Жалпы білім беретін мекемелердегі психолог маманның қызметтік міндеттері:
Психолог болып «психологиялық» жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Педагог- психолог- білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) психикалық, соматикалық және әлеуметтік қалпын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады.
Психолог маман жалпы білім беретін мекемелері мұғалімдері үшін белгіленген тәртіпке сай тағайындалады және жұмыстан босатылады.
Психолог маманның міндеті:
Жалпы мектепте білім алушылар мен ерекше білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік- психологиялық жағдай жасау, психологиялық қолдау көрсету.
Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін- өзі дамыту қабілетін қалыптастыру.
Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру.
Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу- тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата- аналар мен педагогтерге кеңес беру, көмек көрсету.
Білім алушыларды психологиялық диагностикалау.
Білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау
Әрбір білім алушыға жеке ықпал ету
Оқытуда, қарым- қатынаста , психикалық өзін- өзі сезінуде қиындық көретін білім алушыларға көмек көрсету
Өзекті стресс, қақтығыс, эмоционалдық уайым қалпындағы оқушыларға психологиялық көмек беру т.б
Баланың жеке ерекшеліктерін анықтап, оның тұлғасына мотивациялық, мінез-құлқысына және интеллектуалдық деңгейіне мінездеме жазады
Достарыңызбен бөлісу: |