Ауыл шаруашылығын дамытуда мынандай
проблемалық мәселелер бар:
Өсімдік шаруашылығы бойынша
Картоп, көкөніс сақтайтын қоймалардың қазіргі талаптарға сай техникалық жабдықталмауы, өнімдерді дайындау, сақтау және өңдеудің жолға қойылмауы;
Маусымнан тыс уақытта көкөніс тапшылығы, оның бағасының өсуі.
Мал шаруашылығы бойынша
Барлық шаруашылық категорияларындағы мал санының 80 пайызға жуығы ұсақ жеке қожалықтарда, асыл тұқымды малдың үлес салмағы төмен, мал шаруашылығы процестерін механикаландыру және автоматтандыру деңгейінің өте төмендігі, ауыл шаруашылығы малдарын ұстаудың зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкессіздігі; жемшөп базасының әлсіздігі, жұмысшылардың еңбек ақысының төмендігі, ет өнімдерінің экспортқа шығарылмауы, мал шаруашылығының дамуына тежеу болуы саланы дамытуға кері әсер етуде.
Малдың ескіинфекциялық ошақтарының (бруцеллез,туберкулез, ликоз) сақталуы; елді мекендерде мал соятын пункттердің (алаңдардың) жоқтығы және өлген малды көметін орындардың аз болуы; ауыл шаруашылығы жануарларын күткенде зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталмауы; республикалық бюджеттен қаржыландырылған тізімге кірмеген аурулардың алдын алу және емдеу бойынша ветеринарлық қызмет көрсету нарығын дамытудың нашарлығы; мал денсаулығын тексеретін және емдейтін мемлекеттік ветеринарлық кәсіпорындардың болмауы, ветеринария саласы мамандары біліктілігінің арттыру мәселесі толық шешімін таппауы.
Мал шаруашылығын дамытуға кәсіпорындардың қаражат тапшылығы, несие алуға кепілдемелерінің несие беруші мекемелерінің талаптарына сай болмауы. ҚазАгро Ұлттық басқару холдингінің талаптарына сай кәсіпкерлердің 15% мөлшердегі төлеу қабілеттілігінің болмауы, ұлттық қордан бөлінген қаражатқа қол жетпеуі.
Мал шаруашылығында жұмыс жасаудың беделі де еңбегі де, әлеуметтік жағдайының төмендігі, мал өнімдерінің өткізу нарығының тапшылығы, бағаның төмендігі.
Жайылым, шөп шабатын, мал өсіретін жерлердің толық пайдаланылмауы. Мал шаруашылығында жұмыс жұмысшы тапшылығы қол байлау тежеу факторы болып отырғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |