24
қалыптастыруға және бекітуге үйрету мақсатында өткізіледі. Ырғақты
сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс жасау
қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау . Ритмика сабағы ритмикалық
жаттығуларды, ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу
ойындарын пайдалануды ұсынады.
- «Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен
жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты өткізу түрі қойылған
мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді.
- «Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту». Бұл курстың мақсаты
зағиптардың түйсінуі мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды ,
қоршаған ортадағы нәрселерді , кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта,
дербес және кіші топта өткізіледі.
- «Кеңістікте бағдарлау». Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу
тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді.
- «Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу». Курстың негізгі мақсаты болып
табылады: қоршаған әлемдегі заттар және құбылыстар туралы елесті
қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы
дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету.
Бастауыш сынып баланың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге
бағытталған, оның әлеуеттік толық мүмкіндігін дамытуға, ауытқушылығын
түзетуді дамытуға, емдеу, гигиена және көруін сақтауға, оқуға деген ынтасы
мен біліктілігін дамытуға, көрнекілік-образды тәсілін және теориялық
ойлауын, оқу іс-әрекетіндегі дағды мен білікті игереді; оқуға, санауға, жазуға,
суретті түсінуге, жеке басының гигиенасыныңэлементарлық тәсілдерін яғни,
өзіне-өзі қызмет жасау, мобильділік, бағыттаушылықты үйренеді.
Негізгі мектепмектеп бітіруші түлекке білім алуын жалғастыруға және
қоғамның толыққанды өміріне араласу үшін қажетті жалпы білім берудің
мықты іргетасын қалайды. Түзету жұмыстары танымдық, дербес және
қозғалыс саласында, гигиена және көруін сақтауға, денсаулығын бекіту
бойнша әрі қарай жалғасады. Мектеп баланың әлеуетті мүмкіндіктерін
ғылыми ой-санасын, әлеуметтік өзін-өзі анықтау мүмкіндігін дамытады, көруі
бойынша мүгедектердің жұмысқа орналасуы мен түрлі еңбек іс-әрекетін
үйренуін кәсіби оқуын, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Негізгі мектеп жалпы білім беруге дайындықты аяқтауды қамтамасыз
етеді. Мұғалім оқушылардың қызығушылығының толық есебін, қоғамдық
пайдалы еңбекке және заманауи қоғамдық өмірге белсенді араласуына,
әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жағдай жасайды .
Достарыңызбен бөлісу: