Іс әрекеттегі зерттеу жунусбаева М. Т. Іс-әрекеттегі зерттеу «География пәнін оқытуда glil әдісі арқылы жазылым дағдысын жетілдіру»



Дата17.06.2018
өлшемі41,08 Kb.
#43267

ІС ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ Жунусбаева М.Т .


Іс-әрекеттегі зерттеу

«География пәнін оқытуда GLIL әдісі арқылы жазылым дағдысын жетілдіру»

Астана қаласы, физиа-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі

ЖУНУСБАЕВА МАРАЛ ТУРМЫСОВНА

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту /GLIL/ – пәндерді екінші/үшінші тілдер арқылы меңгеру және сол пәндік саланы игере отырып, тілді жетік меңгеру. Яғни, пәндік және тілдік мақсаттар бір уақытта жүзеге асып отырады. Халықаралық зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, пәндерді екінші/үшінші тілдер арқылы меңгерген оқушылардың ынтасы жоғары, зерделі, креативті және ана тілінде білім алған оқушылардан білімдері әлдеқайда жоғары болады екен, сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсам, пәндерді екінші тілде оқыту оқушы жетістігі мен дағдыларын дамытуға кері әсерін тигізбейді екен, керісінше тілдерді академиялық деңгейде меңгеруге, қосымша ақпарат көздерін кеңінен қолдануға, өзге мәдениетті түсінуге мүмкіндік береді екен, екіншіден өз елінің экономикалық, саяси, әлеуметтік экологиялық жағдайын, географиялық орнын жан-жақты зерттеп, потриоттық сезімді қалыптасыруды көздейді, сондықтан мен географияны қазақ тілінде оқытылуына аса қатты мән беремін, дегенмен өз тәжірибемде орыс сыныптарында географияны оқытуда бірнеше қиыншылықтарға тап болдым, яғни оқушылардың пәнге деген қызығушылығы болғанмен мазмұнын түсінбеуі, соның салдарынан пәнге деген қызығушылықтың жойылып бара жатуы, кей оқушылар мазмұнды іштей түсінгенмен ойын айтып жеткізе алмауы, сөздерді ретімен қолданып, сөйлем құрылымын құрастыра алмауы орын алды, үй тапсырмасын қайталамай келуі, сабақта тапсырманы орындау барысында қазақша түсінбеу салдарынан уақыттың көп кетіп, үлгере алмай қалуы, сәйкесінше қосымша сабаққа көптеп келуі, сондай-ақ ата-аналардың тарапынан да біршама түсінбеушілктер болды, пәнді неліктен қазақша оқуы керек, бағдарламаны ауыстырыңдар, балаларым түсінбейді деген сияқты, жалпы географияны қазақ тілінде оқытуға деген теріс көзқарастар пайда болды. Сол бақылауларды ескере отырып, биылғы оқу жылында тәжірибемде түрткі болған орыс сыныптағы оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыруды жолға қоюдағы оқыту мен оқу үрдісін жетілдіру мақсатында іс-әрекетті зерттеу үрдісіне кірістім. Оған себеп болған жоғарыда айтқандай, орыс сыныбындағы оқушылардың география мазмұнын қазақша түсінбеуі, соның салдарынан қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезіндегі тапсырмаларды орындау барысында айтар ойын қазақ тілінде жаза алмауы, сәйкесінше жақсы оқитын оқушылардың ішкі жиынтық бағалауларында төмен ұпай алып, оқу сапасының төмендеуіне әкелуі. Таңдап алынған фокус тобым 8 «F» орыс сыныбы ІІ тобы, зерттеу кезеңдерім 2015 жылдың қыркүйек -2016 жылдың сәуірге дейінгі аралықты қамтыды. Зерттеуге түрткі болған мәселем «GLIL әдісі - географияны екінші тілде оқытуда оқушыларының жазылым дағдысын дамытуға қалай ықпал етеді? Зерттеуді сауалнама, сұхбат, психологпен, куратормен, ата-анамен, қазақ тілі пән мұғалімдерімен сұхбаттасу, байланыста болу әдістері арқылы жүргіздім. География пәнін қазақ тілінде оқылуына байланысты, оқушы бойына тілдік дағдыны, соның ішінде жазылым дағдысын қалыптастыру барысында пән мен тілді кіріктіре оқыту зерттеуімнің басты өзектілігі болды. Зерттеуге қатысты түрлі деректер жиналды және өңделді, олар қалыптастырушы және ІЖБ жұмыстары, фоталар, сауалнама қорытындысы, сұхбат, күнделік, сабақтың барысы, оқыту үрдісін талдау. Ол үшін маған оқушылар, кураторлар, ата-аналар көмек береді және жеке өзім ғана зерттегендіктен кемшіліктер болмай тұрмайды, сондықтан оны талқылау үшін басқа мұғалімдермен «сыншы доспен» ақылдасуға тура келді. «Сыншы дос» ретінде өз кафедрамдағы әріптестеріммен Омарова С.К мен Масатбаева С.С ақылдастым.

Ендігі кезекте мен өзгерткім келетін жалғыз мәселе - бұл сыныптағы оқыту үрдісінде оқушылардың географияны екінші тілде жетік меңгеру барысында тиімді әдістерді қарастыру. Ол үшін оқытудың принциптерін жүзеге асыру үшін мұғалім мен оқушының әіс-әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма және оқу әдістерін таңдауда дидактикалық мақсат, пәннің ерекшелігі, жас ерекшелегі, жеке қабілеттері ескерілді ме? Осы сұрақтар көлемінде жауап іздей отырып, қазіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі екендігі белгілі, ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады, сондықтан менің мақсатым пән мен тілді кіріктіріп оқыту болғандықтан, осы екеуін кіріктіріп оқытудың жолы - GLIL әдісі арқылы ұйымдастыруды таңдадым. «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісінің бірнеше анықтамасы бар, мысалы «тілді мәдениетаралық түсінісуге, халықаралық көзқарасты қалыптастыруға және жалпы білім сапасын жақсартуға дайындық құралы ретінде қарастыратын әдіс» немесе «пәнді оқуға және пән арқылы тілді үйренуге бағытталған әдіс», сол сияқты, «екінші немесе үшінші тіл арқылы пәндерді оқу және пәндік салаларды оқу барысында тіл үйренуді жетілдіру, яғни пәндік және тілдік мақсаттарға қатар қол жеткізу». Осы айтылғандарға сүйенсек, пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің контекстінде жаңа анықтамаға ие болды, ол үштілде білім беру саясатының мақсатында көрініс тапқан: «Үш тілді игерген, пәндерді үш тілде меңгерген, түрлі тақырыптарда диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын және өзге халықтардың мәдениетін түсініп, құрметтейтін Қазақстан азаматын қалыптастыру», демек пәнді екінші тілде оқыту барысында пән мен тілді кіріктіру барысында тілдік дағдылары жетіледі. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту сабағында уақыттың көп бөлігі мәтінмен жұмыс істеуге берілсе де, мүмкіндігінше тілдік дағдылардын барлық түрі қамтылуы керек. Оқу материалын таңдау кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен тілдік дайындық деңгейлеріне сай мәтіндерді іріктеу қажет. Мәтіндер шағын бөліктерге бөлініп, суреттермен, схемалармен, карталармен қоса берілсе, оқушылар тез қабылдайды. Мұғалім сабақты жоспарлау кезінде материалдың бір бөлігін аудиомәтін түрінде бере алады, ал оқытудың зерттеу әдістерін қолдана отырып, материалды диалог пен әңгімелесу арқылы игеруге мүмкіндік бар. Сабақ барысында тыңдалымды жазылыммен байланыстыруға болады, мысалы, кестелер толтыру, схемалар сызу, көп нүктенің орнына сөздер жазу, т.б. Оқу тапсырмаларын дайындау барысында пән бойынша оқушылардың тілдік деңгейін ескере отырып, дифференциацияны қарастыру қажет.Сабақ барысында сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін нақты айтып кету; тілдерді үйрену үшін қолайлы білім ортасын құру; тілдің төрт дағдысын дамыту (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым); қажет болған жағдайда, оқушыларға түсініксіз сөйлемдер мен сөз тіркестерін бірнеше рет қайталау; оқушылардың қабылдауына жеңіл лексиканы қолдану; тірек сөздермен жұмыс істеу керек.

Іс-әркеттің маңызды кезеңі деректер жинау, сондықтан алдымен фокус группамды таңдап алдым, сандық және сапалық әдістер арқылы, триангуляция негізінде деректер жинадым. Алғашқы зерттеуім шынайы болуы үшін, триангуляция әдісін қолдандым, яғни сандық әдіспен бірге сапалық әдістерді де жүргіздім, мектептің үштігі ата-ана, мұғалім, оқушылардың барлығынан болмаса да, кейбірінен сұхбат жүргіздім. Жеке оқушылармен сұхбаттасу кезінде қойылған сұрақтарға №1 оқушы «географияны қазақ тілінде оқу мен үшін алғашқы уақытта өте қиын болды, себебі мен қазақша түсінбеймін, мысалы көлемі үдкен мәтіндер, термин сөздер, маған түсінуге қиын, болашақта географияны қазақша оқу өте қажет деп ойлаймын, сондықтанда сабақта топтық жұмыстар болса және орысшаға аударып отырса, сондай-ақ түрлі ойындар арқылы оқыса жақсы болар еді» №2 оқушы «географияны қазақ тілінде оқу мен үшін соншалықты қиындыққа түспеді, себебі мен сөздікті қолдандым және қазақшаны жақсы түсінем, бірақ қиын болғаны, сөйлемдер құрастыруда және оны жазуда, мәтінді оқуда, уақыттың аздығы, үлгере алмаймыз, жұптасып, немесе топтасып оқыған ұнайды, географияны қазақша оқу керек, себебі, біз қазақ тілін ғана қазақша оқыдық, ол бізге қазақша үйренуге өте аз, сондықтан географияны да, тағы да тарихты қазақша оқу мен үшін жақсы.сабақта түрлі әдістерді қолдансақ, ойын түрінде болса жақсы өтеді»

Кураторымен осы жайында сұхбаттасқан, «оқушыларының пәнге деген қызығушылығы байқалады, бірақ ішкі жиынтық бағалауларда оқушылардың төмен ұпай алуы, сол үшін оқушыларды сабақта көбірек жазуға және сөйлетуге уақыт бөлу керек және оқушыларды қазақша білетін мен білмейтін баланы жұптастырып отырғызып, жұмыс жасату керек». Ата –анамен сұхбат кезінде, «географияны қазақша оқу балама өте қиын, мен үйде оған көмек бере алмаймын, себебі өзім қазақша түсінбеймін, сондықтан репетитор алдым, қазақша кітаптар алдым, дегенмен олардың пайдасы шамалы, балар үнемі орысша сөйлейді орысша ойлайды, ол географияны жақсы көреді, бірақ түсінбегендіктен мазмұнын жоғалтып алады деп қорқамын, болашақта бір жағынан қазақша болғанын қолдаймын, себебі қазақ тіліне қолдау көрсету, болашақтың қамы, екінші жағынан болашақта мамандығымыз осы пәнмен байланысты болғандықтан, пәннің мазмұнын білмей қалады деген қорқынышта бар»

Сыныптың жеке қабілеттерін білу үшін психолгпен кездесіп, әңгімелесу барысында оқушылардың жеке қабілеттерін анықтап алдым, сондағы байқағаным жалпы сыныптың ешқайсысы география пәнін таңдамаған, ал жекелей үш оқушының қабілеті бойынша №1 оқушының Гарднер бойынша ойлау типі байқалмаған, көшбасшылық қабілеті бар,спортқа жақын, футбол, теннис, бокс, математика, физика, химия пәніне қызғушылық танытады. №2 оқушының Гарднер бойынша ойлау типі логикалық және ішкі тұлғалық интеллект, сурет салғанды, электрогитарада ойнағанды жақсы көреді, физика пәніне қызғушылық танытады. №3 оқушының Гарднер бойынша ойлау типі спорттық интеллект, пәнге деген қызығушылығы жоқ.



Қажетті мәліметтермен қаруланған соң, оқушылармен жұмыс жасауға кірістім, алдымен өзіме оқу мақсаты мен міндеті қандай, оқушыларды қалай үйретемін, Оқушыларды зерттеу әр сабақ сайын жүзеге асырылды, бастапқы кезеңдерде оқу мақсаттарына жетудегі қалыптастырушы бағалаулары төмендегі деңгейде болды, №1 оқушының сабақта ынтасы жоғары болғанымен, жазылым дағдысының ақсап тұрғандығы көрінеді, яғни қажетті сөздерді сабақтан қандай нәтиже күтемін деген сұрақтарға жауап іздедім. №2 оқушы өз деңгейінде жазып шықты, бірақ сөйлемнің құрылымы дұрыс емес, себебі айтайын деген ойын қағаз бетіне түсіруде, қиындыққа тап болады, жалпы не жазу керектігін біледі. №3 оқушы мүлдем жазбаған, себебі жаза алмаған сөздікті де қолданбаған, осының барлығы маған белгілі, соны түзету үшін әдіс-тәсілдерді іріктедім. 8 сыныпқа арналған оқушылардың жас ерекшелігіне қарай әдіс-тәсілдерді таңдап алдым. Сол әдістер арқылы сабақ жоспарын құрастырдым, сабақта оқушыларға еркіндік беруді көздедім, сұрақтарға жауап беруде ұзақ уақыт тосуды үйрендім, себебі орысша ойланатын оқушы, аз уақыт ішінде айтайын деген ойыннан жаңылып қалады. 1,2,3 оқушы сабақта қызығушылық танытпайды, бірақ шамалары келген орындайды, алдымен GLIL әдісінің «Диктоглосс» атты тәсілін қолдандым, себебі пәнді игеру барысындағы кейбір кедергілерді жою үшін тілдік тіректер (scaffolding) арқылы қолдау көрсету керек, мысалы «Су ресурсы» тақырыбында оқушылардың жұппен жұмысы, біреуіне мәтін толығымен берілсе, біреуіне көп нүктелі орындармен беріледі, мақсаты- біреуі оқиды, екіншісі тыңдай отырып, бос нүктелердің орнына сөздерді қояды, соңынан бірлесіп тексерді. Екінші қолданған тәсілдердің бірі – визуалды тәсілдер, бейнефильм материалдарымен жұмыс, ол арқылы тілдік дағдыны қалыптастыру, яғни тақырыпқа сай бейнефильмді көрсету, көрсетер алдында сұрақтар дайындап, сыныпқа қоямын, сол сұрақтарға жауап беруі үшін, бейнефильмді тыңдайды, болған сұрақтарға жауап береді, кейіннен сол сөйлемдерді пайдаланып, шағын әңгіме немес эссе жазады, яғни толығымен жазылым дағдысы қамтылды. Сондағы байқағаным, зерттеудегі үш оқушының №1 оқушы тыңдай отырып, тыңдағанын жаза білді, себебі сұрақтарға жауап таба білді. №2 оқушы сұрақтарға ауызша толық жауап бермеседе, жазуға келгенде ойын жақсы жеткізді, ал №3 оқушы сұрақтарға толығымен жауап берді, өз сөзімен, жазуға келгенде аздап қиналды, себебі сөздік қоры әлі де аздық етеді. Бірақ бұл әдістің кемшілігі бейнефильмді тыңдау барысындағы оқушының сөздерді түсінбеуі, сондықтан эссе жазуда, сұраққа жауапты дұрыс бермеді, жалпы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянып, сабаққа басқаша көзбен қарай бастады, тағы бір байқағаным зерттеуге алған оқушыларымның эссе жазу кезінде сөздерді дұрыс пайдалана бастауы, дегенмен де мен әр бір сабақтың тақырыбын анықтау барысында оқушыларға тақырыпқа сай бейнефильм көрсетуді жолға қойдым, бұл мен үшін өте жақсы әдіс болды, себебі оқушылар бейнефильмдегі айтылған сөздердің бірін түсініп, бірін түсінбегенмен, суретіне қарап, міндетті түрде өз ойларын айта алатын болды. Сабақ барысында қолданған визуалды тәсілдердің екіншісі Ақпараттық аралық (gap) әдісі, ол арқылы оқушылардың арасында байланыс орнайды. «Дүниежүзі халықтары» тақырыбын өткен кезде «Суреттер сөйлейді» әдісін қолданып көрдім, 3 адам топта жасалынатын жұмыстар. Топтағы 1 оқушы фотосуретті алады, тобына сол суретте не көргендігін ауызша айтады, топтағы 2 оқушы одан естігенін жазады, ал 3 оқушы естігенін суретке салады. Нәтижесінде 1 оқушы өз ойын дұрыс жеткізе отырып, айтылым дағдысын дамытады, 2 оқушыда тыңдалым дағдысы арқылы сурет салу қабілеті артады, 3 оқушыда тыңдалыммен бірге жазылым дағдысы қалыптасады. Бұл мен үшін өте ыңғайлы әдістің бір түрі болды, біріншіден оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасайды, екіншіден, суретті ұстап отырған оқушы суреттегі оқиғаны дұрыс жеткізу үшін сөздік қорын ұлғайтады, ал қалған екеуі оның айтқандарын дұрыс қағаз бетіне түсіру үшін мұқият тыңдайды және өзара қарым-қатынас жасауға жағдай жасалады. Бұл жерде табиғаттың құбылыстарын, тақырыптық карталар берілді, халық тығыздығы жайлы суреттер берілді.

Іс-әрекеттегі зерттеу барысында мен өзімнің педагогикалық әркетіміді өте тереңнен зерттедім, ең бастысы менің бірден атап өткім келетіні, мен үшін оқушылардағы болып жатқан өзгерістерді бақылау өте қызықты болды, олардың әрқайсысысында өзіндік жеке ерекшеліктері бар, соларды ескере отырып, мен оқуға деген қызғушылығын арттыруда табысқа жетуге жағдай жасауға тырыстым. Оқыту мен оқуды GLIL арқылы ұйымдастыру, сол арқылы тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту, оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты дамытуда және пәнді екінші тілде меңгеруде оң әсерін берді. Мен әр сабағымда оқушыларды оқуға жұмылдыру үшін әдістерді дұрыс таңдауға бер бұрдым. Зерттеу кезіндегі уақыт аралығында жазылым дағдысының қалыптасуы бойынша барлық сыныппен бірге, жекелей бақылауға алынған оқушылардың да өсу динамикасын көруге болады, яғни олардың пәнге деген қызуғышылығының артуы, тілдік дағдының, соның ішінде жазылым дағдысының дамуы, сабақтағы белсенділігі, тапсырмаларды орындауы, рефлексияға қатысуын көруге болады.



GLILдің тиімділігі неде?

GLILдің тиімділігі ең алдымен пән мен тілдің кіріктіріп оқытылуы, оқушыны оқуға үйрету, яғни тілді өздігінен меңгеруіне бағыт беру, оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсе отырып, өзара оқуға, бір-біріне көмек беруге ұмтылды, еш бір оқушы тасада қалмады, яғни инклюзивті оқытуға бет бұрылды. Сабақ барысында тиімді деген 5 әдісті қолданып көрдім, /диктоглосс, бейнефильм көру, «суреттер сөйлейді, термин сөздермен жұмыс, «ыстық орындық»» әдістерін қолдана отырып, нәтижесінде:



  • оқушылардың оқу қабілетін дамытуға көмектесетін әртүрлі оқу стратегиялары арқылы белсенді оқытуды қамтамасыз ете алады;

  • жаңа тіл үйрену түрлерін немесе пәндік ерекше терминологияны қолдану үшін оқушыларды көптеген сөйлеу және жазу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете алады;

  • оқушылар арасындағы қарым қатынасты ынталандыра алады;

  • сөйлеуді қолдау арқылы коммутикатвитілікті жетілдіре алады:

Ол үшін, ең алдымен екінші тілде оқитын оқушылармен тілдескен кезде мұғалім қысқа, анық және қарапайым жылдамдықпен сөйлеуі керек. Сабақ барысында тілдік деңгейі аралас оқушылар отырғандықтан, дифференциацияны қолдану талап етіледі. Бұл оқушылардың сәл ғана жасаған жетістігін мұғалім жақсы бағалап, үнемі мақтау айтып, қолдап отыру қажет. Сол кезде ғана оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығы оянады. Ал оқушылармен жеке жұмыс жүргізгенде қажетті лексикалық минимумға назар аудару қажет. Яғни ауызекі сөйлеуге қажетті сөздер, сөз тіркестері, кез келген сөзді қойып қолдана алатын дайын тіркестер (жай сөйлемдер) беру керек. Ескеретін жайт, грамматикалық тақырыптарды, күрделі ұғымдарды бермеген жөн. Бұл баланың сөйлеуіне кедергі жасайды, грамматикалық дұрыс сөйлей алмаймын деген қорқыныш туғызады.

Джим Камминс 2004 жылы өзінің Канадада иммигранттармен жүргізген зерттеу нәтижесінде екінші/үшінші тілді үйренуде базалық тұлғааралық коммуникативтік дағдыларды игеру үшін екі немесе үш жыл қажет екенін анықтап көрсетсе, ал танымдық академиялық дағдылары үшін бес жыл қажет деген, олай болса, мен бұл сыныппен 2 жыл жұмыс жасап жатырмын, бұл зерттеу осымен тоқтамайды, бұның жалғасы бар, мен әлі де осы әдістің басқа да тәсілдерін тәжірибемде көремін. Мұғалім мамандығының табысқа жетудегі құпиясы- үздіксіз білім алу мен үздіксіз өсу, олай болса, бұл зерттеулер менің кәсіби өсуіммен үздіксіз білім алуыма әдбен көмектеседі, сондықтан мен келесі зерттеуімнің жалғасы болатындығына сенімдімін.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар /І –ІІ-ІІІ деңгей/.

  2. Alberta Teacher Association (2000). Action research Guide. [Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша нұсқаулық].

  3. Altrichter, H., P. Posch and B. Somekh (2007) Teachers Investigate Their Work. [Мұғалімдер өз жұмысын зерттейді] 2nd Edition. London: Routledge.

  4. Carr, W. and Kemmis, S. (1986) Becoming Critical. Education, knowledge and action research, [Сындарлы болу. Оқыту, білім және іс-әрекеттегі зерттеу] Lewes: Falmer.

  5. Carr, W. and Kemmis, S. (2009) ‘Educational Action Research: A Critical Approach’ [Педагогикалық іс-әрекеттегі зерттеу] In Noffke, S. & Somekh, B. (eds.) The Sage Handbook of Educational Action Research [Педагогикалық іс-әрекеттегі зерттеу бойынша Сейдж нұсқаулығы] London: Sage.

  6. Cochran-Smith & Lytle, (2009) In Noffke, S. & Somekh, B. (eds.) The Sage Handbook of Educational Action Research [Педагогикалық іс-әрекеттегі зерттеу бойынша Сейдж нұсқаулығы] London: Sage.

  7. «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін қолдану» Нұрақаева Л.Т., Дисюпов Б.А.

  8. Elliott, J. (2009) Building educational theory through action research. [Іс-әрекеттегі зерттеу арқылы оқыту теориясын құру] In Noffke, S. & Somekh, B. (eds.) The Sage Handbook of Educational Action Research [Педагогикалық іс-әрекеттегі зерттеу бойынша Сейдж нұсқаулығы] London: Sage.

  9. Elliott, J. (1991). Action research for educational change. [Оқытуға өзгеріс енгізуге арналған іс-әрекеттегі зерттеу] Buckingham: Open University Press

  10. Ferrance, E. (2000) Action Research. [Іс-әрекеттегі зерттеу] http://www.lab.brown. edu/pubs/themes_ed/act_research.pdf.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет