Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Қара жорға» би-жаттығуы.
|
Топтастыру «Мозаика» әдісі арқылы қағаз қиындыларына жасырылған сөздерді құрастыру арқылы 2 топқа бірігеді.
І топ. ІІ топ.
|
|
|
5 мин.
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
| -
Python-да есептердің алгоритмдік блок-схемаларын құру мен программа кодына жазуды қалай орындауға болады?
-
Сызықтық және тармақталу алгоритмдерінің құрылымында қандай айырмашылық бар?
|
Бағалау Мұғалім оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс – Жақсы! Сары түс - Талпын!
|
|
|
Практикалық жұмыстар
1-тапсырма
Дөңгелектер ауданы
Радиусі R1 және радиусы R2 дөңгелектердің аудандарының қосындысын табыңдар. Дөңгелектердің ауданын есептеу формуласы: S1 = R12, S2 = R22
|
Дескриптор:
- Дөңгелектер ауданын есептеу формуласын дұрыс пайдаланады.
- Радиустары берілген дөңгелектердің аудандарының қосындысын табады.
|
Бағалау Топтар бір-бірін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың!Көк түс - Жақсы! Сары түс - Талпын!
|
|
|
2-тапсырма
Цифрларды көбейту
Бестаңбалы сан берілген. Осы санның мыңдығы мен жүздігінің көбейтіндісін табыңдар.
|
Дескриптор:
Берілген бестаңбалы санның мыңдығы мен жүздігінің көбейтіндісін табады.
|
Бағалау
Жұптар бір-бірін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы!
Сары түс – Талпын!
|
|
|
3-тапсырма
Сабақтағы үзіліс
Мектепте сабақ 9.00 де басталады. Сабақтың ұзақтығы 40 минут. 1, 3 және т.с.c. сабақтардан кейін 5 минут. 2, 4 және т.с.с. сабақтардан кейін 10 минут үзіліс беріледі. Берілген сабақтың нөміріне (1 мен 8 арасындағы сан) қарап, сол сабақтың аяқталу уақытын, сағат және минуттарда шығарыңдар.
|
Дескриптор:
-
Берілген сабақтың нөміріне қарап, сол сабақтың аяқталу уақытын шығарады.
-
Сағат және минуттарда дұрыс шығарады.
|
Бағалау Оқушылар өзін-өзі «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы! Сары түс - Талпын!
|
|
Сабақтың соңы
7 мин.
Рефлексия
|
Сабақты бекіту
«Рефлексивті нысан» Нысана арқылы өзінің және сыныптастарының іс-әрекетін бағалайды. Келесі критерийлер бойынша өз ойын түйіндеп, қорытындылайды.
-
Белсенді қатыстым.
-
Қызықты болды.
-
Түсінікті болды.
-
Жаңа тақырыпты игердім.
|
|
Бағалау Мұғалім оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы! Сары түс - Талпын!
|
Нысана сызылған плакат.
Түрлі түсті стикерлер
|
|