Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты


ҮІІ бөлім. Әлеуметтік педагогтың ерекше білім алуды қажет ететін балаларды қолдау мақсатында жүргізетін жұмыстары



бет34/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

ҮІІ бөлім. Әлеуметтік педагогтың ерекше білім алуды қажет ететін балаларды қолдау мақсатында жүргізетін жұмыстары

Адамның ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген.


«Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23 бапта белгіленген.
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды.
Осы орайда,2014-2015 оқу жылында № 264 мектеп-лицейінде «Инклюзивті білім беру» орталығы ашылды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-анаға қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Сол себепті отбасындағы өзара қарым-қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей жағдайда отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін) әкеледі. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға тек педагогтардың ғана емес, арнайы мамандардың да көмегі қажет. 
Тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор. Мүгедек балаларды жанұяда тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер», яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына лайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. 
Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қам-қорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез- келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде дамуында ауытқуы бар балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік педагогтың орны ерекше.Әлеуметтік педагогтың міндеті балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым - қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу
Әлеуметтік педагог – білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет