Жаңа сабақ
|
1914 ж. археолог А.Я.Тугаринов Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан бұл мәдениеттің алғашқы ескерткішін тапты. Сондықтан Андронов мәдениеті деп аталды. 1927 ж. археолог М.П.Грязнов Батыс Қазақстаннан тапты.
Баспаналары
Жартылай жертөле және жер бетіне салынған үйлер;
-Тастан ошақ орнатылған;
-Жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған;
-Андрондықтардың дөңгелек баспаналары қазақтың киіз үйлеріне ұқсайды.
Андрондықтар кәсібі:
Мал өсіру ( отырықшылық, бақташылық түрі болды)
Кетпенді-теселі егіншілік. Жерді тесемен өңдеген.
Балық аулау ( Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендері бойында)
Сазбалшықтан ыдыс жасау жақсы дамыған. Ең жақсы дамыған түрі – көзе құмыралар жасау. Олардың сыртын тарақ тәрізді өрнектермен өрнектеген.
Кен өндіру, металл өңдеу.
Андронов мәдениетінің таралу аймақтары:
1.Солтүстік Қазақстан қоныстары:
Петровка, Боголюбов, Чагалинка
2. Қостанай облысы: Арқайым (ең ежелгі қала)
3. Орталық Қазақстан: 30 қоныс, 150 оба
4. Батыс Қазақстаннан: 80 – нен астам қоныс
5.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу :
- Таңбалытас пен Қаратау жартастарынан табылған суреттер
Сырдарияның төменгі ағысындағы Түгіскен кесенесі (күйдірілмеген кірпіштен салынған).
Берілген мәліметердің ақиқат немесе жалған екенін анықтаңыз.
№
|
Мәліметтер
|
ақиқат
|
жалған
|
1
|
Қола мыс пен темірден жасалады.
|
|
|
2
|
Металл кеніштері Зыряновск, Жезқазған өңірінде болды.
|
|
|
3
|
Сәтбаев Солтүстік Қазақстанды зерттеді.
|
|
|
4
|
1 млн. тонна кеннен 250 мың тонна мыс өндірілді
|
|
|
5
|
Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіші табылды.
|
|
|
6
|
Андронов мәдениеті тек Сібірге таралды.
|
|
|
7
|
Бұдан 3000 жыл бұрын еліміздің табиғаты құрғақ, қысы қатал әрі ұзақ, жазы ыстық әрі қысқа болған.
|
|
|
8
|
Антропологиялық (сыртқы түр сипаты) бейнесі еуропеоидтерге ұқсастығын зерттеген
ғалым – В.П.Алексеев.
|
|
|
Мәтіндерде сипатталған шаруашылықтағы негізгі өзгерістерді анықтаңыз.
Мәтінде сипатталған шаруашылықтағы өзгерістердің орын алған кезеңі.
«Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды. Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып , көшіп отыруды қажет етті»:
Жауабы:
Мәтінде сипатталған жағдайдың себебінің дала тұрғындарының шаруашылығына енген негізгі өзгеріс:
“Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды. Бұл малмен күн көріп отырған тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал етті”
|
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды.
Екі мәдениеттің белгілеріне сипаттама жасайды.
Дескриптор:
Берілген мәліметердің ақиқат немесе жалған екенін анықтайды.
|
«Алақан-жұдырық»
ҚБ «Бас бармақ» әдісімен оқушылар өзін-өзі бағалау.
«Жұлдызшалар»
|
Графикалық органайзерлер
АКТ, суреттер, дәптер, оқулық, карта, кесте,
АҒ
|
Қорытынды
|
Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің ерекшеліктерін анықтадық. Археологиялық деректерге сүйеніп, Андрон мәдениетінің белгілерін ажыратып, талдай білдік.
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды.
|
|