Инновация жағдайында білім беру жүйесі менеджментін өндірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
Инновация — кез келген жаңалық немесе жаңалықты енгізу ғана емес, бұл бүгінгі қолданыстағы білім жүйесінің тиімділігін арттыратын үдеріс. Инновациялық іс-әрекет — білім берудің кез келген деңгейінде инновациялық үдеріспен қамтамасыз ететін шаралар кешені және үдерістің өзі. Педагогикалық инновация білім беру жүйесін қайта құру, жетілдіру, модификациялау, өзгертуге байланысты немесе оның белгілі жақтарын, қасиеттерін және аспектілерін (жаңа заңнамалық акттерді, құрылымдарды, тұжырымдамаларды және интеграциялық байланыстарды және т.б.) жасақтау. Инновациялық үдеріс ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеттері, технологиясы және адам ресурстарын қамтиды.
Инновациялық іс-әрекеттің негізгі функцияларына педагогикалық үдерістің компоненттерінің өзгерістерін енгізеді: мақсаттары, білім беру мазмұны, оқытудың формасы, әдістері, тәсілдері, технологиялары, басқару жүйесі және т.б. Сонымен бірге барлық зерттеушілер инновацияны инновациялық стихиялы ізденіс ретінде қарастырмау керек деген пікірге келеді, себебі инновация - мақсатты бағытталған, саналы өзгеріс[1; 25 б].
Бүгінде инновациялық өзгерістер әртүрлі бағыттарда жүруде, білім берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру; оқытудың жаңа технологияларын өңдеу мен жүзеге асыруда; жаңа бағдарламаны меңгерудің әдістері мен тәсілдерін қолдану; оқыту үдерісінде оқушылардың өзіндік анықталуына жағдай туғызу; мұғалім мен оқушының ойлау стилінде, өзара қарым-қатынастарында өзгеріс, білім беру мекемелерінде шығармашылық инновациялық ұжымды жасау және дамыту. Бұл үдерістердің барлық қарама-қайшылықтарында, шығындарында, кемшіліктерінде олар позитивті сипат береді. Осы инновация әлеуметтік институт ретінде білім беруге тән керітартпалықты жоюға мүмкіндік береді, әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттің, тұлғаның қажеттілігінің өзгерісіне жедел және икемді жауап беру механизмін құру жағдайларын қамтамасыз етеді, бұл бүгінде отандық білім беруді дамытудың өзекті міндеттері ретінде қарастырылады.
Инновация мазмұны ретінде келесі еңбектерді айтуға болады: белгілі бір жаңалықтың ғылыми-теориялық білімі негізі (В.М. Полонский); жаңа тиімді білім беру технологиялары (В.П. Беспалько, В.В. Сериков); енгізуге әзір технологиялық сипаттау түрінде орындалған тиімді инновациялық педагогикалық іс тәжірибе жобасы (Н.Л. Гузик).
Осылайша, жоғарыда қарастырылған педагогикалық инновацияның болмысын ұғу амалдарындағы ортақ нәрсе олардың басты назары педагогикалық шығармашылықтың үдерісі мен нәтижесінде болуында. Барлық зерттеушілер білімнің инновациялық үдерістердің болмысын жаңа теориялық талдап, түсінік беруге, үздіксіз инновациялық қозғалысты қамтамасыз етуге қажеттілігін атап өтеді. Бұл қажеттілік, өз кезегінде мамандардың арнайы даярлау, соның ішінде педагогикалық инновация саласында құзыретті педагогтерді даярлау мәселелесін өзектендіреді. Инновациялық іс-әрекетке, үздіксіз инновациялық режимде жұмыс жасауға педагогтерді даярлау арқылы инновациялық білім беруді дамытудың сәттілігі анықталады. Осы даярлықтың маңызды құрылымдық бөліміне қоғамның, еңбек нарығының, тұлғаның, технологиялардың және үздіксіз ақпараттық ортаның жаңаруына өз кәсіби іс-әрекетінде оперативті әрекет етіп, икемді болу қабілеті жатады. Сонымен, педагогтің құзыреттілігі білім берудегі инновацияның дамуының тұрақтылығының маңызды шарттарының бірі. Сондықтан, педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін мақсатты дамыту- білімнің инновациялық дамуының маңызды факторы.
Білім беру инновацияларын орта мектептерге енгізудің басты кедергісі мұғалімдердің сапалық құрамы мен кәсіби құзыреттілік деңгейлері. Мысалы, оқытудың жаңа технологиялары мектеп мұғалімінен (өз пәнінен кәсіби құзыреттілігінен басқа) педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мұғалімнен дамыта оқыту технологиялары талап ететін педагогикалық білімдер:
Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын диагностикалау іскерлігі;
Оқу пәнін терең, жүйелі және оның ғылыми негіздерін білу;
Оқу материалын қайта құрылымдау, бір ғана сабақ емес, тұтас тақырыпты индуктивті мазмұндаудан логикалық индуктивті-дедуктивті проблемалық мазмұндай білу;
Оқушыны өмірге даярлау, бағыт беруде оқу үдерісін моделдеу (оның мақсатын, мазмұнын, оқыту формасын, әдістері мен тәсілдерін);
Оқушының өзбеттілік жұмысын ұйымдастыра білу;
Оқытудың белсенді әдістерін еркін меңгеру;
Оқушы мен мұғалім ынтымақтастығы, қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету[2; 21б].
Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр. 2012 жылы еліміздің біліктілік арттыру жүйесінде бастау алған деңгейлік бағдарламалар негізінде біліктілік арттырудың курстарынан өткен мұғалімдер арқылы бүгінде мектептерімізде тың сапалық өзгерістер әкелуде. Бұл Үшінші деңгей бағдарламасының басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауы олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген тұжырымға негізделеді[3, 6-7бб]. Курс барысында интерактивті оқыту негізінде мұғалімдер бағдарламаны жеті модуль аясындағы қарастырылған түйінді идеялармен және оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерді меңгереді, яғни Конфуций айтқандай «өзі жасап меңгеру» нәтижесінде кәсіби құзыреттіліктері арттады.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру – кезеңдік үдеріс, яғни педагогикалық іс-әрекетте үнемі кәсіби шеберлікті арттыру қажет және аталған сатылар әрдайым қайталанады, бірақ жаңа сапада қайталанады. Өзін-өзі дамыту үдерісі биологиялық, әлеуметтік жеке тұлғалық ерекшеліктерге байланысты, ол жеке өмірін саналы ұйымдастырса, өзіндік дамуында қамтиды. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісі әлеуметтік ортаға тәуелді болып келеді, сондықтан орта кәсіби өзіндік дамуды ынталандыруы қажет[4, 58-64 бб].
Біліктілікті арттырып тәжірибеге араласқаннан кейінгі мұғалімдердің дәстүрлі оқыту әдістемесіне көшіп кетпеуі үшін мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық әдістемелік қолдау мен біріккен әрекетті жүйелі жүзеге асыру маңызды. Бүгінде желілік қоғамдастықтар, әртүрлі формада тәжірибе алмасулар, ортақ ойды ортаға салатын басылымдар, іс –тәжірибені тарату жұмыстарының жүйелі жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде мұғалімге кәсіби қолдау, даму, кәсіби құзыреттіліктің арттыру қолайлы факторлары болып табылады.
Инновациялық қызметтің негізгі түрлеріне жататындар:
өндірісті ұйымдастыру және дайындау , яғни өндірістік құрал-жабдықтарды және олардың өзгерістерін, сонымен бірге жаңа технологиялық процесс жасау үшін қажет сапаны бақылау және өндіріс әдістерін қамтиды.
қайта өндірістік зерттеулер, яғни жаңа технология және құрал жабдықтардықолдану үшін персоналдарды қайта даярлау, өнім технологиялық процестік модификациялау.
жаңа өнім маркетингі,яғни нарыққа жаңа өнімді шығарумен байланысты байланысты қызмет түрлерін қарастырады, сонымен бірге алдын-ала нарықты , өнімнің әртүрлі нарықтарға бейімделуін, жарнама кампанияларын зерттейді.
патент, лицензия, сауда маркасы және технологиялық мазмұнды қызмет көрсету формасындағы сырттан заттай емес технологияны алу.
заттай технологияларды-машина құрал-жабдықтарды алу.
Инновациялық қызмет негізіне ғылым мен техниканың барлық салаларында ғылыми-техникалық білімді тарату және қолдану, дамумен тығыз байланысты ғылыми-техникалық қызмет жатады. ҒТҚ түсінігін ЮНЕСКО- енгізді, ол ғылым және техника статистикасының халықаралық стандарттар категориясына кіреді.
ЮНЕСКО-ның ұсынысы бойынша ҒТҚ статистиканың объектісі ретінде 3 түрге бөлінеді:
ғылыми зерттеу және жасау (разработка)
ғылыми техникалық білім және кадрларды даярлау
ғылыми техникалық қызметтер.
Достарыңызбен бөлісу: |