Қырғыз халқының «Манас» жыры (қазақ әдебиетінде зерттелуі) Мазмұны І кіріспе



бет2/3
Дата02.07.2018
өлшемі352,5 Kb.
#45766
түріДиплом
1   2   3

1. Манастың туысы.

2. Көкетай мен Боқмұрын. Қырғыздардың екі ерлік поэмасын салыстырып зерттеу.

3. Алмамбет, Еркөкше және Ақ Еркеш

4. Түн жақ Азиядағы шаманизм және эпикалық жырлар.

Бұл келтірілген мысалдардан қырғыз халқы жасаған «Манас» жырының дүниежүзілік әдебиеттен алатын орны қандай екенін айқын көоуге болады.

Кеңес жылдарында «Манасты» алғаш түбегейлі зерттеген ұлы суреткер әрі ғалым М.О. Әуезов еді. Оның сонау отызыншы жылдарда жазған монографиясы өз бағасын жоймайтын еңбек.

М.Әуезовтің пайымдауынша, «Манасты» тұтас күйінде бір кісі шығара салмаған. Ол сан ғасыр бойына, сан буын жомықшылардың қатысуымен ұлғайып дамып отырған».8Бұл жерде Мұхтар Әуезов «Тарыдан тау, тамшыдан көл құралар» деген халық даналығының ұлылығын меңзеп отыр. Бұлақтан құралып теңізге айналған сол «Манас» атты алып жырдың шыққанына 1100 жыл болған деген болжам айтады. Сол тұстағы ру-тайпалар одағының біреуімен жауласса, енді біреуімен одақ құрып тегеуріні күшті жауына төтеп бергені «Манас» эпосынан айқын көрінеді. Тарихи тамырлас, тағдыры ұқсас халықтардың қоян-қолтық араласып, «андалық» өмір кешкен замандарды тудырған рухани қазынасын М.Әуезов:

Баяғы замандардан бері қарай, құмды, шөлді далада, шаң ішінде қоңыраулатып келе жатқан әдебиет көші қай кезең, қай асудан асты, соның ұлы сүрлеуін тауып алуды мақсат қылдық»9 - деп өзінің әуелгі ғылыми мақсатын айқындайды.

Міне, сол ғасырлар қойнауында бұйдасы үзіліп, бұрылып қалып қойған әдебиет көшінің жоғалған бір бөлігін М.Әуезов, Ш.Уәлиханов бағдары арқылы тоғыз жолдың түйіскен торабы сияқты қырғыздың «Манас» эпосынан табады. Әдебиет көшінің күңгірт бағдарының сырын ашу жолында М.Әуезов көп еңбектенген. Енді сол тұстағы «Манас» эпосын зерттеп білуге талпынған жас Әуезовтің өз бойында болашақ ғалым болуға жетелер талант барын танытқан алғашқы ғылыми баяндамасын айтса жеткілікті болар. Пікіріміздің дәлелді болуы үшін Ташкентте ашылған алғашқы ағарту институтында Әуезовтен дәріс алған шәкірттерінің бірі, кейінірек тілші ғалым, филология ғылымының докторы Сейділда Телжанов «Мұхтар аға туралы» деген мақаласында: «Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы естігеннің қоспасы көп қой. Біз көргенімізді ғана айта алдық. Мұхтар аға 1922 жылдың аяқ шенінде Ташкентке келді. Алғаш көргеніміз сол еді... Бір күні кешке таман Қазақ ағарту иститутында (әуелде Киринпрос, кейініре Қазинпрос аталған) мәжіліс болды. Атақты ғалым, этнограф Әбубәкір Диваев жиналысты ашты да сөзді Мұхтарға берді. Мұхтар ағаның баяндамасы фольклорды зерттеу жайында болды. Сонда: «Қырғыз елінің «Манасын» қазақтан шыққан ғалым, әрі жазушы, әрі этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов зерттеген болатын – деп бастады Мұхаң. «Манасты» ол – Сахараның Илиадасы» оның жалғасы «Семетейді» - Орта Азияның «одиссеясы» деп атаған. Біздің елдегі батырлар жыры «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», махаббат күйін шертетін лиро-эпостар: «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» бар. Ескі түркі-шағатай тілінде жазылған «Көроұғлы Сұлтан», «Зарқұн», «Сал –салдар» бар, міне осылардың бәрін зерттеу керек. Халық қазынасының тоңын тазартып, асылын аршып алуымыз мақұл » - деп еске алады.

«Манас» эпосына қатысты тарихи замандағы қырғыз елі туралы М.Әуезов жинаған мұрағат деректерінде: «Біздің эрамызға дейін (201-209 жыл) Гун князы Модезян күн деген қажырлы елге кездеседі. Сол ел қырғыздардың түп атасы Түстік Динлин тобынан ІІІ ғасырда қырғыз деген елдік құрылған. Біздің эрамыздан бұрынғы бірінші жүз жыл ішінде Гун князімен Батысқа барады. 47-49 жылдарда князы Шынсиге еріп жарымы қырғыз Енисейден Тянь-шаньға көшкен» (ЛММА, п. № 282). М.Әуезовтің бұл дерегін ерте заманда хатқа түскен Қытай тарихшыларының өз мағлұматы да нақтылай түседі: «Біздің эрамыздан бұрынғы 198 жылы орталық патшалық хуннуға жыл сайын белгілі дәрежеде жібек, мақта - мата, күріш және басқа тағамдық заттар – салық төлеп тұратын болады»10.

Бұл кезең атақты қолбасы Мөде басқарған гундердің дәуірлеген тарихи заманымен тұстас келеді. Енді сол Әуезов дерегінің ақиқатын нақтылай түсетін қырғыздарға қатысты Ш.Уәлиханов зерттеуіне назар аударып көрелік: «Қырғыздар арасында Оңтүстік Сібірден көшіп келгені туралы аңыздар жоқ, бірақ олардың арасында Оңтүстіктен Солтүстікке қарай көшкенде қара Ертіске, Алтайға және Канғайға дейін, ал Шығысқа қарай көшкенде Үрімшіге дейін барған екенбіз деген аңыз бар»11. Ш.Уәлиханов одан әрі сол аңызға қатысты өз пікірлерін тарих жүзіне танылған мағлұматтармен үстеп толықтырады. «Біз қырғыздар Шығысқа қарай қазіргі қоныстарына дейін өте ерте кезде тараған деп шамалаймыз. Өйткені Кулагудың 1253 жылғы маршрутында Тянь-Шяньда қырғыздар болғаны кездеседі. Және олардың Тянь-Шаньнан Калғайға дейін және одан кейін қарай көшіп-қонып жүргендері байқалады. Мұны халық аңызы да растайды.

1920 жылдардан бастап М. Әуезов «Манас» эпосына да қатысты дерек жинап, халық шежіресін көп білетін дана көкірек кәрі құлақты қариялардан сұрастырып, хатқа түсіріп қойып блокнотына жазып ала беріпті. Солардың бірінде: «1920 жылы 29-мамырда Таласта Манастың күмбезіне жазылған төмендегі жазуды алды. (Л.М..М.А., п № 182).

Ескірген заманмен бірге ескерткіш те өшкіндеп табиғат құбылыстарының әсерінен күмбез жазуының бас-аяғы өшіп бүлінуден аман қалған жазу тегіс түгел хатқа түсірілген. Ел аузында «Манастікі» аталған күмбездегі жазуды М.Әуезов өзі көріп көшіріп алды ма?

Әлде қырғыз достарының біреуі Мұхаңның тапсыруы бойынша жазып әкеліп берді ме? Ол жағы белгісіз. Блокнотқа араб емлесінде қызыл сиямен мұқият көшіріліп хатқа түсірген қол таңба Мұхтардың өзінікі. Сөйтіп бұдан 67 жыл бұрын көшірілген көне күмбездегі ескерткіш жазуды танып оқитын мамандарға оқытсақ тікелей Манас батырға қатысты дерек айтылмаған. Енді осы «Манас» күмбезі туралы хатқа түскен мағлұматтарға көңіл аударып көрейік. «Шоқан қырғыз жеріндегі ежелгі сәулет өнеріне көбірек көңіл бөлгені мәлім. Олардың бірі - «Манас» күмбезі. Сол Манас күмбезі жайлы Шоқан қалдырған жазба дерегінде «Кеңкөлдегі Манас күмбезі, конусты цилиндр түрінде, кірпіштер жаңа қаланған. Қырғыздардың әңгімелеуіне қарағанда, ішкі еңсесі Моңғол жазуына келетін әдемі, алтын жазбалармен көркемделген. Биіктігі үш найза бойындай. Таста 355 аттың басының және тағаның суреті бар»12Шоқанның бұлай қысқа тұжырым жасауы зерттеушілерді ойлануға шақырғаны болса керек. Күмбездегі Шоқан көрген жазу, көне араб, парсы болмаса Моңғол (көне ұйғыр) жазулар болса Шоқан пікір үстейтін жөні бар. еді. Соған қарағанда «Манас» күмбезінің Шоқан көрген жазуы солардың бәріне ұқсамайтын бөлек болған сияқты. Сондықтан Ш.Уәлиханов күмбез туралы ел аузынан естігендерін жазып, өзі көрген қалпын хатқа түсірумен шектелген. Сұрапыл ойға тарих ақиқатына жүгінетін зерделі ғалым қырғыз елінің тарихи замандағы өзгеше мәнді құпиясын ескерткіш жайлы ұшқары қорытынды жасамай айтар ойын кейінге іркіп қалған. Ш.Уәлиханов заманында Орхон-Енисей таңба жазуларының сыры ашылмаған болатын. Бәлкім қырғыздар Манас батыр аталатын күмбезде ежелгі ескерткіш жазбаларымен із қалдыруы да ықтимал. Ал М.Әуезов жазып алған күмбездің арабша жазуы ислам дінінің ықпалы күшейген замандарда бұрынғы өшкен жазудың үстіне, болмаса күмбез қайта қалпына келтірілген кезде жаңартылып жазылған шығар. Қазақ энциклопедиясында: «манас күмбезі Қырғызстандағы (Талас өзенінің бойында) ХІV ғасырда тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Абдолла Әмірдің қызы Канизак – хатунының сағанасы. Аңыз бойынша Манас батырдың мазары аталып кеткен. Бұрынғы «Манас» күмбезі ХІV ғасырда қалпына келтірілгеннен кейінгі көрінісі» Екі күмбез бірдей. Осы сияқты хатқа түскен тарихи деректер, ел аңыздарында бір-бірін қайшы келетін кереғарлық бар.

Дәл осы аталған күмбездей болмағанымен «Манас» аталған кесене Қазақстан жерінде Қызылорда облысының Қазалы ауданы Сарыбұлақ бөлімшесінің Оңтүстік жағасына қыш кірпіштен ХVІІІ-ХХ ғасырда салынған күмбез бары мәлім. Осы екі күмбездің атында көне тарихқа байланысты іліктес жатқан сыр бар сияқты. Сондықтан болар М.Әуезов «Манас» деген атқа қатысты көп толғанып, бірталай жазба деректі мағлұмат қалдырған. «Біздің эрамыздан 8 мың жыл бұрын алғашқы Египет (Мысыр) патшасының аты «Манас» десе, енді бір жазбасында «Ескендір Зұлқарнайын заманында Шам, Құдыс уалаятында «Манас» деген хан болғаны айтылады» (ЛМАА, п № 182).

Солардың қырғыз елінің тарихы мен эпосына біршама жуық келетін қарлық түріктері ханын «Манас» деген. 1290 жылы Шыңғыс күнбатыстан аттанғанда Ешім, Нұра, Тобыл қырғызында Мамық хан ұлы Тайбұқа хан деген болған. Мамық «Манас» болмасын.

Ойсыл тауып жерлеген, алты сан алаш ел деген.

Сол алаштың ішінде, айтулы Манас ер деген.

М.Әуезов Хатқа түсірген шежіре мағлұматтарының тағы бір блокнот жазбаларының бірінде: Манастың түп атасы-оғыз. Бергі аталары Бүйен, Шайян хан, одан бері Ноғайыш-бұл ноғай атанып кеткен. Ноғай пайғамбардың есебімен 350 жылдары Манас іс қылған дейді. Туылған жері Алтайда, тұрған жері Жайсаңда. Бұның өлеңі Жатық, жақсы желдіріп отырады» (ЛММА, п. № 182, 126бет) Тегі манасты айтушылардың бірінен жазып алған сияқты. Зерттеушілерге ой салатын жай. М.Әуезов зерттеушілері ұлы арнаға құятын өзегіне тарих көзінен бастау алған алғашқы бұлақтары сияқты.

Академик М.Әуезовтің аяқталмай қалған ойларын дамыта зерттеген Ә.Марғұлан «ХХ ғасырдан бергі оқиға (Қара қытай шабуылы, моңғолдар жорығы) қырғыз халқының еркіндігін сақтауға ерік бермеген.

Бұрынғы ғасырлар бойы тәуелсіз болып келген қырғыз еліне бірінші рет тиген қатты соққы әсіресе Қара қытай шабуылы болды.

Шапқыншылар қырғыз елінің алтын бесігі болған ұйық жерлерін (Бесбалық, Барысхан. Баласағұн, Ыстық көл) басып алып, оларды «Балапан басына, тұрымтай тұсына» дегендей, бет-бетіне бытыратты. Алатау мен Алтай, Саян тауларының арасындағы ерте заманнан қалыптасқан қырғыз елінің дәстүрлі көш жолына бөгет жасап, оларды екі жаққа бөліп тастады. Міне, бұл соққы, қырғыз елін күйзелтпей қоймады. Халықтың рухани тіршілігін толқытқан бұл күйзелу ертедегі ерлік дәуірде еске түсіріп, ол туралы көптеген эпикалық жыр, жай күйін тебірентетін неше түрлі әдемі аңыздар шығаруға негіз болды. Онымен бірге бұрыннан келе жатқан аңыз әңгіме «Манас» жырын жаңадан айтуға әсерін туғызды.13

Көнеден қалыптасқан қырғыз елінің жыршылық дәстүріне өзгеріс енгізіп, алғаш рет өз атын қосқан Жайсаң жыршы болса одан кейін ондаған ғасыр өмір көшін, алып жырға айналған «Манас» эпосының өзі жырлаған вариантына өз авторлығын қосып, жұртқа танытуға батылы жетіп бел байлаған айтулы манасшы Сағымбай болып отыр. Аса білгір зерттеуші Әуезовтің қырағы көзі ерте шалған. «Сағымбай – эпосты айтушылардың ішіндегі жеке творчествосының ролін ең тұңғыш ұғынған жыршы болса керек. Бәлкім ол өзінің авторлығын сақтауды да сапалы түрде түсінген шығар. Жырдың ішінде кезегі келгенде оның өзі жайында айта отырғаны да сол» деп жазды талантының, құдіретінің зорлылығына Әуезовтің өзі де таңдай қағып тамсанып, қалам тербейді. «Манас» эпосын шалқыта шабытпен жырлаған аты шулы Манасшылардың соңғы буыны саналатын Сағымбай нұсқасын, ұлы Әуезов зерттеуінің ядросы етіп алуы да содан болар.

Ұйғыр тарихын және «Манас» эпосын зерттеген белгілі орыс ғалымдарының ішінде Яғлақар атына көбірек көңіл аударған А.Н.Беринштеен «Ұйғыр қағанатын талқандаған тарихтағы қытайша титулы Пицьсе Тунге Гинь аталған 847 жылы өлген атақты қолбасы Ағлақар ханның» өзі деген болжам айтады. Қырғыздың өз ғалымдары мен жанашыр зерттеушілері де сол пікірге бейім. «840 жылдан ілгері Монғолияны және Шығыс Түркістанды билеп тұрған ұйғыр қағанаты Енисей жерін басып алуға жасаған әрекетіне қарсы соғыста күшті ұйғыр қағандығының күйреуі жөнінде профессор Беринштен өз еңбегінде сөз еткен. Оқымыстының пікірі бойынша қырғыздың үлкен жеңісін қамтамасыз еткен сол атақты қолбасының есімі Яғлақор хан» 14 деген өз пікірін үстеп қуаттаған.

М.Әуезовтің өз қолымен хатқа түскен мұрағат материалы мен орыс ғалымы А.Г.Беринштеем дерегі сәйкес келіп отыр. Соған қарағанда Яғлақор атты бір қолбасының қырғыз тарихында болғаны сендіретін сияқты.

Қырғыз елінің тарихында елеулі із қалдырған Манас батырға барабар тұлға екеу болса, бірі – Борысбек. Әуезов реті келгенде. Қайта оралып зерттеу объектісіне айналдыруды мақсат еткен көрінеді. Біз сөз етіп отырған дерек Әуезов блокнотына отызыншы жылдардың соңына, қырқыншы жылдардың бас кезінде түскен сияқты. М.Әуезовтің «Манас» эпосын зерттеу мақсатында жинаған деректер, не ел аузынан жазып алынған материалдары қойын дәптерге жинақталған, кейде бірер парақ қағазға араб емлесімен асығыс жазып, ойға түйгендерін қалайда хатқа түсіруге тырысқан. Кемінде жиырма жыл М.Әуезовтің мұрағатында сақталса, одан кейін 1987 жылы «Қырғызстан маданияты» газеті арқылы қырғыз жұртына жеткен.

Бұл жерде тағы бір ескертетін жай М.Әуезов Барысбек қаған туралы дерегі баспасөзде жарық көрмегенімен жабық күйінде қалған жоқ. 1952 жылы Бішкек қаласында өткен «Манас» эпосының тағдырына қатысты ғылыми конференцияда да дәлелді пікірлер айтып, көсіле сөйлегені мәлім.

Жоғарыда айтылған М.Әуезов мұрағат материалын қайталамай, қырғыз ғалымдарының өзіне сөз берген жөн сияқты. «Манас» эпосын ұзақ жылдар зерттеген кемеңгер Әуезов қырғыз қағаны Барысбекке тегін көңіл аудармаған. Байырғы қырғыздың көне тарихында күңгірт із қалдырған. «Манас» эпосының алғашқы нұсқасы Барысбекке арналған жоқтаудан басталды ма? – деген ой шылбыр сүйреткен жүйріктей зерттеушінің қиялын қиянға сүйреп, көне тарих қойнауына жетелеген болса керек.

Түрік қағандарының Енисей қырғыздарын жаулап алуға бірнеше рет әрекет жасаған шабуылы сәтті болмаған.

Бірақ тоқтап та қалмаған. Текетірескен екі жақ бейбіт келісімге келіп, Барысбектің қағандық атағын түріктер мойындаған.

Ел достығының сүйек арқылы жаңарған құдалық белгісі ретінде жаңаруын қалаған қаған Барысбекке Байан деген қарындасын әйелдікке беріп татуласады.

Бірақ, көп ұзамай Барысбек Орталық империя мен Түргеш қағанының емексіткен азғырынды тіліне еріп, Тұрік қағанымен достасқан келісім шартын бұзады.

«VІІІ ғасырдың басында Түрікке қарсы саяси күштерді ашық қолдауға бет бұрады. 707-709 жылдары Түрікпен соғысып жатқан қытайға екі рет елші жіберген Барысбек Түріктерге қарсы соғыс одағын құруға ниет білдіреді. Сонымен қатар Шудағы (Чүй) Түрегешке Езенге бастаған өз елшілерін аттандырады. 709 жылы Таң империясы Түргеш қағанымен бірлесіп соғыс одағын құрады. Түрік қағанатының сол кездегі көрнекті саяси және әскери басшысы болған Тоныкөктің өздеріне қарсы бағытталған Орта Азия шартына берген бағасы: «Табғаш (қытай) қағаны – бізге ежелгі дұшпан. Он жебе қаған – (Түргеш) біздің жауымыз. Солардың екеуінде қауіпті қасымыз қырғыз қағанаты болды».15Енді бізге аянар ештеңе жоқ деп еліне жар салып аз қолмен күшті жауына қарсы жорыққа аттанады. Бұл кезде Барысбек Енисей өзенінің басына өз күштерін топтап, өзен аңғарымен келер жолды түгел бекітіп, асу бермес қамалға айналдырды. Сол жолы түріктердің аз қосыны ақ қар, көк мұздан қалай жол ашып, қырғыз қағанатына жасаған қажырлы жорығының сәттілігі тасқа қашалған «Тоныкөк» ескерткішінде нақтылы айтылған. Сөйтіп қырғыз тарихында елеулі орын алған қырғыз қағандарының ең атақтысы Барысбек қаған түрікпен жауласқан соғыста қаза тауып, қырғыз жұрты қайта дәуірлеген Түрік қағанатына бағынышты болады. Ер жүрек көсемінен айрылып, қырғын тапқан қырғыз жұртының аман қалғандарына ауыр қайғы-қасірет әкеліп, сол Барысбек қағанның орны толмас қазасын қырғыз халқы оқтын-оқтын еске түсіріп, зарлы жоқтау айтқан сияқты. Түріктермен болған соғыста майдан шебінде қалып, қырғыз салты бойынша жерлей алмаған ел арманы артынан орындалып, «716 жылы өлген Түрік қағаны Қапаған - Білге зиратына қатар тізіліп қойылған тас ескерткіштердің қатарына тағы бір «балбал» қойып қырғыз ханы Инангы Али Білге Барысбекке арналады» - деп жазылыпты.

М.Әуезов «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» аталған зерттеуінде: «Халық арасында әлде бір батырдың қоштасуы және соны жоқтауға байланысты таралған өлең-жырды алғашында бір ақын жинап, басын құрады, сөйтіп тұңғыш эпостық дастанның тууына негіз боп қалуы ықтимал. Бір ақынның аузынан екінші ақынға көшкенде дастан толысып, оқиғасы қалыңдап, молыға түсіп отырған» - деген болатын.

Осы пікірін қырғыз фольклорын зерттеген ғалымдар да қуаттасы керек.

Мұхтар Әуезов өзінің еңбегінде дастанның мазмұны мен формасы жайлы біршама ой айтып, дастанда мынадай басты – басты тақырыптарға жіктеген:

1) Манастың дүниеге келуі және балалық шағы; 2) Жорықтар; 3) Батырдың інісі әрі серігі Алмамбеттің келуі. 4 ) Қаныкейге құда түсіп, үйленуі. 5) Көкетай асы. 6) Көзкемендер (Манастың туыстары) оқиғасы.16

«Манас» эпосы н зерттеуге ат салысқан ғалымның бірі Сергей Доронян өзінің «ұлы халықтың ұлы перзенті» деген мақаласында:

«Қырғыз жазушыларының съезі (1952) аяқталғаннан кейін, үкімет басшыларының қабылдауы кезінде М.Әуезов пен атақты манасшы Саяқбай Қаралаевтың әңгімесіне құлақ түріп отырмын. Жүрек тебірентерлік осы бір сәтті ешқашан ұмыта алмаспын. Екеуінің кездесуінде бір символикалық нәрсе бар сияқты болады да тұрады. Құдды тірі фольклор дәстүрі тірі жазба әдебиетінің классикасымен кездесіп отырғандай...( өте әсерлі әділ айтылған достық лебізі аз сөзге көп мағына сыйғызып жеткізе білген.

Үдере тартқан тарих көшінің көне соқпағын көз жіберіп, Әуезов бағдарын кең шолып, «Манас» эпосын зерттеушілердің жаңа буыны дүниеге келген кезде, қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың қырғыз халқын, оның «Манас» эпосын танытуға жол ашқан зерттеулерін, ХХ ғасырда «Манас» эпосының шын мәнінде зерттеліп хатқа түсуін еске алған ғалымдар, Манас зерттеудің асқан білгірі, ғұлама Әуезов еңбектеріне соқпай өту мүмкін емес. «Дүние көл, заман соққан жел: алдыңғы толқын-ағалар, артқы толқын-інілер кезекпен өлінер, баяғыдай көрінер» деген Абайдың даналық ойлары Әуезов арқылы қырғыздың «Манасына» лайықты пейіл танытушылармен бірге болашақпен жалғасып жасай бермек.

Кейінірек кеңес дәуірінде даңқты атқа ие болып, ұлы манасшылар тобына кіргендер – Тоғолоқ Молдо,Байымбет Абдрахманов, Сағымбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев, Жақсылық Сарықұлы, Шапақ Рысмендиев. Бұлардың барлығы да «Манас» жырын ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға жеткізу жолында көп еңбек сіңірген ұлы жыршылар. «Манас» туралы әрі талай зерттеулердің жазылатыны анық. Бұған қазақ ғалымдары да атсалыса бермек.


2.2 «Манас» жыры – батырлық жыры.

Қырғыз халқының даңқы әлемге жайылған эпопеясы «Манастың» атақты ақын, жыршы Сағымбай Оразбақұлының айтуынан жазып алынған неғұрлым толық та оңды нұсқасының жарыққа шығуы – елеулі оқиғаның бірі еді. Көлемді төрт кітаптан тұратын бұл жырдың алғашқы томы 1978 жылы соңғысы 1982 жылы «Қырғыстан» баспасынан толықтырылып шыққан. Туысқан қырғыз халқының сан ғасырлық өмірінің рухани ескерткіші секілді ұлан-ғайыр эпостың жариялануы зерттеушілердің аса мол еңбектенуін керек еткені белгілі. Өйткені «Манастың» барлық нұсқаларының санын да, сапасын да талдап ажырату оңай емес. Ғасырлар бойында алуан түрлі ақын, жыршы, жомоқшылардың санасында сақталған, халықтың ең сүйікті мұрасы болып есептелген бұл бірегей туындының қамтыған оқиғалық «Манаста» қырғыз халқының замандар кеңістігінде бастан кешкен істерінің көркемдік жиынтығы бар.

Қырғыз халқының даңқты мұрасы дүниежүзілік мәдениеттің алтын қорына қосылады. «Манас» ауыз әдебиетінің шеберлері жасаған ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан көлемі жағынан аса үлкен шығарма болып есептеледі. Шығарма жеңімпаз, ақылды Манас бастаған қырғыз батырларының шетел басқыншыларына қарсы жорықтарын паш ететін бірнеше дастандар циклынан құрылған. Манас өз халқының аңыз дауларындағы көне де тұрақты сарындардың бірі қартайған жалғызілікті адамдық, баласыздық зары болып келеді. Мал-мүлікке ие болатын, нәсілді жалғастыратын перзентті аңсау, «әулиелерден» бала тілеу түркі жырларының көбінде ұшырайтын көрініс. «Алпамыс батыр», «Шора батыр», «Ер сайын» секілді эпикалық жырлардан да осыны көретін едік. Міне, дәл осы сарын «Манас» жырының шу басында аса маңызды мотив ретінде кең жырланғанын көреміз. Эпоста қарт Жақыптың ұлсыздығы үшін наласы былайша берілген:

Бес түліктен мал жидым,

Бес шақа пұлша арам жоқ.

Ақыретке бет алсам,

Атакелеп артымнан

Налып қалар балам жоқ... 1,17).


Жақыптың, оның он екі қатынының осындай зарығып жүргенде түс көргені жырда кең әңгіме етіледі. «Манаста» түс көру мен түсті жорытуға көп мал сойып, ел жинайды. Жалпы түске сену – түркі- моңғол фольклорындағы өте көне ұғым көрінісі. Оның арғы түбірі бір есеппен ескі анимистік түсініктерге де алып баратынын көреміз. Жақсы түс көрсе сүйсініп, жаман түс көрсе шошынып, құдайы берушілік күні бүгінге дейін орын теуіп келген әдет. Ал түсті елді жиып отырып жорыту бұны құдірет санаған, ежелгі ұғымның ыдырамаған кезінен елес бергендей. Жақыптың түсінде көріп, қолына қондырған құсы өзгеше сипатталады.

Аспандағы қанатты.

Айбатына ұша алмайды.,

Жерде жүрген аяқты,

Желіп шығып қаша алмайды. (І – кітап, 7)
Жақыптың, бәйбішесі мен тоқалының көрген түсін елінің беделді адамы Байжігіт жақсыға жорып, болашақ баланың елден асқан ардақты болатынын айтады.

Бай Жақып түсі түс екен,

Бұл оңынан келген іс екен,

Осы түсі шын болса,

Ойратты басқан кісі екен. (1 кітап)
Бір атап өтерлік нәрсе жырда «ойрат» деген сөзі жиі кезеседі және ол мықтылықтың бейнесі, символы ретінде қолданылады. Жақыптың бәйбішесі Жолбарыстың жүрегіне жерік болады Жырда осы мәселеге айрықша мән берілетіні де ескі магиялық ұғымдардың елесі. Осылайша бас қаһарманның өміріне қатысты әрбір кезек оқиғаның мейлінше ірі сомдалуы, ғажайыптық түрге бөленуі классикалық эпосқа хас қасиет!

Жақыптың бәйбішсі ауыр толғақпен босанғанда бала қан шеңгелден туады. Бұл халықтың ескі ұғымы бойынша жас сәбидің келешекте жауынгер, батыр, ел билейтін әкім болатындығын сездіретін белгі болып саналады. «Моңғолдың құпия шежіресінде» Шыңғысхан осылайша қан шеңгелден туған деген аңыз айтылады.

Баланың алдағы кезде алып болатыны жыр бірден-ақ әсерлеп баяндайды. («Он бестегі баладай, көтергенде салмағы) Емшек сүтін бұйым көрмей, анасын жалмап тынады:

Оң емшегі салғаны,

Әуелгісі сүт шықты.

Екіншісі су шықты,

Үшіншісі қан шықты.

Шыдай алмай осыған,

Бәйбішеден жан шықты. (1, 61)
Сәби Манастың түр – тұлғасының өзі оның теңдесі жоқ тегеурінді ер болғалы тұрғанын күні бұрын ұғындырғандай.

Алақан жазық, қолы ашық.

Аттанып шықса, жолы ашық.

Алып көкірек, жайық төс,

Кең көкірек, жайық төс,

Арқасы кең, белі түз,

Айбаты қатты, заһар жүз.

Піл мүшесі көрінет.

Жолбарыс мойын, жуан білек,

Жаурыны қалың, тас жүрек,

Бөрі құлақ, Жолбарыс төс.
Манас туғанына арнап той қылғанда, Жақыптың бәйгеге тіккен мал мөлшері де орасан.

Бас бәйгеге саярым,

Бес жүз қызыл наным бар.

Екі түйеге жүктеген

Ендей алтын зерім бар.

Бес жүз жылқы, бір мың қой,

Бас бәйгеде тағы бар.

Аяқ жағын сұрасақ

Арзан десең келмей қой.

Қатыным бала тапқаны

Халықққа берген бұл бір той.

Ортасын өзің ойлап біл,

Отыз атқа бәйге бар,

Озып келсе күлігің.

Ойратпа келсе пайда бар. (1,76).
Тойға деген сойыс мал шамасы да шалқыған дарқандықты көрсетеді. Ал тойға келген адамдар да қара құрым көрінеді («Қытайдан қырық мың қол келді», «Қылжалаулы ойраттан, қалмақтан қанша қол келді, қазақ, қырғыз мол келді, дүниені басып қол келді»).

Жаңа туған балаға ат қоюшы қатардағы қарапайым адам емес, диуана болады. Ол «баланың аты Манас, әр бәледен қалыс болсын» ат қоюшы диуана да әлгі әулиелердің бірі секілді елестейді. Қалай болған күнде де балаға ат қою қазақ, қырғыз жырларында үлкен құпия мағынасы бар мәсім секілденіп беріледі. Ал «Манас» деген сөздің мағынасы да толық айтылып түсіндірілген емес. Мұның тура этимологиялық мәні ашылып түсіндірілген емес. Мұның тура этимологиялық мәні өз алдына, ал жалпы мағынасы ерекше туған, жалғыз деген ұғымды білдіреді. Манастың батыр ретінде жедел жетілуі эпостық ежелгі дәстүрімен берілген.

«Манаста» негізгі оқиғалық желіге қатарласа тартылып отыратын, жырдың жалпы идеясына қатысы бар қосалқы тараулар ұшырайды. Соның бір «Жақыптың ағасы Байдың баяны» деп аталады. Бұл арадан ескі бір тарихтың сілемі елес бергендей. Мұнда Жақыптың жас кезінде туыстарынан бөлініп, алыс кеткендігі, жалғыздыққа душар болғаны аңғартылады. Сондай-ақ туысы Ораздының он баласынан зорлық көріп, інісі Жақыпты іздеген Байдың әңгімесін білдірді. Ағайындар алауыздығы қалай туып, өршігенін жыр нақтылы түсіндіріп жатпайды.

Көшпелі елдердің көне дәстүрінде жеті, тоғыз, қырық саны киелі деп есептелген. Академик Ә.Марғұлан: «Қырық» - халыққа дәстүр болған киелі сан-күштіліктің, беріктіктің белгісі «Қырық ру ел», кейінірек феодалдық дәуіріндегі «Қырық нөкер», «Қырық дос», «Қырық шора», «Қырық уәзір» деген тіркестер ту баста ру басылардың бірі мықты адамның төңірегіне топталып бірігуін білдіреді.17 Оған біздің қосарымызды нақтылай түссек қонақжай көшпенділер «Қырықтың бірі – қыдыр, мыңның бірі – Уәлі» деп бейтаныс жолаушыны ренжітпей сыйлап аттандырған. Көне араб хикаялары мен аңыздарында Қыдыр – жер бетін кезіп қорлық – зорлық көріп мүсәпірлік жол кешкен адамдарға қайырым көмек көрсетіп жүретін ізгі ниетті өлмейтін пайғамбар. Көшпенділердің Қыдыры олардан бөлек сияқты. Тіпті әуелгі аты басқа, арабтардан қуғын көрген абыз болуы да ықтимал. Ежелгі көшпенділер Ерғұнабыз, «Қырық шілтен» сияқты өз жебеушілерін –Қыдырын, кейінірек Қызырға ауыстырған болса керек. Қырғыз халқы адам қиялының балаң шағында қалыптасып әсерлі қуатқа ие болған ғажайып құдіретін жыр кейіпкері Манас батырға ауыстырып, түстерінде Манастың жалғыз өзін ғана емес, қырық шорасымен қоса көреді.

«Манас» эпосындағы Манас батырдың қасындағы» қырық шора» қырғыз елінің ежелгі тұрмыс-салтындағы ел берекесінің ұйтқысы ретінде суреттеледі. Қызылсу қырғыздарынан (Шығыс Түркістан) шыққан дарынды манасшы Юсуф Мамай жырлаған нұсқасынан соның нышанын танимыз.

Жылдан – жылға, жыл өтіп,

Жылшы қылдым, күн өтөп,

Елі кетті көбейіп (көбөйөп)

Арқайдан келіп олтөрөп,

Судай бірге қошұлып,

Кейінірек өнөкте,

Қырық ұру болып бөлінде.

Хан Мамай қырық жыл хан болды.

Ене сайға қайтарған бұлбұлұ

Қырық жылға дейін бұзылбай

Жырғай жалпы ойнодир.18


Киелі қырық санының дүниеге келуі бәлкім одан да арырақ болар. Аламаны көп заманда алыс жолға аттанатын жолаушы сәуегейге «Қырық бір құмалақпен» бел аштырады, алдын ала жинап қойған қырық кәрі жілікті қоржынға салып, қанжығасына байлап жолға шыққан. Ескі аңыздарда жалғыз жорытқан батырды сыртынан торып, олжаламақшы болып аңдыған қарақшылардың көзіне әлгі қырық жілік қырық сарбаз болып елестеп, оларға жақын бара алмаған деседі. Осылай мифтік ертегі – аңыздармен астасып жатқан көшпенділердің ежелгі нанымы «Манас» эпосына да қосылып, бәрі жинақталып Манас батыр арқылы көрінеді.

Манас батыр-қырық шораның қатарында көрінетін жиырма жұптың бірі емес, қатар тұрса иығы биік, қатар шапса алға озып оқшау танылатын – қол бастар жалғызы. Абыздардың ғайыпты болжап тартқан құмалағының киесі – «қырық бір» деген тақ санда тұр. Қырық құмалақ сөйлемейді. Барлық қырықтың «бірсіз» күні жоқ көшпенділердің «қырықтың бірі-қыдыр» деуі сондықтан болар. Сол көне замандарда қалыптасып, ел дәстүрінен берік орын алған киелі қырық саны эпикалық жырларға ауысып «Манас» эпосының үзілмес алтын арқауына арналған. Сондықтан да атақты жомақшылардың түстеріне қырық шора ерткен Манас батыр кіреді. «Манас батырдың жалғыз өзі аян берді» - деп ешбір манасшы айтқан емес.

Манас батыр өзінің алып күшіне сеніп опық жеген тұстарында жолға салып, оң бағдар сілтеп, адал қамқоры болған Бақай сынды ақылгөй абыз да со қырықтың ішінен табылды, Сондықтан айтулы Жомақшылар қырғыз елінің ескі салтында қалыптасқан ережені өзгертпеген. Батыр мен қырық шорасының әруағы оқтын-оқтын қырғыз елін аралап, «Манасты» жырлайтын ақындарға аян беріп, демеуші күшке айналған. Эпосты жырлаушыларға М.Әуезовтің көбірек тоқталуы да сондықтан болар. Біздің заманымызға жеткен атақты манасшылардың ішінен ең талантты манасшы Сағымбайды таңдап алып зерттеуші өз ойының ат байлар алтын қазығына айналдырған. М.Әуезов 1936 жылы жазған «Қырғыз дастаны – «Манас» атты мақаласында: «Манастың өлең жолының саны 260 мың. Және соншалық ұзақ жыр бойына әңгіме бірде бір жерде қара сөзге ауысып, өлең желісін үзбейді. «Ұдайы іркілмей, таусылмай, сарқырап ағып отыратын ағынды теңіз сияқты алып бейнелі бір шығарма»19 деп жазған. Осы жырды жыршының жыршысы жырлайды. Мұхтар Әуезов – «Манас» эпосының теңдесі жоқ айтулы алып туынды екеніне жұрт көзін жеткізіп, әлемдік аренаға көтеру үшін ұзақ жылдарын сарып етіп көп еңбектенген ғалым.

Манастың өрлеп келе жатқан даңқын естіп, сырттай өштескен, абайсызда барып шауып алмақ болған дұшпан Месқараның зұлымдық ойларын хабарлайтын Жақыптың ағасы Бай болады. Осы суық хабарды ести салысымен Жақыптар тілектес рулар мен көршілерге ат шаптырып, қол жинай бастайды. Жақыптарға қатысы жоқ Месқараның сыртта жүріп, бұларға қарадай өштесуі эпикалық дәстүрге сыймайды. Месқаралар Манастың әбден есейіп, кемелденбей тұрғанда көзін жоюды ойлайды. Жырдағы үлкен соғыстың бірі осы. Жау батырлары мен жекпе-жек ұрыс суреттері мұнда кең баяндалған. Осы шайқас кезінде жаудың Даң-Даг деген батырын қазақ ері Айдархан өлтіреді. Манастың тегеурініне шыдамай Месқара майдан даласын тастап қашады.

Бірақ жаулардың көздегені Манастың көзін құрту болып, әскер жинап қайта келеді. Бұл айбаттан қорыққан ел ақсақалдарды, жауды алдау үшін «Манас осы» деп басқа бір баланы беріп құтылмақшы да болады...

Аңға шығып, құлжа атып жүрген Манас жаудың шолғаншыларын ұстап алып жазалайды.

Енді бір тұста Манасқа тісін қайрап жүрген Есенжан болды. Оның барлаушы әскерін Манас тобы қирата жеңеді («Тоғыз жүз толы әскерден, екі жүз әрең құтылып, Есепхан жаққа кеткені») Эпос осылайша жас қаһарманды болашақ ұлы істерге «даярлай» береді. Жауда беті қайтпайтын Қаблан Манасшы жолдастары қаңқор деп дәріптеп әкетеді. Жыршы Сағымбай нұсқасы басылған эпостың бірінші кітабы Манастың он бес жасында хан көтерілуін баяндаумен бітеді. Сөз реті келгенде айта кетейік түркі-моңғол әлемінде Шыңғыс аренаға шыққаннан бері қарай Орталық Азияны, Сібірді, Еділ бойын, Солтүстік Кавказды, Қырымды мекендеген халықтарынан шыққан қандай атақты адам болса да, хан атанған емес.

«Манасқа» қаһарманның ерлік істері бірден-бірге қомақтала түседі. Манас түрлі тарапта тұрған көп хандарды (Текесхан, Шорық хан, Әлеуке хан т.б.) жеңеді, Сайқал қызбен сайысады. Қалың елдің ішінен соғысқа жарарлық адамды таңдап, кем кетігі барларды мүгедектерді ауылына қайтарып, Манас қырғыз қамын кең ойлайды («Кебе құрсақ шалдарды, кейпі жалап балдарды... көңілге толмас жадауын, аяғы майын шолағын екі жүз мың қайтарды»).

Аса қызықты эпизодтың бірі – көп ел жиналған ат жарыс палуан сайыс көріністері. Осында қалмақтың Сайқал деген палуан қызымен сайысуға қырғызда ешкім беттемейді, Манастың өзі шығады, қайта мезетте қыз басымдау түсіп, Ақбалтаның Шуағы дер кезінде көмекке келіп, Манас жеңіліп қала жаздайды.

Манастың сайыс кезіндегі бет әлпетін намыспен ширыққан сәтін жыршы «оң көзінен от шығып, сол көзінен шоқ шығып» деп бейнелейді. Сайқал қызбен сайысының сәтсіз басталғанына намыстанып, Манас «бас байладым өлімге, шаш байладым өруге» деп жекпе-жек сұрап қасарып тұрып алады, қалмақ қызы сескеніп, жылысып кеткеннен кейін ғана ашуы басылғандай болады.

Түрік-моңғол халықтарының эпикалық жырларында батырдың таңдап мінген атына қатты көңіл бөлінеді. «Ат-ердің қанаты» деген нақыл сөздің терең мәні батырлық эпоста әсіресе айқын көрінгендей. Манастың аты Аққұла құса жететін, жарысса озатын теңдесі жоқ жүйрік болып сипатталады. Аққұланың шабысы да сүйсіне жырланған.

Манастың аты Аққұла

Маралдай шырғап бөлініп,

Маңдайында бағы бар,

Құлағында шамы ба,

Құйыннан бетер жануар,

Аттардан шығып бөлініп,

Арқарадай шаңы көрініп,

Тар қолтықтан су шығып,

Танаудан қара бу шығып...

Аққұла өтті дырқырап,

Тұяғы тиген тастары

Тұс-тұсына зырқырап... (11 к, 66)
Манас батырдың әскер бастап, жауға атанған шағының суреті де эпикалық ересен қуатқа толы.

Ақ асабы туымен,

Айғайлаған шуменен,

Көк асаба туменен,

Көп жаңғырған шуменен,

Дабыл соғып күңгірлеп,

Тау көшкендей дүңгірлеп,

Сел жүргендей күркіреп,

Өрт күйгендей дүркіреп,

Еркін күңгей жолменен

Екі жүз мың қолменен

Ер Манас жолға салыпты (ІІ, 102)

Соғыс, батырлардың жекпе-жек ұрысы суреттерін бергенде де қырғыз, қазақ эпикалық дәстүрі туыс. Көп жырларда қайталанатын формулалық «Манаста да» орын алған. Мұндай «тыныс» жерлер қандай да болмасын жырдың міні емес, қайта ол солардың ежелгілік, байырғылық белгілерінің бірі болып саналады, формулалық тұтас оқиға, ситуация қайталанудан да, жекелеген шумақтардан да, өлең қатары немесе тіркестен байқалатын құбылыс десек, қырғыз эпопеясынан осылардың әрбір түріне де мысал еркін табылды.

Қалмақ ердің қасы деп

Қақ Жүректің басы деп,

Абдылда тіктеп алыпты.

Алтын ердің басы деп;

Кегеті найза салыпты.

Найзаларын тіресіп,

Екі үзеңгі тіресіп,

Батырлар екеу сайысып,

Аттардың белі майысып,

Қайтер екен бұлар деп,

Қабырғасы қайысып.. (ІІ, 131).


Бас қаһарман Манастың сымбаты мен іс-әрекеті бірте-бірте үстемелене, сан қырлы толыға береді. Айтушы жыршының үстемелене, сан қырлы толыға береді. Айтушы жыршының қиялында оған тең келер нәрсе табылмайды. Мына көтеріңкі көрікті жолдар осыны дәлелдейді.

Алтын меен күмістің

Шіресінен біткендей.

Аспан менен жеріңнің

Тіресінен біткендей.

Айың менен күніңнің

Бір өзінен біткендей

Ай алдында дарияның

Тоқынынан біткендей.

Ауадағы бұлттың

Салқынынан біткендей.

Аспандағы ай, күннің

Жарқылынан біткендей.. (ІІ, 148)
Мұндай портреттік мінездеме әлем фольклорындағы сирек кездесетін ең тапқыр да биік бейнелеу қатарына қосылады.

Манас елінің Алтайдан Алатау көш сапары жауынгерлік соғыстармен аралас-құралас келіп отырады. Осының бәрінде де бас қаһарманның шынығу толысуы алғы кезекте көрсетіледі. Алтайдан Алатауға келгенге дейінгі сан жаумен шайқасу кезінде-ақ Манастың кейінгі тарауларда қайталанып көрініс беретін қасиеті анықталады. Бұдан кейінгі оқиғалар тізбегінде оның айбаты мен қайраты түрлі қырынан көрсетіліп отырады.

Арыста Манас барыпты,

Айбатына шыдамай,

Әлеуке сынды зор патша

Тағынан құлап қалыпты (ІІ,188)

Әлеуке ханның дұшпан талатуға сақтап қойған жолбарысы да, арыстаны да, айдаһары да Манасқа тимейді.

Халық тақсіреті қайдан өрбиді? Біреуді аз, біреуді көп, біреуді жарлы, біреді бай қып жарататын алақол дүниеде қоздамай тұрмайтын сыртқы қысастық пен ішкі келеңсіздіктерден өрбиді. Әйгілі дастан өзге жерде келімсек саналып, келекеге ұшырап, өз жерінде саны аздықтан санатқа ілікпей, аяқққа басылып есесі кетіп, езіліп жүрген қырғыздардың аянышты тағдырын суреттеуден басталады. Жат жерде де ебін тауып, байып алған Жақып малына қорған, дәулетіне қожа болатындай мұрагер іздесе, батыр Балта тойғанға мәз боп, тоғышарлана бастаған алыстағы ағайынды арттағы атамекенге қайта бастап апарып, туған жұртымен қайта қауыштыра алатын сайыпқыран көсемді аңсайды. Бесіктен белі шықпай жатып: «Қожаны көрсе қорқытып, саба толы қымызды қолына берсе бір жұтып «анау-мынау ас болмайтын», «Жарым шелек арақты жалғыз ішсе мас болмайтын» алып Манасқа бай Жақып «Дүниенің парқын білмейді» деп күйінсе, адал тілек, ақпейіл Ақбалта батыр: «Дауыл келсе, жел тимес, қалың тоғай бұл болар: даушы келсе мал бермес, қара көкжал ұл болар; аман болса бұл бала өлгеніңді тірілтер, өшкеніңді жандырар», - деп сүйінеді.

Ерен туған ер Манас ел сенімін ақтады. Алтайдың астын үңгіп алтынын алып, алқабын толтыра егін салып, адырып қаптата мал жайын әбден байып алған қырғыздарды үйренген қоныстан кеткісі келмей, кежегелері кейін тартса да, әлдеқашан ұмыт қалған ата-қонысына бастап апарды. Бөгесін болғысы келгендерді топырлата қырды. «Бет қойысар дау шықса, белдесетін жау шықса, қарауыл шығар дөңі жоқ, қақтығыс болса, қапыста, қол сиятын жері жоқ» жайдақ тегіс пен тар қолатқа кідіртпей, «көк желегі жайқалған, көк майсасы шайқалған; шыбығы бар шынардай, шынарлы мұнардай; тынық аққан бұлағы, пейіштен артық сияғы; қара-бура шатқалы, аспан сүйген асқары, жер сауыры Таласқа» бір-ақ жетіп тоқтайды. Бір кезде Оразды ханы өлген қырғызды оқыста басып, «бірін айдап Оралға, бірін айдап Еренге, біреуін көміп тереңге, біреуін қуып Қанқайға», қан талапай еткен Қоқанның Қоңқай ханы Әлеукеден өш алып, жан-жаққа шашылып кеткен қандастарын қайта жинай бастайды. Туыстас түркі нәсілдеріне барып, жасы кішілеріне өзі ат жүгіртіп, адам жіберіп, білек қосысып бірлікке, ірге тұтастырар ынтымаққа шақырады.

Ағайын Қатағанның ардағы Қосай дәу айқара құшағын ашып, алдынан шықса, Алтайдағы қанша ағайынның Саурық ханы қиырдан келіп, жер шұрайын иеленіп, ол шырайын түгендей бастаған батырға өзі келіп соқтықты. Қалмақ ханы Текес үдере көшкен қырғыз көшіне дүрбелең салып, тыныштық бермеді. Ел қамын ойлаған Манас иілгенге иілді, шүйілгенге шүйілді. Ата жұрттың септігі тиер қам-қарекеттің қандайынан болса тайынбайды. Оның бұл қылығын жақтырмайтындар алыстағы жаттан да, іргедегі жақыннан да көптеп табылды. Өзгені қойып, өз әкесі Жақып елдің басын қоспақ боп, ердің ауызын алмақ боп, күні-түні іргесін атқа, төрін қонаққа таптатып жатқан баласына. «Ойымнан кетпес сор қылдың, Манас; сансыз малды қор қылдың, Манас; аты жоққа ат беріп, қартайып қалған кезімде, шын мүшкілді сен қылдың, Манас. Қаптаған мың –мың мал қайда? Аялы Алтай жер қайда? Қабырғалас тұрушы –ек, қара Қытай ел қайда? – деп килігер, сақалын жуып, шашын жұлады. Елдіктің жолына қимай көгенінің босап қалған бұршағы мен желісінің ағытылған ноқтасын санап, азаттықтың жолындағы кемдікүнгі қиындыққа шыдамай, басы байлаулы, аяғы тұсаулы болса да, қарыны тоқ, көйлегі көк жатқа ол заманда да табынар жандар табылыпты. Қара бастың қамы үшін, шеке қышытар тәж бенен тақым қышытар тақ үшін өзі өрт салып, өзгелермен жер түбінен жең ұшынан жалғасатын жаудан бетер жадыгөй жексұрындар ол заманда да аз болмапты. Алыс Қанғайдағы Есеннің Сойылын соғатын көзкөмендер Таласта жатып, аңғал Манасқа у қосып, арақ беріп, өз тізгінін өз қолына енді алғалы тұрған сорлы жұртты бұрынғыдан бетер сорлатып кете жаздайды.

Елдіктің жолына қашан да қаптаған кедергі тұрғызылыпты. Азаттықтың жолына қашанда арам ор аз қазылмапты. Сырттағы дұшпан іштегі алаяқтың аярлығын, тоңмойын тоғышардың топастығын, даңққұмар дарақының даңғойлығын қашанда қапысыз пайдаланып бағыпты. Бәрі де елім деп еңіреген ерлердің соңына шоқ алып түсіп, азаттық деп арпалысқан асылдарды аяғынан шалып бағыпты. Манас өзімен ұштасқан жаудың бәрін жеңе алғанымен ғана емес, бақ пен салтанаттың бәрін көрсе де, менмендікке ұрынбай, сый мен салтанаттың бәрін көрсе де, кісәпірлікке ұрынбай, тоғышарлықты да жеңе алғанымен қасиетті. Ол өр десең өр, ер десең ер. Бірақ жау алдында өр де, дос алдында жер.

Қаһармандық жырларда кездесетін қызықты сарынның бірі – туысы әр елден шыққан батырдың белгілі бір мақсат жолында бауырласуы. Әлемдік фольклорды, дастаншылықты айтпағанда түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті мұрасында да осындай оқиғалар орын алып келген.

«Манас» жырында осындай оқиға Алмамбет атына байланысты берілген. Бір атап өтерлігі, сол –Алмамбет қырғызға тілі, жері, дәстүрі, діні жақын елдерден емес, сонау алыстағы Қытай ханы қолбасыларының бірінің баласы делінеді. Манастың атын естіп, елінен әдейі іздеп шыққан Алмамбет кейіннен қырғыз батырының ең таңдаулы серігіне айналды, асқан дарынды қолбасы, қалаулы қаһарман болады. Бірақ біз Алмамбет қатынасын орасан ірі соғыстарды, оның сан қырлы,айлалы, алғыр, ақылды, кең ойлайтын келісті көркемдік тұлғасын бұл арада сөз еткелі отырғанымыз жоқ. Біздің назарымызды аударған «Алмамбеттің оқиғасы» деген тарау. Мұнда Алмамбеттің Манасты іздеу мақсатымен шығып қазақ батыры Көкшеге кездескені, соның үгітімен мұсылман болуға бекінгені, Қытайдан кетуінің негізгі себебі сол елдегі кейбір жарамсыз әдеттерге тымбай салғандығы болуы, қазақ билеушілері Айдархан мен Көкшенің еліне келіп тұрғаны, қалмақтан мал алып қазаққа үлестіргені, т.б. айтылады. Онымен жырдың тарауы түгелдей қазаққа арналған болып шығады.

Жырда Алмамбеттің өзіне беттеп келе жатқанын Манас түс көріп білген болады. Бұл да болашақ серігі болатын батырды дәріптеу қажеттігінен туған көркемдік әдіс деуге лайық. Манас түсінде қылыш тауып алады, бір кезде ол қылышы Жолбарысқа, онан соң тұйғынға айналады. Түс жорушы Ажы қарт Алмамбет батыр іздеп келе жатқанын қолымен қойғандай» етіп айтып береді.

Манас Алмамбеттің ерлігін сынайды, мәрттігіне көз жеткізеді, оны жақсы қабылдап, сый-сыяпат көрсетеді, бірақ берген тартуы үшін батырды міндеткер еткісі келмейді. Алмамбетке Манас әкесі Жақыпқа жорыққа олжа ретінде алған әйелдері Қарабөрік пен Ақылайға көңілі толмайтынын, айттырып, көп қызық көріп үйленгісі келетінін айтады. Жақып Манастың бұл тілегін алып, қыз қарайды. Атемір деген атақты адамның Санирабиға (Қанікей) есімді сұлу, ақылды қызы бар деп құдалыққа аттандырады. Қыз әкесімен сөйлесіп, жауабын кідіртеді. Сол кездегі елдегі Манас та, Алмамбетте, қырық шорада түсінде толық ай көріпті. Манап пен Алмамбет шекесі кетік толқы ай, өзгелері толық ай көрген делінеді. Түс жорушы қырық шораға бәріңде балалы боласыңдар, ал Манас пен Алмамбет зарығып барып перзент көреді, - дейді. Қырғыздар айдап әкелген қалыңдық малын жер–көпке сыйғыза алмай әлек болады. Манастың үстіне басып кіргеніне Қаныкей ашуланып таяққа алады, қаһарланып, қыз қиқарлығы үшін Хиуаны қиратып жіберуді де ойлайды. Қаныкейдің сымбаты қазақ жырындағы Қыз Жібекті еске салады.
Алпыс нөкер қасында,

Алтыннан жыға басында.

Он алты жарым жасында,

Жез жығадай майысып,

Айдай жүзін балқытып...

Кереуке таңдай былқ етіп,

Көкектей үні шыңқ етіп,

Жез қобыздай зыңқ етіп...


Манастың Қанікейге үйленуімен қаһарманның эпикалық өмірбаяны белгілі дәрежеде толықтық табады. Манастың ғажайып туысы, баласыздық зары, батырдың жедел жетілуі, ат таңдап мінуі, жаулармен соғыста ерлік көрсетуі, батырлық бауырласуы, ерлік мінез көрсетіп үйленуі –мұның бәрі қаһармандық, эпостық классикалық белгілері болса, осылар «Манас» жырының бойынан түгел танылады.

Ежелгі түркі өлеңіне тән дыбыс қалаушылық – аллитерация мен ассонанс қырғыз эпосында ерекше орын билейтінін көреміз. Өлеңнің соңғы жолдары ғана емес, басқа дыбыстарда үндес келушілік ертедегі позицияға тән белгінің бірі борлса, «Манастан» осы өрнек молынан табылады.

Ашыған қымыз екен,

Алты азамат шаптырды.

Алты жүз месте қымызды,

Аял қылмай таптырды.

Ауылда кісі қалма деп,

Адамның бәрін шақырды...

Немесе

Қиратып жерді алалы,



Қызықты жерді алдырып.

Қияметте жүргенше,

Қырғыз ұлы болғаны,

Қырылып жатып залалы... (11,24).


Қаншама жойқын әсерлеулері бола тұрса да, «Манас» жырының оқиғалары реалдық өмірдің елесіндей әсер етеді. Сондай –ақ қаһармандары да өздеріне тән мінездік көп ерекшеліктер байқатады. Мұның бәрі жырдың танытқыштық қасиетін арттырады. Манастың ең жақын тұтқан жандары Алмамабеттің, Бақайдың, Қосайдың, Шуақтың, Сырғақтың бейнелерінен осы қаһармандарға хас сипаттар молынан табылады. Жау жағының көрнекі батырлары Жолай мен Қоңырбайдың да жалпы ұқсастығымен қатар айырмасы да табылады. Манастың туғаннан өлгеніне дейінгі ұлан –ғайыр істерді бүкіл халық қатысқан алуан оқиғаларды, сан түрлі қаһарамандарды, көп елдің тарихы дәуірдегі аралас–құраластығын, еліндегі ішкі қайшылықтары да, шет елдік жаулардың басшылығына қарсы үздіксіз сұраным соғыстарды, елдің тұрмыстық –салттық дәстүрін шалқыта баяндаған жыр – шынында да, Шоқан Уәлиханов дәл, анықталғандай қырғыз халқының көркемдік энциклопедиясы болып табылады.

«Манас» жырының түрлі замандар шындығынан елес беретін «көпқабаттылығы» зерттеу еңбектерінде ескертіліп отырады. Мұнда адамдардың өте ертедегі мифтік ұғымдары да, түрік қағанаты, қарахандар билеушілігі, Ноғайлы, одан кейінгі қалмақ – Жоңғар шабуылдары кезіндегі оқиғалардың жаңғырығы байқалатыны атап өтілген. Тіпті эпоста ХІХ ғасырда болып өткен істердің де іздері аңғарылады. Жырда қырғыз халқынан жырақ жатқан сан жұрттың да аттары аталып отырады.

«Манастың» 1856 жылы Ш.Уәлиханов20 жазып алған үзіндінің тарихын әңгімелеу үстінде академик Ә.Марғұлан жырдағы көне орындарды кең баяндаған. «Көкетайдың асы» суреттелетін бөлімге арнайы тоқтала келіп, ғалым мұндағы салт, ырымдардың көбі ертедегі ғұндар дәуірінен бері жалғасып келе жатқандығын дәлелдеген. «патриархал қауымының әлеуметтік тұрмысы, естірту, жоқтау, аза тұтып қайғыру, жылау, қадірлеп шығарып салу, басына белгі орнату, ас беріп, той жасау, сайыс қылу – бәрі бұрынғы көшпелі сақ, ғұн, үйсіндерден бері қарай қазақ пен қырғыз халқына дейін жеткен тарихи жолдар.


2.3 «Семетей» жыры – ата мекен туралы лирикалық жыр.

«Семетей» дастаны – қырғыз халқының әдебиетінен ең көрнекті орын алатын «Манас» эпосының екінші бөлімі. «Манас», «Семетей», «Сейтек» дастандары қырғыз жұртының өткен ғасырлардағы тұрмысын, дүниеге көзқарасын, әдет – ғұрпын, талап – тілегін көркем образдар арқылы бейнелеген ең ірі шығармашылық еңбегі болып табылады.

«Семетей» жыры сюжеті жағынан осындай бөлек шығарма болса да кейбір сәттерде – оқиғаларының жүйесі және образдарының шешімі жағынан – «Манас» эпосын толықтырып тұрады.

«Манас» эпосында оқиға Манас төңірегінде өрбісе, ал «Семетей» дастанында оқиғалар Семетей, Құлшора, Айшөректердің айналасында болып жатады.

Қырғыз Ғылым Академиясының қолжазба қорындағы материалдарға және А.Тоқамбаев тарапынан жинақталып біріктірілген нұсқаға қарап отырып, «Семетей» дастаны туралы төмендегідей пікірлер айтуға болады.

Қырғыз халқының мақтанышы іспетті шығармалардың бірі болған «Семетей» дастаны, біріншіден туған жер, туған ел үшін ішкі – тысқы жаулармен күресу, яғни батырлық тақырыбын, екіншіден, тұрмыстық – салттық, адамгершілік, махаббат, достық сияқты мәңгілік тақырыптарды қамтиды. Сонымен бірге «Семетей» дастанында қырғыз жұртының әдет – ғұрпы, ұлттық салты, тұрмыс жағдайы да баяндалған. Олар шығарманың ұлттық бедерін танытып, идеялық мазмұнын, халықтық сипатын айқындап тұрады.

Трилогияның алғашқы бөлімінен кейінгі бөлімдердің көркемдік болмысы мен композициялық құрылымында, бейнелеу қағидаларында айта қаларлықтай айырмашылықтар болуы да тегіннен тегін емес. Манасқа байланысты бөлімдегідей емес «Семетей» мен «Сейтекте» оқиғалар архаикалық героикадан, ұланасыр кең қарымдылықтан арылып, негізгі кейіпкерлердің таза жеке бастық арақатынасына, содан туындайтын трагедиялар мен драмалар төңірегінде топтастырылған. «Манас» эпикалық қарымы күллі ғаламға барабар нағыз үлкен эпос, үлкен эпопея болса, «Семетей» мен «Сейтекте» бір әулет, бір буынның шындығымен орайласып бұл заманның тілімен айтсақ, «романдандырылған», «Шағын эпос». «Манастың» финалынан басқа бөлімінде ұлан – асыр шайқастар, аза мен қуаныш, Жеңіс пен жеңіліс, тағдырдың тауқыметі мен рахаты кездейсоқ қатар түсіп, қосарланып отырса, «Семетей» мен «Сейтекте» бір күдік пен бір итжығыс түсіп жататын сезім молырақ.

«Қаныкейдің шарында» Қаныкей туған жерге деген сағынышын білдіріп, Семетейдің көз алдына ата қонысының әсемдігін, байлығын айтып, оның табиғатының гүл көркін елестетеді.

Гүл көрікті жері, ата -бабаларының бірге өмір сүрген халқы Семетейдің жүрегін сыздатып, жанын мазалайды.

Елдің шырқын бұзған ішкі дұшпандарға және көз жасқа қанды шеңгелін салуға әзір сыртқы жауларға қарсы күресу, ел – жұртты қорғау – «Семетей» дастанындағы негізгі идеялардың бірі болып табылады. Манастан басқыншылыққа ұшыраған халыққа Семетей арқа, бел болып, оны бастап кетеді ғой деген елдің оптимистік ой-тілегі дастанның экспозициялық бөлімінде-ақ Семетейді күтуді, суреттеуден көрінген, өйткені Манас мерт болғаннан кейін Абыке, Көбеш билікті өз қолдарына алып, өз дәрежелерін, өз мерейлерін үстем ету мақсатымен «жылқының қысыр тайын жеп, ешкінің тоңған майын жеп» ел зәресін ұшырып, есіріп кетеді.

Ұлы есім мен ұлы іске сатқындық басталды. Әке баласын сатты, іні ағасын сатты. Нөкер көсемін сатты. Мекер төсегін сатты. Босаға төрді сатты. Әдеп абырой - әжетті сатты. Азғындық басталды. Азғындықтан аман қалудың жалғыз жолы – ел ауып, жер ауып аластату болды. Сол кепке ұшыраған ана Қаныкей мен әже Шиырлы азған елден алыс қашып, асылдан қалған тұяқ Семетейді жетілдірді. Семетей ат жалынан тартып міне, елге оралды. Семетеймен бірге елге сенім оралды. «Манастың ұрпағы жалғасса, ісі де жалғасады», -деп ойлады жұрт.

«Семетей ер жетсе, елге береке орнайды» деген үміт поэмада нанымды берілген.

Қарабура поэмада нанымды берілген.

Көш алатын күн бар ма?

Ниеті бұзық иттерден,

Қайта оралып Семетей,

Өш алатын күн бар ма? – дейді халық өкілдері.
Поэмада қырғыз елінің шырқын бұзып, берекесін алғандар Жақып, Абыке, Көбеш, Қырғылшылдардың, олардың Семетей, Бақай, Құлшораларға қарсы күресі – бір –бірімен ымыраға, бітімген келмес күрес. Семетей мен Жақыптың арасындағы тартыс – тайпалас деп суреттелмей, қара шеттілік пен әділеттіліктің арасындағы белдесу ретінде берілген.

Аңғал Семетей Жақыпты дұшпаным деп ойламайды, керісінше оны өзіне жақын тартып, арқа сүйер адамы етіп алуды қарастырады. Семетейдің трагедиясы оның осындай аңқаулығында, аңғалдығында жатыр. Осының нәтижесінде Семетей аярлықты өзінің туғандары Абыке, Көбіштерден де көреді. Семетей басыма іс түссе қорған болады деп сенеді, бірақ бұл үміт сюжеттің өрбуінде аяқталмайды. Семетей елі –жұрты үшін не қорлықты көрсе де, оны көтере де, жеңе де білді. Сондықтан да ол Бақайдың кеңесіне құлақ аспай, Абыке, Көбіш, Қырғылшалдардың барлық қорлығы мен зорлығына шыдап, оларды ынтымаққа, бірлікке шықырады. Дастанда Абыке, Көбеш, Қырғылшалдар Семетеймен оты өрелі жанбаған, өз күлшесіне күл тартқан эгоист, жақсылыққа жамандықпен жауап берген, сырты бүтін, іші түтін, түлкідей аяр мансапқорлар. Олар зорлықпен жеткен биліктен, даңқтан айырылып қалмау үшін Манаспен өлгенше тайталасып, алысып, жұлысып өтеді. Өздерінің мерейін үстем ету мақсатында олар ел -жұртын сатып жіберуден де тарынар емес.

«Семетей» дастанында алуан құлықты, мінезді адамдар да бар. Манастың нөкері Қырғылшал Манастың сойылын соққан болып, Көбешті жек көргендей болады. Қаныкейге барғанда оған «бауыры елжіреп», «мейірмен» қарағансиды. Ал шынында ол Қаныкей мен Көбештің екеуіне бірдей қолдан келген жамандығын істеуге даяр. Семетейге де ол осындай аярлық жасайды. Оны әлсіретіп, елдің берекесін бұзуды көздеген ол Манастың нөкерлерін Семетейге өшіктіріп бағады. Оларды төңірегіне жинап алып, ақырында Қытайдың жеріне қашады. Дастанда Манасшы Қырғылшалды:

Сырты түлкі, іші арам,

Сұмдық толған көзі бар,

Қилы –қилы сөзі бар, -


деп суреттейді.

Өстіп Жақып, Абыке, Көбеш, Қырғылшалдар әр қайсысы өзінің күшіне қарай арамдық пиғылын көрсетеді. Манас барында бірге жүріп, оның неше алуан жақсылығын көрген қара беттер кейін алыстап, Семетейдің қас дұшпаны болады. Бұл оқиғалардың бәрі дастанда өмір шындығына орай суреттелген. Ал образдар, барлық әдеби образдар тәрізді, адам өмірінің көркем көрінісі, тұрмыстағы оқиғалардың, сан –түрлі жандардың мінез –құлқының сәулесі болғандықтан, олар өз кезіндегі қоғамдық - әлеуметтік жайлардың, қаһармандардың ой – пікірлерін, дүниеге көзқарастарын білдіреді. Демек, Абыке, Көбіштер Семетеймен аталас, бір рудан болса да, жік – жікке бөлінген майда топтардың басшылары өз билігін сақтау үшін кұресті түрлі тәсілмен жүргізген мезгілдегі көзқарастарды бейнелеген образдар. Бұларға қарама – қарсы Семетей дастанда елдің қамын жеген, сол үшін барлық күш –жігерін сары еткен батыр. Семетей майда - шұйде талас – тартыстардан аулақ, өнімсіз дау – шардан алыс, пасық пікірден өзін жоғары ұстаған, елдің тағдырын толғана ойлаған намықой батыр. Ол өзінің барлық ісін елдің күшіне сүйеніп істейді. Бұны біз батырдың сыртқы жауларға қарсы жүргізген күресінен айқын аңғартамыз. Ешбір себепсіз ел шабу, халық тонау дастанның рухына мүлде жат. Ал Семетейдің Қоңырбайға қарсы жорығы болса, ол екі себепке негізделген. Біріншісі – алыста жатқан Қоңырбай байқаусызда бас салмасын деген тактикалық мақсат та, екіншісі – ата бабалардың кеткен кегін, өшін алу. Демек, Қоңырбайға қарсы жорыққа аттану мәселесі дастанда дәлелді де көңілге қонымды. Өш алу, кек қуу өткен дәуірлерде табиғи құбылыс баяндалғандықтан, ол Семетейдің образында өз ізін қалдырған.

Дастанда қырғыз жұрты Қытай, қалмақ елдерін сан жағынан көп, күшті, талантты екенін ерекше бағалаған. Сөйтіп, дастанда, Семетей бүкіл Қытай, қалмақ халқына қарсы күреске аттанбайды. «Әлемге жанжалы» татыған» Қоңырбайға аттанады.

Туған елінің қауіпсіздігі үшін күресу тақырыбына дастанда жәрдемші сюжеттік деталь есебінде жорық тақырыбы қосарланады. Бірақ мұндағы жорық «Манастағыдай» көп орын алмайды. Қоңырбайға қарсы бағытталған жорықтан басқа соғыс тақырыбы «Семетейде» жоққа тән. Манасшы ә дегенде Семетейдің жорыққа аттану себебін айтып бітеді де, іле жорыққа аттану Семетей мен ақылшы қарт Бақайдың өзара пікір алысуынан басталады. Бұл кеңесті Манасшы екеуінің диалог, монологтары арқылы берген. Осыдан кейін Манасшы Семетейдің жолға қамдануын баян етеді. Әр рудың басшысы өз жасағын алып келгені, Бөркебай сияқты қариялары Семетейге арнап әртүрлі қару – жарақтар жасап, табыс еткені үлкен шеберлікпен суреттелген. Бұл эпизодтар Семетейдің ел сүйгенін тағы да айқындай түседі. Семетей үлкен соғысқа бара жатқандай көп жасақ жинамайды, Бақай шалмен төрт кісі, он төрт ат алып жолға шығады. Семетейдің осы бір әрекеті әр Манасшыда түрліше суреттелген Манасшылар Жақсылықовтың, Рысмендиевтің нұсқаларында Семетейдің Қоңырбайға қарсы аттануы үлкен жорықтай болып суреттелсе, Саяқбай – Қаралаевта қоғамдық - әлеуметтік жайға орайлас көрсетілген. Манасшы Молдабасан Мұсылманқұловтың нұсқасын алсақ, Семетей тек қана әкесінің кегін кектен, өшін алу үшін қаһарланады да, хат жаздырып, мөрін басып, кеңесіп, жорыққа мұқият қамдана бастайды. Қоңырбай мен соғыста Құлшора соғыс бұзып, дем алып отырған Қоңырбайдың басын балтамен шабады. Оның қолын қуып барып, олардың мал – мүлкін, тіпті әйел, қыздарына дейін олжалап қайтады. Өстіп манасшы Мұсылманқұловтың нұсқауында Семетей талаушы, басқыншы, дүниеқор ретінде көрсетіледі. Жыршы эпосты өз түсінігі бойынша айтады. Ол жөнінде профессор А.П.Скафтымов әрбір орындаушы өзін тебіреніткен көріністі қызықты етіп суреттеу арқылы дүниеге көзқарасын және көркемдік сезімнің деңгейін көрсетеді деген. Шынында Семетейдің образы манасшы Мұсылманқұлов тарапынан басқыншы ретінде көрсетілуі және де манасшылар Шапақ Рысмедиев, Жанабай Қожабеков, Саяқбай Қаралаевтар тарапынан ол елін сүйген батыр есебінде суреттелінуі манасшылардың көзқарасына дүние танымына орай суреттелген болуы керек. Тоқамбаев Семетейдің образына барынша ұқыпты қарап, осы вариантта ол образды С.Қаралаев, Тоғолоқ молда, Ш.Рысмендиевтердің варианттары бойынша берген. «Семетей» дастанында соғыс оқиғасы кең орын алмағандықтан, жорыққа қамдану эпизодтары да мұнда басқа дастандардан мүлде бөлек. Демек, бұл жай соғыс тақырыбының «Семетей» дастанына тән емес екендігін тағы да дәлелдейді.

«Семетей» дастатынында да бір жерінде қытай, екінші бір бөлігінде қалмақ деп айтылғанға орай, қара қытай, қалмақ елдерінің батырлары қырғыздың батырларына қарағанда табиғаттың «тілін» білген жан – жануарларға өзінің дегенін істете алған, керемет айлакер ретінде көрсетілген. Семетейлердің жолда келе жатқанын күн бұрын біліп, Мұрадилдің күнді қақатып, суды қатырып, қарды боратып жібергенін жаршы өте шебер суреттеген. «Қыста болған бұлтты, жазды күні қармаған». Мұрадилдің күнді еркіне бағындыруы Семетей үшін бірінші қорқынышы еді.

Қытай, қалмақ батырларының жеті күндік жолдың иісін білген қарауылшы Түлкі, Қу сияқты құс атына қойылған хабаршылар тәрізді жайларды эпосқа тән көркемдік тәсіл деп қарау керек. Солай болса да, халықтың ой – санасын, өнерге ұмтылысын манасшылар алып белсендігі, ақылға бай Семетейдің күшін табиғаттың «Сырын» түсінген фантастикалық күштерден жоғары қойып, өмір шындығына орай реалистік тұрғыда суреттеп көрсеткен. Сондай ғаламат күштердің қарсы тұрғанына қарамастан Семетей шолғыншылыққа жалғыз өзі барады. Сөйтіп, Семетей дастанда өз күшіне кәміл сенген, халықты қорған еткен батыр есебінде көрінеді.

Семетейдің образына екі қасиет тән. Дұшпанмен алысқан кезде ол – «білегі жуан, тас жүрек», қаһарланса арыстандай арқырап «көзіне от шашқан» алып. Ал жайбарақат кезде елпілдеген, сыпайы әділ азамат. Бұл сипаттар бірін – бірі толықтырып, Семетейдің ішкі дүниесін жан – жақты ашып отырады. Сондықтан ол жалғыз өзі шолушылыққа аттанып, «Желді сапырып, бұлттарды шақырып»күнді алай –түлей еткен асқан жайшы, өнерпаз, тың жерден «арқыратын дария ағызған» алып күшті Қарағұлмен жекпе -жек алысып, оны жеңіп тақымына басады. Бірақ жаратылысынан ақ көңіл, аңғал, жайдары Семетей лезде Қарағұлдың алдауына түсіп қалады.

Манасшы екі батырдың жекпе – жек айқасын көрсеткенде олардың сыртқы бейнелерін суреттеу арқылы ішкі дүниесінің де ансарын ашқан. Бірақ Қарағұл батырдың келбеті болса, «Семетейде» мүлде бөлек суреттелген. Ол «таңғажайып» хат оқып, жан – жануарлардың «тілін» білген, табиғат құбылыстарының сырын түсінген өнерпаз болуымен бірге, мұртының беталы «Қамшының сабындай», «беті піскен өкпедей» түрі суық жан. Бұл сипаттар оның ішкі дүниесін де ашып тұр. Сөйтіп қаһармандардың портрететтері олардың сыртқы келбетіне, ішкі ой дүниесіне, мінез – құлқына орай реалистік тұрғыда берілген. Және де мұндай суреттеме дастанның идеялық мазмұнына бағындырылған. Бір – біріне шеңдес емес күштердің манасшы қатар қоя салыстырып, алыптардың күшінен Семетейдің күшін жоғары қойған.

Манасшы Семетейдің адам өмірінде болатын ерлігін халықтың, батырдың сипатына лайық реалистік планда көрсеткен. Мұны Семетейдің талай арпалыста күшіне сүйенгенінен көруге болады.

Дастанда Алмамбеттің баласы Құлшора, Бақай қария нағыз халық өкілдері ретінде бейнеленген. Жау шапса айбынбаған, ант – сертке берік азаматты Семетей ұлтына қарамастан сүйеді. Алмамбеттің баласы Құлшораны Семетей оның ұлты қытай екеніне қарамастан қатты сыйлайды, туысындай жақсы көреді. Ал Құлшора –Семетейдің сүйіншісі, Семетей үшін ол оққа ұшып, отқа күюден де тартынар емес. Құлшора – жау келсе оқтан қашпаған ер жүрек батыр. Ол жас болса да, жасамыштарша сөз айтқан, жауды жеңу үшін түрлі амал – айла тапқан ақылмен.

Қырғыз халқы – ежелден бейбітшілікті, достықты жоғары бағалап келген ел. Құлшора, Семетейлердің достығы дәл осындай өмір шындығымен өзектес, халықтың алдыңғы қатарлы ой – тілегінің айқын көрінісі. Халық тағдырын ойлауда Семетей мен Қоңырбайшылар бір – біріне қарама – қарсы қойылған контрастық образдар. Семетей тәрізді ата – бабаларды қанқақсатып келген басқарушыларға қарсы күресудің орнына Қоңырбай қаруын өз халқына кезеңді, ол қалай болса да бүкіл қырғыз елін қорқытып от алып, тізе бүктіруге әрекет қылған. Халық өзіне қарсы қамданған жауды аш бөрі жыртқыш айуанға теңеп, түрінің суықтығын, жексұрындығын көрсету арқылы оның зұлымдығын, аярлығын ашып отырған. Бірақ бұдан қытай – қалмақ батырларын тым сүмірейтіп жіберген екен деген түйін тууы мүмкін. Керісінше, манасшы екі елдің батырына әділ баға беріп, өз түсінігіне орай, шындыққа жанасымды етіп көрсеткен. Мәселен, Қоңырбайды асқан аяр, зұлым, қан құмартқан жауыз есебінде көрсетсе, Қарағұлды әлемде жоқ, тапқыр, теңдесі жоқ батыр ретінде бейнелейді. Қытай, қалмақ батырлары соғыспай тұрған мезгілінде асқан өнерпаз, білімді, мәдениетті халықтың өкілдері ретінде ол батырлар, өмір шындығына сай, мейірімсіз бас кесер қарақшылар бейнесінде беріледі.

- Ал енді Семетей болса – жауға қарсы аттанғанда «бір қолы мың кісіге татыған» алып. Қазақ, ойрат, монғол және басқа халықтардың эпостарындағыдай «Семетейде» де негізгі батырлардың Тайбурылдай аты, Ақсұңқардай құсы, Құймақтай тазысы қоса суреттеледі. Олардың адам тәрізді ақылы да бар. Олар келешекте болар істі алдын ала біледі. Семетейді түрлі қырсықтан құтқарып та қалады. Сондықтан олардың арқасында Семетей жалғыз болса да «бір өзі мың кісідей» көрінеді.

Семетейдің ұстаған қару – жарағы да өзгеше. Ол алыстағыны жақын көрсеткен «Жауға қарай салдырған, жаудан хабар алдырған» жабдық. Сөйтіп, Семе тей батырдың образы мифологиялық көріністермен де толықтырылған. Олар Семетей образының халықтық мәнін тағы терең ашады, өйткені «мифология табиғат құбылыстарын, табиғатқа қарсы күрестің, әлеуметтік өмірдің көркемдікпен кеңірек жинақталған әсері болып табылады» (М.Горький).

«Семетей» дастанындағы оқиғалар феодалдық құрылыста рулар арасындағы әртүрлі рулық – феодалдық қатынастардың көрінісі болып, олардың ізін белгілі дәрежеде сақтап қалған болу керек. Семетейді жолдан тайдырып, өлімге душар еткен Үметей, Қияс, Ханшоралардың күрестері өз руының мүддесі, яки болмаса жақын, жекжатының мақсаты үшін болып келген ұрыстардың айқын көрінісі» - деп,21 Кеңес дәуіріндегі Бибі Керімсанова бастаған бір топ ғалымдар түйіндейді.

Дастанның соңында Семетей қаза болады. Семетей - ол ел сүйген батыр болғандықтан, халық оны өлтіргісі келмейді, сондықтан аласапыран қырғын кезінде Семетейдің сүйегі «ғайып» болып жоғалды. Ол халық басына түскен ауыр қайғының біріне айналады. Оның Құмайық тазысы ұлып, Ақсұңқар тұғырына қанбай қауырсынын жұлып, қанатын сабалап, тұмсығын жерге соғын қатты күйінеді. Бұл – батырдың күресі елге дем беріп, оның ел сүйгіштік сезімін қозғап, әркез халықтың жүрегінде жасайды, халық сүйген батыр өлмейді деген сияқты биік идеяны дәріптеуден туған жайлар. Әдебиет өміріндегі тарихи оқиғалардың көрінісі болғандықтан, Семетейдің образында да осындай өмірлік оқиғалар өзінің көрінісін тапқан.

«Семетей» дастанының екінші сюжеттік өзегін лирикалық тақырып құрайды. Соғыс тақырыбы дастаннан біраз орын алғанымен махаббат мәселесінің де алатын орны едәуір десек қателспейміз. Махаббат мәселесі Семетейдің төңірегінде шешіледі. Семетей мен Айшөрек біріне – бірі тең жаралған жастар болғандықтан, ата салты бойынша, әрі екі жастың арасындағы шынайы махаббатттың негізінде үйлену мәселесі дастанда өзгеше шешілген. Оны біз мынадан көреміз: Семетей елі құда түсе барғанда Ақуын хан мен Манас пен құда болады. Демек, негізгі қаһарман Семетей сырт қарағанда салт бойынша үйленеді, Айшөрек оның «құдай қосқан» қосағы. Бірақ Манастың өлімі, Семетейдің Бұқараға тентіреп кетуі, одан кейін Шатемір ханның оны Шәшікейге үйлендіруі келіп килігеді. Шәшікейге үйлену күтілмеген оқиға болғандықтан ол дастанның негізгі түйінін шешпейді.

Семетей мен Айшөренің арасындағы лирикалық мәселерді манасшы Шынқонсалардың Семетейге қарсы күрес ашқан мезгілінен бастап көрсетеді. Ал дастаның сюжетін шиеленістіріп тұрған қаһарман – Айшөрек. Айшөрек қас батырдың теңі боларлық өзгеше жаралған сұлу болғандықтан басқа қыздардан шоқтығы асып тұрады.

Айшөрек – көрген жанды таңқалдырған, адамзатта болмайтын «ақ маңдайлы, бота көз, аузында әсем шырын сөз» сұлу қыз. Манасшы анық кескін – келбетін суреттегенде халықтың тіл байлығын жете меңгеріп, сол кезде жоғары бағаланған теңдеулерді шебер қолданды.

«Күміс үнді, қолаң шаш,

Ұзын мойын, керме бас.

Ақық тісті, ай нұрлы,

Алма мойын, түйме бас.

Ақ қошқардай кереңдеп,
Ақ маралдай көлеңдеп» басқа қыздардан айрықша көрінеді. Шөректің «уылжыған дыбысы жез қобыздай сызылып», ақылы мен мінезі сай жаралған Шөрек көрінгеннің қанжығасында кеткісі келмейді. Өз еркімен сүйгеніне қосылғысы келеді. «Айшөректі бермесең шауып алам еліңді, сындырамын беліңді!» деп күндей күркіреген Толтайға көзінің қиығын да салмайды. Бірақ ойламай іс істеп, құтырған қасқырды әрі өзіне, әрі еліне жау еткісі де жоқ. Дұшпанын ақыл – оймен жеңіп алып, аяғының астына тастайтын дана ару ол. Еліне қаптап келген Шынқонса, Талтайларды қырық күндік тойға қамданыңыздар деп кідірітеді де, осы уақыттың ішінде өзіне тең ер азамат іздеп аққу «терісін жамылып» жолға шығады.

Айшөрек образы бас бостандығы болмаған қырғыз қыздарының еркіндікке талпынып, келешектен үміт еткен, арман – қиялдарынан жиынтықталған образ. Ол өз теңін табу үшін «аққу терісін жамылып» құлақ естіп, көз көрмеген жерлердің бәріне ұшып барып алыптарды түгел сынайды да Семетейді таңдап, ғашық болады. Ата салтын сақтау Айшөрек үшін жай сылтау ғана, түпкі ойы - өз теңін табу. Демек, ол жар таңдап, тұрмыс құруда ерлермен тең құқылы болуды көздеген қыз. Осы мақсатына жету жолында Айшөрек көптеген қиындықтарға кездесіп, талай ауыртпалықтарды көтереді, Шәшікейге де жалынып барады. Өзі іздеп барып ерге шықты деген әйелдің құнын «кемітетін» өсекке қалмауы үшін, және сол заманның салтына қайшы сапар шегіп, жол жүрмеуі үшін, ол түрлі амал – айла қолданып өзін Семетейге іздеттіреді. Айшөрек образы – қырғыз қыздарының, адамның бас бостандығы үшін күреске шыққан жастардың, қырғыз қыздарының ұмытылмас образы Айшөрек образының тәрбиелік мәні – міне осында.

Шәшікейдің образы Айшөрек образына қарама – қарсы қойылған. Шәшікей - өз басының қадірін түсірмей, кісілігін сақтап қалу үшін күрескен әйелдің образы. Ол кескін- келбеті, ақыл – парасаты, сөзге шешендігін өзінен жоғары Айшөректі көріп, ашкөздікпен сұқтанады да, Семетей мен Шөректің арасын қоспау үшін қолынан келген айла – амалды қолданып бағады. Сонымен бірге Шәшікей образында бір адамның екінші, я үшінші әйел болып, өз күндестерінің «Жеңісін» қызығатын эгоистік, үй ішінде өз өктемдігін сақтап қалу үшін қолынан келгенін аянбайтын бірқатар қырғыз әйелдерінің мінез –құлқы жинақталған. Талай сындардан өтіп, Семетейге жар болғаннан бастап, Айшөрек Семетейдің жолға шықса жолдас, үйде болса сырлас, елін күткен естісі, кезгенде тар шыбықтай майысқан нәзік жары, керегінде қамал бұзар қайтпас – қайсар батыры бола алады.

Еуропа елдерінен бізге белгілі, «Ромео мен Джульетта», Шығыстың «Ләйлі мен Мәжнүн», «Фархад пен Шырыны» сияқты дүниежүзілік мәні бар әдеби туындыларды лирикалық мәселелер суреттелетіндей, «Семетей» дастанында да жазба әдебиет түрінде болмаса да, ауыз әдебиеті түрінде өткен заманғы қырғыз жастарының үй болып, тұрмыс құру жөніндегі прогрессивтік ой – арманы, шынайы махаббат жөніндегі көзқарастары өз алдына өзгеше суреттелген.

«Семетей» дастанында Қаныкей секілді әйелдер оқиғаға кейінірек қатысып, Айшөрек образын толықтыра түседі. Өзбек, тәжік, түркімен, қазақ сияқты Орта Азия елдерінің әйелдеріндей қырғыз әйелдері де өткен замандарды елден асқан дана болып жаралса да еркектерден төмен саналғаны белгілі. Орыстың ұлы жазушысы К.Н.Чернышевский: әйелдер табиғатынан ерен ақылды, тамаша тапқыр болып туады, олардың осы ақылы қоғам үшін пайдаға асырылмай келді егер ол өмірде пайдаланылған болса адамзат тарихы он есе тезірек алға басар еді, деп бекер айтылған.

«Семетей» - дастанның негізгі сюжеттік өзегін құрайтын атамекен және лирикалық тақырыптар этнографиялық көріністермен де толықтырылған.

Кәдімгі жырларда айтылып келе жатқан әдіспен Семетейдің тууынан бастап он екі жасына шейінгі қылығын балаға мейірім туғыза шебер суреттемейді. Қырғыз елінде қолданылып келе жатқан салт бойынша балаға ат қою, кейде баланың өсуін тілеп, оны басқа біреуге уақытша «беріп» тәрбиелету секілді түрлі ырым – жырым, жоралғылар бізге өткен заманның бір жаңғырығындай боп сезілді. «Қаныкейдің жырындағы» Манастың күнбезіне байланысты суреттелетін көріністе байырғы мәдениеттен жөнінде азды –көпті мағлұмат берілді.

«Семетей» дастаны «Жыр басынан» басталған бес бөлімнен тұрады. Олар іштей тағы да қысқаша тақырыптарға бөлінген. Бірінші бөлімде, Қаныкей мен Шиырындының Көбеш ханның шабуылынан Семетейді алып қашып, оны тәрбиелеуі кіреді.



Екінші бөлімде, «Семетейдің еліне қайтуы» (Семетейдің Сары тазға жолыққаны; Қаныкейдің жыры; Семетейдің Таласқа тұңғыш келуі; Семетейдің Таласқа көшіп келуі; Шоралардың опасыздығы; Шынқожаның Семетейтен ат сұратқаны);

Үшінші бөлімде, «Шынқожа, Талтайдың шатағы» (Шаңқожа, Талтайдың зорлығы. Шөректің ұшуы; Ақсұлудың жайы; Айшөректің түсі; Құлшораның шалғыны; Үреніштен өту; Шынқожа мен Талтай ұрынған бәле; Құлшоранның барлауға шығуы; Талтайдың жаралануы; Шыңқожамен Толтайдың жеңілуі);

Төртінші бөлімде, «Семетей мен Қоңырбайдың соғысы» (Семетейдің Қоңырбайға қарсы аттанасы; Қоңырбайдың сиқырлы қарауылшылдары; Семетейдің Қарағұлға алданғаны; Семетейдің жаралануы; Қоңырбайдың Таласқа шабуылы);

Бесінші бөлімде, «Ханшораның қастығы, Семетейдің ғайып болуы» (Үметейдің Семетейге қол жұмсауы; Ханшора мен Қияздың достасуы; Семетей мен Құлшораға Ханшораның қастығы; Семетейдің қаза табуы және ғайып болуы) – деген сияқты бөлімдерден тұрады.

«Семетей» жырының көркемдігі оның идеялық мазмұнын толықтыруға бағындырылған. Дастанның сюжеті оқиғалардың ұдайы динамикалық болып түзілген. Оқиға сюжетке оншалық қатысы жоқ шешен сөздермен басталады. Онан соң манасшы негізгі оқиғаны баяндауға көшеді. Мұндағы ерекшелік бір оқиғадан екінші оқиғаға өтерде манасшы алғашқы оқиғаны кейінгі оқиғадан пышақ кескендей бөліп тастайды.

Мысалы: Мұны осылай тастайық,

Бұхарды көздеп Қаныкей

Қашқанынан бастайық...

Немесе суреттелініп оытрған оқиғадан Семетей, не басқалары қатыспай қалса, оқырмандардың көңілін олар қатысқан оқиғаға бөлу үшін де манасшы осы әдісті қолданады.

«Семетей» дастанында оқиғаларды орналастыру манасшы тарапынан түрліше әдіспен берілген. Мұнда оқиғаны жай ғана баяндап өту, бірнеше кісінің пікір алмасуы, драмалық әдіс те кең қолданылған.Статистикалық санап суреттен өту де орын алған. Қаһармандардың іс -әрекеттері, ой дүниесі, олардың белсенді қимылдары арқылы суреттелгендіктен, қай оқиғада болмасын баяндау және драматикалық әдіс қолданылатынын көреміз. Осылайша, манасшы оқиғаны әр тараптан кеңірек алып суреттеу үшін түрлі әдістерді қолданылады.

Дастандарға қаһармандардың психологиялық өзгешеліктері «ішкі» ой дүниесі олардың сөйлеген сөздері арқылы көрсетілген. Жауға қарсы әзірлікте немесе маңызды мәселені шешуде айтылатын кеңес сөздерден көңіл аулап жалыну, жалбарыну сөздеріне шейін дастаннан кездестіреміз. Қырғыз халқының ауызекі поэзиясындағы түрлі формалар мол қолданылғандықтан ақыл – насихат айту сөзі де берілген (Бақай мен Қаныкейдің Семетейдің жорыққа аттандыруға сөзі т.б.). «Семетейдің» жыр түзілімі қырғыз халқының көпшілігі ауыз әдебиеті шығармаларының жыр түзіліміндей келеді, буын түзіліміне құрылған. Ал дастан өзіне бөлек әдеппен жырланатындықтан, айтуға жеңіл, ұйқасы үйлесімді бөлу үшін көбіне 7–8 буыннан түзілген. Кейбір жекелеген эпизодтарда он бір буынды жыр да кездеседі. «Семетейдегі» жырлар өзінің түзілімі жағынан бүкіл «Манас» трилогиясының жыр түзіліміндей боп келеді де, қырғыздың ауыз екі жырларының сыртқы формалық түзіліміне ұқсап әртүрлі тәсілде ұқсайды. Біз одан қайшы, ақсақ, еркін, егіз, шалыс, тұтас ұйқастардан түзілген шумақтарды кездестіреміз.

«Манас» трилогиясында «радиф» кеңінен қолданылып, оқиғалардың және қаһармандардың эмоционалдық мінезін толықтырып тұрады. Бұлардан басқа да қырғыз дастанына тән бірыңғай сөзбен ұйқасып, «желдірме» жырлар кездеседі. Мысалы:

Бекер қарап тұрмады,

Берен Манас көкжалдың

Шашылғанын жинады,

Үзілгенін байлады,

Атағын жұртқа даң қылды,

Сансырғалы Сансапты

Бүтін елге хан қылды,

Түймедей басын тау қылды.
Жырдың ішкі мәнін толықтырып, байытып, эмоционалдық күшін арттыратын паралилизмдер, жаңа күш алып қайталап тұрған шумақтық паралелизм, табиғат құбылыстарына теңестіруші паралелизмдер «Семетей» дастанының көркемдігін асыра түскен.

Суреттелетін оқиғадағы негізгі ойға жанама болып, оның көркемдік сапасын арттырып, негізгі затты, ойды елестететін эпитеттер, сондай –ақ қырғыз халқының тұрмысынан алынып, реалистік планда салыстырған салыстырулар бұл дастанның көркемдік мәнін толықтырған. Қырғыз халқының өлшеусіз бай ауыз әдебиеті поэзиясындағы жоқтау, өсиет, қоштасу, мақал – мәтел сияқты түрлі ұсақ жанр формалары кеңінен орын алған.

«Семетейдің» поэтикалық көркемдігі дегенде оның лексикасын да атаймыз. Бұл қалың жұртқа түсінікті, қарапайым, халық тілімен жазылған. Сол себепті, өткен өмірдің ыстық – суығын бастарынан өткізген қариялардан бастап, өткендігі ертегі – жырлардан, сондай – ақ тарихи шығармалардан оқып қана білетін қазіргі жастарға шейін дастанды түсініп оқиды. Сонымен қатар, дастанды талдап қарайтын болсақ өткендігі қоғамдық, әлеуметтік өмір тұсында пайда болып, қазірде мәнін жоғалтуға айналған терминдер мен еліміздің бұрынғы этнографиялық тұрмысынан хабар беретін сөздерді де кездестіреміз: «үрбүс», «Маөсүлдік» сияқты сөдер, «келе төн», «сыпа төн» сияқты киімдердің аттары бар. Тарихи, этнографиялық мәліметтерді берумен қатар бұл лексиканың біз үшін өткенді білу жағынан маңызы зор.

Қорытып айтқанда «Манас» трилогиясының екінші бөлігі болған «Семетей» дастаны қырғыз халқының неше ғасырлар бойы басынан өткізген тарихи, әлеуметтік өмірін, прогрессивті ой–тілек, үміт–мүдделерін, патриоттық күресін жоғары пафоста шебер суреттейтін көркем шығарма. Ол халықтың медициналық, ұлттық салт – санасын, сондай–ақ табиғи құбылысқа реалистік көзқарасын көрсетіп, көркем жиынтықтап бізге жеткізеді. «Семетей» дастанын ішіне алатын «Манас» трилогиясы – қырғыз халқының неше ғасырлар бойы өстіп ұрпақтан – ұрпаққа мұра етіп келе жатқан ардақты да асыл қазынасы.

Жоғарыда айтқанымыздай, халықтың ауыз әдебиетінің бай түрлерін кеңінен қолданылған «Семетей» дастаны – қырғыз халқының жазба поэзиясының көркемдік дәрежесін арттыра түсуде таусылмас қазына, сарқылмас бұлақ есепті.

2.4 «Сейтек» жыры – заман тынысына қарай ерекшелеген жыр.

«Сейтек» дастаны қырғыз ауыз әдебиеті зерттеушілерінің қаламына біраз уақытқа дейін ілікпей, қағыс қалып келген. Қайсы бір еңбектерде атүсті сөз болғаны болмаса, осы бір тамаша дастанға терең талдау жасалып, сындарлы ой, салиқалы пікір айтылғаны шамалы. «Сейтек» дастаны кең тынысты, кемеңгер «Манас» трилогиясының түбегейлі түйіні іспетті. Оны тек қана эпилог, немесе бас –аяғы бітпеген қосалқы туынды деп тұжырымдау бұл мәселеге үстірт қарап, жаңсақ қорытынды жасағандық болар еді. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы тұрғысынан болсын, образ жүйесі, идеялық мазмұны жағынан болсын «Сейтек» дастаны шоқтығы биік, толыққанды туынды екені хақ.

«Манас» пен «Семетей» сияқты «Сейтектің» де бірнеше варианттарының болуы тегін емес. Өйткені, бұл халық арасына кең тарап, ғасырлар бойы ел аузында жатталып, аңыз боп кеткен жыр. Ел арасынан шыққан сан алуан жыршылар «Манас» пен «Семетей» тәрізді, бұл дастанды да халыққа жеткізерде небір асылын маржандай тізіп, баға жетпес үлес қосып, өз жанынан толықтырып отырған. Дүйім елге мәшһүр болған манасшылар бұл эпостың үш бөлігін бір – бірінен бөліп қарамаған. Манас жәйлі сөз болса – ақ оның ұлы Семетей мен немересі Сейтек қоса айтылатын болған. Біз білетін манасшылардың ішіндегі даңғылы –Саяқбай Қаралаевтың варианты бойынша бұл трилогияның толық жырлануы да ойланарлық мәселе.

Әрине, «Сейтек» варианттарының барлығы бірдей ығай мен сығай емес. Манасшылардың ақындық дәрежесіне, өмірлік тәжірибесіне, дүниеге көзқарасына байланысты бұл варианттардың да әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Дей тұрғанмен де «Манас» сынды шын мәнісіндегі халықтық эпостың жақсы жақтары, көбінесе, заманымызыдың әйгілі манасшы Саяқбай Қаралаевтың вариантынан айқын аңғарылады. Бұдан, әлбетте, басқа манасшылардың, атап айтқанда, Сазанов Бағыштың, Рысмендиев Шапақтың, Абдырахманов Ыбырайдың және т.б. «Сейтектері» іске алғысыз деген қате ұғым тумауға тиіс. Жоғарыда аты аталған манасшылар жырлаған варианттардың ауыз толтырып айтарлықтай жақсы жақтары да, ойсыраған олқылық дәрежесін кемеліне келтіріп, композициялық шырқау шегіне жеткізе, бейнелі, көрікті тілмен белгілі бір уақиғаны эпикалық шеңберде суреттеп, образдардың ұтымды берілуі жағынан Саяқбай Қаралаевтың варианты өзгелеріне қарағанда оқшауланып тұрады.

Манасшы Сағымбай Оразақовтың вариантында «Манас» эпосының алғашқы бөлігі неше түрлі жат идеяларға, діни ағымдарға душар болғаны мәлім. Дастанның шынайы халықтық нұсқасын қалпына келтіру үшін оның түрлі варианттарының басын біріктіріп, жинақтау қажеттігі де міне осыдан келіп шыққан.

Олай болса, идеялық, көркемдік дәрежесі әрқилы варианттарды ерінбей екшеп, сарапқа салып салмақтап барып бас – аяғын жинастырып, біріктіруге тура келер еді. Ал, енді «Сейтектің» жәйі тіпті басқаша. Оның идеялық – көркемдік арқауына әртүрлі ағымдардың ықпалы тиген жоқ. Осы принципті басшылыққа ала отырып, бірнеше варианттардың негізінде құрастырылған «Манас» пен «Семетейге» қарағанда «Сейтектің» бір айырмашылығы сол, бұл жақтан бір ғана Саяқбай Қаралаевтың варианты бойынша жарық көріп отыр. «Манас» трилогиясы генеалогиялық циклизация принципі бойынша құрылған. Трилогияның бірінші бөлімі де Семетейдің ғайып болып кетуі тәрізді үлкен треагедиямен аяқталады. Екі дастанның екеуінде де оқиға әділетсіз зұлым күштерінің мерейі үстем болуымен тамамдалады. Қатыгез жаудан қасірет шеккен қалың ел бордай тозып, босып кетеді.

Ішкі – тысқы жауларға қарсы күрес – «Манас» трилогиясы үшін дәстүрлі уақиға желісі болып табылады. Солай бола тұрса да, «Семетей» дастаны «Манас» бөлімінің идеялық, көркемдік ерекшеліктерін қайталамайды. Сол сияқты «Сейтек» дастаны да, «Семетейдің» сюжеттік желісін қайталамағаны былай тұрсын, қайта оны жаңа идея, тың ырғақ, соны серпінген толықтыра, тереңдете түседі. Нақтырақ айтқанда, күллі трилогияның бас – аяғын жинақтайды.

«Сейтек» те «Семетей» жыры сияқты қырғыз елінің бүліншілікке ұшырап, ел қорғаған ерлердің жеңіліс тауып, жау қолында азап шегуін баяндаудан басталады. Бірақ, мұнда дәстүрлі сюжет желісі қайталанып отырады дегенде дастандағы уақиғалар, тұрмыс – салтқа байланысты эпизодтар сол күйінше қайтадан қайталанады деген ұғым тумауы керек. Халықтық эпостың көркемдік дәрежесі де белгілі дәстүрлі сюжеттің қай деңгейге көтеріле алғандығына байланысты. Әйтпесе, генеалогиялық принциппен байланысқан бөлімдердің бір – бірінен айырмашылығы да болмас еді.

Эпикалық «клишелер»эпоста жалаң қайталанып отырады деу ағат пікір. Халықтың тұрмыс жағдайына, дәуір ағымына қарай эпостың «клишелер» де жаңа мәнге ие болмақ. «Сейтек» дастанының ең бір асыл қасиеттерінің бірі –бағзы дәстүрлі сюжет желісінің соны шешім тапқандығы.

Атаның кебін әке киіп, әкенің кебін құрсақтағы бала киетін күн қайта туды. Тағы да аңыздар елде қалып, асылдар аласталды. Оспадардың озбырлығынан қолды болған айдай сұлу Айшөректің құрсағында кеткен шарана елінің қайда, жерінің қайда екенін біліп қойды. Семетейге қуанған ел, Сейтекке де қуанады. Сейтек бірақ Семетей оралғандағыдан да көбірек таланып, көбірек арыған жұртқа, одан да гөрі араны ашылып, одан да гөрі арсыздана түскен ағайынға оралады. Семетей әкесімен алысқан дұшпанмен үйреншікті жаумен айқасқа түссе, Сейтекке әкесі түгілі жеті бабасы естіп білмеген, кездесіп көрмеген жер түбінен келген жебірмен шайқасуға тура келді.

Бұл ретте, «Сейтек» дастанының философиялық ауқымы, болмыстың ең терең, ең тұңғыйық, ең шытырман құбылыстарын, ең ұрымтал тұстарын қамтып, ұтымды аша алатын ұтқырлығы мен тапқырлығы жағынан әлемдік ауыз әдебиеті түгілі жазба әдебиеттің ең үздік туындыларын қатар тұра алатындай сүлей шығарма екендігін айрықша бөліп айтуды парыз деп білеміз. Бағзы мен бүгіннің арасындағы қыл көпірдей бұл туындыларының бар сипаты мен бар қасиетін түгел тану үшін нағыз осы заманның бостан танымы мен сергек пайымы, нәзік талғамы мен жете зердесі қажет болатыны даусыз. «Сейтектің» әр тарауы, онда баяндалатын әр оқиға адамдық болмыстың бар құпиясын нағыз сұңғыла зерттеушінің көзімен терең барлап, кемел кес кіндеп, дәл пайымдай алған бір – бір тәмсіл. Ең күрделі құбылысты математикалық дәлдікпен есептелген өте дөп есептелген философиялық тұжырымы. Тек екі – ақ оқиғаны – Семетейдің ғайып болып кетуімен Сейтектің Сарыбаймен шайқасын алайықшы. Екеуі ді әлемдік әдебиетпен күнделікті тұрмыста айтыла – айтыла ауыз ауыртқан үйреншікті ұғымнан туындаған кең қарымды философиялық метафора. Көзапара бір жағынан бір жендет найзасын сумаңдатып, екінші жағынан екінші жендет қанжарын жалаңдатып, «әне – міне дегенше, қасына жетіп келгенше, басын кесіп алғанша, құмарлары қанғанша, қарамай алды – артына еріп кеткен секілді, қимылдамай үндемей, көз ілеспей жоқ болды, сүйегін таппай сарбаздың, жаны шығып жау азғын ет – жүрегі от болды...». «Семетей» дастанының соңында басты кейіпкер тап осылай ғайып болады. Ал «Сейтек» атты келесі кітапты ол елсіз таудың арасында қолды болып кеткен тұлпарына мініп, иесіз қалған сұңқарын ұстап, аң аулап жүрген жерінде Қарадәудің көзіне түседі. Оның атын атап шақырғанына қарамай, үңірейіп тұрған қара үңгірге кіріп кетеді. Бұны естіп, көруге барған Бақай да тап осындай көрініске куә болады. Әйелі Айшөрек пен баласы Сейтек те жалбарынып елге қайтара алмайды. Ақыры анасы Қаныкей барып, тағы болып кете жаздаған баласын алдына алып, ақ мамасын аузына салып, үйіріне қосады. Оны бұндай күйге ұшыратқан перілердің дуасы емес, жанын жегідей жеген ұят еді. Бір жағынан, алданып атын жатқа беріп, бес қаруынан қаралай айырылғанынан, екінші жағынан, қас дұшпанының құрған тұзағына өзі барып түскенінен, үшінші жағынан, жақсы досы Құлшараны қаралай отқа түсіргеніне, төртіншіден, адалдық пен аңғалдықтан сенімін, ана сүтін ақтай алмай қалғанынан, алтыншыдан, осынша қиянат пен қараулыққа барып отырған ағайыннан, жетіншіден, мұнша әділетсіздікті көріп отырып, қол ұшын бере алмайтын елінен ұялғандықтан өз - өзінен ғайып болып еді. Тірілей жерге кіреді деген осы еді. Мұндай пұшайман қалден анасы келіп, ақ сүтін кешіп қайтадан сенім артса ғана арыла алар еді. Семетейдің бір басындағы бұл күйзеліс бүкіл ел басындағы күйзеліс еді.

Ал, Сарыбай–арғы–бергі әдеби санадағы ең қорқынышты, ең жеркеншікті құбыжықтардың ең жаңа, ең үрейлі түрі. Өйткені ол бұрынғы аңыздарда кездесетін бір жері болмаса бір жері адамға ұқсайтын құбыжық емес барлық қасиеті, барлық мінезі, барлық құлқы мен қылығы құбыжыққа айналып кеткен адам. Жалмауыз сияқты адамдар ауылда да толып жатыр. Олардың да салып жатқан ойраны аз емес. Ал мынау дәл адам сияқты жалмауыз сонау жеті қиян жер түбінен келіп отыр. Сонысын бұлдап мұндағы Манас жұртының түгелмен көзін құртып, барын өзі иемденбек. Жер бетінде жалғыз өзі қалып, бәріне өзі ие болғанша соңына сары масадай самсаған қол ертіп, жолындағыны түгелдей жойып, сайранды сала бермек. Тек адамдарды ған емес, аққан суды, өскен шөпті, жүгірген аңды өз қалауынша өзгертпекті сылтауратып түп –түгел қырып салмақ. Сөйтіп, жер үстін, аспан астын жалғыс жалмауыз жайлаған жапан түзге айналдырмақ, оған ешкім жеке төтеп бере алмайды, жеке айқасып жеңе алмайды. Алыс боп, жақын боп, ағайын боп, жат боп, кәрі боп, жас боп, әйел боп, еркек боп жабыла жүріп тойтармаса, ешкімге де, ештеңеге де дес берер емес. Қияндағы Қайып қызы Құялдының Алатауға ат сабылтып кеп, Сейтекке қол ұшын беретінгі де сондықтан. Дастанның соңғы тарауын төбе шашын тік тұрып, денең дүршігіп отырып оқисың. Ықылым замандар хикаясының ақырғы бетін баяғы қатыгездіктерден емес, бүгінгі қатыгездіктерден үрейлене отырып жабасың. Эпостағы фантастиканы, гиперболизацияны, мифтік құбылыстарды образдардан оқшау алып қарауға болады. Эпостық образдардың табиғатына тән осы сипатты ерекшеліктерін еске алғанда ғана оларға терең талдау жасап, байсалды пікір айтуға болады.

Айшөрек пен Қияз арасындағы қарым - қатынасты суреттейтін бөлімде де ешбір әсірелеусіз қарапайым өмір көріністерінің бой көрсетуімен қатар қияли таңғажайып эпизодтар да кең орын алған.

Қырғыз халқының әйгілі трилогиясының бірінші бөлімі Манастың, екінші бөлімі Семетейдің, үшінші бөлімі Сейтектің есімімен аталғанына орай бұл қаһармандар эпостың күлі сюжеттік желісін құрайды. Шығарманың идеялық, көркемдік сапасының қай дәрежеде болуы алуан түрлі кейіпкерлер тартысының дастанда қандай шешім табуына байланысты. Міне, дәл осы тұрғыдан алғанда «Сейтек» дастанындағы Құлшора образының өзі бір төбе.

Құлшора «Семетей» бөлімінің негізгі қаһармандарының бірінен екені аян. Онда Құлшора Семетейдің ең сенімді деген шораларының бірі. Ержүректілігі, қайсарлығы Семетеймен парапар. Міне, осындай батыр шора Ханшора мен Қияздың қолына түседі. Осы жағдайдың өзі де бұл образдың тағы да толыса, туындай түсуіне себепкер. Халықтық эпоста Құлшора сынды батырдың образы бір жақты, үстірт суреттелмей, әманда түрлі өмір құбылыстарына, оқиғаның өрбуіне байланысты жаңа сипатқа ие болып отырады. Мәселен, мұндағы Құлшора «Семетей» бөліміндегі ақын жанды жайсаң мінезді бозбала емес; тар жол, тайғақ кешуде, ел басына күн туған қатерлі кезеңде оның мінезі де, ой – санасы да мүлде өзгерген. Эпикалық образдың түрлі өмір құбылыстарына байланысты жан – жақты көрініп, алуан қарымен танылып, жарқырай түсуіне бұл айқын дәлел.

«Манас», «Семетей» бөлімдерінде көбінесе соғыс эпизодтары кеңорын алған. Соған орай, ондағы кейіпкерлердіңе образы да соғыс үстінде бар жанымен, жалынымен жарқырап көрінеді. Бұған керісінше, «Сейтек» бөлімінде елдің ауыр да аянышты тұрмысын суреттеуге көп көңіл бөлінген. Сондықтан мүндағы қаһармандар да сол бейбіт өмір ортасында суреттеледі. Бұл Сейтек образына да үлкен әсерін тигізген:

Жыңғылды Кеңіқол, кең Талас,

Жалайтұғын ел қайда?

Төрт түлікы мыңғыртып

Айдайтұғын жер қайда?

Қиялай асып, жол жүрер.

Асу – асу бел қайда?

Туған елге жете алмай

Қаңғырлып жүріп не пайда?

Арыстан туған шер қайда,

Елге жетер күн қайда?

Балғы Сейтектің сөзінен туған еліне, жеріне деген сағыныш, дұшпанға деген жүректі кернеген ашу – ыза бар екені аңғарылды. Халықтық эпоста Сейтек образы «Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» ертегінің батырындай әсерлеп көрсетілмейді. Ал Семетей болса, жеңілмес батыр бейнесінде берілген. Онда берен Манастың айбатындай айбат та бар. Бас қаһармандардың бұлайша әрқилы планда суреттеуін әр дастанның өзіне тән ерекшелігіне, образ жүйесінің сан алуандығына байланысты деп ұғу керек.

Семетей келгенде де, Сейтек келгенде де Таластың табиғат көрінісі беріледі. Екеуінде де осы екі образдың табиғатына байланысты Таластың пейзажы да түрліше. Жыршылар шабыттана жырлаған туған жердің – Таластың бай табиғат, өзінің сұлу көрінісімен батырлардың көңіліне қозғау салып қуанышқа бөлейді. Осы поэтикалық суреттерді бір – бірінің дәлме –дәл көшірмесі деу қате болар еді. Өйткені, әр дастанда да бұл көрініс образ табиғатына байланысты тың, көркем детальдармен толықтырылып отырады. Бұл екі қаһарманның тіпті психолгиялық қимыл - әрекеттері де бір – біріне мүлде ұқсаспайды. Семетей мен Сейтектің Таласқа келеріндегі табиғат көріністері ғана емес, күнделікті өмір құбылыстарын суреттегенде де айырмашылық көк пен жердей. Семетей келгенде қапталынан қара қабылан, бір жағынан көкжал, алды – артынан Алмамбет, Шуақ, Сырғақ бас болып, неше түрлі батырлардың аруақтары тосып алады. Бұл эпизод дастанға фантастикалық сипат беріп, Семетейді батыр бейнесінде көрсетеді. Ал, «Сейтекте» мұндай суреттің бірі де жоқ. Сейтек Таласқа келгенде алдынан юбоздап бозінген шығады. Бұл да кездейсоқ құбылыс емес. Қырғыз халқының ауыз әдебиетінде кейіпкерлердің қайғы – мұңын, аянышты халін суреттеуде ботасы өлген інген бейнесін енгізу дәстүрі бар. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов айтқандай, қырғыз фольклорының бар асыл қасиеті «Манас» эпосынан табылатынын еске алсақ, бозінген образы аллегориялық сипатқа ие болады. Бозінген бейнесінен қатыгез жаудан қасірет шегіп, езілген елдің ауыр халін көріп, ащы зарын етсігендей боламыз. Дастанның құндылығы жеке қаһармандардың азапты өмірін ғана емес, ел басына күн туған қатігез заманды, тар жол, тайғақ кешуді жан -жақты суреттеуінде. Осы тұрғыдан алып қарағанда эпостағы Сейтектің Қаныкейге жолыққан жері қандай әсерлі десеңізші! Оны оқыған адамның терең тебіренуі, толқымауы мүмкін емес. Бірақ қанша азап шегіп, ауыр тұрмыстың тақсіретін тартса да Қаныкей сынды ана қайраты мұқалып, өмірден түңіліп көрген емес. Бұл идеялық мотив Сейтек пен Қаныкейдің диалогында тамаша берілген.

Саяқбай Қаралаевтың вариантындағы «Сейтек» дастанының тағы бір ұтымды эпизодтарының бірі – Семетейдің ғайып болып кететін жері. Басқа варианттарда бұл көрініске көп тоқталып жатпайды. С.Қаралаев болса Семетейдің қалай ғайып болғанын ғана емес, еліне қайтып оралуын да толық суреттелген. Әрине, бұл миф. Әйтсе де мифтік сарын эпостың идеялық, көркемдік сапасына нұсқан келтірілгені былай тұрсын, қайта, керісінше, ажарын кіргізіп, жайнатып, жарқыратып жібереді. Сүйікті батырын қалың ел өлімге қимайды. Оның үстіне Сейтектің әлі буыны бекіп, бұғанасы қатқан жоқ. Жаулары да қатерлі жау. Осының бәрін сарапқа салып, салмақтап келгенде Семетейдің елге қайтып оралуы әбден орынды. Оның елге қауышуы қырғыз батырының қайтадан қуаты толып, күші өсып, тозған елінің басын құрап, тізе қосып, дұшпанға қарсы тұратын кезеңнің туғанын сипаттайды. Сонымен Семетей еліне қайтып оралды дедік. Бұл мәселе көркемдік жағынан қалай шешілген? Міне, енді осыған келелік. Бір топ ғалымдардың пайымдануынша, осы сюжеттік мотив «Сейтек» дастанының ең бір ұшқыр шешілген, шырқау билігіне шарықтап көтерілген бөлімнің бірінен саналады. Семетейді ең алғаш көрген Қарадәу оны елге алып қайтуға әрекет жасайды. Бірақ ол әрекеттен ештеңе шықпаған соң Құлшораға барады, оның да бұған шамасы келмейді. Ақырында тек Қаныкейдің емшек сүті ғана Семетейге тіл бітіріп, көзін ашады. Семетейдің еліне оралуы фонтастикалық эпизод бола тұра, оқырманға шынайы өмір шындығындай әсер етеді. Дастандағы ана туралы идея тамаша шешімін тапқан.

Ал енді дастанның аяққы бөліміне келгенде Саяқбайдың варианты басқаларынан оқшау тұратын сияқты. Әңгіме бұл жерде Сарыбай дәудің ұрысы жөнінде болатыны даусыз. Шынтуайтқа келгенде, Жалмауызұлы Сарыбайдың ұрысы жалғыз - ақ Саяқбай Қаралаевтың вариантында ұшырацды.

Барлық варианттарда да дерлік Сейтек ата жаумен айқасын жеңп шығады. Алуан түрлі варианттарда жағымсыз бейнелердің есімі түрліше болып келеді, олардың іс - әрекеттері де қилы – қилы. Мәселен, Шапақ Рысмендиевтың, Бағыш Сазановтың варианттарын да Сейтек Қоңырбайұлы Құялымен соғысады. Құялы әкесінің кегін алғалы Таласқа келіп, ұрыс салады. Жақсылық Сариков, Ыбырай Абдырахмановтардың варианттары бойынша Сейтек Қарадәумен соғысады. Сөйтіп, бұл варианттарда Құялы да, Қарадәу де жағымсыз персоналдар қатарында беріледі. Ал, Саяқбай Қаралаевтың вариантында бұлардың бәрі де жағымды бейнелер, Сейтектің достары.

Мұнда Сейтек Жалмауызұлы Сарыбай дәумен соғысады. Сайып келгенде, сюжеттік айырма дегенміз қаһармандардың есімінен түрліше болып келуінен әрі аспаған. «Сейтек» дастанның ең толық вариантын жеткізуде ұлы манасшы Саяқбай Қаралаевтың еңбегі ұшан – теңіз.

«Манас» трилогиясында алғашқы беті «Сөзбасымен» ашылатыны мәлім. Онда әйгілі «Манас» жырының бағы заманнан бері ұрпақтан – ұрпаққа тарап, ел аузында аңыз болып кеткені баяндалады. Ал эпостың үшінші бөлімінде, яғни айтқанда, «Сейтек» дастанда. «Сөз аяғы» беріледі. Күллі бір халықтың өмір – баяны іспетті «Манас» сынды көлемі шығарма үшін «сөз басы», «сөз аяғы» сияқты бөлімдердің болуы аса қажет. Бұл үлкен архитектуралық құрылыстың басталған, аяқталған кезін айқындаушы белгі тәрізді.

Эпос немен аяқталады, міне, енді осыған тоқтала кетейік «Сөз аяғында» дұшпанның енді бас көтерместей болып қирай жеңілгені, одан кейін Семетейдің, Құлшораның, Айшөрктің, Бақайдың, Қаныкейдің алыс сапарға аттанғаны сөз болады. Шығарманың бұлай аяқталуы тек халық даналығының жемісі деп білу керек. Халық өзінің сүйіктісі қаһармандарын өлімге қимайды. Олардың мәңгі жасағанын қалайды. Сондықтан Семетейдің сапар шегіп кеткендігі жәйлі аңыздың ел арасына кең таралып кетуі де кездейсоқ құбылыс емес. Семетейлердің алыс сапарға аттануы, олардың өмірден біржола күдер үзіп, туған ел-жұртын тағдырдың талапайына тастап кеткендік болып табылмайды. Қас дұшпанның қирай жеңілгенін, қиын-қыстау күн туса еліне пана болар ер Сейтек барын олар жақсы біледі. Сөйтіп, олардың қайтпас сапар шегуі биік оптимистік идея тұрғысынан берілген. Бұл эпизод «Сейтек» дастанының көркем суретке толы ең бір шұрайлы жері. Профессор В.М.Жирмунскийдің айтуынша, халықтық эпостарда басты кейіпкерлердің ғайып болып кетуі дүниежүзілік ауыз әдебиетінде өте кең тараған құбылыс.

Сейтектің Қаныкейге жолығатын жерін еске түсірейікші. Бағып жүрген торпағына оқалақ тиіп, Қаныкейді қағып құлатып кетеді.

Бұған ызасы келген Сейтек торпақты жарып тастайды. Шашыкейден қорыққан Қаныкей бишара мен Сейтектің өткен өмір жолын осы шағын деталь Қаныкей мен Сейтектің өткен өмір жолын көріп, кең толғаған диалогты құрайды. Мұнда әжемінің аянышты халін көріп ашу – ызаға булыққан батырдың көңіл күйі де, азап шегіп, ауыр тұрмыстың тақсіретін тартқан Қаныкей сорлының ащы зары да бар. Сөйтіп, сюжеттік мотивтің жан-жақты суреттелуінде көркем деталь ең басты роль атқарады.

«Сейтек» дастанының стилистикалық құрылысы да сан алуан. «Сейтек» бөлімінің сюжеттік құрылымында, уақиғаларды баяндаудың белгілі бір ырғақ жүйесін түзуде диалогтардың атқаратын қызметі зор. Дастандағы диалогтерді тек қана кейіпкерлердің аузынан шыққан сөз деп қарамау керек. Себебі эпостағы оқиға желісінің дамуы ылғи осы диалогтерге де тәуелді болып отырады. Диалог эпостағы қаһармандардың өзара қарым-қатынасын ашып көрсетумен қатар олардың образын да ашуға үлкен себін тигізеді. Қияз бен Ханшораның Құлшора мен Ханшораның, Сейтек пе Қаныкейдің диалогтері міне осындай. Қияздың қорқақтығы, жалтақтығы, аңғалдығы, Ханшораның арамзалығы, Құлшораның қара қылды қақ жарған әділеттігі, Сейтектің батырлығы, Қаныкейдің даналығы осы сияқты диалогтар арқылы көрінеді.

Эпостық стилистикалық табиғатына тән тағы бір асыл қасиеті - салыстыру тәсілінің барынша ке түрде қолданылуы. Негізі, «Манас» эпосында ауыз әдебиетіндегі көркемдік тәсілдердің алуан түрі кездеседі. Образды толықтыра түсуде, оқиға жүйесін айқындап беруде салыстыру тәсілінің маңызы ұшан-теңіз. Салыстыру тек этикалық полотноларда ғана емес, жалпы қырғыз поэзиясында жиі ұшырайды.

Эпостағы салыстырулар да қилы-қилы. Кейде белгілі бір затқа ұқсатып салыстырулар да жиі ұшырайды. Ханшораның халықты қан қақсатқан қанішер боларын алдын ала болжап, біліп, зар жылаған Қаныкейге Семетейдің берген жауабы бұған айқын дәлел. Мұндағы Семетейдің айтайын дегені ет-бауыр жақынымнан, жанымдай жақсы көретін екі шорамның бірінен қайтып безейін, арамызға іріткі салма деген ой. Міне осы ой конкретті предметтермен салыстыру арқылы көркем образдың негізін құрайды. Эпостық шығармаға фантастика, гиперболика қандай табиғи болса, салыстырма тәсілі де сондай жарасымды. Гиперболикалық салыстырулар эпостың ең шұрайлы деген эпизодтарын құрайды десек қателеспейміз.

Жаңбырды көр де, шоқты көр,

Ақсарайдың ішіне

Жаңбырдай жауған оқты көр.


Бұл тәрізді гиперболикалық салыстырулар уақиғаның өсіп-өрбіп, дамуына себепші болады. Шығармаға шын мәнісіндегі эпикалық сипат береді.

«Сейтек» дастанында алуан түрлі образдық әрқайсысын тек өзіне ғана тән ерекшеліктерін ашуда, белгілі бір дәуірдегі халық өмірінің картиансын беруде салыстыру ең күшті, стилистикалық әдістердің бірінен саналады. Әрине, мұндай қорытынды эпостық стильдік ееркшелігін жоққа шығармақ емес.

«Сейтек» жыры алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Құлшора мен Айшораның тұтқынға алынуы» (Құлшораның тұтқындалуы; Ханшораның хан болуы; Айшөректің ал жағы кетуі,) Екінші бөлім – «Сейтектің тууы және балалық шағы» (Айшөректің толғатуы; Тұтқындар қайта табысты; Сейтектің Құлшораға жолыққаны; Аяулы ата Момынжан; ) үшінші бөлімде – «Қияқтың өлімі және Сейтектің Таласқа кетуі» (Қияздық Тауторыдан айрылуы; Қияздың өлімі, Сейтектің Таласқа көшуі); Төртінші бөлімде -«Сейтектің әжесі мен Бақайға жолығуы» (Сейтектің әжесіне кездесуі; Ел қуанды; Ханшораның өлімі); Бесінші бөлімде - «Семетейдің еліне қайта табысуы» (Қарадәудің Семетейді көруі Құлшораның Семетейге жолыққаны; Қарадәудің өлімі); алтыншы бөлімде – «Жалмауызұлы Сарыбайдың ұрысы» (Жаумен беттесу; Сейтектің Сарыбай дәумен беттесуі; Қайыпшал қызы Құялы; Жалмауызұлы Сарыбай; Сөз аяғы»)

Қысқаша айтқанда, Қырғыз халқының кең тынысты, «Манас» трилогиясынан үшінші бөлімі - «Сейтек» дастаны да тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер аяулы туынды. Халқын қан жылатқан қанішер Ханшора мен қатігез Қияздың зұлымдық әрекеттері, Арыстанбай айбатты Сейтек батырдың, асыл туған асыл ару Құялының туған елі үшін өлімге бас тігіп, ордалы жауға ойран салуы сияқты таңғажайып, шытырман оқиғаларға толы дастан.

«Манас» трилогиясы өзінің идеялық, көркемдік ееркшеліктеріне қарағанда шын мәнісіндегі батырлық эпос. Мұны эпос зерттеушілерінің баршасы да мақұлдайды. Трилогияның бірінші бөлімі де, сол сияқты екінші бөлімі де қайғылы оқиғамен бітеді. Бұл жағдай күллі қырғыз эпостарының бәріне бірдей тән құбылыс па? Бізше, олай емес. Ақыр аяғында шындықтың, әділеттің жеңуі жалпы қырғыз эпостарына төл қасиет екені және рас. Бұған «Сейтек» дастаны куә бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет