Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы



бет12/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Құтикөл ауылы аудан орталығы Ырғыз селосынан 30 км қашықтықта орналасқан, Аманкөл ауылдық округінің орталығы болып есептеледі және онда 1087 адам тұрады.

Құтикөл ауылына жақын 35 км қашықтықта 2 елді мекен орналасқан, ондағы халық саны 961 адамды құрайды. Құтикөл ауылының негізгі өндіріс көзі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу болып саналады.

Құтикөл ауылындағы өндіріс орындары мен мекемелер:

Мемлекеттік мекемелер (әкімшілік);

Ауылшаруашылығы құрылымдары (14– ШҚ, 3 – ЖШС);

Транспорттағы қатынас – автотранспорт;

Шағын кәсіпкерлік барлығы 14 бірлік;

Жалпы білім беру мекемесі – 1 мектеп, Т.Шонанұлы атындағы орта мектебі;

Мектепке дейінгі мекеме – 1, 50 балаға арналған «Айгөлек» балабақшасы МКҚК;

Денсаулық сақтау мекемесі – 1, ауылдық дәрігерлік амбулатория;

Әлеуметтік мекемелер – 1 ауылдық клуб үйі, 1 ауылдық кітапхана;

Ауылішіндегі суқұбыры желісінің ұзындығы – 3,5 км;

Аманкөл ауылдық округінің құрамында Құтикөл, Аманкөл және Жарма елді мекендері бар.

Құтикөл ауылының жалпы аумағы 63541 гектарды құрайды, оның ішінде елді мекен жерлерінің көлемі 19586 гектар, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлері 43955 га.

Құтикөл ауылы халқының саны 1087 адамды құрайды, оның ішінде ерлер-541, әйелдер-546, зейнеткерлер-88, мүгедектер-16, 18-29 жас аралығындағы жастар-223, оқушылар-224, жұмыс жасайтындар-140, өзін-өзі қамтығандар-384, жұмыссыздар-30 адам.

Құтикөл елді мекенінде 2014 – 2016 жылдарға арналған тұрғындарды жұмыспен қамту Картасы (бұдан әрі жұмыспен қамту Картасы) жасалатын болады. Жасалынып отырған КДЖ арқылы ашылған жаңа жұмыс орындары өзгерістермен толықтырылып жұмыспен қамту Картасын жүзеге асыруға үлес қосатын болады.

Құтикөл ауылының қазіргі жағдайына талдау жасай келе төмендегілерді атап өтуге болады:


  • Құтикөл ауылының бас жоспары жоқ;

  • Ауылдық округ әкімшілігі ғимараты ескі және тар;

  • Тұрмыстық қызмет көрсету орталығы жоқ;

  • Мәдени-спорт кешені жоқ;

  • Пошта бөлімшесінің үйі жоқ;

  • Мал өнімдерін өңдейтін орын жоқ;

  • Автокөлік жолдары мен көпірлер қауіпті жағдайда;

  • Ауылдық клуб үйі типтік үлгіде емес, тарлық етеді;

  • Кәсіпкерлікті дамытуға жағдайлар жасалмаған;

2014 – 2018 жылдары жасалынуы қажет жұмыстар:

* Асылтұқымды ІМҚ малдарының басын көбейту;

* Тұрмыстық қызмет көрсетуде шағын бизнесті өркендету;

* Бұрынғы мектеп үйін қайта жөндеуден өткізіп, 100 орындық балабақшаға айналдыру;

* ҚТҚ сақтайтын орын салу;

* Мәдениет үйін салу;

* Спорт комплексін салу;

* Ауылдық әкімдіктің әкімшілік ғимаратын салу;

* Денсаулық сақтау мекемесіне күрделі жөндеу жүргізу – ауылдық дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу;

* Аудандық маңызы бар Ырғыз - Құтикөл автотрассасын (23 км) күрделі жөндеуден өткізу;

* «Қоңырдаң», «Жарма» көпірлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет