|
Дескриптор:
- Неше бала басқаларға қарағанда бір алмадан кем алғанын анықтайды.
- Программа жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайындайды.
- Есептің программа кодын жазады.
|
Бағалау Топтар бір-бірін «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
(Ж) 2-есеп. Тіктөртбұрыш
Өлшемдері A x B м болатын тіктөртбұрыш берілген. Осы тіктөртбұрыштан қабырғасының ұзындығы S м болған қанша шаршыны кесіп алуға болады? Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.
|
Дескриптор:
Берілген тіктөртбұрыштан қабырғасының ұзындығы S м болған қанша шаршыны кесіп алуға болатынын анықтайды.
Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайындайды.
Есептің программа кодын жазады.
|
Бағалау Жұптасып, оқушылар бір-бірін «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
(Ж) 3-есеп. Кеңсе тауарлары
Кеңсе тауарларын сататын дүкенге барған Гауһар X қалам, Y сызғыш мен Z өшіргіш сатып алды. Қаламның бағасы сызғыш бағасынан 10 теңгеге арзан, ал өшіргіш бағасынан 5 теңгеге қымбат екені белгілі. Егер қаламның құны Р теңге екені белгілі болса. Гауһар барлық сатып алған заттарына қанша теңге төлегенін анықта. Енгізу деректері X, Y, Z және Р реттілігімен берілген. Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |