Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы



бет11/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Құрылыс ауылы аудан орталығынан 60 километр, облыс орталығынан 400 км қашықтықта орналасқан, онда 1060 адам тұрады. Ол Қызылжар ауылдық округінің орталығы болып табылады. Қызылжар ауылдық округінің халық саны 2014 жылы 2335 адам болса, 2016 жылы 2374 адам болып, 39 адамға өсті.

Қызылжар ауылдық округі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан. Елді мекен жерінің аумағы 360606 гектар.

Бұдан басқа ауылдық округке Жаныс би (округтен -27 км), Шеңбертал (округтен 40 км) елді мекендері қарайды.

Құрылыс ауылы қызметінің басты бағыты-ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және оларды өңдеу.

Құрылыс ауылы қызметінің бағыттары:

Мемлекеттік мекеме - әкімдік.

Ауыл шаруашылығы (18-шаруа қожалығы, 2-ЖШС, 3-ӨК).

Қөліктік қатынас – автокөліктік.

Шағын бизнес барлығы – 22.

Жалпы орта білім беру нысандары – 1 (Б. Алманов атындағы орта мектебі).

Мектепке дейінгі тәрбие нысандары – 1 («Балдәурен» балабақшасы МҚКК).

Денсаулық сақтау нысандары – ауылдық дәрігерлік амбулатория.

Әлеуметтік нысандар – «Мәні» мәдениет» үйі, кітапхана.

Ауылішілік су тарату желісінің ұзындығы – 5,6 км.

Құрылыс ауылынан 6 километр қашықтықта «Батыс Европа-Батыс Қытай» автомобиль жолы өтіп жатыр.

Құрылыс ауылынан 55 км. радиуста 2 елді мекен орналасқан және оларда 1267 адам тұрады.

Қызылжар ауылдық округінің құрамында Құрылыс, Жаныс би және Шеңбертал елді мекендері бар.

Құрылыс ауылының жалпы аумағы 118370 гектарды құрайды,оның ішінде елді мекен жерлері – 20723 га, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер – 97647 га.

Құрылыс ауылындағы жалпы халық саны - 1069 адам, оның ішінде ерлер - 567, әйелдер - 502, зейнеткерлер - 98, мүгедектер - 16, 18 бен 29 жас аралығындағы жастар - 250, оқушылар - 231, жұмыс жасайтындар - 240, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 269 және жұмыссыздар - 30 адам.

Еңбекке жарамды халық саны 539 адамды құрайды, оның ішінде ауылда жұмысқа орналасқандар - 240 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 269 адам.

Құрылыс елді мекені бойынша 2014-2016 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту Картасы (әрі қарай-жұмыспен қамту Картасы) жасалынады. Осы кешенді даму жоспары шеңберінде ашылатын жұмыс орындары жұмыспен қамту Картасында көрініс табатын болады және Құрылыс ауылының кешенді даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жұмыспен қамту Картасындағы көрсеткіштер нақтыланып отырылады.

Құрылыс ауылының қазіргі жағдайына талдау жасай келе төмендегілерді атап өтуге болады:



  • Ауылдық округ әкімшілігі ғимараты тар;

  • Ауылішілік газ тарату желісінің құрылысын жүргізу;

  • Қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орынының құрылысын жүргізу;

  • Спорт комплексінің құрылысын салу;

  • Ауылдық округ әкімшілігі ғимаратының құрылысын салу;

  • Б. Алманов атындағы орта мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді;

  • Құрылыс ауылынан «Батыс Европа-Батыс Қытай» автокөлік жолына дейінгі жолды күрделі жөндеуден өткізу (6 км.);




Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет