Қырықбай Аллаберген
ТАРИХ ЖӘНЕ БАСПАСӨЗ
(Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың ").
БІРІНШІ КІТАП
УДК 070
ББК – 76.02
А – 44
Пікір жазған: филология ғылымдарының докторы, профессор Сейфидин Сүтжанов.
Қырықбай Аллаберген
Тарих және баспасөз (Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуы). – Бірінші кітап.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Кереку» баспасы, 2009 жыл, 148 бет.
ISBN
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қырықбай Аллабергеннің бұл зерттеу монографиясының бірінші кітабында XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың соңына дейінгі аралықта Қазақстанның түрлі қалаларында әртүрлі бағытта шығып тұрған «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Айқап», «Қазақ», «Сарыарқа», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» және тағы да басқа газет-журналдарда қазақ халқының тарихына, әдет-ғұрпына, отырықшылық, егіншілік, жер мәселелеріне арналып жарияланған «тарихтың ақтаңдақ мәселелеріне» бүгінгі күн тұрғысынан баға беріледі. Кітап жоғары оқу орындарының тарих, филология және журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне және көпшілік оқырман қауымға арналып жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |