Жалпы білім беретін мекемелердегі дефектолог маманның қызметтік міндеттері:
Дефектолог болып « дефектологиялық» жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Дефектология (лат. Defectus – кемістік, грек. Loqos – сөз, ілім) педагогикалық ғылымдарға жатады. Денсаулығында кемістігі бар балалардың психо- физиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеудің және оқытудың ерекшеліктерін зерттейді. Ғылымның таным саласы ретінде дефектология денесінде және психикасында кемістігі бар балаларды және оларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.
Дефектолог маман жалпы білім беретін мекемелері мұғалімдері үшін белгіленген тәртіпке сай тағайындалады және жұмыстан босатылады.
Дефектолог маманның міндеті:
1.Түрлі кемістіктері бар балалардың дене және психикалық дамуының обьективті заңдылықтары мен ерекшеліктерін терең жан- жақты зерттейді
2.Оқу процесінде түзете- тәрбиелеу жұмысын арнайы әдістер арқылы ұйымдастыру
3.Оқу мен еңбекті балалардың дене және ақыл қабілеттерін қалыптастыруда негізгі құрал ретінде біріктіре пайдалану
4.Сыныпта ұстаздар мен оқушылар арасындағы қарым- қатынастың дұрыстығына атсалысу
5.Оқу жұмысы мен балалардың демалыс кестесін денсаулықтарына кедергі келмейтіндей етіп ұйымдастыру
6.Оқушылардың белсенділігін арттыру шараларын ұйымдастыру
7.Балалардың жас ерекшелігі мен даму мүмкіндіктерін ескере отырып арнайы жабдықтар мен оқу құралдарын, түрлі техникалық құралдарды кеңінен пайдалану жолдарын ұйымдастыру
8.Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу
Достарыңызбен бөлісу: |