Пайдаланылған әдебиеттер:
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» // Алматы 2008 Дайк Пресс
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» // Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы Алматы-1982.
3.«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Қалиев Байынқол Алматы 2014
4. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы, 2007.
5. Әнес Ғ., Үдербаев А. «Диалектологиялық сөздік» Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.
6. Жұмаділов Қ. «Дарабоз» тарихи роман-дилогия. Алматы «Кітап» баспасы, 504 бет.
Қазіргі қазақ тіліндегі метатеза
Қайратқызы Ұлпан, Іле ауданы Алматы облысы
МКМ №19 орта мектебінің 8-сынып оқушысы.
Ғылыми жет: М.Б.Нуртаева
Метатеза құбылысы туралы жалпы тіл білімі туралы оқулықтарда өте аз айтылған. Авторлар метатезаға анықтама беріп, бірнеше мысалдар келтірумен шектеледі.
Метатеза құбылысын зерттеуге мен қалай келдім? Кішкене балалар мен кейде мектеп оқушыларының сөйлеу барысында бір қызық жағдайды байқадым. Сөз ішіндегі дыбыстардың орны ауысып кетеді екен. Мысалы; Қолғап-қолбақ, әпке-әкпе, өкше-өшке, селсоқ-селқос, секпіл-сепкіл, Фариза-Фазира.Мұндай құбылысты тіл білімінде метатеза деп атайды екен. Метатезаға әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Бұл анықтамаларда метатезаның кейбір жеке қасиеттері ескеріледі.
Ал осы метатезаның пайда болу себебі неде? Мұны әр ғалым әр түрлі түсіндіреді. Кейбір ғалымдар бұл құбылыс дыбыстардың тіс немесе сонор дауыссыз болуына байланысты дейді; ал екінші біреулері бір дыбыстың екіншісіне ықпал етуіне; үшінші біреулері үйреншікті нәрсе емес нәрсені, қолдануға ыңғайлы нәрсеге айналдырумен түсіндіреді. Дыбыстардың орын алмастыруы шет тілден кірген сөздерде, балалардың сөйлеу тілінде және әдеби тілден дилектілерге ауысқан сөздерде жиі ұшырасады.
Орыс ғалымы Н.М.Малеча метатезаға мынадай анықтама береді. «Метатеза дегеніміз сөздегі бір немесе екі дыбыстың орын ауыстыруы; ол сөйлеу процесі кезінде дыбыстардың қарым-қатынасқа түсуінен пайда болады. Бұл көбіне дауыссыз дыбыстарға тән құбылыс.Кейде дауысты дыбыстар алмасуы да болады, бірақ бұл сирек кездеседі.» /1,2-бет/
Ғалым А.А.Реформатский: «Метатеза басқа тілдерден енген сөздерде жиі кездеседі,» - дейді. Мысалы, Футляр – futeral (неміс сөзі), Тарелка – talrik (швед сөзі),Фрол – flor (латын сөзі), Селиверст – Selvester `(латын сөзі) /2,65-бет/
б) халық этимологиясы
Айтуға жеңіл болу үшін сөздегі дыбыстардың орнын алмастырып айту халық тілінде жиі кездеседі. Мысалы,
Витамины – афтамины, вертолет –витралет, Алма-Ата – Льмата /1, 12-бет/
в) балалар метатезасы
Профессор И.А.Сикорский балалар сөйлеу тілінің бір ерекшелігі дыбыстардың орын ауыстыруы деп атап көрсетеді.
Ғалым А.А.Реформатский жоғарыда аталған еңбегінде оған мынадай мысал келтіреді:
Салатка – ласатка – лошадка,
Макейка – камейка – скамейка.
г) табу метатезасы
Дыбыстардың орын алмасуы түркі тілдеріне де тән.
Бұл жөнінде орыс ғалымы О.Н.Трубачев «Из истории табуистических названий» деген еңбегінде былай дейді: «Табуизирования названия животного носить характер сознательного изменения порядков звуков в старих названии. Например, ведмид –медведь.» /3,12-бет/
ХІ ғасырдың ғалымы М.Қашқари өзінің атақты «Диуани лұғат ат-түрк» деген еңбегінде сол заманғы түркі тайпалары тілдерінде кездесетін дыбыстардың орын алмасуына тоқталады және өзінің пікірін айтады.
«Түркі тайпалары тілдерінде, - дейді М. Қашқари, - қ мен ч, ғ мен д, ш мен н, ғ мен л дыбыстары түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түседі. Мысалы: қарлығаш – қарылғаш; қошны – қоншы; йамғур – йағмур.
Егер сол бұрынғы сипатын еске алсақ, этимологиялық жақтан «қарлығаш» сөзі қар /қол, иық мәнінде/ сөзінен шыққанын, ал «қоңсы» сөзінің /қос, қосақтау/ сөздерімен түбірлестігін, «жаңбыр» сөзінің арғы түбірі йағ /жау – етістік/ екенін байқаймыз.
«М.Қашқари «метатезаны ағару үшін әр тайпа адамына «бұдғай» сөзін айтқызып көру керек, /бұдғай/, /бұғдай/ сол кездің өзінде кездесетін метатезалық құбылыс,» - дейді./4,318-бет/
Кейде кірме сөздерде яғни метатеза басқа тілдерден енген сөздерде жиі кездеседі.Тарихи метатеза (өкпе - өпке, қақпан - қапқан), кірме сөздердегі метатеза (құтпан - құптан), диалект «жергілікті тіл ерекшеліктерінде кездесетін) метатеза (дария - дайра, қолбақ - қолғап) деп бөлінеді.Метатеза сөздердің дамуында ерекше құбылыс саналады. Оны тану үшін туыстас тілдер мен көне жазба тілінің деректері тіліміздің бүгінгі жай-күйімен салыстырылады, дыбыстардың орын алмастырылуы анықталады.
Қазақ тілінің орфоэпиясында (айтылуда) қапқан - қақпан, тепкі – текпі, түкпір - түпкір, арпалыс – алпарыс, т. б. қолданыстардың кездесуі метатеза құбылысының нәтижесі. Тарихи метатеза атаудың қалыптасу тарихын, этимологиясын айқындауға көмектеседі.Орфоэпиялық сөздіктерде лағынет – нағылет түрінде жарыса қолданылатын нұсқалар да метатеза жемісі. Сонымен қатар метатеза сөздің айтылуын жеңілдетуден туындаған құбылыс ретінде де қарастырылады./5, 509-бет/
Осы метатеза құбылысын зерттеудегі мақсатым, ертеден келе жатқан метатеза құбылысының қазіргі кездегі тілдердегі көрінісіне сипаттама беру; мететаза құбылысының көне түркі тілдерінде пайда болып, дами отырып, қазіргі түркі тілдерінің жеке-жеке тіл болып қалыптасуында атқарған рөлін көрсету. Сол себепті де салыстырмалы тарихи-әдісті пайдалана отырып, түркі тілдерінің арасындағы метатеза құбылысымен әр түркі тілінің өз ішіндегі метатеза құбылысына мысалдар жинақтадым.
Менің алдымда тұрған міндет осы метатеза құбылысының уақыт өте келе қазіргі қазақ тілінің сөздік қорына қандай әсер болатынын анықтау.
Бұл ғылыми зерттеу еңбегінде жалпы тіл білімінде метатеза жөнінде қандай пікірлер бар соған тоқталдым және көне түркі тілдеріндегі кездесетін метатезалық құбылыстардың мысалдарын қарастырдым.Осы мысалдарға қарай отырып, метатеза құбылысының түркі тілдері жеке-жеке тіл болып қалыптасуында атқарған рөлін байқауға болады. Бұдан соң қазіргі түркі тілдері арасындағы метатезаға тоқталдым.Мысалы:
Алтай тілінде «өкпе» - қырғыз тілінде «өпке»
Қазақ тілінде «өкпе» - өзбек тілінде «үпке»
Тува тілінде «өкпе» - ұйғыр «өпкә»
Хақас тілінде «өкпе» - татар тілінде «өпкә».
Бұл мысал біздің жоғарыдағы пікірімізді дәлелдей түсті.
Ал ғалым Смаилов Т. барлық түркі тілдеріндегі метатезаны бес түрге топтастырады:
Қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың орын алмастыруы;
Қатар тұрған дауысты дыбыстардың және дауыссыз дыбыстардың орын алмастыруы;
Бір-бірінен алшақ тұрған дауыссыз дыбыстардың орын алмастыруы;
Сөз ішіндегі буындардың орын алмастыруы;
Екі сөз арасындағы дауыссыз дыбыстардың орын алмастыруы.
Бұлардың алғашқы үшеуі барлық түркі тілдерінде кездеседі.Ал
Буындардың орын алмастыруы кейбір тілдерде ғана кездесетін сирек құбылыс. Ал екі сөз арасындағы дыбыстардың орын алмастыруы ғалымдардың айтуы бойынша, тек тува тілінде ғана кездеседі.
Соңғы жағында қазіргі қазақ әдеби тілі мен диалектілері арасындағы метатезаға тоқталдым.
Қазақ тілінде жоғарыда ғалым Смаилов М. топтастырған бес түрінің үш түрі кездеседі. Буындардың орын алмастыруы қазақ тілінде кездеспейді.
Қазақ тілінде дыбыстардың орын алмастыруы кейде синонимдердің пайда болуына себепкер болады.Мысалы: селсоқ – селқос, тасыр – сатыр, демеу –медеу.
Жоғарыдағы мысалдардан мынаны байқаймыз: әр дыбыстың сөзде өз үлесі бар.Ал дыбыстардың орны ауысса, ол өзіндік өзгерісін ала келуі де мүмкін.
Менің жұмысымның негізгі объектісі түркі тілдеріндегі метатеза құбылысы болды. Метатеза құбылысы негізінен жергілікті тіл ерекшеліктеріне жатады. Бұл құбылысты диалектология ғылымы зерттейді екен. Әсіресе, тува халқы мен қазақ халқының тіл ұқсастықтары өте ғажап. Оған мынадай сөздерді мысалға алсақ болады:
өкпе /тува, қарақалпақ,қазақ/
секпіл /тува, қарақалпақ, қазақ/
Осы «өкпе» сөзі туралы ғалым В.Радлов бұл сөз әуелі өп /ішке тарту/ түбірінен шыққан дейді.Соған қарамай, қазіргі әдеби тілімізде / сөйлеу тілінде де / «өкпе» түрі нормаға айналған. Осының өзінен біріншіден, метатеза құбылысының түркі тілдері жеке-жеке тіл болып қалыптасуында атқарған рөлі барлығын байқауға болатынын аңғардым. Екіншіден , метатеза құбылысының негізінде жаңа сөздер қалыптасуы да мүмкін. Мысал, Фариза – Фазира, Мария – Майра, Фархад – Фахриад, Назипа – Нафиза
Бұл құбылыс әлі де ары қарай зерттеуді қажет етеді деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Малеча Н.М. Оперестановке звуков в словах (по материалам диалекта Уральских казахов). Уральск, 1963 г.
2.Реформатский А.А. Введение в языкознание. Москва, 1967 г
3.Трубачев О.Н. из историй табуистических знаний (вопросы славянского языко знания, вып.3 стр.12)
4.М.Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік»318-бет4.
5.Қазақ тілі.Энциклопедия Алматы,1998 жыл,509-бет
Аббревиатуралар плеоназмы
Нұрмат Бағдәулет,
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогтік институтының студенті, Шымкент қ.
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Ұ.Ж.Қайырбекова
Қазақ тіл білімінде аббревиатура мәселесі туралы басылым санаулы. Бұл орайда жалпылама аталмыш мәселеге алғаш рет көңіл бөлген – ғалым, қазақ лингвистикасының тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбанов.
Тілші Қ.Жұбанов – қазақ тіліндегі аббревиатуралардың ғылыми жіктемесін тұңғыш ұсынған ғалым. Кейін қазақ аббревиатурасы туралы қазақ тіл білімі грамматикасын, синтаксисін негіздеуші ғалым М.Балақаев пен оның шәкірті ғалым Т.Сайрамбаев еңбектерінде қысқарымдарға қатысты талдаулық пікірлер беріледі.
Т.Сайрамбаев «М.Балақаев өмірі мен шығармашылығы» атты зерттеу-эссесінде: «Автор біріккен, қысқарған, қос сөздер туралы құнды материалдар бере білген» [1, 21-б.] жалпы кіріспе берсе, аббревиатураның сөз тіркесі мен сөйлемдегі орны туралы нақты зерттеулік еңбегінде [2] айтады. Бұл ғалымдардан бөлек басқа зерттеушілер де қысқарымдар туралы бірнеше мақалалық пікір-көзқарастарын[3.,4.] ғылыми айналымға, зерттеуге түсіргендері белгілі. Бірақ бұл мәселе ХХ ғасырдың 90-жылдың соңына дейін нақты нысандық белгіге алынып, жеке, қомақты болып зерттеуге түскен жоқ. Тіпті кітапхана қорын қарастыруда да аталған тақырыпта ірі зерттеу кездестіре алмадық.
Тек 1996 жылы зерттеліп қорғалған зерттеуші Нұрдәулет Алдашевтің «Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер» атты кандидаттық диссертациясын ғана алғашқы ғылыми еңбек деп танимыз[5]. Ғалым Н.Алдашев қазақ тілді қысқарымдар мен кірме аббревиатураларды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп, өзара салыстырып, талдап көрсетуі кейінгі зерттеулерге бастау болды.
Мақаламызда қазіргі аббревиатуралардың тілдік артықшылығын (плеоназмы) саралап, талдап, салғастырып көрсету мақсат етіліп отыр. Жалпы плеоназм термині «грек тілінен аударғанда «артықшылық» деген мағына береді. Лексикалық не грамматикалық мағынаны жеткізуде қолданылатын термин» [6. 185-б.] Қысқарымдардың лексикалық, грамматикалық мағыналары туралы да сөз қозғаймыз. Тілдегі жалпы аббревиатураның зерттеулік нысанға түсу деңгейі, қысқарымдардың күрделі тіркес негізінен туындайтыны туралы пікір-көзқарас ғылыми-теориялық тұрғыда сипатталуға тырысылады.
Аббревиатура прагматика және семиотикамен тығыз байланыста дамиды. Сөйлеуші, жеткізуші (трансмиссор) ұсынған аббревиатура оны қабылдаушы (реципиентке) түсіну үшін алдымен субьективтік жақтан емес, обьективтік жақтан қабылдауы тиіс болады. Сондықтан аббревиатураның қазақ тілінде қаншалықты орын алатынын толық тану үшін оның зерттеулік нысанға түсу деңгейін де ажырату керек. Тіпті қазақ тіліндегі аббревиатураларды олардың белгілі бір категориялық көрсеткіштерін ескеріп, арнаулы лексика құрамына жатқызуға болады. Арнаулы лексика – «қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздер мен сөз қолданыстары (сөйлемше я сөз тіркестері)» болып табылатынын анықтама арқылы түсінсек, оларды сенімді түрде осы құрамға енгізіп, атай аламыз.[7, 153-б.].
Шын мәнінде аббревиатуралар ғылым, мәдениет, публицистика, т.б салалардың бәрінде қолданысқа ие. Кәсіби терминология ережесіне сай аббревиатуралар «...арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған (ерекшелеген автор) сөздер мен сөз тірестерінің жиынтығы» екені анық. [7, 153-б.].
Қысқарымдарды арнаулы лексикаға енгізуде ондағы арнаулы топқа тән деген белгілі бір кәсіпке қатыстылық шартты белгісі негізге алынып отырған жоқ. Себебі аббревиатура бір емес, барлық салада кездесетіні аян. Бірақ бұған қарап, аббревиатураны арнаулы лексикаға жатқызбаудың басты дифференциациясы (айырмашылығы) деп қарауға болмайтынын талқыға салғымыз келеді.
Арнаулы лексикада термин сөздер басым орын алатыны белгілі. Ендеше аббревиатура да терминдік қасиетке ие. Мысалы, см., м., * (көбейту белгісі), +, : (бөлу белісі кейде / түрінде кездеседі), т.б. аббревиатура түрлері жаратылыстану ғылымында нақтыланған.
Сондай-ақ аббревиатурада да терминдегідей стильдік (тек қана ғылыми стиль бар), эмоциялық мән болмайды. Терминдермен бірге аббревиатуралардың мағынасы да әрқашан тұрақты. Аббревиатуралардағы мағына тұрақтылығы оларда грамматикалық түрлену көрсеткішінің болмайтындығымен көрінеді.
Арнаулы лексика құрамына белгілі бір категориялық көрсетішке ие сөздер мен сөз тіркестері жатқызылса, аббревиатуралардың кейбір түрлерін (ҚР, партбилет, ІІМ, агроөнеркәсіп, техқызметкер, ҚазҰУ т.б) сөз тіркестері қатарына жатқызу, олардың синтаксистік қызметін түсіндіру тілші ғалымдар тарапынан айтылған. Мәселен, өткен ғасырдың 70-жылдарында жарық көрген професор Т.Сайрамбаевтың «Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері» атты еңбегінде [2.] қысқарған сөздер негізі сөз тіркесіне ұқсас деген пікір білдіріп: «Қысқарған сөздердің мынадай төрт түрі бар. 1. КПСС. 2. Партбилет. 3. КазГУ. 4.Обком. Бұлар кемінде екі немесе одан да көп сөздерден қысқартылып, бір-ақ ұғымды береді. Ал оларды толық жазатын болсақ, облыстық комитет, партиялық билет т.б сөздер біріне-бірі бағыныңқы-басыңқы тіркесте жұмсалған сөз тіркестері дер едік. Енді сол сөздер айту мен жазуды ықамдап үнемдеуе байланысты қысқартылып, сөз тіресінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалатын дәрежеге ие болды.Сонымен қысқарған сөздер:
Тілдегі арнайы сөз тіркестері болатын сөздердің негізінде пайда болған.
Бірақ бұрын еркін сөз тіркестері болғанымен, енді түрлі формада қысқаруының нәтижесінде сөз тіркесі формасынан бүтіндей өзгеріп, бір-ақ сөздің мағынасын береді.
Сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.
Сөз тіркесінің бір сыңарының қызметінде жұмсалады» деп жалпы қысқарымдар мен қазақ тілді қысқарымдардың тіркестік негізден шығатынын түсіндіріп беруі қазір де грамматикалық белгі болып отырғаны түсінікті [2,12-б.].
Ғалым пікірінде аббревиатуралардың сөз тіркестерінен қалыптасуы, сөйлемдегі орны мен шығу төркіні жеке грамматикалық белгі ретінде ажыратылып көрсетіледі.
«Сөз тіркесі дегеніміз – сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыста айтылған мағыналық тобы» [1, 53-б.] Демек аббревиатура фонетикалық-синтаксистік сипаттау тұрғысынан «синкопаға» ұшырап, оның белгілі бір тіл таңбалары ғана шоғырланып, жинақталған «нұсқасы» да сөз тіркесі деп таныла алады, сөйлемде бір сөйлем мүшесі болады.
Аббревиатураларды басқа тілмен салғастырып қарасақ, қазақ тіліне қарағанда, ағылшын тілінде қысқарымдардың тіл мәдениеті, прагмастилистика мен семиотикадағы маңызы көрінеді.
Зерттеуші О.Кастерина кандидаттық диссертация авторефератында [8.] қысқарған сөздер мен жаңа сөздіктерді пайдалана отырып, зерттеу жүргізу барысында аббревиатуралардың ықшамдау мақсатында ғана емес, қарым-қатынас үшін де қолданып, оларды «Механизм эвфемизации и табуирования» деп атайды. Оларға «Эвфемизмы употребляются для завуалирования уничижительной поотношению к коммуниканту лексики, которая апеллирует к его умственныспособностям, а так же «скрывает» употребление некорректных сравнений:AFCPS< Any Fool Can Plainly See,WAG< Wild Ass Guess, AYSOS< Are YoStupid Or Something, LLAL< Laughing Like A Lunatic.Эвфемизмы маскируют лексику, несущую некорректное отношение к возрасту коммуниканта: OL< Old Lady, ОМ< Old Man, XYL< Ex Young Lady, физическим недостаткам: NTTFLS
Аббревиатура мәселесі – даулы, шешімі шексіз тақырып. Оны тек бір тілдің өз ішінде ғана емес, салғастырмалы лингвистикада да жеке зерттеу нысаны етіп қарастыруға болады.
Саралай келе, аббревиатура мәселесі қазақ тіл білімінде күн өткен сайын маңызы арта түсетін, лексикамыздың құрамын толықтыратын, тіл білімінің жаңа зерттеу нысанасына айнала беретінін тілдік бірліктердің жинақтық, шоғырлық түрі болып отырғанына көзіміз жетіп отыр.
Қазіргіге дейін аббревиатураға қатысты, олардың грамматикада жазылуы мен айтылуы, сөзжасам саласында жасалу үлгісіне байланысты жаңа аталым тұрғысында алып қарастырылуы туралы аз да болса ғылыми мақала жарияланым көргенімен, ортақ бір шешім таппай отырғаны белгілі. Сонымен бірге аббревиатураның прагмастилистикалық, семасиологиялық жақтан зерттелуі де кенже қалып отыр. Қысқарымдардың салғастырмалы лингвистика негізінен де зерттеуге түспей отырғаны ғалымдардың оларды танымдық лингвистика (грамматика) жағынан емес, тек құрылымдық грамматика тұрғысынан ғана танитынын көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сайрамбаев Т. Мәулен Балақаев: өмірі мен шығармашылығы. Алматы: «Арда», 2007. – 160 б.
Сайрамбаев Т.Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері.Алматы.1976.–70 б.
«Козыбаевские чтения - 2015: перспективы развития науки и образования»: материалы международной научно-практической конференции. Т.3. – Петропавловск: СКГУ им. М. Козыбаева, 2015. с. 95-100
ҚазҰУ хабаршысы. –Алматы, 2006 №8-9 98-99 б.б
Алдашев Н.М. Қазірі қазақ тіліндегі қысқараған өздер//Канд. дисс.авторефераты. Алматы,1996. – 25 б.
Салқынбай А., Абакан Е. Тіл әлемі: Лингвистикалық терминдердің анықтамалық сөздігі. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. -348 б.
Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Оқулық. – Алматы, 2006. - 264 б.
Костерина О.Н. Лексические сокращения в современном английском языке (структурный и прагматический аспект)//Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук. Санкт-Петербург, 2005. – 23 с.
С. Торайғыров дискурсындағы «оқу»концептісі
ҚазМемҚызПУ студенті Мырзаәлі Ботакөз
Ғылыми жетекші: Қанабекова М.Қ.
Қазіргі тілтанымда жаңа ғылыми парадигманың белсенді формасы – жеке тіл қолданушысының дискурсын зерттеу ісі адамтанымдық бағыттағы Тұлғатану теориясы аясында қарқынды жүргізіліп келеді. Жеке тұлғаны зерттеу мәселесіне ғалымдар ерекше қызығушылық танытып, айрықша назар аударуда. Тіл қолданушысының табиғатын, болмысын тану әрекеті қазақ тілтанымында танымал ақын-жазушылардың, Абай тілінің табиғатын тануда ғалым Р.Сыздықтың, М.Әуезовтің шығармашылық әлемін анықтауда Е.Жанпейісов, М.Серғалиевтердің еңбектерінде негізі салынған ғылыми үрдістің қазіргі таңда Ж.Манкеева, Г.Мұратова, Б.Нұрдәулетова, Ш.Елемесова, Ш.Ниятова, Ф.Қожахметова, Г.Имашева, Ж.Ермекова және т.б. зерттеулері арқылы жалғасын тауып, өзіндік сала ретіне дамып келеді. Осы тектес жұмыстардың адамтанымдық бағытына сәйкес Сұлтанмахмұт Торайғыров тілін сипаттауды қазіргі Тұлғатану теориясымен бірлікте алып қарастыру – бұл мәселенің өзектілігін аңғартады. Ақын тілдік тұлғасын танудың бір қыры – оның шығармалары мәтініндегі концептілердің танымдық ерекшелігін, семантикалық өрісін анықтау болып табылады. Бұл мақалада С. Торайғыров дискурсындағы қолданылу жиілігі жоғары «оқу» тілдік бірлігін концептілік деңгейде танып, мүмкіндігінше когнитивтік мәнін анықтауды мақсат еттік.
С. Торайғыров шығармашылығының басты арнасы – ХХ ғасыр басында оқу-ағартушылық мақсат-мүддеден туған мәдени концептілер жүйесінің мол көріну cипаты. С.Торайғыров өлеңдерінің, публицистикалық туындыларының, сыни-зерттеу еңбектерінің өн бойындағы қазақ ұлтының ұлттық мәдени нышандарын бейнелейтін концептілер жүйесінде жетекші орын алатын «оқу» концептісі тұрады. Жалпы, ақынның өмір сүрген заманында оқу, ғылым, өнер қазақ үшін ең асыл, қол жетпейтін арман болғандықтан, өткен ғасырдың бірінші жартысындағы ақындар шығармашылығында бұл мәселе жиі көтерілді. Ол туралы ақын: «Бүгінгі жастарға оқу міндет» – деп, өзінің алдына қойған мақсатын жастарға да міндет етіп алуды ұсына отыра, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың кегіне күн болмағанда, кім болам!» деп, жалпақ қазақ жұрты алдындағы міндетін нақты көрсетеді. Ақынның осы арманына қол жеткізуге бөгет болатын себептердің бастысы – оның қолының қысқалығы. Бұл туралы ақын талабы мен ниеті бола тұра, оқу мен білімге қол жеткізуге өзінің жоқшылығы бөгет екенін өз өлеңдерінде: «Кедейлік, сен жексұрын, түсің суық... Жүрмеспін жолдас болып саған еріп», – деп суреттейді. Жалпы, С.Торайғыровтың замандастары ішінде оқу-білім тақырыбын сөз етпеген қазақ ойшылдары, ақын-жазушылары кемде-кем. Олар оқу мен білімнің пайдасын жастарға жеткізе отырып, елін жарқын болашаққа, басқа озық елдермен қатар тұруға жеткізетін басты құрал ретінде бағамдайды.
«Оқу» сөзін концептілік дәрежеде тану үшін, алдымен, қазақ әдеби тілінің сөздігінде берілген анықтамаларға назар аударалық: 1. Оқу – оқы етістігінің қимыл атауы; 2.Тиісті оқу орнында білім алу, хат тану; 3. діни. Ішінен дұға оқып арбау, дуалау [1, ХІ т., 655 б.].
Оқу – өмірдің ажырамас бөлігі ретінде қоғам дамуының кез келген кезеңінде маңызды орын алады, сондықтан ол тілдік семантикада өзіндік мағыналарға ие және коммуникативтік әрекетте жан-жақты жүзеге асады. Қазіргі заманда оның педагогикалық және студенттік дискурсы жіктеледі. Мәселен, қазақ тілінде «оқу» концептісінің мынадай сөздік дефинициялары бар деп бағамдаймыз:
1) Оқу – адамның білімді игеру мен дағдылар қалыптастыруды мақсат еткен қызметі;
2) Адам баласының білімді игеруге, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған танымдық және уәждік өз әрекеттері;
Оның синонимдік қатарлары білім алу, оқыту, тану, тәлім алу болып табылады
Бұл концептінің өзіне тән сипаты:
а) ақыл-ой жұмсау;
ә) әрекет пен мақсат уәжінің болуы – белгілі бір білімді игеру;
б) қызметке қажет білімді сыртқы әлем заттарында (кітапта, құжаттарда, т.б. тіркелген және өте баяу өзгеретін қалыптасқан білім қорының болуы;
в) оқу үдерісінің аяқталуы – белгілі бір білім көлемін жинағаннан кейін білім алуды аяқтау.
«Оқу» концептісінің негізгі ядросы – адамның білімді игеру мен дағдылар қалыптастыруды мақсат еткен қызметі болып табылады.
«Оқу» концептісі түрлі лингвомәдениет жеткізушілерінің концептілер саласындағы негізгісі болып табылады. Барлық ұлттар мәдениетіндегі оның субконцептілері: білім, зиялылық, оқыған, білімді адам, мектеп, т.б. Демек, «оқу» концептісі күрделі лингвомәдени бірлік болып табылады. Қазақ мәдениеті дәстүрлерінде бұл концепт «рухани даму», «адамгершілік тұрғысынан жетілу» концептілерінен бастау алатынын ерекше атап өту қажет.
Қазақ лингвомәдениеттанымында «оқу» концептісінің құрылымы жағынан сегменттері мол, яғни фреймдері, тақырыптық топтары, түрлі парадигмалық және синтагматикалық қатынастары көп.
«Оқу» концептісінің дискурстың түрлі типтерінде өзінің доминанттық концептуалдық белгілері бар. Мысалы, білім, дағды, игеру – педагогикалық дискурста; зиялылық, даналық, білгірлік, парасаттылық – көркемдік-публицистикалық дискурста жиі жұмсалады.
«Оқу» концептісінің ақпараттық моделін білдіретін жеке лексемалар төмендегідей деп танимыз: оқу-білім, оқу-тоқу, оқушы, оқулық, оқыған, оқымысты, оқырман. Осы функцияны атқаратын тілдік дисурста мынадай мақал-мәтелдер қалыптасып орныққан: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»; «оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы»; «оқы да біл, ойна да күл»; «оқу – инемен құдық қазғандай»; «оқымаған – бір бала, оқыса – екі бала»; «жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады».
Ақын прагматиконында «оқу» концептісін білімсіздік, надандық, қараңғылық микроконцептілерін құруға қатысатын тірек компонент ретінде тануға болады. Бұл тірек ұғыммен оппозициялық қатынаста келетін осындай қарама-қарсы мәндегі сын есімнен жасалған зат есімдік бірліктер қатар жұмсалады: «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!»; «бұл ұйқысын ашпаса, надандықтан қашпаса, хахолдарға мазақ тұр»; «надандықтан құтқарып, қуанта көр, құдай-ай». Бір ғана надандық туралы: «наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол»; «надандық – кесел, дауасы жоқ» деген сияқты мақал-мәтелдер жиі ұшырасады. «Надандық» сөзі мынадай синонимдер парадигмасымен беріледі: қараңғы, надан, қор болу, білімсіз, таршылық, қараңғылық. Бұл бірліктерге «оқу» концептісіндегі «ояну» ауыс мағынасындағы мәдени категориясы оппозициялық қатынаста тұра алады: жоғары өрлеу, ел болу, алға қарай бару, ғылым оқу, орысша оқу, т.б.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың тілдік тұлғасында «оқу» концептісі оның ақын, азамат ретіндегі өміріндегі басты ұстанымын (арманын) танытады. Мұндағы тірек концептілер (тірек сөздер) күшті логикалық мәнде құрылған күйінде қолданылады. «Оқу» концептісінің басым бағытта қолданылуы Абай поэзиясынан бастау алып, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев, Мұхтар Әуезов, т.б. ағартушылар шығармаларында жалғасын тауып, сол кезеңдегі рухани-мәдени дамудың негізгі алғышартына айналды. Сөйтіп, С.Торайғыров дискурсын анықтайтын негізгі бірлік «оқу» концептісі мәдени концептілердің бір тармағы ретінде танылады. Оқу, білім, өнер ақын дәуірінде қазақ үшін ең асыл, қол жетпейтін арман болғандықтан, ағартушылардың көбі бұл ұғымды басты мақсат-мүдделердің негізгі кредосы деп түсінеді.
Сонымен, сөздіктерде берілген анықтамаларға сүйене отырып, «оқу» концептісінің негізгі ядросы адамның таңбаларды тану үшін жасайтын қимыл-әрекетінің атауын білдіреді. Оқу ақынның дискурсында, негізінен, іс-әрекетті білдіретін етістік ретінде тура мағынасында қолданылады. «Қамар хатты оқып болған соң бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай, не ашу емес, не қуану емес, белгісіз қысылып, қарап тұрып бір тынышсыздыққа қалды». С.Торайғыров поэтикасында «оқу» концептісіне қатысты тілдік деректердің арасында діни таным арқылы қалыптасқан этномәдени стереотип үлгілерді аңғаруға болады. Бұлардың кейбірінің мәні «он жылдай оқығаны қара кітап»; «орнымыз медресе оқып жатқан», – деген жолдардан айқындала түседі.
«Оқу» концептісі адамның қандай да бір білімді игеру мен дағдылар қалыптастыруды мақсат еткен әрекеті, осы «оқу» етістігінің негізгі мағынасының жалпылануынан туындайтын концепт болып табылады. Ақын дискурсында «оқу» концептісі білімді игеру мәніндегі осы жалпылау мағынасында жиі қолданылады. Қолданыста «оқу» етістігі түрлі грамматикалық тұлғаларда өзгеріске түсіп жұмсалады: «Омар Қасенді оқуға алып кетті»; «оқитын Омскі шаһары екі жүз шақырым шамасында бұларға алыс еді», т.б. Ұлттық дүниетанымға сай берілген мұндай бірліктердің «оқу» сөзінің концептілік мәнін арттыра түсетіні сөзсіз.
«Оқуға» байланысты ұғым-түсініктер әр заманда әртүрлі болды. Орта ғасырларда хат танып, жаза білген адам оқыған болып танылған. Еуропа халықтарында олар негізінен шіркеу кітаптарын көшіріп жаза алатын немесе жылнама, шежірелерді жаза алатын адамдар болған. Осы халықтарда ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда оқыған адам шет тілдерін білетін, философия ілімі мен дінді жете таныған адам болса, ал ХІХ-ХХ ғасырдың соңына дейін оқыған адам жоғарыда аталғандармен қатар түрлі ғылымдарды, тарихты, өнерді игерген адамдар болды. Ал ХХ ғасырдың басы мен қазіргі ХХІ ғасырда бұлармен қоса компъютерлік сауаттылық, интернет-ресурстарды қолдана білу, шет тілдерін меңгеру сияқты талаптар қойылып жатыр.
Ал С. Торайғыров дискурсында «оқу» бұрынғы ұрпақтардың жиған білімін, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін тану, бойға сіңіру болғандықтан, ең бастысы, рухани құндылық ретінде концептілік жүйені құрайтын тілдік дерек болып танылады: «Сарыбасты оқытам, адам қылам»; оқу оқып не керек, мал таппай деп, қазақтың айтқан сөзі надандықтан»; «бар еңбегін Сарыбастың оқуы үшін, ант қылды соған арнап сарыққалы» деген жолдар осыны айғақтайды. С.Торайғыров тілінде «оқу» – құндылықпен қатар, ақын өмір сүрген заманы тудырған мақсат-мүдде. Орыс тілін, мәдениетін, дүниелік білімді игеру – ақынның алдына қойған мақсаты. Осы мақсатты ақын халқының басқа да жастарына өмірлік ұстаным ретінде алуды ұсынады, ел игілігі үшін еңбек етуді міндеттейді: «Оқудағы мақсат не, медреседе жату ма?... яки мақсат: өнер, білім алуға, алға қарай баруға»; «Бүгіндегі жастарға оқу міндет,тек қана оқуменен өнер білмек»; «оқыса басқа елдердей қатарға ермек, оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек»; «оқыған жастарының арқасында, көз ашты көрші жұрттың халықтары»; «оқу-білім өркеймек, елге егіп пайдасын». Қысқасы, ақын «оқудың» негізгі мәнін: «Шығамын тірі болсам адам болып, жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып», – деп нақты білдіреді. Бұдан мәдени бірліктің концептілік дәрежесі кеңірек айқындала түседі.
С. Торайғыров шығармалары – ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірлердің дамуын танытатын үлкен құбылыс. Ақынның ізденістері «шындықтың ауылын іздеуге, яғни оқу, білімге шөліркей жеткен ынталы шәкірттің «іздегенім табылды, енді дегеніме жетем, халқыма жұлдыз емес, ай емес, күн болам» деген ойға жетелейді, оның шыншылдығы бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген. «Шәкірт ойы» өлеңінде:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда кім болам?! –
деп жырлаған ақынның, шын мәнінде де, «бүгінде қазақ аспанындағы рухани сәуле шашып тұратын ең жарық күндердің бірі болып мәңгілікке қалғанына» ешкімнің де күмәні жоқ екені даусыз. Оқу, ғылым – жалғыз үміт, тірек: «Оқыт бізді әкетай, Қам көңілім болсын жай» деп келетін жас баланың атынан айтылатын жолдарда ақын ертеңіне алаңдайтын жастың «қам көңіліне» жебеу болар әрекет ретінде «оқуды» танытады.
Абайдан кейінгі дәуірде өмір сүрген қазақ білімпаздары Абайдың өрнекті де мәнді сөздерін олардың әрқайсысы өзінің шығармашылығында үлгі етті. Абайды оқу – адамдыққа жетудің бір жолы дей отырып, ақын оқудың адамдық қасиеттерді бойға cіңіретін ерекше маңыздылығын да атап өтеді:
Абайды оқы, ерінбе
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге.
Демек, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы, Абайдың поэтикалық сөз өрнегін дамытушы, өзінің ақындық талант-дарынымен өлең тілін жаңалаушы біртуар тұлға ретінде танылды.
Қорыта келгенде, кез келген шығармашылық тұлға өз заманының жаршысы, болашаққа көз жүгіртіп, қоғамның ертеңі немен байланысты болатынын анықтаушы тұлға. С.Торайғыров та өзі өмір сүрген заманның талабын терең түсініп, өзі де оқуға ұмтылып, өзіне, халқына оқудың, өнер-білімнің аса қажеттілігін, еліне адал қызмет етуге жарайтын азамат болу керектігін өз шығармашылығында түсіндіреді, болашаққа бағдар болады, ақынның өз сөзімен айтқанда, «оқушының жанына пайда, дертіне шипа береді». Ақынның осындай мазмұндағы өлеңдері терең мағыналы ой тереңдігімен, тілінің өткірлігімен қазақ әдеби тілі тарихында өміршең асыл мұраға айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров – ұлттық сана мен ұлттық мәдениетті, рухани байлықты толық меңгерген саяси тұлға, ірі ақын. С.Торайғыровтың биік те өршіл рухын, шешендігі мен ерекше қабілет-қарымын, күрескерлік болмысын танудың терең тамырын оның дискурсынан (сөз әрекетінен) іздеу қажеттігі адамтанымдық бағыттағы өзекті мәселенің бірі деп түсінеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 2-том. – Алматы, 2006; 11-том. – Алматы 2011.
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. 2 кітап (Шығармаларының екі томдық жинағы). – Алматы: Жазушы, 1987. – 378 б.
«Жер» концептісінің номинативтік өрісі
Өтеуова Айнұр,
ҚазМемҚызПУ-дың 2-курс студенті, Алматы
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Ж.К. Отарбекова
Әмбебап категориялар мен түсініктерге қол жеткізу тіл білімінде ұзақ ғасырларды қамтиды, бірақ әрбір жасалған қадам тіл әлемі мен адамзат баласын түсінуде жаңа бағыт-бағдар береді. Тіл қарым-қатынас құралының негізі болып қана қоймай, мәдениет пен адамзаттың ең көне және мазмұнды бөлігі. Тіл – ұлттық танымның басты және ажырамас бөлшегі. Қай халықтың тілін алсақ та, оны тану тек сол халық тілінің материалдық мәдениетін тану ғана емес, сонымен қатар сол ұлттың сана- сезіміне ене білу, сол тілде таза сөйлейтін адамдардың өмірге деген көзқарастарымен қарауға мүмкіндік береді. Кез-келген халықтың ұлттық –әлемдік картинасын сол тілдің іріктелген бірліктерінен білуге болады. Сол іріктелген бірлік сөздердің бірі – «Жер» концептісі. Зерттеулер мен ізденістер жер ұғымының қазақ танымындағы рөлі мен орнын анықтап, лексикалық материалдардың анализі арқылы базалық концептінің этномәдениеттанудағы әмбебап көрінісін көруге мүмкіндік береді. Халық танымындағы мифтік, философиялық сенімдер, ел аузында қалыптасқан тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер, антонимиялық концептілер, аксиологиялық оппозициялар жердің семантикалық топтарын анықтауға негіз болады. Семантикалық тұрғыдан зерттеп қарастыру екі лексикалық ұғымдарға сүйенеді: номинативтік және метафоралық шеңберлер. Номинативтік өріс жер концептісінің атау тұлға тұлға ретіндегі қызметін қалыптастырса, метафоралық өрісі жер ұғымының ауыспалы теңеу мәндегі сипаттарының қалыптасуының жүйесі болып табылады. Номинативтік өріс жердің қазіргі таңдағы нақты түсініктер мен табиғи қатынасының әрекет ету сапасы мен құрамын семантикалық тұрғыдан көрсетсе, метафоралық өріс жердің номинативтік-семантикалық қызметіне байланысты болып, тіркесті сөздер түрінде пайдаланғанда ғана анық көрініс табады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Жер» концептісі номинанттарының төмендегідей мағыналарын көрсеткен:
1) күнді айнала қозғалатын планета; 2) қатты топырақ, құрылық.
3) белгілі бір ел, мемлекет. 4) мекен-жай, орын.
5) мезет, кез, уақыт. 6) ел, жұрт, ауыл, өскен орта.
7) рет, жөн, ыңғай [1, 90 бет.].
Жоғарыда көрсетілген фактілерге сәйкес, жер концептісін номинативтік тұрғыдан қарастыру үшін оны түсіну, сезіну, түйсініп қабылдау, көзге елестету қажет. Оны төмендегідей беруге болады:
|