Кокктар – микроорганизмдердің үлкен тобы. Олар патогенді, шартты – патогенді, патогенді емес болады. Кокктар – микроорганизмдердің үлкен тобы. Олар патогенді, шартты – патогенді, патогенді емес болады.
Берджи жіктеуі бойынша патогенді кокктар 3 тұқымдастыққа біріктіреледі: 1) Micrococcaeae-Stafhyloccuc туыстағына стафилококктар жатады. 2) Steptococcaceae-Steptoccoccus туыстағына стрептококктар мен пневмококктар жатқызылады. 3) Neisseriaceae-Neisseria туыстағына минигококктар мен гонококктар жатқызылады.
Патогенді кокктардың жалпы белгісі іріңді – процесі ауруларды тудырады. Барлық патогенді кокктар қозғалмайды, спора түзбейді, ал пневмококктар капсула түзуі мүмкін. Тинкториальдық (боялуы) қабілетіне қарай : Грам “оң” және “теріс”болады. Патогенді кокктар бір – бірінен қоректік орталарда өсуі және биохимиялық қасиеттері бойынша ажыратылады.