Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы



бет19/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Қосымша білім беру

Аудан бойынша 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Ондағы оқушылар саны 1300. Оқушыларға мектептен тыс, сыныптан тыс тәрбие беруде жалпы білім беретін мектептер ұжымдарымен қатар өнер және спорт, көркем сурет мектептері жұмыс жасайды. Олар мектеп оқушыларының ұлттық дүние танымын қалыптастыру, біліктілігін дамыту және денсаулығын шыңдау бағытында қызмет етеді.


Денсаулық сақтау

Жыл қорытындысы бойынша медициналық демографиялық көрсеткіштері төмендегідей: 2014 жылы жалпы өлім көрсеткіші-5,6, ана мен бір жасқа дейінгі бала өлімі тіркелмеген.

2014 жылы барлығы - 366 нәресте дүниеге келді (2013 ж – 360). Тұрғындардың жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 5,6 (2013 ж-6,0) пайыз. Тұрғындардың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 2013 жылы 18,0 (2012 ж. – 18,3). Орташа өмір сүру ұзақтығы 2014 ж – 6,0 жасқа дейін ұлғайды.

Әлеуметтік маңызды аурулар түрлері бойынша да оң серпінге қол жеткізілді. Қан айналым жүйесі ауруларынан өлу 39,5 %-ға – 100 мыңға шаққанда 2013 жылғы 39,8 қарағанда 2014 жылы 0,3 пайызға төмендеді. Қатерлі ісік ауруларынан қайтыс болу 72,4% - 2013 жылға қарағанда 6,0 пайызға өсті. Есепті жыл қорытындысы бойынша туберкулезден өлу 2014 жылы жоқ.

Медициналық қызметкерлердің алдында тұрған міндет – денсаулық сақтау мәселесі бойынша қоғамның барлық күштерін шоғырландыру, негізгі акцент аурудың алдын алу және бастапқы кезеңде анықтау болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет