Басым жақтары:
- мәдениет мекемелерінің күрделі жөндеуден өтуі.
- «Аймақты әнмен тербетіп...» өнер мерекесін өткізу арқылы көршілес облыс, аудандармен мәдени байланыста болуы.
Осал тұстары:
мәдениет мекемелерінің, әсіресе ауылдық мекемелердің материалдық- техникалық базаларының төмендігі.
Кәсіби мамандардың жетіспеуі.
Мүмкіндігі:
- Аудан кітапханаларын модернизациялау, кітапханаларды жаңа әдебиеттермен қамтамасыз ету.
Қауіпі: білікті кадрлардың саладан кетуі.
Ауданда мәдениет саласына кедергі келтіретін мәселелер:
материалдық – техникалық базасының нашарлығы (аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханалар автокөлікпен, дыбыс аппаратурасымен, музыкалық аспаптармен, сахналық костюммен, сахнаны жарықтандыру құралдарымен және т.б. толық қамтамасыз етілмеген);
ауылдық жердегі мәдениет ошақтарының дербес ғимараттарының жоқтығы.
кәсіби мамандардың жетіспеушілігі.
Дене шынықтыру және спорт
Дене шынықтыру-сауықтандыру және жаппай көпшілік-спорттық шаралардың өткізілуі жыл сайын артуда, бұл шараларға 3 мыңнан артық адам қатынасады. Аудан аумағында мектеп, оқу орындары спартакиадаларының, мемлекеттік қызметкерлердің спартакиадасының және аудандық ауыл жастары спартакиадасының өткізілуі дәстүрлі орын алды.
Дене тәрбиесі мен спорттың материалдық-техникалық базасы нығаюда.
Дегенмен, дене тәрбиесі мен спорттың жаппай әрі қарай дамуына, спорттық резервтің дайындалуына және жоғары жетістікті спортқа ең алдымен кедергі келтіретіндер:
1) Саланың нашар материалдық-техникалық базасы:
Аудандағы дене тәрбиесі мен спорттың материалдық-техникалық базасының жағдайы барлық халықтың да, жоғары білікті спортшылардың да сұранымын қанағаттандырмайды, жалпы білім беретін мектептерде, тұрғылықты мекен-жайларда және көпшілік демалатын орындарда спорт құрал-жабдықтарының және құрылғыларының, спорт ғимараттарының жетіспеушілігі сезіледі. Спорт ғимараттарының көпшілігі техникалық пайдалануы бойынша қазіргі кезде жоғарылаған нормативтерге, республикалық регламенттер талаптарына және оқу-жаттығу үрдісі мен жарыстарды өткізу ережелеріне, қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейді.
Жалпы білім беретін 22 мектепте дене тәрбиесі бойынша сабақ жүргізу үшін бар болғаны 8 спорт залы бар (бұл аудан бойынша мектептердің жалпы санының 29 % құрайды).
Аудан халқының дене белсенділігінің қажетті деңгейінің жоқтығы, спорт ғимараттары санының жеткіліксіздігі, керек-жарақтар мен құрал-жабдықтар сапасының нашарлығы адам өмірінің ұзақтығына ықпалын тигізетін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
2) дене тәрбиесі кадрларының жеткіліксіздігі және нашар біліктілілігі:
Әсіресе, қазіргі кездегі спорт әр түрлі жаңартпаларға бейім, сондықтан да спортшылармен жұмыс істеуде жаңа әдістемелерді игерген мамандардың дайындалуына ерекше назар аударып қатаң талап қояды.
2014 жылғы халық санағы бойынша Ырғыз ауданында 15221 (он бес мың екі жүз жиырма бір) тұрғын тіркелді. Осы тұрғындардың арасынан тұрақты түрде дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатындар 5672 (бес мың алты жүз жетпіс екі) адам, барлық тұрғындардың 37,3% - ын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |