Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы



бет20/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Жұмыспен қамту

Аудан бойынша 2014 жылы 15 жастан жоғары экономикалық белсенді тұрғындар саны 7006 болды. Еңбек нарығында соңғы жылдары халықты жұмыспен қамтуда бір қалыпты өсу байқалды. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 0,2 % құраса, 2013 жылы да 0,2% деңгейінде болды. Статистикалық мәліметтер көрсетуіне сәйкес экономикалық белсенді тұрғындардың ең көп шоғырлануы Ырғыз селосына келеді . Ол аудандағы экономикалық белсенді тұрғындардың 40 %.

2014 жылдың 1 қаңтарына аудандағы жұмыспен қамтылғандар саны 6822 адам болды, одан жалданып жұмыс жасайтындар-2078, өзін-өзі қамтығандар-4744 адам.

Экономикалық белсенді тұрғындар саны бойынша ауданда ең көп экономикалық белсенді тұрғыны бар селолық округтер Ырғыз (46%),Аманкөл (14%), Қызылжар (13%). Ең көп жұмыссыздық Ырғыз селолық округіне келеді .

Жалпы аудан бойынша соңғы жылдары жұмыссыздық саны төмендеуде.

Аудан бойынша еңбек нарығында ерекше жағдайдың бірі, оның гендерлік құрамы. Ауданның еңбек нарығында жұмыс жасайтын ерлердің саны әйелдердің санынан анағұрлым көп. Сондықтан жалпы жұмыссыздардың 82 пайызын әйелдер құрайды.

Жұмыспен қамтылған тұрғындардың өсуіне 2013 жылы 286 жаңа жұмыс орнының құрылғаны ықпалын тигізді.

Жаңадан құрылған және бос жұмыс орындарына 279 жұмыссыз орналастырылды, 2013 жылға қарағанда 87,7%, ақылы қоғамдық жұмыстарға 371 адам қатысты. 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша 66 адам мерзімдік жұмыстарға, 3 бағыты бойынша 183 жұмыссыз тұрақты жұмысқа, 65 жұмыссыз әлеуметтік жұмыстарға, 46 жұмыссыз жастар практикасына тартылған, 7 адам кәсіптік оқуға тартылған, 2 адам біліктілігін арттыру курсынан өткен.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 32 адам 54,0 млн.теңге несие алды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша білім саласының 3 ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы азық-түлік себетінен төмен кірісі бар 18 жасқа дейінгі 468 отбасының 1426 баласына 25329,0 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалды.

Азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға аудандық мәслихаттың шешімімен 280 азаматқа 8400,0 мың теңге төлем жасалды.

2013 жылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 22 мүгедек гигиеналық пакеттермен, 1 мүгедек протезді-ортопедиялық көмекпен қамтамсыз етілді. 4 адам сауықтыру орындарына жіберілді. 18 мүгедек сурдо-тифлотехника, жеке көмекшімен қамтамасыз етілді.

Мәдениет


Ырғыз ауданында 29 мәдениет мекемесі жұмыс жасайды: Аудандық «Арай» мәдениет үйі , «Мәні» ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, орталықтандырылған кітапхана, балалар кітапханасы, 12 ауылдық кітапхана, 1 мұражай. 2014 жылы 467 көркемөнерпаздар концерті, 520 жастар кеші, 530 тақырыптық кештер, 75 байқау, 78 гастролдық сапар, мәдени қызмет көрсету барлығы 1670 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, ақылы қызмет көлемі 2321,0 мың құрады. Кітап қоры 137414 дана. Үйірмелер саны 135, оларға 1397 адам мүшелікке қамтылған.

«Моделді ауыл кітапханасы» болып 5 кітапхана жұмыс істеуде. РАБИС бағдарламасымен электронды каталог жасақталған.



Тіл саясаты

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы біздің елімізде тіл саясатын тиісті дәрежеде жүзеге асыруға бағытталған. Жергілікті бюджеттен мемлекеттік тілді қолдау мен дамытуға қаражат бөлініп отыр.Осы қаражат мемлекеттік тілді насихаттайтын көрнекіліктер сатып алуға, дөңгелек үстелдер өткізуге, әртүрлі байқаудан тұратын тіл фестиваліне жұмсалуда.

2014 жылы мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «Оралхан Бөкей тіл шебері» байқауы, «Тіл шебері» аудандық байқауы, «Абай оқулары» аудандық байқаулары, Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл-достықтың мерейі, елдігіміздің іргетасы» атты апталық ұйымдастырылып, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте «Сағи Жиенбаев-жыр зергері, тамылжыта ән салдырған» атты әдеби-сазды бағдарлама, «Арай» мәдениет үйінде «Ана тілім-арманымның ақ шыңы!» атты жас ақындар мүшайрасы, С.Қоблашевтың «Осы дала діңгегім» жыр кеші, «Ырғыз» газетінің бас редакторы М.Мырзалының шығармашылық кеші, белгілі ақын, өлкетанушы, тарихшы, Қазақстан жазушылар Одағының с.Ерубаев атындағы сыйлықтың лауреаты, азаматы», Қ.Ахметовтың поэзиясына арналған көркемсөз оқу байқауы өткізілді.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет