырмай, ойланып жауап беруге уақыт беру қажет.


.
Бағдарламада мұғалім орталық жүйке жүйесі бұзылған оқушыларға кедергісіз білім беруі үшін төмендегіше стратегияны ұстанады:

1.Орталық жүйке жүйесі бұзылған оқушылар үшін жалпы білім беру ұйымында ( талдау, жинақтау, топтау, жіктеу, жүйелендіру) түрлерін іріктеу қажет.


2.Тапсырманы ұсына отырып, тапсырма орындау барысында оқушылардың әлеуетті мүмкіндіктерінің әртүрлі болу мүмкіндігін ескеру қажет.
( тапсырма көлемін азайту, оқушы мүмкіндігіне орай жеңілдету)
3.Берілетін тапсырманы түсінуі, мазмұнына жетіп ойлануы үшін сұрақтарды дәл, қысқа қою қажет, бұл ретте оларды жауап беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек.
4.Жүйке жүйесі бұзылған балаларға тән тез шаршауды болдырмау мақсатында балаларды бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстырып отыру, сабақ
түрлерін түрлендіру қажет.
5.Жүйке жүйесі бұзылған әр бала үшін оған қажетті көрнекі тіректерді пайдалану, танымдылық пен бастамашылықтың кез келген көрінісін қолдау, оны өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімін дамыту, жағымды эмоционалдық көңіл- күйін қолдау және көтермелеу керек.
6.Жүйке жүйесінде бұзылысы бар балалардың қызығушылықтары санаулы бағытта, тұрақсыз болғандықтан білім берудегі әдіс- тәсілдерді аз уақытта өзгертіп отыру қажет.


Бағдарламада мұғалім тірек-қозғалыс аппараты бұзылған (орта деңгейлі балалардың церебральды салдануы) оқушыларға кедергісіз білім беруі үшін төмендегіше стратегияны ұстанады:

  1. Қозғалыс бұзылысы бар балалардың сөйлеу тілі түсініксіздеу болатындықтан, вербалды емес қарым- қатынас технологиялары (карталар, нысандар, бейнелі көрнекіліктер т.б) қолдану қажет.

  2. Оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру үшін баламен көбірек сөйлесу қажет.

  3. Қоршаған ортадағы барлық әрекеттерді айта отырып, жекелеген сөздерді қайталату үшін сабыр мен мейірімділік әрекеттерді пайдалану қажет.

  4. Сөйлеу тілінің кемістігі кездесетін оқушыларға білім мен тәрбие беру барысында логопед маманмен үздіксіз кеңесіп отыру ұсынылады.

  5. Тапсырманы баланың даму мен қабылдау мүмкіндігіне байланысты жеңілдетіп, сабақ барысында әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында бір баланың белсенді және әлеуетті мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтарды есепке алу қажет.

  6. Тапсырма мәнін түсіну үшін сұрақтарды анық, қысқа етіп қойып, жауабын беруге асықтырмай, ойланып жауап беруге уақыт беру қажет.

  7. Сөйлеу әрекетінің 4 дағдысын басшылыққа алу- тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет