Инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру



бет5/6
Дата21.06.2022
өлшемі22,73 Kb.
#146922
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
инк
біздің айналамыздағы ақпарат қмж, Ақпарат.ұсыну 5 сынып1 ток, Ақпарат.ұсыну 5 сынып1 ток
Білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар.
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.
Әлеуметтену - әлеуметтік рөлдер мен мәдени нормаларды игере отырып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қызмет етуге мүмкіндік беретін білім, құндылықтар мен нормалардың белгілі бір жүйесін меңгеретін және көрсететін барлық әлеуметтік процестердің жиынтығы.
Психологиялық-педагогикалық қолдау – әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес нәтижелі оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін көрсететін балаға оқу-тәрбие процесіндегі көмектің (немесе қолдаудың) ерекше түрі.
Психологиялық-педагогикалық мектеп консилиумы – бұл оқушыға көмек көрсетудің бірыңғай стратегиясын жасау үшін ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы мамандарының өзара әрекеттестігінің формасы.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болуына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және (немесе) дене дамуында ауытқушылығы бар балалар.
Дизартрия - мидың маңдайарты және қабықасты бөліктерінің зақымдануы нәтижесінде сөйлеу аппаратының жеткіліксіз иннервациясынан болған дыбыс айтудың бұзылысы.
Анартрия – дыбыс айтуға қатысатын бұлшықет немесе жүйкенің зақымдануынан артикуляцияның бұзылысы туындайтын сөйлеу тілінің кемістігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет