Бір аптада кассадан киноға сатылған билеттер диаграммасы көрсетілген. Бір күнде 500 билет сату жоспарланған. Қай күндері жартысынан көп, бірақ 300-ден аспайтын билеттер сатылды?
Кестеде байқау тестілеуіндегі математика пәнінен бес оқушының нәтижелері көрсетілген. Нәтиже бойынша график салыңыз.
Оқушының аты
Ұпай саны
Айдана
21
Нәйлә
23
Арыстан
25
Диас
22
Даниял
19
Кестеде әр жылдардағы Шкода және Шевролет автомобильдері бағаларының графигі берілген. Тік осьте көліктің бағасы, көлденең осьте жылдар көрсетілген. Жыл бойы екі автомобильдің де бағалары 4000000-нан кем емес болған жылдарды көрсетіңіз.
Саламат көзілдірік сатып алу үшін бес оптикаға барып көрді. Төмендегі кестеде әр оптикадағы бағасы мен жеңілдік түрі көрсетілген
1)Егер Саламат наурыздың 11-і баратын болса, ең арзан көзілдірікті неше теңгеге сатып алады?
2)Егер Саламат қарашаның 28-і баратын болса, қай оптикадан ең арзан көзілдірік сатып алады?
Оптика
Бағасы
Жеңілдік түрі
1
10 000 тг
Әр айдың 21-не дейін - 30
2
13 000 тг
Әр айдың жұп күндері - 50
3
8 000 тг
Әр айдың 23-нен кейін - 20
4
15 000
Әр айдың тақ күндері - 65
5
6 000
Жеңілдік жоқ
Кестені пайдаланып, Диас жеңіл машинасының жазғы доңғалақтарын қысқыға айырбастау (доңғалақты теңестіруді қоса есептегенде) үшін қанша ақша жұмсайтынын анықтаңыз.
Астана қаласына қыдырып келген Әмір төмендегі кестені пайдаланып, екі күнге автомобильді жалға алу үшін ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Әмір күніне 100 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз.