Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, жасуша



бет1/48
Дата24.11.2023
өлшемі11,39 Mb.
#193420
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Биология 8 -сынып. 1-тоқсан.


Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, жасуша вакуолі, рибосомалар.

Бөлім:

8.1А Жасушалық биология

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, жасуша вакуолі, рибосомалар.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.2 эукариот және прокариот жасушалардың құрылысын салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Жасуша қабырғасы мен ағзалардың қасиеттері арасындағы байланыстыра алады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Гольджи жиынтығы, тегіс және бұдыр ЭПТ рөлін сипаттайды
Кейбір оқушылар үшін:
Өсімдік және жануар жасушаларындағы әртүрлі органоидтердің
қалыптасуын анықтайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Мектеп алаңы
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Өсімдік және жануар жасушалары қандай үш бөліктен тұрады? 2.Прокариот жасушаларының эукариот жасушаларынан қандай айырмашылығы
бар? Оларға қандай ағзалар жатады?
3. Жасуша қабығы, ядро, вакуоль мен
пластидтер не үшін керек? 4.Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан
қандай айырмашылығы бар?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет