3. АЙМАҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Ырғыз ауданы келешекте аумақта дамыған инфрақұрлымымен және тұрақты өмір сүру қаблетінің өсуі бойынша ең ірі ауылшаруашылық тауарын өндіретін, оны өңдейтін өңірге айналады.
Жалпы көріністі жүзеге асыру келесіде бағытталған:
азық-түлік қауіпсіздігі және саланы қарқынды даму кепілі бола алатын агроөндірістік кешенді дамыту:
қазақтың қатты жүнді қойларын дамыту;
инфрақұрылымның барлық түрлерін, соның ішінде инновациялық, жетілдіру;
аймақтық экологиялық жағдайды жақсарту. Экономикалық істің экологизациялау есебінен аймақтың қоршаған ортасын түбегейлі түрде жақсарту.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы орындалудың әр түрлі кезеңдердегі құралдары мыналар болып есептеледі: 2011-2015 ж.ж. аралығындағы Ырғыз ауданының аумақты дамыту Бағдарламасының шаралар Жоспары, сәйкес мемлекеттік құрылымдарының жоспарлары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары.
Ырғыз ауданының негізгі болашағы зор салалары:
ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу;
шағын және орта кәсіпкерлік.
3.1. Түйінді индикаторлар:
2020 жылы жұмыссыздық деңгейін 5,1%-ке дейін (2015ж. – 5,3%) төмендету;
1000 тірі туғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін 2020ж. – 6,5% дейін төмендету (2015ж. – 7,6%);
2020 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен 100,0% қамту (2015ж-92,2%) жеткізу;.
Ауылдық елді мекендердің жалпы санының 63,1 пайызын орталықтандырылған сумен қамтуға жеткізу;
2020 жылға село, ауыл тұрғындарының 54,2 % табиғи газбен қамту.
Достарыңызбен бөлісу: |