Инновациялық және дәстүрлі оқыту Өзектілігі



бет1/2
Дата20.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#146850
  1   2
Байланысты:
инновация сессия


Инновациялық және дәстүрлі оқыту

Өзектілігі: Егеменді еліміздің дамуындағы жаңа бағдарлар, қоғамның жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында «Бізге қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-деп атап көрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуге ғылым мен білім, әр түрлі жаңа технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп, ұстаздар қауымының белсенділігін арттыруды міндеттеп отыр. Білім алушылардың ой- қиялын, біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін - ұстаз шеберлігі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады.
Мақсаты: инновациялық және дәстүрлі оқытуды мәнін ашу, артық және кемшіл тұстарын көрсету және пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Міндеттері: инновациялық және дәстүрлі оқытудың мәнін ашу, артық-кемшіл жақтарын көрету.
Инновациялық оқытуды пайдалану мүмкіндіктерін тәжірибеде қарастыру.
Зерттеу әдістері: педагогикалық әдебиеттерге шолу, талдау, сауалнама.
Мазмұны
Теориялық бөлім. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғ дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негіздеген және қазіргі дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданылатын оқытуды класс – сабақтық ұымдастыру деп түсінеді. Класс – сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажеттілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтай бастады.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізі Я.А. Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Дәстүрлі технология ең алдымен авторитарлық педагогиканың талаптарына сай оқушының ішкі өмірімен байланыспайтын, өте нашар білім болып табылады, онда тұлғаның өзіне тән қабілеттерін көрсету үшін жағдайлары мен творчестволық көріністері болмайды.
Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу, ұйымдастырудың анықтылығы; мұғалім тұлғасының оқушыларға әдістері, тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпал, жалпы оқу барысында қаржыны орынды жұмсау. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушылардың бір–бірімен қатынастардан изоляциялау, оқшаулау, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық немесе көзбоярлықтағы белсенділік); оқушылардың сөз іс–әрекетінің нашарлығы; индивидуальді оқытудың таза болмауы, нашар кері байланыс.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р.Линчевская Т — «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару — белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея. Ал «Инновация» ұғымына ғалымдардың көбі әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» деп түсіндірсе, Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.
Заманауи инновацияларды қолданудың мүмкін болатын кемшіліктерін келесі тармақтар тізімінде көрсетуге болады: Жоғары дамыған елдерден артта қалудың жоғары пайызы және жалпы қабылданған құндылықтар жүйесі ең перспективалы инновацияларды енгізуге мүмкіндік бермейді; Инновацияларды енгізудің негізгі кемшілігі олардың құны болып табылады; Кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары дамуды тежейді, сондай-ақ қаржылық қолдауды талап етеді; Адамның жұмыс күшінен бас тартуы жұмыссыздықтың өсуін арттырады.
Көптеген оң аспектілердің ішінде қазіргі заманғы инновациялардың 10 маңызды артықшылығын атап өтуге болады: Елде өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру; Инновацияларды енгізу арқылы қазіргі заманғы адам интеллектінің дамуы жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктердің пайда болуына ықпал етеді; Жаңа технологиялардың дамуы адам еңбегінен жартылай бас тартуға ықпал етеді, көптеген процестер толық немесе жартылай автоматтандырылған, операциялардың дәлдігі және соңғы нәтиженің сапасы артады; Жаңа технологияларды қолдану өзін-өзі дамытуға, сондай-ақ елдің еңбекке қабілетті тұрғындарының көпшілігінің кәсіби сапалары мен дағдыларының деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
— білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты; жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
— жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты — оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Тәжірибелік бөлім

1-сурет
Инновациялық оқыту технологияларының мүмкіндігін анықтау үшін Google Forms, Jamboard, Webanketa бағдарламлары қолданылды. Тәжірибе Абай атындағы ҚазҰПУ-нің “Педагогика және психология” мамандығының 1 курс магистранттарына жүргізілді.
А) анықтаушы эксперимент
Топ магистранттарынан Google Forms бағдарламасының көмегімен сауалнама алынды. https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc9VbyZ3ql9BcFI5BL9mPZUg3-Y4XHL81MoDxKgQac2N49zNQ/viewform?usp=sf_link


  1. Сурет

Сауалнамаға қатысушылар 100 % жаңа инновацияларды меңгеруге дайын екендеріне көз жеткіздік.
Б) қалыптастырушы эксперимент
Canva бағдарламасы арқылы топ магистранттарына инновациялық оқыту технология туралы түсіндіре жұмыстары жүргізілді
https://www.canva.com/design/DAE4Z9aqvyc/4sJUatOz2e9142NhsVDejA/edit?utm_content=DAE4Z9aqvyc&utm_campaign=designshare&utm_medium=link2&utm_source=sharebutton

3-сурет
В) бақылаушы эксперимент
Түсіндірме жұмыстары аяқталған соң инновациялық оқыту технологияны қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін қорытынды сауалнама алаынды.


  1. Сурет

Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі инновациялық оқыту әдісінің ұнайтынын, ыңғайлы екенініне көз жеткізілді. Инновациялық оқыту әдісін қолданудағы басты жетістігіңіз деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі уақыттың тиімді пайдалана алғандарын атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет