Аудан бойынша 2 тіректі ауылдық елді мекен бар. Халқының саны 01.01.2016 жылға -4413 адам. (Қызылжар ауылдық округінің халық саны -2374, Аманкөл ауылдық округінің халық саны -2045).
Аманкөл ауылдық округінде 3 елді мекен бар. 2-елді мекен орталықтандырылған су құбырын (Құтикөл, Аманкөл), 1-елді мекен (Жарма) құдық суын пайдаланады. Қызылжар ауылдық округінде 3 елді мекен бар. 1 елді мекен орталықтандырылған су құбырымен қамтылған, 2 елді мекен (Жаныс би, Шеңбертал) құдық суын пайдаланады. Жаныс би, Шеңбертал ауылдарына су құбырлары желісінің құрылысын салудың жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.
Тірек ауылдық елді мекендері білім беру және денсаулық сақтау обьектілерімен қамтамасыз етілген.
Барлық елді мекендер электрмен және телефон байланысымен қамтылған.
Жергілікті маңыздағы автожолдары қанағаттанарлықсыз жағдайда, күрделі жөндеуді қажет етеді.
Ешқандай елді мекен табиғи газбен қамтылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |