Жалпы білім беретін мекемелердегі тифлопедагог маманның қызметтік міндеттері: Тифлопедагог болып дефектологиялық білім ,«тифлопедагогика» мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда «tiflus» - соқыр деген мағынаны білдіреді,педагогика-«тәрбиелеймін» деген мағынада.Көруі бұзылған тұлғалар,соқырлар және нашар көретіндер тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік бұзылысты қамтиды.
Тифлопедагог жалпы білім беретін мекемелері мұғалімдері үшін белгіленген тәртіпке сай тағайындалады және жұмыстан босатылады.
Тифлопедагогтың міндеті:
Балалардың көру қабілетінің бұзылу деңгейіне қарай түзету шараларын ұйымдастыру
Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипатын қарай баланың барлық сенсорлық жүйесіне әсер ететіндіктен қоршаған ортаны танытудың басты жолдары мен сыртқы әлемді қабылдаудың толықтығы мен нақтылығын айқындауы қажет
Көру сезімінің төмендігі бала зейінінің дамуына кедергі жасайтындықтан қызығушылықты тудыратын заттар ойластырылуы керек