Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет108/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

28-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.
Мәтінді тізбектей мәнерлеп оқыту.
Құс дәнді қалай бөлді? («Қуыршақ» театрының қысқаша қойылымы)
Тышқан мен борсық бір қара дән тауып алды.Оны қалай бөлісуді ойлады. Осы кезде жандарынан қарлығаш ұшып бара жатты. Қарлығаш: -Мен сендерге көмектесейін ,-деді.
-Сен ,тышқан,қолыңа күрек ал,жерді қазып,дән ек.Ал сен ,борсық,су құйғышты алып,жерді суғар.
Тышқан мен борсық оның айтқандарын істеді.
Күзде үлкен күнбағыс өсіп шықты,оның дәндері өте көп болды. Олар дәнді бөлісті. Тышқан-бір шелек,борсық-бір қап,ал қарлығаш ақылды кеңесі үшін тұтас бір себет дән алды.

(Рөлдерде ойнағандар: Қарлығаш-Ерекше білімді қажет ететін оқушы Тышқан-Айзере, борсық-Дарын).


Топтық жұмыс
Сұрақтарға жауап бер.
1-топ Мәтінде не туралы айтылған?
2-топ Мәтін сендерге ұнады ма?
3-топ Дәннің жақсы өсуіне не себеп болды?
4-топ Қалай ойлайсың судың пайдасы тиді ме?
5-сұраққа бәрі жауап береді.
Суды неліктен тіршілік көзі деп атайды?
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Су әлемдегі ең көп таралған зат.Кез-келген нәрсе судан тұрады.Су –тіршілік көзі,өмірдің қуаты. «Судың да сұрауы бар»дейді аққан судың қадірін білген дана халқымыз. Су-бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Тұщы судың бір көзі –өзен.Қазақстанда үлкенді –кішілі өзендер көп. Олардың бастылары: Жайық, Ертіс, Есіл,Тобыл, Сырдария, Іле,Нұра,Сарысу,Торғай.т.б. Есептеулерге қарағанда қаланың бір тұрғыны алуан түрлі қажетін өтеу үшін тәулігіне 700 литрге дейін таза суды тұтынады. Су ғажайып зат.Табиғаттағы су үш түрлі. Сұйық,қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Су тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.
Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
Сұрақ-жауап:
Мәтін нешеге бөлінеді?
( мәтін үшке бөлінеді:әңгімелеу,сипаттау,пайымдау)
Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
(әңгімелеу мәтіні)
Әңгімелеу мәтініне қандай сұрақтар қойылады?
(Не болды?,не істеді? сұрақтары қойылады.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет