Kлиникасы: дене салмағының кемуіне байланысты гипотрафияның 3 дәрежесі бар:
1 дәреже – дене салмағы 10-20%кем болады тәбеті орташа, терісі бозғылт. Терінің тургоры төмендеп, тері асты май қабаты баланың аяқ-қолдарында, денесінде, әсіресе ішінде азаяды. Психикалық дамуы жасына сәйкес.
2 дәреже –дене салмағы 20-30% кем болады, тері асты майы денесінде, ішінде болмайды, ал аяқ-қолдарында, бетінде азаяды, тәбеті төмендеген, баланың қорғаныс күштері төмен, психикалық дамуы қала бастайды.
3 дәреже – дене салмағының кемдігі 30% артық болады, баланың бойы да мөлшерден 4-5 см-ге кем, тері асты май қабаты денесінің барлық жерінде жоқ, бет терісі әжімденген, іші үлкейген болады, терісі бозғылт, құрғақ, қабыршаққтанған, терісінің созылғыштығы төмендеп, психикалық даму өте артта қалады.
Емі:
І дєрежелі гипотрофиялы балаларды емхана жағдайында емдейді.
ІІ жєне ІІІ дәрежедегі гипотрофияны ауруханада емдейді де тағамды бар дене салмағына есептейді. 3 фазалы тамақтандыруды ұйымдастырады:
1-ші фазада (алғaшқы 7-8 күн) Баланы ақырындап, біртіндеп сұйық тағамдармен қоректендіреді, оған тамақтың 1/3 немесе 1/2 бөлігі беріледі.
2-ші фазада (келесі 7-8 күн) баланың жағдайы жақсарса, оған жасына сай тамақ беріледі.
3-ші фазада баланың тамағының құндылығы оған тиісті нормадан 15-30%-ке көбейтіледі.
Аурудың алдын алуы:
1. Баланы дұрыс тамақтандыру: мүмкіншілік болса табиғи тамақтандыру, --шырын, қосымша тамақтарды уақтылы енгізу
2. Күнтәртібін дұрыс сақтау.
3. Жұқпалы аурулардан сақтау.
4. Ата-аналар мен санитарлық-ағарту жұмысын өткізу.
Квашиоркор – тропикалық және субтрофикалық елдерде 2-4 жас аралығында балаларда кездесетін дистрофияның түрі. Тамақтану рационында ақуыздардың аз болуынан және ақуыз дистрофиясының салдарынан дамитын ауру, яғни ағзаға жеткілікті мөлшерде ақуыздың жетіспеуі. Бұл ауру көбінесе 1-4 жас аралығындағы балаларда дамиды,бірақ кейде жасөспірімдер мен ересек адамдар да кездесіп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |