16
Педагогтің міндеті – өзінің түсіндіруіне көп уақыт
бөлмей, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, түсіндіруді
балалардың өзбетінше ой елегінен өткізіп,
сұрақтарға
жауап табуына, қолмен жасап, зерттеп, шешім шығаруына
мүмкіндік беру. Ол үшін балалардың қызығушылықтарын
ескере отырып, ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерін
(ойын, қимыл,
танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес)
ұйымдастыру.
Баланы
өзінің әлем туралы түсінігін құру құқығы мен мүмкіндігі бар және өз бетінше
үйренуге белсенді қатысушы ретінде қабылдау.
Балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруда баланың ынтасын, пікірін
және тілегін ескере отырып, ойын түрінде, барлық балалармен бір уақытта ғана
емес, сонымен қатар шағын топтармен өткізу, балалар әрекетінің бірнеше түрі
қатар ұйымдастырылған жағдайда балаларға аталған әрекеттердің бір түрінен
өзін қызықтыратын басқа екінші әрекетке ауысуға рұқсат ету, қызығып орындап
отырған баланы басқа балалармен бірге еріксіз
келесі әрекетке көшірмеу
ұсынылады.
Сондай-ақ, ұйымдастырған іс-әрекеттерді, түрлі балалар әрекеттерін тек топ
бөлмесінде үстел үстінде ғана емес, серуенде, ойын алаңында және т.б. балалар
үшін жайлы жағдайларда күннің бірінші және екінші жартысында өткізуге
болады.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде
тәрбиеленушілердің
қызығушылықтары, қажеттіліктері, жас және жеке
ерекшеліктері ескеріледі.
Ерекше және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және
оқыту кезінде
баланың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес үлгілік оқу, арнайы, жеке/бейімделген
білім беру бағдарламалары қолданылады.
Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ
баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін
диагностика негізінде
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі
(бастапқы қыркүйекте аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр айында).
Мониторингтің мақсаты:
- баланың жетістіктерін қадағалау;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету;
- түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін
жетілдіру;
- баланың Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.
Нәтижелер «Бақылау парағында» толтырылады.
Алынған мәліметтер
негізінде топтағы әрбір балаға Баланың жеке даму картасы толтырылады (4-
қосымша). Мониторинг нәтижелері бойынша даму деңгейлері I, II деңгейдегі
балалармен қосымша жеке жұмыстар жүргізіледі.
Баланың жеке даму
картасының «Дамыту, түзету іс-шаралары» бөлімінде мониторинг нәтижелері
бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар баланы одан әрі
дамыту іс-шараларын толтырады.
Дамыту,
тәрбиелеу
және оқыту процестері
тәсілдерін
өзгерту
Достарыңызбен бөлісу: