Нұра ауылдық округі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан. Жалпы жерінің аумағы- 333095 гектар. Округ аумағынан 229 мың гектарды Торғай кіші аң қорығы алып жатыр. Селолық округтің орталығы- Нұра, аудан орталығынан 90 км, облыс орталығынан 540 км қашықтықта жатыр. Селолық округке Мамыр (округтің орталығынан-7 км), Дүкен (35 км), Белшер (35 км) елді мекендері қарайды.
Тұрғындарының саны. Округ бойынша барлығы 248 отбасы 1353 адам тұрады, оның ішінде Нұра ауылында 138 отбасы 812 адам, Мамыр ауылында 33 отбасы 185 адам, Дүкен ауылында 28 отбасы 131 адам, Белшер ауылында 49 отбасы, 225 адам.
Нұра ауылындағы өндіріс орындары мен мекемелер:
Мемлекеттік мекемелер (әкімшілік);
Ауылшаруашылығы құрылымдары (10– ШҚ);
Транспорттағы қатынас – автотранспорт;
Шағын кәсіпкерлік барлығы 11 бірлік;
Жалпы білім беру мекемелері – 4 мектеп, Т.Жүргенов атындағы орта мектебі (Нұрада), Мамыр негізгі мектебі типтік, Дүкен, Белшер негізгі мектептері бейімделген ғимаратта орналасқан.
Мектепке дейінгі мекеме – 1, 50 балаға арналған «Бөбек» балабақшасы МКҚК;
Денсаулық сақтау мекемесі – 1, ауылдық дәрігерлік амбулатория;
Әлеуметтік мекемелер – 3 ауылдық клуб үйі, 3 ауылдық кітапхана;
Орталығы орталықтандырылған сумен қамтылмаған. Нұра, Дүкен, Мамыр тасымал, Белшер құдық суын суын пайдаланады. Нұра-Мамыр, Белшер ауылдарына тораптық су құбырын жүргізудің жобалық сметалық құжаттары дайын.
Барлық елді мекендер орталықтандырылған электрмен, телефон байланысымен қамтылған.
Табиғи газбен қамтылмаған.
Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары күрделі жөндеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |