Бала өзіне сіздің назарыңызды аударғанда өзіңізге мынадай сұрақтар қойыңыз: Баланың сіздің назарыңызда өзіне аударуының себептері қандай?
Не жағдай болды?
Баладан және және басқа қатысушылардан не жағдай болғанын өтіндіңіз.
Осы балаға қатысты сізді не алаңдатады?
Баланы зиянды факторлардан қорғау үшін шұғыл түрде шара қолдану қажет пе?
Бағалау үш түрде жүргізіледі: 1.Алдын-ала бағалау әлеуметтік жағынан осал бала туралы ақпарат келіп түскеннен кейін тез арада жүргізіледі.
Алдын- ала бағалаудың мақсаты-баланы қорғау үшін шұғыл шараларды қолдану қажеттілігі жөнінде шешім қабылдау.
2.Толық және жан-жақты бағалау әлеуметтік көмек көрсету шараларының тиісті жоспарын құрудың негізін қалау үшін мұқият түрде бірнеше апта бойы жүргізіледі.
3.Тәуекелді бағалау- бала ұшырап отырған немесе ұшырауы мүмкін тәуекел факторын бағалайтын тұрақты процесс.