3. Ауданның АӨК даму бағытының қөзқарасы
Ырғыз ауданы келешекте аумақта дамыған инфрақұрлымымен және тұрақты өмір сүру қаблетінің өсуі бойынша ең ірі ауылшаруашылық тауарын өндіретін, оны өңдейтін өңірге айналады.
Шағын кәсіпкерлік
Аудан бойынша 2015 жылдың 1 қарашасына тіркелген ШОК субъектілер саны 505 бірлік. Оның ішінде заңды тұлға 43, жеке кәсіпкерлік 262, шаруа қожалықтары 200 бірлік.
Белсенді жұмыс жасаушы адамдар саны -1200 адам, оның ішінде заңды тұлғаларда- 245, жеке кәсіпкерлікте-565, шаруа қожалықтарында-390.
Кәсіпкерлікте 2015 жылдың 1 қарашасына 624,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,5 %.
2014 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкер Керекова Рауанға шағын наубайхана құрылысын іске қосу үшін 3,0 млн.теңге грантқа ие болды. «Қарақұдық» шаруа қожалығы мал базына электр желісін тарту жобасы ұсынылып, республикалық бюджеттен 7,3 млн. теңге қаржы бөлінді.
Шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында 2014 жылы 4,4 млн.теңге несие берілді. оның ішінде 2 жобаға – 4,4 млн.теңге «Облыстық ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» арқылы «Ислам даму банкі» бағдарламасы бойынша.
Сауда. Ауданның бөлшек сауда айналымы 2014 жылы 668,4 млн.теңгені құрап, нақты 1,5 пайызға өсті.
Бәсекелестіктің дамуы
Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 16,6 пайызы сауда саласында. Сауда саласында жұмыс жасаушылар 264 адам. Тұрғындарға қызмет көрсетіп отырған 84 сауда нүктесі бар, оның ішінде 82 дүкен, 2 базар. 15- қоғамдық тамақтану, 19 -басқалай қызмет көрсетулер.
Аудандағы бизнестің тартымды салалары тұрмыстық қызметтер, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы. Құрылыс, туризм салаларында кәсіпкерлік тиісті түрде дамымай отыр.
Ауданда негізгі тауарлардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен тұрақты жұмыс істейтін аудандық штабы құрылды.
Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб функциясында мына мәселелерді қарау және шешу көзделеді.
-ауданның тұрғындарын азық-түлікпен және тамақ өңдеу өнеркәсібіне арналған шикізаттармен тұрақты қамтамасыз ету;
-ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сақтаудың және өңдеудің дамыған ірі жүйесі бар ірі көтерме азық-түлік рыноктарын құруды ұйымдастыру;
-сауда инфрақұрылымдары, автокөліктері, қаржы ресурстары бар жергілікті кәсіпкерлер санатынан жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алу және өткізу жөніндегі іс-шараларға қатысушыларды анықтау;
- көтерме және бөлшек сауда орталықтарындағы негізгі азық түлік тауарларына мониторинг жасап отыру;
- апталық қор көлемін қадағалау:
Жыл ішінде негізгі азық түлік тауарларының бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 30 меморандум жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |