Сабақтың соңы
7 мин.
Рефлексия
|
Сабақты бекіту
«Бес саусақ» әдісі
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы төмендегі сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
|
Басбармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кім маған риза болды? Кім маған көмек берді?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам?
|
Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Баспалдақ» әдісі
арқылы жүргізіледі.
|
|
|