Инновациялар және инвестициялар.
Негізгі капиталға 2014 жылы 2298,2 млрд. млн.теңге тартылды, бұл 2013 жылға 153,2 %.
Қаржыландыру көздері бойынша
|
2013 жыл
|
2013 жыл
|
%
|
Бюджет қаражаты
|
934,5
|
1423,4
|
152,3
|
Жеке сектор мен үй шаруашылығынан
|
565,6
|
874,8
|
105,5
|
барлығы
|
1500,1
|
2298,2
|
153,2
|
Бюджет қаражатына барлығы 22 жоба жүзеге асырылды, олардың 18-і толық аяқталып, 4-уі бойынша 2015 жылы жалғастырылуда.
Экономикалық өсім орталықтарын дамыту
Ырғыз ауданы Ақтөбе облысының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан, жалпы жерінің көлемі 41,5 мың шаршы шақырым, облыстың жалпы аумағынан 13,8%. Шығысында Қостанай және Қарағанды облыстарымен, оңтүстігінде Қызыл-Орда облысымен, солтүстігінде Әйтеке би ауданымен, батысында Шалқар ауданымен шектеседі. Ауданның аумағынан темір жол өтпейді. Аудан орталығы-Ырғыз селосына ең жақын темір жол станциясы көршілес Шалқар ауданының Шалқар қаласында 157 км қашықтықта.
Аудан орталығынан 22 км қашықтықтан, Құмтоғай, Құрлыс, Қалыбай елді мекендерінің аумағынан Самара-Шымкент республикалық маңыздағы тас жолы өтеді.
Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 19 елді мекенді қамтитын 7 селолық округтен тұрады. (Ырғыз, Аманкөл, Қызылжар, Құмтоғай, Нұра, Тәуіп, Жайсаңбай).
Халқының саны - 01.05. 2016 жылға- 15214 адам, оның ішінде ауылдық 15214 адам, немесе 100 % ауыл халқы.
Халық санынан этникалық құрамы бойынша қазақтар 15194 адам (99,8 %), орыстар 20 адам (0,1 %), басқалар 15 адам (0,1 % )
Ауданның жалпы жер көлемі 4151,2 мың гектар, оның ішінде пайдаланудағы ауылшаруашылығы жері- 1167,4 мың гектар. Одан шабындығы - 14,5 мың гектар, жайылымы - 1120,3 мың гектар.
Аудан тұрғындары 100% село халқына жатады.
Ырғыз ауылы аудан орталығында орналасқан және онда 6274 адам тұрады. Ол Ырғыз ауылдық округінің орталығы болып табылады. Ырғыз ауылдық окрругі бойынша халық саны 2014 жылы 6974 болса 2016 жылы 7137 адам болып, 163 адамға өсті.
Ырғыз ауылдық округінің құрамында Ырғыз, Ақши, Қалыбай және Қалалыкөл елді мекендері бар.
Ырғыз ауылы қызметінің басты бағыты-ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және оларды өңдеу.
Ырғыз ауылы қызметінің бағыттары:
Мемлекеттік мекемелер Аудан әкімдігі, аудандық мәслихат, әділет басқармасы, жұмыспен қамту орталығы, аудандық прокуратура, аудандық сот, ХҚКО, төлем орталығы, қазынашылық басқармасы, салық басқармасы, аумақтық мұрағат инспекциясы, Аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, ветеринарлық станса, қорғаныс істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі т.б
Ауылшаруашылық құрылымдары: (ЖШС-11, ӨК-4, ШҚ-26, ЖК-152)
Қызмет көрсету нысандары (тігін цехы -1, шаштараз -1);
Жалпы білім беру нысандары (4 орта мектеп (Ы.Алтынсарин орта мектебі, №1 қазақ орта мектебі, №2 орта мектебі, Ырғыз гимназиясы) 25 орындық «Ақбота» емдеу тобы, 140 орындық МКҚК «Балдырған» бала бақшасы, 50 орындық МКҚК «Балапан» бала бақшасы, МКҚК «Өнер мектебі», МКҚК «Көркемсурет мектебі»
Аудандық орталық аурухана.
Әлеуметтік нысандар («Арай» мәдениет үйі, аудандық орталық кітапхана, мұражай-1).
Ырғыз ауылынан 23 шақырым қашықтықта республикалық маңызы бар Батыс Европа-Батыс Қытай магистралды автомобиль жолы өтіп жатыр.
Аудан орталығына Шетырғыз-Ырғыз газ құбырының құрылысы жүргізілді. Ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылуы күтілуде. Ақши ауылына газ құбыры құрылысын жүргізудің жобалау сметалық құжаттары жасақталуда. 2018 жылы Ақши ауылына газ құбырының құрылысын жүргізу жоспарлануда.
2016 жылы Ырғыз ауылының Әбілқайырхан көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2015-2016 жылдары «Аққайың», «Балдырған» балабақшаларына, №1 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан орталығы мен Қалыбай, Ақши елді мекендері орталықтандырылған суды пайдаланады.
Аудан орталығын дамыту жоспары ауыл экономикасының дамуына. Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың өркендеуіне, елді мекендерге өнімдерді жеткізу мен әкелуде көліктік қолжетімділікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықты еңбекпен қамтуға бағытталған шараларды іске асырылуын қарастырады.
Ырғыз ауылында 46 мекемелер мен кәсіпорындар жұмыс жасайды.
Мектептер саны -4, мектептен тыс білім беру ұйымдары саны -3, бала бақшалар саны -4, аудандық орталық аурухана -1, аптека -3, 49 шаруа қожалығы, 189 жеке кәсіпкер халыққа қызмет көрсетеді.
Ауданда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Мал басының саны жылдан жылға артуда.
Ырғыз ауылының қазіргі жағдайына талдау жасай келе төмендегілерді атап өтуге болады:
*Ырғыз ауылының оңтүстік батысындағы жеке тұрғын-үй құрылыстарына 3000 м3 су айдау насостық бекетінің және инженерлік желі құрылысын жүргізу қажет.
*Ырғыз ауылынан 300 орындық мектеп құрылысын 100 орындық интернатымен салу қажет;
*Ырғыз ауылынан 150 орындық балабақша құрылысын салу қажет;
*Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысын салу қажет:
*Спорт комплексінің құрылысын салу қажет;
*Аудан әкімдігі мен ауылдық округі әкімдігі ғимаратының құрылысын салу қажет;
*Барлығы 6,8 км құрайтын ауылішілік автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізу қажет;
Ырғыз ауылынан 3,6 шақырым қашықтыққа созылған өткелді (дамба) қайта жөндеу қажет.
Ауылдың қарқынды дамуына шешімін таппаған мәселелер баршылық. Олардың басты себептері: шаруашылық құрылымдарының шығындарынан, тауар өндірушілердің табыстарының аздығынан олардың техникалық және технологиялық жабдықталуы төмен дәрежеде болуы, құнарлы ауыл шаруашылық жерлерінің толық пайдаланылмауы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту деңгейінің төмен болуы, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасы мен деңгейінің төмендігінен білікті кадрлардың тапшылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |