Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың



бет2/20
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#34765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ISBN
ББК –
Алдабергенов Қ.


АЛҒЫ СӨЗ

2010 жылы қазақ мерзімді баспасөзінің тарихына 140 жыл толады. Бұл Еуропа елдерінің журналистикасымен салыстырғанда онша көп те емес. Бірақ, осы кезеңдердің өзі біздер үшін әлі де болса қыры мен сыры толық ашылмаған, құпиясы мол қамал болып отыр. Оның себебі көп. Ең бастысы XIX ғасырдың екінші жартысында шыға бастаған қазақ тіліндегі газет-журналдардың тарихы өткен XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қана зерттеле басталғандығы белгілі. Оның өзінде бұл зерттеулер бір жақты болды. Кеңес өкіметінің сойылын соқты. Патшалы Ресей тұсында шыққан басылымдар буржуазиялық, Алашорда кезінде шыққан газет-журналдар ұлтшыл делініп жеті қат жер астына тығылды. Көпшілігі жыртылып, өртеліп, келмеске кетті. Аман қалғандары басқа елдердің меншігіне айналып, өзімізге қайтарылмай отыр. Оның үстіне жоғарыда айтқанымыздай Кеңес үкіметі кезеңінде біздер өз халқымыздың тарихын жартылай бұрмаланған күйі оқып келдік. Оған біздер ешкімді кінәлай алмаймыз. Себебі, заман солай болды. Бір жақты идеология мен кеңестік саясат екі қолымызды жіпсіз байлап, өткен-кеткен тарихымызды тереңінен зерттеуге мүмкіндік бермеді. Ал, егер оған бел буғандар болса, қуғынға ұшырап, жер аударылды.


Міне, кеңес үкіметі тұсында «Қазақ баспасөзіндегі «ақтаңдақтар» мәселесін» жазу, оны болашаққа жеткізу жайлары осындай болды.
Алайда, кеңес үкіметі тұсында да бұл тақырыпқа арналып шыққан талай құнды зерттеулер мен монографиялар бар. Мәселен, М.Әуезовтың «Әдеби мұра және оны зерттеу» [1], С.Мұқановтың «Халық мұрасы» [2], Б.Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұтты зерттеу, тану мәселесі», «Қазақ баспасөз тарихынан мәліметтер», Қ.Бекхожиннің «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі» және т.б.. [3]
1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң қазақ жерінде де Кеңес үкіметі орнады. Содан 79 жыл бойы біздер біржақты идеологияның құрсауында болдық. Социализм дәуірінде мәдениетіміз бен әдебиетіміз қарыштап алға кеткенімен, солақай саясаттың «ақтаңдақ» тұстары да көп болды. Олар осы кезең аралығында Қазақстанда болып өткен жаппай ашаршылық пен репрессия, Ұлы Отан соғысының қаратүнек жылдары, «Ұлтшылдық сарынға қарсы күрестің» құрбандары, тың игеру зардаптары, 1986 жылғы желтоқсан ызғары…


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет