Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы



бет13/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Құмтоғай ауылдық округі Ырғыз ауданының батыс бөлігінде орналасқан. Елді мекен жерінің аумағы -361125 га, оның ішінде Құмтоғай ауылы-120313 га, Қарасай ауылы -62606 га, Қарақұдық ауылы -178206 га.

Ауылдық округтің орталығы Құмтоғай, аудан орталығынан 150 км, облыс орталығынан 325 км қашықтықта жатыр. Бұдан басқа ауылдық округке Қарасай (округтен -25 км), Қарақұдық (округтен -15 км) елді мекендері қарайды.



Тұрғындарының саны. Округ бойынша барлығы 229 отбасы 1144 адам тұрады, оның ішінде Құмтоғай ауылында 131 отбасы 629 адам, Қарасай ауылында 50 отбасы 232 адам, Қарақұдық ауылында 48 отбасы 283 адам.

Құмтоғай ауылындағы өндіріс орындары мен мекемелер:

Мемлекеттік мекемелер (әкімшілік);

Ауылшаруашылығы құрылымдары (7– ШҚ,);

Транспорттағы қатынас – автотранспорт;

Шағын кәсіпкерлік барлығы 13 бірлік;

Жалпы білім беру мекемесі – 1 мектеп, Құмтоғай орта мектебі;

Мектепке дейінгі мекеме – 1, 50 балаға арналған «Құмтоғай» балабақшасы МКҚК;

Денсаулық сақтау мекемесі – 1, ауылдық дәрігерлік амбулатория;

Әлеуметтік мекемелер – 1 ауылдық клуб үйі, 1 ауылдық кітапхана;

Құмтоғай ауылы ауылдық округ орталығы орталықтандырылған сумен қамтылған. Қарасай, Қарақұдық елді мекендері құдық суын пайдаланады.

Табиғи газбен қамтылмаған.

Қарақұдық, Қарасай ауылдарына ауыз сумен қамту жүйесінің құрылысын салуды;

Құмтоғай-Ырғыз (26 км) жергілікті маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет